Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бюджет билет қосылған.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
112.79 Кб
Скачать

37.Материалдардың құрамы мен құрылымы

Кәсіпорындар жұмысының нәтижелілігі айтарлықтай дәрежеде олардың шикізатпен және материалдармен немесе материалдық ресурстармен қаншалықты қамтамасыз етілгеніне байланысты.

Барлық материалдық ресурстар шартты түрде шикізаттық және отын-энергетикалық деп бөлінеді. Шикізаттық ресурстар өнеркәсіптік өнімдерді өндіру үшін пайдаланатын еңбек заттарының жиынтығы болып саналады.

Шикізатты оны өндіруге және қайта өңдеуге шығындалған, және оның әсерінен белгілі бір өзгерістер жасалған қандай да бір еңбек нысаны деп түсінуге болады.

Шикізатқа әдетте өндіруші өнеркәсіптердің өнімдерін (кен, мұнай, құм, ұсақ тас) және ауылшаруашылық өнімдерін (астық, картоп, қызылша) жатқызады, ал материалдарға — өңдеуші өнеркәсіптердің өнімдерін (күкіртті және түсті металлдар, цемент, ұн, жіп) жатқызады.

Шикізаттар экономикалық мақсаты бойынша (еңбек түріне, дайын өнім), өндірісітк процесстегі ролі бойынша (негізгі, қосалқы), алу әдісі бойынша (өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық және басқалар), өндіру мезгілі бойынша (маусымдық, маусымдық емес) бір жүйеге келтіріледі

38.Материалды емес активтердін кіріс және шығыс есебі

Материалды емес активтердін түсуі мен шығарылуы материалдық емес активтерді қабылдау жане беру актісімен рәсімделеді. Актіде материалды емес активтердін түрі дәл аталады және кісіпорынға берілген күні(жасалған күні), объектінің сипаттамасы, оның бастапқы құны, амтизация нормасы және басқа қажетті мәліметтері көрсетіледі.

Материалды емес активтерді қабылдап алу жөніндегі акт арбір объектіге бір данадан толтырады. Бірнеше біртектес материалды емес активтерді қабылдау жөніндегі ортақ акт жасауға болады. Акт материалды емес активтердін объектісі, оларды пайдалану тәртібі немесе кәсіпорынның мүліктік құқықтарын растайтын құжаттармен қоса бухгалтерияга беріледі, оған бас бухгалтер қол қояды және кәсіпорын басшысы бекітеді. Материалды емес активтерді басқа кәсіпорынға бергенде (сату, тегін беру) акт екі дана етип жасалынады: беруші және алушы кәсіпорын үшін.

Материалды емес активтердін нақты барлығы мен қозғалысын есепке алу 2700 “ материалды емес активтер” бөлімшесінің шотында жүргізіледі. Осы шоттардың дебеті бойынша материалды емес активтердін келптүскен айдын басы мен аяғындағы қалдықтары көрсетіледі де, ал кредиті бойынша материалды емес активтердін есептен шығарылғандары көрсетіледі.

Материалды емес активтер бөлімшесінің шоттарын талдамалық есепке алу “Материалды емес активтердін мүліктік есеп карточкасында” жүргізіледі. Картока кәсіпорынға түскен материалды емес активтердін барлық түрлерн есепке алу үшін қолданылады. Материалды емес активтердін әрбір жеке объектісіне бухгалтерияда мүліктік карточка ашылады. Карточка “Материалды емес активтердін алу және беру актісінің”, кәсіпорынның материалды емес активтердің объектісін алғанын растайтын құжаттар негізінде толтырылады. материалды емес активтерді басқа кәсіпорынға берген кезде, оның есептен шыққаны туралы белгі соғу үшін негізі “Материалды емес активтердін алу және беру актісі” болып табылады.