Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК для 2-го курса.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
694.27 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ТҰРАН-АСТАНА» УНИВЕРСИТЕТІ

ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ

«БЕКІТЕМІН»

гуманитарлық-заң факультетінің

оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы

В.В. Зинченко _________________

хаттама № 1 «29» тамыз 2008 ж.

«АҒЫЛШЫН ТІЛІ» ПӘНІНІҢ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Астана, 2008

Гуманитарлық-заң факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінде бекітілді. «Ағылшын тілі» практикалық курсы бойынша «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының оқытушысы Канапьянова А.Д. құрастырған оқу-әдістемелік кешен ҚР БжҒМ 2005 жылдың 11 мамырындағы № 289, 12 шілдедегі № 480 бұйрықпен бекітілген типтік оқыту бағдарламасының негізінде жасалған.

Оқу - әдістемелік кешен барлық мамандық студенттеріне арналған. Оқу - әдістемелік кешенде силлабус, практикалық сабақтарға арналған материалдар, студенттердің өздік жұмыстарына арналған материалдар, әдістемелік құралдар, тестік тпсырмалар, әдебиеттер көрсеткіші қамтылған.

Оқу - әдістемелік кешен «Ағылшын тілі» практикалық курсы бойынша типтік оқыту бағдарламаға сәйкес құрастырылған және аталған пәнді студенттердің еркін қолдануына арналған.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ТҰРАН-АСТАНА» УНИВЕРСИТЕТІ

ИНЖЕНЕРЛІК – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ

Оқу бағдарламасы (Syllabus)

«Ағылшын тілі»

(«Вариант Б» бастауыш курсы, барлық

мамандықтар үшін)

АСТАНА, 2008 ж.

СИЛЛАБУС ҚР БжҒ 2005 жылдың 11 мамырындағы № 289, 12 шілдедегі № 480 бұйрықтарымен бекітілген «Ағылшын тілі» курсы бойынша 2005 жылғы Мемлекеттік типтік стандартқа сәйкес негізделіп құрастырылған.

Силлабус құрастырушылар: «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының оқытушылары Канапьянова А.Д. , Есімхан Ж.І.

Пікір бергендер: ф.ғ.к., доценті Нұржанова З.М.

және аға оқытушы Байдрахманов Д.Х.

Оқу нысаны: Күндізгі бөлім

1 Курс, 1 семестр, 2 кредит

ОБСӨЖ: 30

Практикалық сабақ: 30

СӨЖ: 30

Кезеңдік бақылау: 2

Барлығы: 90

Оқу нысаны: Сырттай бөлім

1 Курс, 1 семестр, 2 кредит

ОБСӨЖ: 10

Практикалық сабақ: 10

СӨЖ: 70

Кезеңдік бақылау: 1

Барлығы: 90

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер” кафедрасының отырысында қаралған және бекітілген.

Хаттама № 1 2008ж. 04.09. 2007ж.

Каф.меңгерушісі ф.ғ.д.,профессор К.М.Әбішева.

Инженерлік - педагогикалық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінде бекітілген.

ОӘК төрағасы _____________________ доцент Наушабеков С.А

Хаттама № ____ _________ 2007 ж.

Мазмұны

1. Оқыту жоспары

1.1 Пәннің мақсаты мен міндеті

1.2. Курстың талаптары

1.3. Пәннің оқыту элементтері

1.4. Курстың қысқаша мазмұны

2 . Сабақтардың тақырыптық жоспары

2.1. Тақырыптық жоспар (күндізгі бөлімге)

2.2. Тақырыптық жоспар (сырттай бөлімге)

2.3 Студенттің өздік жұмысы (күндізгі бөлімге, сырттай бөлімге)

2.4. Студенттің оқытушының бақылауымен жүргізілетін өздік жұмысы (күндізгі бөлімге)

2.5. Студенттің оқытушының бақылауымен жүргізілетін өздік жұмысы (сырттай бөлімге)

3. Білімді бағалау кестесі

3.1 Бірінші аралық бақылау бойынша білімді бағалау кестесі

3.2 Екінші аралық бақылау бойынша білімді бағалау кестесі

3.3. Білімді бағалау.

3.4. Студенттің пән бойынша қорытынды бағасы .

4. Әдебиеттер тізімі:

1. Оқыту жоспары

    1. Пәннің мақсаты мен міндеті

Пәннің мақсаты: студенттің мектепте алған білімін тереңдетуге көмектесу жєне сол тақырыптар бойынша екеуара сөйлесу принципінен еркін сөйлеуге үйрету.

Пәннің міндеті.

- шет тілінде (ағылшын тіліде) комуникация жасу қабілетін қалыптастыру үшін тіл байлығын дамыту, осы тілдің лексиконымен тіл байлығын дамыту

- тілдің грамматикалық категорияларын білу;

-тілдің фонетикалық қатары, буындардың сингармонизм заңы, сөздің құрамы (түбірі+аффикстер), көптік жалғаулары, септік және жіктік жалғаулары, шақ категориялары, сөз таптарын білу.

1.2. Курстың талаптары

Курсты оқыту сөйлеу әрекетінің негізі төрт түрден тұрады.

Оқу:

- мәнерлеп оқу және мәтіндерді, диалогтарды түсіну,

- мәтінмен өздігімен жұмыс істей алу; сұрақ жауап арқылы жұмыс істеу.

- базалық оқулықтан ақпаратты алу, оны өздігінен өңдеу.

Тыңдау:

- естіген ақпаратты түсіну, естіген мәтіннен негізгі ойды бөлу қабілеті.

Жазу (хат):

- тіректі сөздер бойынша құрастыру қабілеті; сөз тізбегі, сөйлем, жеке сөйлемдерді грамматикалық ережелерді сақтай отырып, байламды мәтінге біріктіру қабілеті, фонетикалық, грамматикалық, лексикалық жаттығуларды орындау қабілеті, диалогтарды құрастыру қабілеті;

- болымды және болымсыз түрдегі сөйлемдерді құрастыру қабілеті, оқыған, сөйленген немесе естіген ақпаратты сөз тіркестер, сөйлемдерді жаңғырту.

Сөйлеу:

- жаңа сөздер үйрету, сөздерді үйрете отырып жаңа сөздер жасайтын формаларды меңгерту арқылы сөз бен сіздің байланысын үйрету; студенттің ойын жазбаша дұрыс, сауатты жаза әрі сөйлей білуге үйрету мақсат етіледі.

Пәннің басқа пәндермен байланысы: орыс тілі, шығыс тану, қазақ тілі, философия пәндерімен байланысады. және осы пәнді игеру барысында ықпал-көмегін тигізеді.

Пәннің берері: ағылшын тілінің даму жолдарын білу; фонетикалық және морфологиялық талдау және тілдің ерекше грамматикалық түсініктерін қолдана білу; сөйлем құра білу; сұрақ-жауап арқылы сөйлесе білу.

Оқыту саясаты: Пәнді оқытуда оқушы мынадай талаптарды орындау қажет:

  • сабаққа кешікпей келу;

  • сабақ үстінде тәртіп бұзбау;

  • ұялы телефонды өшіріп отыру;

  • сабақты себепсіз жібермеу;

  • өзіндік жұмыстарды уақытылы орындау жєне тапсыру;

  • әдепті, шыдамды, ұстамды, мәдениетті болу;

- университеттің ішкі тәртібін сақтау.