Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жобалық Жұмыс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
179.56 Кб
Скачать

ЖОСПАР

КІРІСПЕ.........................................................................................................................3

1. ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ОСПЕКТІЛЕРІ

1.1. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің пайда болу алғышарттары........................5

1.2 .ЖЗҚ инвестициялық портфелін қолданудың экономикалық мәні...................9

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

2.1. Қазақстан Республикасының зейнетақы нарығының жағдайын талдау...........................................................................................................................16

2.2. Қазақстан Республикасының зейнетақы қорлары және инвестициялық портфелдің құрылымын талдау.................................................................................18

2.3. Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайда дамуы............................................................................................................................23

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................26

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................................................................30

КІРІСПЕ

Қазақстан ТМД елдерінің ішіндегі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне өткен ең алғашқы ел болып табылады. Республиканың әлеуметтiк-экономикалық жүйесiнде неғұрлым қарқынды дамушылардың бiрi зейнетақы жүйесi болып табылады.

Жобалық жұмыс тақырыбының өзектілігі - ҚР ЖЗҚ инвестициялық процесіне талдау жүргізу және тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiн жаңғырту мен әрі қарай ҚР экономикасының дамытудың басымдықтарын анықтау маңызды мәселелердiң бiрi болып табылады. Қазақстан экономикасының даму ерекшелiктерi зейнеткерлiкке шыққан мерзiм iшiнде тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту мен қолдау мақсатында тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiн дамытуға бағытталған кешендi шаралардың жүзеге асырылуын қолдайды. Қажетті нәтиже алу үшін,экономиканы жеделдету мақсатында инвестициялар жасау қажет.Ол үшін ішкі жинақ қорларды шоғырландыру-басты шарттардың бірі болып табылады. Экономикалық өсу және дамытудың құпиясы өте қарапайым: тек қана ұлттық қорларды және инвестицияларды көбейту қажет. Бүгінгі күні инвестицияны және қорларды көбейту жылдам дамудың қажетті, бірақ жеткіліксіз шарты болып отыр. Бұл тұрғыда, инвестициялық институттар тиімді инвестициялау процесін жүзеге асырады.

Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері: зейнетақы жарналары, инвестициялық кіріс, өсімпұл және жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақыларын шегеріп тастағандағы залалдарды өтеу ретінде түскен қаражат есебінен қалыптасады.

ЖЗҚ төлемдердің басталуы мен жарналар түсімдерінің аяқталуы арасындағы бірнеше жылды құрайтын уақыт аралықтары ЖЗҚ ұзақ және орта мерзімді инвестиция жасауға және өзінің портфелін құруға мүмкіндік береді. ЖЗҚ әрекет етуі ұзақ мерзімді инвестициялық процесті білдіреді. Алайда, қорлар кәсіпорындардың бағалы қағаздарына инвестиция жасап экономиканы қаржыландыруды және қаржы құралдарын банк депозиттеріне орналастыру арқылы, коммерциялық банктердің ресурстық базасын толықтыруды әзірше қаржылар тиімді орналастырылды деп айтуға болмайды. Зейнетақы қорларының инвестициялық іс-әрекеттерінің нәтижесі, олардың әрекет етуінің бастапқы кезеңінде, инвестициялық мүмкіндіктерді жеткіліксіз пайдаланғанын көрсетеді. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері: зейнетақы жарналары, инвестициялық кіріс, өсімпұл және жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақыларын шегеріп тастағандағы залалдарды өтеу ретінде түскен қаражат есебінен қалыптасады.

Жобалық жұмыстың мақсаты, ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiндегі инвестициялық процестерді ұйымдастыру мен оның басымдықтарын анықтау барысында зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жаңғыртуды теориялық негіздеу болып табылады.

Жобалық жұмыстың мақсатын ашу үшін төмендегідей зерттеу міндеттері:

- бiрыңғай зейнетақы жүйесiнен жинақтаушы түрiне өтудi анықтаушы факторларды жүйелеп, жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметтерiн жетiлдiру және олардың инвестициялық мүмкiндiктерiн күшейтуге байланысты сұрақтарды қарастыру;

- жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық қызметтерiн талдау негiзiнде зейнетақы жүйесiнiң әрекет ету тетiктерiне талдау жүргiзу;

- Қазақстан Республикасының тұрғындарын зейнетақымен қамтамасыз етудiң мемлекеттiк емес секторларының даму тенденцияларын анықтау.

- Қазақстандағы зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту ерекшеліктерін ашып көрсету;

- тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етудiң обьективтi негiздерiн анықтай отырып, әлеуметтiк-экономикалық категория ретiнде зейнетақымен қамтамасыз етудiң мәнiн нақтылай түсу;

- ЖЗҚ қызметтерін мемлекеттік реттеудің қазіргі жағдайын және олардың инвестициялық ресурстарының қалыптасуына әсерін көрсету;

- келешекте Қазақстан тұрғындарын зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiн жаңғыртудағы мемлекеттік реттеуді жетiлдiруге байланысты ұсыныстар әзiрлеу;

Зерттеу пәні – ҚР экономикасын дамытуға инвестициялық зейнетақы қораларының әсері.

Зерттеу объектісі ретінде ҚР жинақтаушы зейнетақы қорлары алынған.

1. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің теориялық оспектілері

1.1. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің пайда болу алғышарттары.

Қазақстан Республикасы – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің арасында халықты зейнетақымен қамсыздандыру реформасын ең бірінші болып жүзеге асырған ел. Зейнетақы реформасындағы ең бастысы Ұрпақтар ынтымақтастығына негізделген әлеуметтік қамсыздандырудың үлестіргіш жүйесінен жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жеке зейнетақы шоттарында жинақтарды жинауға мүмкіндік беретін жинақтаушы зейнетақы жүйесіне біртіндеп өту болды.  

Жаңа жинақтаушы зейнетақы қорының құрылу кезеңінде, оның дамуын ынталандыруға бағытталған ерекше стратегиялық рөл 1997 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен арнайы құрылған институт – Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына берілді. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры елдегі зейнетақы реформасының өзіндік сөре алаңына айналды: ол елдегі ең алғашқы жинақтаушы қор болып, ең алғашқы зейнетақы төлемін қабылдады және зейнетақы активтерін өзінше басқару құқығын басқа зейнетақы қорларының ішінде бірінші болып алды.    

1998-2002 жылдар аралығындағы кезеңде ГНПФ өз салымшыларының қатарына қандай да бір себептермен зейнетақы таңдау бойынша өзіндік шешімін қабылдап үлгірмеген азаматтардың барлығын қосу мүмкіндігін беретін «жалпыға ортақ қор» ерекше мәртебесіне ие болды.    Осылайша, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне халықты көптеп тарту мен жинақтаушы зейнетақы жүйесі салымшыларының базасын қалыптастыру міндеті жүзеге асырылды. Бірақ бұл мәртебе сонау 2003 жылға дейін ГНПФ-ке басқа мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары сияқты зейнетақы нарығының толыққанды және бәсекеге қабілетті қатысушысы болу мүмкіндігін бермеді.

   2005 жылы Қор өзінің «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ ресми атауын аббревиатураның ескі мазмұны сақталмаған «ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-на өзгертті. ГНПФ жаңа зейнетақы жүйесіне деген халық сенімін қалыптастыру, зейнетақы нарығы мен бәсекелі орта негіздерін құру тәрізді өзіне жүктелген тарихи міндеттерді орындады, және еліміздегі көптеген басты көрсеткіштер бойынша көшбасшы орынға ие ірі зейнетақы қорларының біріне айналды.     

   2013 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасының Елбасы еліміздің зейнетақы туралы заңнамасына өзгеріс енгізу туралы тапсырма берді. Жүйені реформалаудың негізгі кезеңдерінің бірі –Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру мен оған жеке жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері мен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары бойынша міндеттемелерін беру болды. Еліміздің басшылығы ГНПФ базасында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру туралы шешім қабылдады. 

   2013 жылдың 21 маусымында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» жаңа редакциядағы Заңы (бұдан әрі - Заң) қабылданды. Зейнетақы заңнамасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі Қордың жалғыз акционері болып табылады. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін сақтау мен есепке алуды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жүзеге асырады. БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару да Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жүктелген.   

   Сонымен қатар, Заңда БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқару бойынша кеңес құру сөз етілген. Кеңестің дербес құрамы Қазақстан Республикасының Елбасымен бекітіледі.  

   2013 жылдың 22 тамызында, әділет ұйымдарында қайта тіркеуден өткен соң, «БЖЗҚ» АҚ жұмысқа кірісті

Тарихи даталар: 

1997 жылдың 12 мамырында  Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін реформалау туралы тұжырымдамасы әзірленді және қабылданды. Онда «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» ЖАҚ құру көзделген. 

1997 жылдың 20 маусымы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы күшіне енді. 

1997 жылдың 24 қыркүйегі  «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» ҚР қаулысы шықты.  

1998 жылы  Қордың Қазақстан өңірлеріндегі өкілдіктері желісі белсене қалыптасып, дами бастады.  

1998 жылдың 19 қаңтары Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі тарихындағы алғашқы зейнетақы жарнасы төленді

1999 жылдың 11 тамызы – ГНПФ жинақтаушы зейнетақы жүйесі тарихында зейнетақы активтерін өзінше басқару лицензиясын бірінші болып алды.     

1998 – 2002 жылдар аралығында ГНПФ «Жалпыға ортақ қор» тәртібінде қызмет атқарды. Егер жұмыскер таңдау жасамаса және басқа зейнетақы қорымен шартқа отырмаған болса, жұмыс беруші міндетті зейнетақы жарналарын ГНПФ-ке аударатын.   

2003 жылы ГНПФ мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларымен тең құқыққа ие болды. Инвестициялық мүмкіндіктер жөніндегі шектеулер алынды, «Жалпыға ортақ қор» мәртебесі жойылды.  

2004 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Үкіметімен қатар ГНПФ акционері болды.  

2005 жылы ІТ-компаниялардың қазақстандық ассоциациясы, Қазақстан қаржыгерлерінің ассоциациясы ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі комитеттің қолдауымен ГНПФ-ке «Лицензиясыз бағдарламалық қамсыздандырудан таза аумақ» сертификатын берді.

2005 жылдың 1 ақпанынан бастап «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ өз атауын «ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ деп өзгертті.   

2005 жылдың қараша айында Брюссельде (Бельгия) ГНПФ-ке Қазақстан Республикасындағы зейнетақы секторын дамытуға қосқан үлесі (капиталды басқару) үшін «EuroMarket Award» сыйлықақысы берілді.    

2005 жылдың 25 қарашасында Еуропалық жаңғырту және даму банкінің ГНПФ-тің акционерлік капиталына кіру ниеті туралы меморандумға қол қойылды.    

2006 жылдың қаңтарынан бастап ГНПФ салымшылардың мүддесін басшылыққа ала отырып, барлық зейнетақы қорларының ішінде бірінші және жалғыз болып, зейнетақы активтері бойынша ұсталатын комиссиялық сыйақылар сомасын 0,0475 %-ға дейін төмендетті.     

2007 жылдың 31 мамырында Еуропалық жаңғырту және даму банкі ГНПФ акционерлерінің құрамына енді. 

2007 жылдың тамыз айында KASE Қазақстандық қор биржасы 2006 жылдың қорытындысы бойынша ГНПФ-ті құнды қағаздар биржалық нарығында банктік емес делдалдық және/немесе дилерлік ұйымдар арасындағы үздік деп таныды.  

2008 жылдың желтоқсан айында «ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) ИСО 9001:2000 халықаралық стандарты талаптарына сәйкестікті бақылау жөніндегі аудиттан сәтті өтті.   

2010 жылдың 1 наурызында ГНПФ зейнетақы активтерінің сомасы 300 млрд теңгеден асып түсті.  

2010 жылдың 8 айы үшін ГНПФ-тің «таза» инвестициялық кірісі 14 845 668 мың. Тенгені құрады, бұл Қазақстан Республикасының барлық ЖЗҚ арасындағы абсолюттік мағынадағы ең жоғарғы көрсеткіш болып табылды.

2012 жылы «ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ  Global Pension Fund Awards беделді сыйлықақысын алды.    

2012 жылдың ақпан айында «ГНПФ» зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының көлемі 500 млрд теңгеден асып түсті.   

2012 жылдың 12 наурызынан бастап «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ акционерінің комиссиялық сыйақы көлемін төмендегідей мөлшерде өзгерту туралы шешімі күшіне енді: инвестициялық кірістен - 15%-дан 12%-ға дейін; зейнетақы активтерінен – айына 0,0475%-дан 0,0375%-ға дейін.     

2012 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша «ГНПФ» зейнетақы қоры 12 айдағы инвестициялық кіріс деңгейі (К2 қалыпты портфелі) бойынша  4,86%-ға тең көшбасшы болды. 

2012 жылдың 24 қыркүйегінде «ГНПФ» зейнетақы қорына 15 жыл толды.  

2013 жылдың 2 шілдесінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» жаңа редакциядағы Заңы қолданысқа енгізілді.   

2013 жылдың 31 шілдесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №747 қаулысымен «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ құрылды. 

2013 жылдың 22 тамызында ГНПФ атауының «БЖЗҚ» АҚ болып өзгеруіне байланысты әділет органдарында қайта тіркеуден өтті. «БЖЗҚ» АҚ өз жұмысына кірісті. 

2013 жылдың 26 тамызында Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалды.   

2013 жылдың 27 тамызында Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен «БЖЗҚ» АҚ арасында қаржы құралдары мен ақшаларды сақтау мен есепке алу бойынша кастодиандық қызмет көрсету шарты жасалды. 

2013 жылдың 24 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері мен зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шарттар бойынша міндеттемелерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қабылдау-өткізу кестесін бекітті.   

2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖЗҚ FIAP-тың толыққанды мүшесі болды.

1997 — 1999 жж.: Сулейменов Серик Жусупович, Бас директор

1999 — 2000 жж.: Султанкулов Ерик Ахметханович, Бас директор

2000 — 2002 жж.: Сулейменов Серик Жусупович, Бас директор

2002 — 2006 жж.: Курманов Жанат Бостанович, Бас директор

2006 — 2009 жж: Секенов Алгазы Сергазиевич, Басқарма төрағасы

2009 ж. — қазіргі уақытқа дейін: Медеушеева Долорес Таировна, Басқарма төрағасы. ( Ақпараттар www.enpf.kz/Қор туралы сайтынын алынған.)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]