Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бюджет билет қосылған.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
112.79 Кб
Скачать

43Республикалық бюджеттің және жергілікті бюджеттердің шығыстары бойынша кассалық орындалуы

44.Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің есебі

Кәсіпорындар мен ұйымдардың “Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы” дап аталатын бөлім шоттары сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің осы кәсіпорынға деген әр түрлі қарыздары жайлы ақпараттарды қорытындылау үшін арналған.Аталған бөлімде келесідей шоттар қаралған:

-«Алынуға тиісті шоттар».

-«Алынған вексельдер».

- «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары».

Бұлар активті шот болып табылады.Сондықтан да бұл шоттардың дебитінде борыштың соммасы жазылса, ал кредитінде борыштың азаюы көрсетіледі.Алынуға тиісті шоттар (дебиторлық борыштар шоты) сатып алушы заңды немесе жеке тұлғалардың сатып алған тауарлары,сондай-ақ кәсіпорынның оларға көрсеткен қызметі үшін қарыз соммаларын білдіреді.

«Алуға тиісті шоттар» деп аталатын шотта тиеліп жіберәлген өнімдер (тауарлар),атқарылған жұмыстары мен кұрсетілген қызметі үшін сатыр алушылар мен тапсырыс берушілердің банк мекемесі қабылдаған есеп айырысу құжаттары бойынша төлеуге тиісті соммасы есептеледі.Жалпы «Алуға тиісті шоттар» шотын сипаттай келе олардың қысқа мерзімді активтер екендігін және олардың сату нәтижесінде пайда болтындығын аңғаруға болады.Сондықтан оларды кейбір уақыттарда «саудалық міндеттемелер» деп те атайды.Олар тауарларды несиеге сату кезінде де пайда болады.Міндеттемелердің өтелу (орындалу) көздеріне басқадай нұсқаулар болмаған жағдайда,оларды оларды сатудан алынды деп санайды.Халықаралық тәжірибеде кез келген адамға тауарларды несиеге сату кең көлемде етек алған,сонымен бірге сатып алушылар үшін сатып алған тауарларының төлемін бір немесе бірнеше айдан кейін төлеу (өтеу) құқығы да берілген.Мұндай несиені коммерциялық несие депте атайды. Тауарларды несиеге сататын фирмалар сатып алушының шотты тиісті уақытында төлеу қабілетілігі бар болатындығына бақылау шараларын жүргізулері қажет.Сол үшін әрбір ұйымдарда несиелік бөлімдер жұмыс істейді.Бұл бөлімдер арқылы , жеке және заңды тұлғалардың немесе компаниялардың қвржылық жағдайларын білуге,сатып алушыға тауарды несиеге сатуға немесе бермеу жайлы мәселені шешуге керекті ақпараттарды білуге болады,сонымен қатар тауарлар сатушының арнаулы ақпараттың несиелік бюролар арқылы да клиент жайлы басқадай мәліметтер алуға мүмкіндігі бар.Осындай несиелік ақпарат бөлімдерінің мәліметтері бойынша да несиеге тпуарларды сату,сатпау жайлы шешімдер қабылданады.Несиелік бөлім төлем сомасын ұсынуды,несие көлемін шектеуді және сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден несиені уақытылы төлеуді қамтамасыз ететін белгілі бір ұйымдардың таңдап алынған ережелері мен негізгі қағидалары есеп саясатында атап көрсетуге қажет.Бұл шотта сатылған материалдық емес активтер,негізгі құралдар,бағалы қағаздар және тағы да басқа дебиторлық борыштар есептеледі.

45.Синтетикалық және аналитикалық есептің ұйымдастырылуы шоттар синтетикалық, аналитикалық және субшоттар болып бөлінеді.

Синтетикалық шоттар, бұл — есептегі қорытындылаудың ең жоғарғы деңгейі. Синтетикалық шоттарда құралдар немесе олардың көздерінің түрлері бойынша есеп тек қана құндылық көрінісінде

жүргізіледі. Қазақстан Республикасында есептегі бірлікті қамтамасыз ету үшін 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап кәсіпорындарда қолданылып жүрген синтетикалық шоттардың арнайы тізімі (номенклатурасы)

келтірілген, субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас жоспарына енгізілген болатын. Одан соң, 2003 жылдың 1 қаңтарынан оның орнын шоттардың Типтік жоспары басты. Ал, 2006 жылдың 5 қаңтарынан бастап олардың орнын бухгалтерлік есеп шоттарының Жұмыс жоспары басты. Құралдар мен олардың көздерін одан әрі тәптіштеу үшінаналитикалық шоттар қолданылады. Мысалы, № 1310 «Шикізат пен материалдар» синтетикалық шотында кәсіпорында бар барлық материалдар ақшалай түрде есепке алынады. Бірақ, бұл шоттан біз алатын ақпарат жеткіліксіз, өйткені қоймада қандай материалдар бар екенін, мөлшsерде дұрыс жұмыс жүргізу үшін дәл қандай материалдар және қанша жетіспейтіндігін біз біле алмаймыз.Бұл сұрақтарға жауабын алуға мөлшерлі сипаттары, бірліктің бағасы мен т.б. көрсеткіштермен қоса, шаруашылық құралдардың(немесе олардың көздерінің) әрбір аталуына жүргізілетін (ашылатын) аналитикалық шоттар жәрдем етеді.Мысалы, материалдың екі түрі: кабель мен сым бар делік. Онда№ 1310 «Шикізат пен материалдар» шоты бойынша екі аналитикалық шот ашамыз. Аналитикалық есеп мөлшерлі сомалық есептің карточкаларында (келтірілген мысалға қараңыз) немесе, егер мөлшерлі бейнелеуді талап етпеген жағдайда, контокоррентті (күнделікті) карточкаларда жүргізіледі. Сол себептен оларда жеткізушілермен есеп айырысудың аналитикалық есебін жүргізуге болады. Синтетикалық және аналитикалық шоттардан басқа, есепте субшоттар да қолданылады. Субшоттар синтетикалық және аналитикалық шоттардың арасындағы аралық орынға ие болады. Мысалы, № 1310 «Шикізат пен материалдар» синтетикалық шотына қосымша № 1311 «Сатып алынған жартылай фабрикаттар», 1312

«Отын», 1313 «Ыдыс және ыдыстық материалдар», 1314 «Қосалқы бөлшектер» және т.б. субшоттарды ашқан жөн саналады. Субшоттардың түрлері мен олардың саны туралы мәселені кәсіпорын қызметінің сипатына байланысты бухгалтердің өзі шеше алады.