Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бюджет билет қосылған.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
112.79 Кб
Скачать

29.Бюджеттің орындалуы туралы қаржы органдарының есеп беруі.

Бюджет жүйесінің келесі кезеңі болып, бюджеттің орындалу үрдісі болып табылады. Ол ағымдағы қаржы жылының

31-інші желтоқсанынан басталып 1-інші қаңтарда аяқталады – күнтізбелік жылға сәйкес келеді.

Бюджеттің орындалуы деп – бюджет түсімдерін қамтамасыз ету, бюджеттік бағдарламалардың жүргізілуі, бюджет

дефицитін (профицитін қолдану) қаржыландыру бойынша шаралар кешенінің жүзеге асуы.

Бюджеттің орындалу жүйесіне атқарушы билік органдары, салық және қаржылық органдар, несиелік мекемелер,

заңды және жеке тұлғалар – бюджетке салық төлеушілер, бюджет қорын алушылар қатысады. Республикалық бюджеттің

орындалуын ҚР Үкіметі қамтамасыз етеді, ал жергілікті бюджеттің орындалуын сәйкес әкімшіліктер қамтамасыз етеді.

Бюджет үшжылдық болғандықтан, оның орындалуында жоспарлы кезеңнің екінші және/немесе үшінші қаржылық

жылдарында ойластырылған, ағымдағы қаржы жылында бюджет қорларын пайдалануға жол берілмейді.

Бюджеттің орындалуы:

2) РБ туралы Заң ж/е жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімі

4) Республикалық бюджет туралы заңның жүзеге асуы туралы әкімшілік н/е

ҚР Үкіметінің немесе жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімі

6) Мақсаттық трансферттер бойынша шешімдер туралы келісім

8) Бюджеттік бағдарлама әкімшіліктерінің төлемдері мен міндеттемелері

бойынша қаржыландыру жоспарлары

1) Бюджеттік кодекс

3) Республикалық қаржы жоспары туралы жарғы ж/е келесі қаржы жылының бірінші

тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары ( болған жағдайда) туралы әкімшілік қаулысы

5) Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары

7) Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жинақ жоспары, төлемдер

бойынша қаржыландыру және түсімдердің жинақ жоспары*

9) Мемлекеттік мекемелердің төлемдері*** мен міндеттемелері** бойын-

ша қаржыландырудың жеке жоспарлары

10) БҚШ, Бюджеттік кодекске сәйкес бюджеттің орындалу тәртібін

анықтайды,

30.Еңбек ақы және стипендия шығындарын бақылау және оның есебі.

Қызметкерлермен есеп айырысу бойынша операцияларды есепке алу үшін мынадай шоттар арналған:

1260 «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»;

3240 «Қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек».

Есеп беретін тұлғалармен есеп айырысудың талдамалы есебі Нысандар альбомының 386 нысанды (8-мемориалды ордер) есеп беретін жауапты тұлғалармен есеп айырысу бойынша жинақтаушы ведомосінде жүргізіледі. Әр жол бойынша есеп беретін жауапты тұлғаның тегі, берілген аванстың сомасы және жүргізілген шығыстардың сомасы, сондай-ақ қолданылмаған аванстың түскен сомасы жазылады. Ай аяқталғаннан кейін «1261 (3248) қосалқы шотының кредит есебі бойынша шығыстардың сомасы бекітілді» бағаны және «Қосалқы шоттар дебеті» мен «Екінші жазбалар» бағандары бойынша қорытындылар «Басты-журнал» кітабына жазылады.

Мыналар жалақыны есептеу үшін негізгі құжаттар болып саналады: мемлекеттік мекеменің бекітілген штат кестесі және жалақы ставкаларына сәйкес қызметкерлерді қабылдау, жұмыстан шығару және ауыстыру туралы бұйрықтары, Нысандар альбомының 421 «Пайдаланылған жұмыс уақытын есепке алу және жалақыны есептеу табелі» нысаны, нысандар альбомының 423 «Жұмыс нормаларын есептеу картасы» нысаны, Нысандар альбомының 424 «Наряд» нысаны бойынша пайдаланылған жұмыс уақытын есепке алу табельдері, Нысандар альбомының 449 «Еңбек кітапшалары бланкілерін есепке алудың кіріс-шығыс кітабы» нысаны бойынша және басқа құжаттар.

Жұмыс уақытын пайдалануды есепке алу табельдерін (Нысандар альбомының 421 «Жұмыс уақытын пайдалануды есепке алу және жалақыны санау табелі» нысаны) ай сайын мемлекеттік мекеме бойынша бұйрықпен тағайындалған тұлғалар белгіленген нысан бойынша жүргізеді. Ай соңында табель бойынша жұмыс істеген күндердің жалпы саны, сондай-ақ артық жұмыс сағаттары анықталады. Толтырылған табель мен басқа тиісті қолдармен бекітілген құжаттар белгіленген мерзімде жалақыны есептеу үшін бухгалтерлік қызметке тапсырылады.