- •1. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің теориялық оспектілері
- •1.1. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің пайда болу алғышарттары.
- •Қазақстан Республикасы Зейнетақы нарығының құрылымы
- •(Ақпараттар afn.Kz/attachments/128/272/publish272-1086393.Pdf сайтынын алынған.)
- •1.2 .Жзқ инвестициялық портфелін қолданудың экономикалық мәні.
- •Несиелік тәуекел:
- •Нарықтық тәуекел
- •(Ақпараттар www.Enpf.Kz/ Инвестициялық портфельдің құрылымы сайтынын алынған.)
- •2. Қазақстан республикасындағы жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық жағдайын талдау
- •2.1. Қазақстан Республикасының зейнетақы нарығының жағдайын талдау.
- •2.2. Қазақстан Республикасының зейнетақы қорлары және инвестициялық портфелдің құрылымын талдау.
- •2.3. Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайда дамуы
- •(Ақпараттар www.Enpf.Kz/ Зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайда дамуы сайтынын алынған.) Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін дамытудың негізгі бағыттары
Қазақстан Республикасы Зейнетақы нарығының құрылымы
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің институционалды құрылымы |
1.01.13 |
1.01.14 |
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры |
0 |
1 |
Жинақтаушы зейнетақы қорлары |
11 |
9 |
-оның ішінде зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жҥзеге асыратындар |
11 |
7 |
Жинақтаушы зейнетақы қорлары филиалдарының саны |
120 |
88 |
Республика ӛңірлеріндегі ӛкілдіктерінің саны |
0 |
0 |
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жҥзеге асыратын |
13 |
11 |
Кастодиандық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар банктердің саны |
10 |
11 |
- оның ішінде жинақтаушы зейнетақы қорларының кастодиан банктері |
6 |
5 |
2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1 бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және 9 жинақтаушы зейнетақы қорлары жұмыс істейді.
(Ақпараттар afn.Kz/attachments/128/272/publish272-1086393.Pdf сайтынын алынған.)
1.2 .Жзқ инвестициялық портфелін қолданудың экономикалық мәні.
Портфель - бұл әртүрлі инвестициялық құндылықтардың бірігіп жинақталғаны болады да, салым иесінің нақтылы инвестициялық мақсатқа жетуіне қызмет көрсететін құралы. Портфельге бағалы қағаздардың бір түрі немесе әртүрлі инвестициялық бағалылықтар: акциялар, облигациялар, жынақ және депозиттік сертификаттар, аманаттық куәліктер, сақтандыру полистер және басқалары кіреді.
«Инвестициялық портфель» – зейнетақы активтері инвестицияланатын қаржы құралдарының жиынтығы. ЖЗҚ «инвестициялық портфелі» ҚР ҚҚА иеленуге рұқсат етілген бағалы қағаздардан, яғни халықаралық рейтингілік агенттіктердің (Standard&Poors, Moodys Investors Service, Fitch) жоғары рейтингілеріне ие бағалы қағаздардан ғана құралады.
Инвестициялық портфельді қалыптастыру тәртібі әр түрлі объектілерді енгізудің жалпы қарама-қайшылықтары, инвестициялық салымның жойылуы, тәуелділік және табыс сәйкестігі болып табылады.
Портфель құрылымын ҚҚА-ның жаңа талаптарына сәйкестендіріледі. Үкіметтің жаңа нұсқауларына сәйкес барлық зейнетақы қорлары өз портфельдеріндегі құнды қағаздар көлемін 20 пайызға, одан әрі болашақта 30 пайызға дейін арттыруға тиіс.
2012 жылғы 1 қаңтарда күшіне енетін жаңа заң актілерінің нормаларына сәйкес ЖЗҚ-лар зейнетақы активтерінің есебінен 3 инвестициялық портфель қалыптастыруға міндетті. Олар: акция ұсталмайтын консервативтік, акция мөлшері 30 пайыздан аспайтын шектеулі және акцияның 80 пайызына дейін иеленетін агрессиялық инвестициялық портфель болып табылады.
Кез келген зейнетақылық қордың портфелін екі түрге – өтімді және өтімсіз деп бөлуге болады. Портфельдің өтімді бөлігі бұл – дәл қазіргі сәттегі бағадан сатылатын бағасының айырмашылығы болмайтын қаржылық тәсіл. Портфельдің бұл бөлігін кез келген уақытта іс-жүзінде ешқандай шығынсыз сатуға болады. Портфельдің өтімсіз бөлігі бұл – сатылған кезде қағаздың бағасы белгіленген бағадан төмен болатын бөлігі.
Қаржылық қадағалау агенттігі мен зейнетақы қорлары, басқарушы компаниялар өкілдері кірген жұмысшы топ консервативті портфель әдісін мерзімінен бұрын енгізу мәселесін талқылады. Ұжымдық инвестиция жасау мәселелері бойынша бірқатар заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңда екі түрлі инвестициялық портфель принципін 2012 жылдан енгізу қарастырылған.
Қазір Қаржылық қадағалау агенттігінде әр қорда үш инвестициялық портфель болуын қарастыратын жоба әзірленіп жатыр. Консервативті портфельдегі қаржыға тәуекелі өте төмен мемлекеттік құнды қағаз бен өте сенімді компаниялардың табысы белгіленген және ұлттық валютада шығарылған құнды қағаздары алынады. Ал агрессивті портфельге акциялар мен туынды құнды қағаздар алынады. Бұлардың табысы жоғары болғанымен, тәуекелі де соншалықты мол. Бірқалыпты портфель осы екеуінің арасында. Пайдасы да, қауіп-қатері де орташа. Салымшылар өз қалауына орай қаражатын үш қорға бөліп салуына немесе біреуін ғана таңдауға құқылы болады.
Бұдан бұрын айтылып жүрген агрессивті портфель дағдарысқа байланысты қолданылмайтын сыңайлы.
Есімін атамауды өтінген сенімді ақпарат көзі: «Консервативті портфель саясатын енгізуге ірі зейнетақы қорлары мүдделі болып отыр», – дейді. «Әзірге салымшы қаржысының бір бөлігі міндетті түрде консервативті портфельде ұсталуы керек пе, бұған зейнетақы жинағының қандай мөлшері аударылады» деген сауалдарға жауап жоқ. Өйткені жұмысшы топ алғаш рет кездескендіктен, тараптардың ыңғайы мен емеуріні ғана ортаға салынған.
Қаржылық қадағалау агенттігі 2010 жылдың қыркүйек айынан бері зейнетақы қорларының инвестициялық тактикасына бақылауды күшейтті. Осы уақытқа дейін зейнетақы жинақтарын басқарушы компаниялар бір кәсіпорын құнды қағаздарына инвестиция мөлшерін 10 пайыздан асырмау қағидасын ғана басшылыққа алған еді. Енді осы құнды қағазды не мақсатпен сатып алатыны, оның тәуекелі туралы реттеуші органға көлемді есеп тапсырулары керек.Бұл талапты орындау үшін бірқатар зейнетақы қорлары қосымша штат ашып, талдау бөлімін ашуды мақсат етіп отыр.
Егер салымшының ешқандай туысы болмаса, және салымшы қайтыс болса, ал оның артында белгілі мұрагерлері болмаса, қор бәрібір оның жинағын иемдене алмайды. Яғни олай етуге қордың құқы жоқ. Сөйтіп дүниеден өтіп кеткен салымшының бар жинағы мұрагерлері келгенге шейін жеке зейнетақы шотында сақталады. Мұрагерлері болмаса немесе белгісіз болса, онда қаладағы, аудан мен кенттегі, ауылдық округ әкімі аппараты «мұраның сенімді басқарушысын тағайындау» туралы өтінішпен нотариусқа баруы тиіс. Заң бойынша мұрагерлер келген жағдайда мұраның сенімді басқарушысы олардың талабы бойынша кері шақырылуы мүмкін. Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдерін әртараптандыру үшін Үкімет пен «Самұрық-Қазына» қоры зейнетақы активтерін басым инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін тарту жөнінде шара қабылдау үстінде, сондай-ақ құрылған Стресті активтер қоры инвестициялық рейтингі бар борыштық бағалы қағаздарды шығаруды қамтамасыз етеді.
Қаржылық қадағалау агенттігі жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық саясатын жетілдіруді, сондай-ақ зейнетақы активтерінің сақталуын және қорлар мен зейнетақы активтерін басқарушылардың жауапкершілігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында олардың қызметін қадағалауды жалғастыруда.
Жинақтаушы
зейнетақы қоры, зейнетақы төлемдері
бойынша міндеттемелерін орындағанда,
жинақ мерзімінде инвестиция тиімділігі
жеткен нақты мәннен алынады және орта
нарықтық табыс нормасының минимумына
кепілдеме береді. Сондықтан олар портфель
құрамын, есептің қойылымын кері аударып
қолданады. Бұл жағдайда оңтайландыру
мәселесі инвестициялық портфельдің
күтілетін табысын, тәуекел дәрежесін
лимиттеу r
кезінде максимал мәнге жеткізу. Бұл
кезде портфельді оңтайландыру есебі
келесі түрге ие болады.
(1)
Бұл кезде қор өзінің максималды тәуекел дәрежесін анықтауы тиіс. Ол инвестиция қызметінің нормативті есептеуіне сәйкес немесе одан жоғары, егер қорда бірнеше инвестициялық портфель болса, онда қолданылатын тәуекел деңгейімен шектеледі. Инвестициялық портфельдің оңтайландыру есебін формула түріне келтірсек:
1. Зейнетақы қорының жалпы құрылымында белгіленген жарна схемасы бойынша құрылған келісім шарттар көбірек болады. Сол себептен оңтайландыру факторы ретінде тәуекелдің минималды деңгейінде талап етілетін минималды табысқа жету алынады.
2. Соған сәйкес оңтайлы портфель моделі келесі түрде жазылады (қарастырылған табыс бойынша шектеулер қолданылады):
(2)
Келтірілген модель инвестициялық портфельдің жалпы түрін сипаттайды (оны шартты оңтайлы лимиттелген дейді). Бірақ инвестициялық портфельді оңтайландыру есебінің құрамында өтімділік деңгейінің шарты бар болса, онда қосымша шектеулер, мысалы өтімділік бойынша шектеулер енгізіледі:
d
(3)
Сәйкес оңтайлы модельдер келесі түрде жазылады:
Жарнасы белгіленген қор Төлемі белгіленген
портфелі үшін қор портфелі үшін
(4)
(5)
Өтімділік шектеулері 0,1 сәйкес болса, онда модель келесі түрге енеді:
(6)
Инвестициялық портфельдің құрамында баға құның өсіретін құралдар үлесі бар болса, онда оңтайландыру есебіне қосымша шарттар енеді:
(7)
Сондықтан келтірілген мысалдарға ұқсас оңтайландыру жүйесіне қосымша шектеулер енуі мүмкін. Бір ғана ерекшелігін атап өтейік: шарттар саны көп болған кезде инвестициялық оңтайлы портфельдің саны шектеулі болады.
Берілген теңдеулер мен қарастырылған шектеулер (өтімділігі бойынша НР) инвестициялық портфельді құру бойынша бағдарлама инвестициялау объектілерін анықтайды және компьютерде өңдеген соң ең тиімді нұсқа таңдалады.
Зейнетақы активтерін тәуекелдер бойынша өлшеу келесідей тәртіпте жүргізіледі:
ЖЗҚ
инвестициялық портфелі
