
- •1. Ағымдағы шот бойынша бірлесіп қаржыландырудың шығыс операциясын жүргізу
- •2. Азқұндық және тез тозғыш заттардын түсінігі мен анықтамасы және олардың есебі
- •3. Баланстын тыс шоттарында есеп жүргізу ұйымдастыруы
- •4. Бухгалтерлік есебінің құжаттары
- •5.Бухгалтерлік есебің есеп циклы
- •6.Бюджеттік мекемелерде бухгалтерлік баланс және есеп шоттары
- •7.Бухгалтерлік есеп беру.
- •8.Бюджет төлемдері бойынша есеп айырысу.
- •9.Бюджетпен есеп айырсу
- •10.Бюджеттен тыс,валюталық және сыртқы займ бойынша арнайы қаражаттардың есебі және бірлесіп қаржыландырудың есебі
- •11.Бюджеттік мекемелер қолданатын есеп формасы
- •12.Бюджеттік мекемелерде кассалық операциялар аналитикалық есебі
- •13.Бюджеттік мекемелерде кассалық операциялар жүргізуы
- •14.Бюджеттік мекемелерде кассалық операциялар синтетикалық есебі
- •15.Бюджеттік мекемелердегі кассалық есеп айырысу қызметінің реті
- •16.Бюджеттік мекемелердегі кассалық орындалу туралы есеп беру
- •17.Бюджеттік мекемелердегі ақша қаражаттары мен ассигнованиесінің есебі
- •18.Бюджеттік мекемелердегі қаржыландыру есебі.
- •19.Бюджеттік мекемелердегі шығыс есебі
- •20.Бюджеттік мекемелердін негізгі құралдарыдын жүктілеуі және құрамы
- •21.Бюджеттік мекемелердің бас бухгалтерледің құқығы және міндеттері
- •22.Бюджеттік мекемелердің бухгалтерлік балансы
- •23.Бюджеттік мекемелердің есеп шоттары
- •Шоттар жоспарының бөлімдері
- •7. 4 «Ұзақ мерзімді міндеттемелер» бөлімінің шоттары
- •8. 5 «Таза активтер/капитал» бөлімінің шоттары
- •9. 6 «Кірістер» бөлімінің шоттары
- •10. 7 «Шығыстар» бөлімінің шоттары
- •11. 8 «Өндіріске және басқа мақсаттарға арналған шығындар» бөлімінің шоттары
- •24.Бюджеттік мекемелердің есеп шотына ақша қаражатының түсуі
- •25.Бюджеттік мекемелердің құжаттануы
- •26.Бюджеттік мекемелердің негізгі қағидалары және қаражатталау тәсілдері (әдістері)
- •27.Бюджеттік мекемелердің шығыстарының есебі
- •28.Бюджеттік ұйымдағы дебитормен есеп айырсу
- •29.Бюджеттің орындалуы туралы қаржы органдарының есеп беруі.
- •30.Еңбек ақы және стипендия шығындарын бақылау және оның есебі.
- •31.Кәсіпорының тмқ құжаттауы
- •32.Кірістердің аналитикалық есебі. Қаржы нәтижесін анықтау.
- •33.Кірістің аналитикалық есебі
- •34.Материал емес активтердің есебі
- •35.Материал емес активтердің түсінігі және жіктеуі
- •36.Материалдардың қозғалысының құжаттау есебі
- •37.Материалдардың құрамы мен құрылымы
- •38.Материалды емес активтердін кіріс және шығыс есебі
- •39.Мемелекеттік бюджет есебінен қаржыланатын мекеменің бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы және оның мақсаты
- •40.Негізгі құралдардын кіріс және шығыс есебі
- •41.Негізгі құралдардын тозу есебі: түсінігі, есебің ұйымдастыруы
- •42.Негізгі құралдардың есептен шығару есебі
- •43Республикалық бюджеттің және жергілікті бюджеттердің шығыстары бойынша кассалық орындалуы
- •44.Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің есебі
- •46.Сметаның қолдануы бойынша бухгалтерлік құжаттар және олардың реквизиттері
- •47.Тауарлар, орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер үшін жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысулардың есебі.
- •48.Түгендеу: түсінігі, турлері, өткезудің ұйымдастыруы
- •49.Ұзақ мерзімді активтерді түгендеу
- •50.Ұзақ мерзімді активтердің тозуын есептеу әдістері
- •51.Шығыс бойынша құжаттаныдру
- •52.Шығыстар сметасының орындалуы туралы бюджеттік мекемелердің есеп беруі.
1. Ағымдағы шот бойынша бірлесіп қаржыландырудың шығыс операциясын жүргізу
Қосымша қаржыландырудың ағымдағы (арнайы шоттарының) бағдарламадағы және жобадағы несиелерiнiң қарыз шығыстары қаржыны алу туралы (қосымша N 86) төлем тапсырысына сәйкес екi топтың қолдарымен куәландырылған, бiрiншi топ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк қарыз алу департаментiнің тобы қол қойған, ал екiншi тобы жобаларды iске асыратын ұйымдар қол қойған құжат бойынша жүргiзiледi.
Ағымдағы (арнайы) шоттардағы шығыс операциялары бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерде бюджет сыныптамасының 10 таңбалы төлем тапсырысы коды және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерде 10 таңбалы шифр және қазынашылықтың (қаржы басқармасының) жауапты органының рұқсат визасы болған жағдайда жүргiзiледi.
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, қазынашылықтың аумақтық органдарында қызмет көрсетiлетiн, "Оракл" жүйесiнде жұмыс iстейтiн мемлекеттiк мекемелердi бiрлесiп қаржыландырудың ағымдағы (арнайы) шотынан шығыс операцияларын жүзеге асыру бюджеттiк сыныптама шығыстарының 12 таңбалы коды көрсетiле отырып жүргiзiледi.
Ағымдағы (арнайы) шоттағы пайдаланылмаған қаржы қаржыландырылатын жылдың 25 желтоқсанына дейiн жобаны жүзеге асыратын ұйымның шотына қайтаруға жатқызылады.
2. Азқұндық және тез тозғыш заттардын түсінігі мен анықтамасы және олардың есебі
3. Баланстын тыс шоттарында есеп жүргізу ұйымдастыруы
Баластан тысқары есеп шоттары дегеніміз- бұл аталмыш шаруашылық субъектісіне жатпайтын, біірақ оның пайдалануындағы н/е уақытша қарамағындағы активтерді білдіретін, сондай-ақ субъектіге тиісілі, оның шартты бағасында есепке алатын игіліктер көрсететін есеп шоттар тобы.
Баланстан тысқары есеп шоттарғы «Жалға алынған негізгі құралдар», «Жауапкершілікті сақтауға қабылданған таурлы-материалдық игіліктер», «Өңдеуге алынған материалдар», «Делдалдыққа қабылданған тауарлар» есеп шоттары жатады.
Баланстан тысқары есеп шоттарында операциялар есебі еселенген жазу принципін сақтамай-ақ, яғни басқа есеп шоттармен корреспонденциясыз жүргізіледі.
4. Бухгалтерлік есебінің құжаттары
Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу үшін кәсіпорында күнделікті орындалып отыратын барлық операциялардың міндетті түрде үздіксіз құжаттарға жазылып отыратындығы бухгалтарлік есептің басқа ғылымдардан ерекше екендігін алдыңғы тарауларда айтып өткенбіз. Бухгалтерлік құжат деп кәсіпорындар мен ұйымдарда орындалған операцияларды дәлелдейтін және алдағы уақытта орындалатын жұмыстар мен атқарылатын қызметтерге құқық беретін жазбаша куәлікті атауға болады.
Жалпы кәсіпорындағы атқарылып жатқан жұмыстың, орындалған тапсырманың үздіксіз,белгілі бір тәртіппен,арнайы үлгідегі қағаздарға жазылып және оған тиісті адамдардың қолдарының қойылуы (қажет болған жағдайда кәсіпорые мен ұйым мөр таңбасының басылуы)құжаттау деп аталады. Сондықтан да құжаттау бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Себебі осы құжаттар арқылы ғана кез келген уақытта кәсіпорын бойынша орындалған жұмыстың, атқарылған қызметтің қай мерзімде жасалғанын және оған қандай мөлшерде шығын жұмсалғанын дәлелдеуге болады.
Құжат кәсіпорындағы орындалған шаруашылық операцияларына сәйкес үздіксіз толтырылып,олардың мазмұнын толық ашып көрсетеді және ол бухгалтерлік есептің негізі болып табылады.
Бухгалтерлік құжат-кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың орындалғанын растайтын немесе оны орындауға заңды түрде құқық беретін жазбаша куәлік.
Орындалған шаруашылық операцияларын бастапқы құжатқа түсіруді бухгалтерлік есеп теориясында алғашқы есеп сатысы деп атайды.
Кәсіпорында жүргізілетін шаруашылық құбылыстарының әр түрлі болу себебінен бастапқы құжаттардың нысаны (формасы)бірдей болмайды. Шаруашылық құбылыстары түгелдей бастапқы құжатпен құжатталуы тиіс.Әрбір бастапқы құжатқа орындалған шаруашылық операциясының мазмұны жазылып және белгілі бір көрсеткіштер түсіріледі. Құжат көрсеткіштерін деректемелер деп атайды.Олар міндетті және толықтырушы болып бөлінеді. Міндетті деректемелер бухгалтерлік құжаттарды заңды құқықпен қамтамасыз етеді.
Міндетті деректемеге жататындар:
- құжаттың аты,нысанының коды;
- құжаттың толтырылған уақыты (күні,айы және жылы);
- құжатты толтырған заңды немесе жеке тұлғаның аты-жөні;
- шаруашылық операцияның мазмұны;
- шаруашылық операцияның өлшемі (натуралдық немесе ақшалай);
- шаруашылық операцияның жүргізілуіне және соған сәйкес құжаттарды толтыруға жауапты адамдардың аты-жөні;
- жауапты атқарушының қолы.
Қосымша деректемелер шаруашылық операция көрінісінің ерекшеліктерімен және құжаттардың тағайындалуымен анықталады. Әр түрлі талаптарға байланысты бастапқы құжатта келесідей қосымша деректемелер болуы керек:құжаттың реттік нөмірі,ұйымның банк мекемесіндегі есеп айырысу шотының нөмірі,шаруашылық операцияны орындау үшін негіз болатын құжаттар және басқалары.
Құжаттардың нысандары (формалары)келесі есеп бөлімдері бойынша топтасады:
1) ауыл шаруашылық өнім мен шикізат;
2) еңбек жіне еңбекақы;
3) негізгі құралдар мен материалдық емес активтер;
4) материалдар;
5) кем бағалы және тез тозғыш заттар;
6) капиталдық құрылыстағы жұмыс;
7) құрылыс машиналар мен механизмдердің жұмысы;
8) автокөліктегі жұмыс;
9) түгендеу нәтижелері;
10) кассалық операциялар;
11) сауда операциялары.
Құжаттар дер кезінде, яғни операцияның орындалуы барысында толтырылуы керек. Егер бұл айтылған уақытта оларды толтыруға мүмкін болмаған жағдайда құжаттар операция аяқталған сәтте толтырылады. Уақытында толтырылмаған құжат кәсіпорын меншігінің сақталуын бақылауды қиындатады жіне ол операцияның бухгалтерлік есепшотына кешіктіріліп жазылуына әкеліп соқтырады. Осы себептен ұйымның бухгалтерлік қорытынды есебін жасау мерзімі кешіктірілуі мүмкін.