Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
referattar.kz_412012758.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
193.02 Кб
Скачать

2.2 «Қазагроқаржы» ақ лизингтік операциялары.

«ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы 1999 жылы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 қарашадағы «Ауыл шаруашылығының кейбір мәселелері туралы» № 1777 қаулысына сәйкес құрылған.

1999 жыл– Компанияны мемлекеттік тіркеу

2000 жыл – 630 «Johne Deere» астық жинайтын комбайн түрінде лизингке табыстау үшін алғашқы тауарлы несие алынды

2003 жыл – бірінші машина-трактор стансасы құрылды

2004 жыл – бірінші егіс кешендері жеткізілді

2005 жыл – мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша жабдықтар сатып алу

2006 жыл –  ERP-жүйесін Oracle E-Business Suite енгізу

2007 жыл – жылыжай кешендерін, ірі тауарлы сүт фермаларын құруды қаржыландыру және ірі қара мал лизингі, Қаржы агенттігі мәртебесі берілді

2008 жыл – Қарқынды жеміс бақтарын құру, балықты қайта өңдеу зауыттарын құру.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ Директорлар кеңесі Директорлар кеңесінің Төрағасы

 Мамытбеков Асылжан Сарыбайұлы - «ҚазАгро» Ұлттық холдинг» АҚ Басқарма Төрағасы - Директорлар кеңесінің мүшесі Директорлар кеңесінің мүшелері

 Нұрпеисов Жарқын Бегешұлы - басқарушы директор – «ҚазАгро» Ұлттық холдинг» АҚ Басқарма мүшесі – Директорлар кеңесінің мүшесі;

 Омаров Тобылбек Есенжолұлы - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы – Директорлар кеңесінің мүшесі;

 Кенжебаев Әділхан Айтқазыұлы - «Агрофирма Қазэкспортастық» ЖШС бас директоры – тәуелсіз директор;

 Дүйсебаев Мұхамеджан Жұмабекұлы – «Қазақстан Астық Одағы» Заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры – тәуелсіз директор;

 Айтжанов Дулат Нулиұлы - «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма Төрағасы – Директорлар кеңесінің мүшесі.

Лизинг алушыларға арналған «ҚАЗАГРОҚАРЖЫ» АҚ-ның мәліметтері:

  1. Мәміле кезеңдері:

1. Әлуетті Тапсырыскермен алдын ала кездесу және сұхбат. 2. Өтінішкердің өтінім мен толық құжаттар пактетін «ҚазАгроҚаржы» АҚ ұсынуы 3. Өтінішкердің құжаттарын сараптау және жобаға талдау жасау. 4. «ҚазАгроҚаржы» АҚ уәкілетті органының қаржы лизингі және/немесе қарыз нысанында инвестиция беру жөнінде шешім қабылдауы. 5. Қаржы лизингі/қарыз шартын жасасу. 6. Лизинг Затын сатып алу және жеткізу. 7. Тапсырыскердің сұраным жасаған лизинг Затын табыстар/қарызды берер алдындағы шарт талаптарын орындауы. 8. Тапсырыскерге лизинг Затын табыстау/қарызды беру. 9. Тапсырыскердің қаржы лизингі/қарыз шарты бойынша міндеттемелерін орындау мониторингі. 10. Лизинг Затына меншік құқығын табыстау.

ІІ. Қажетті құжаттар тізбесі:

  1. Заңды тұлғаларға арналған сауалнама;

  2. Шаруа-фермер қожалығына арналған сауалнама;

  3. Бизнес-жоспардың үлгі құрылымы;

  4. АҚ құжаттар тізбесі (монтажды қажет ететінжабдықтар мен арнаулы техника);

  5. АҚ құжаттар тізбесі (монтажды қажет етпейтін а/ш техника мен арнаулы техника);

  6. ШҚ арналған құжаттар тізбесі (40 млн. дейін);

  7. ШҚ құжаттар тізбесі (монтажды қажет етпейтін қайта өңдеу жабдықтары, технологиялық жабдықтар мен арнаулы техника) 40 млн. дейін және кейін;

  8. ШҚ арналған құжаттар тізбесі (40 млн. жоғары);

  9. ЖШС құжаттар тізбесі (монтажды қажет ететінжабдықтар мен арнаулы техника);

  10. ЖШС құжаттар тізбесі (монтажды қажет етпейтін а/ш техника мен арнаулы техника);

  11. ТЭН үлгілері;

  12. Техника алуға БИЗНЕС-ЖОСПАРҒА қойылатын талап;

  13. Есеп-қисап нысандары. [9].

ІІІ. Лизингіті бухгалтерлік есепте көрсету.

Қазақстан Республикасы Заңының 22 бабына сәйкес, лизингке есеп жүргізу жұмысы заңнаманың бухгалтерлік есеп бойынша талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

ҰҚЕС 1, ҰҚЕС 2,  «Жалгерлік» ХҚЕС  (IAS) 17 сәйкес қаржы лизингі (қаржы жалгерлігі) бойынша шаруашылық операциялар лизинг алушының бухгалтерлік есебінде келесі тәртіпте қамтылып көрсетіледі. Жалгер қаржы жалгерлігін қаржы лизингісінің шарты мен заттың қабылдау-табыстау актісі негізінде активтер мен міндеттемелер ретінде мейлінше төмен: - әділ құн бойынша;

- лизингілік төлемдердің дисконтталған құны бойынша қамтып көрсетуге тиісті. Іс жүзінде актив ретінде бастапқы тану өзіндік құн бойынша жүргізіледі. Өзіндік құнға: Әділ немесе дисконтталған құн сомасы + жүкті тасу, тиеу, құрастыру бойынша шығыстар + шарт жасасу бойынша шығындар + Жалға алу затын жұмыс қалпына келтіруге байланысты басқа да тікелей шығындар жатады. Іс жүзінде міндеттемелер ретінде бастапқы тану: -іс жүзінде танылған активке қосылатын кез келген бастапқы шығындарды қоспағанда, ең төмен әділ құнға тең сомада; - іс жүзінде танылған активке қосылатын кез келген бастапқы шығындарды қоспағанда,  ең төмен дисконтталған құнға тең сомада жүзеге асырылады.

Қаржы лизингі шарттарында қабылданған активтер талдамалы қосалқы шоттарды бөлумен бірге «Негізгі қаражаттар» 2410 бөлікшесіне сәйкес дебет бойынша және «Ұзақ мерзімді несиегерлік берешектің ағымдағы бөлігі» 3370, «Жалдау бойынша ұзақ мерзімді берешек» 4150 шоттар несиесі бойынша қамтылып көрсетіледі.

Лизинг затына тиесілі сыйақы сомасына «Сыйақы боынша шығыстар» 7310 шоты дебеттейді және «Төлеуге арналған қысқа мерзімді сыйақылар» 3380, «Төлеуге арналған ұзақ мерзімді сыйақылар» 4160 шоттары несиелендіреді.

Қаражаттарды аударғанда «Ұзақ мерзімді несиегерлік берешектің ағымдағы бөлігі» 3370 шоты – есепті жылға келетін лизинг затының құнын өтеу бөлігіндегі сомаға; «Төлеуге арналған қысқа мерзімді сыйақылар» 3380 шоты – есепті жыл бойынша сыйақылар бойынша шығыстар сомасына дебеттейді және «Ақша қаражаттары» бөлікшесінің ақша қаражаттар шоттарын несиелендіреді.

Қаржы лизингі шарттары бойынша лизинг алушы лизинг затының тозуына есептеуді жүзеге асырады. Активтердің қай жерде пайдалануына қарай 7110, 7210 шоттар дебеттейді, 8045 «Негізгі қаражаттардың өтелімі және құнсыздануы» 8045 бөлікшенің 2420 шоттары талдамалы есеп жүргізуде тиісті шоттар бойынша олардың басыбайлылығын бөле отырып, несиелендіреді.

Қаржы лизингісінің қолданылу мерзімі бойы лизинг алушы лизинг заттарын мерзімінен бұрын сатып ала алады. Бұл ретте тиісті бөлікшелердің ақша қаражаттары шоттарын «Жалгерлік мінжеттемелер» 3360,4150 шоты бойынша қалған сомаға несиелендіреді. 3370, 4150 шоттары бұл жағдайда жабылады, ал «Негізгі қаражаттар» бөлікшесінің 2410 шоттары бойынша талдамалы есеп жүргізуде сатып алынған лизинг заттарын меншікті негізгі қаражаттар санатына ауыстыру керек. Тиісті өзгертулер әрі қарай есеп жүргізуде меншікті активтер бойынша сияқты көрсетілетін лизинг заттарының тозуы бойынша енгізіледі. Бұл операциялар талдамалы есепте тиісті шоттар бойынша жүргізіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]