Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
referattar.kz_412012758.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
193.02 Кб
Скачать

2.1 Қазақстанда лизингтің даму жағдайын талдау.

ТМД елдерінде, соның ішінде Ресей мен Қазақстанда ішкі нарықта лизингтік құрылымдардың қалыптасуы 1989 жылдан басталады. Осы жылы КСРО- да комерциялық банктер лизингтік операцияларды енгізе бастады. Еліміздегі лизинг мынадай жолдармен қалыптасқан:

1) аймақтық көтерме-делдалдық фирмалардың және «Қазконтракт» карпорацияларының жүргізілуіндегі жалға беруге байланысты кәсіпорындар және жұмыс істеп тұрған орындар және агроөнеркәсіп кешеніндегі облыстық және аудандық жабдықтау кәсіпорындары;

2) екінші деңгейдегі банктердің лизингтік операциялары;

3) жаңадан құрылған арнайы лизингтік фирмалар;

4) лизингтің халықаралық формалары-экспорттық, импорттық және басқа да шетелдік лизингтік компаниялардың дамуы. [3, 201-204б].

Республикадағы алғашқы лизингтік кәсіпорындар акционерлік қоғам нысанында коммерциялық мен жабдықтаушы-өткізуші ұйымдардың қатысуымен құрылды. 1989 жылы құрылтайшысы «КРАМДС-Банк», «КРАМДС-снаб» және «Казлегснабстың» базасы болған «КРАМДС-лизинг» акционерлік қоғамы құрылды.

1990 жылы Қазақ КСР-ң Госнаб бұйрығымен «Прокат и лизинг-95» жүйесіндегі 5 жылдық мақсатты жалға беру мен лизингті дамыту бағдарламасы жасалынған болатын. Кейін бұл жүйенің материалдық ресурстар Министрлігіне, одан соң «Казконтракт» корпорациясына қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде бақылау жоғалды.

Қазақ КСР-ң Госснаб жүйесіндегі лизингтік фирмалардың бірі 1990 жылдың 7 ақпанынан бастап жүмыс істеген техникалық құралдар лизингі жөніндегі «Казтехлизинг» кәсіпорны. Оның құрылтайшылары-«Казмашкомплект» көтерме-делдалдық фирма мен Қазақ КСР Госснабтың көтерме сауда инвестициялық коммерциялық банк (Инвестснаббанк). Құрылу кезінде оның жарғылық қоры 2 млн. Рубль, оның ішінде «Казмашкомплект»-49%, Инвестснаббанк-51%.

1990 жылдың 1-ші жартыжылдығы бойынша Қазақ КСР-ң Госснаб бойынша лизингтік мәмілелердің көлемі 3,5 млн.рубль болды, оның ішінде 2,4 млн. Рубль көлеміндегі мәмілелер «Казтехлизинг» үлесіне, ал қалғаны басқа аймақтардағы 10 жабдықтаушы басқармаларға тиесілі.

1990 жыл бойынша «Казтехлизинг» кәсіпорны 18 лизингтік келісім шартты жасасты. 1991 жылдың 5 ақпанында Алматы қаласының Совет аудандық халық депутаттарының кеңесінің атқару комитетінің шешімі бойынша құрылтайшысы Қазақ КСР-ң Госснаб-ң Инвестснаббанкі болған.

«Инвестлизинг» шағын ұжымдық кәсіпорны, ал 1991 жылы 19 ақпанында Алматы қаласының Совет аудандық халық депутаттарының кеңесінің атқару комитетінің шешімі бойынша құрылтайшысы Қазақ КСР-ң Госснабының «Алма-Атакомплект» болған «Алма-Ататехлизинг». Ол Алматылық облыстық жүк және қалалық автобасқармасына автотранспорт, қазақ аэрогеодезиялық кәсіпорынға компьютерлер мен оргтехниканың, «Агрореммаш» ғылыми-өндірістік бірлестікке тоқарлық станоктарды, «Брандт» медицина-техникалық орталығына лицензияланған медициналық жабдықты лизинг бойынша берді.Бұл лизингтік қызметтерді көрсетуден түскен пайда 1992 жылы бойынша 3731 млн. Рубль болды.

1992 жылдың ортасында Қазақстанда экономиканың мемлекеттәк емес секторында 120 коммерциялық банк және 20 лизингтік компания қызмет етеді. Олардың ішінде «КРАМДС-лизинг», «Алма-Ата техлизинг», «Техника-лизинг», «Туранбанк» Қазақстандық акционерлік банктің еншілес фирма «Туранлизинг», СП «Казтехлизинг» және т.б.

Қазақстанда лизингтің дамуы төрт арна арқылы жүреді:

1. Техникалық құралдарды жалға беру жөніндігі жұмыс істеп отырған «Казконтракт» корпорациясының аймақтық көтерме-делдалдық фирмалар мен компаниялар құрамындағы кәсіпорындармен беттері;

2. Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары;

3. Жаңа құрылып жатқан арнаулы лизингтік компаниялары;

4. Республика территориясында шетел лизинг компанияларының жұмысы;

Мемлекетте лизингтік бизинестің даму тарихы үш кезеңге бөлеміз:

1. 1 кезең (1989-1992)- Республикада лизингтік бизнестің пайда болу кезеңі, алғашқы лизингтік компаниялар құрыла бастады.

2. 2 кезең (1992-1994)- ішкі нарықта қолайсыз жағдайдың туу нәтижесінде лизингтік бизинесті басу кезеңі.

3. 3 кезең (1995-1997)- даму кезеңі, мемлекеттік көмек пен ынталандыруға қол жеткізу.

1992 жылдан бастап, Қазақстанда халықаралық— экспорттық және импорттық лизинг нарқы дами түсті, әсіресе самолеттер, автомобиль және ауылшаруашылық техникасы лизингі. 1994 жылы 2000 жылға дейін мерзімге Қазақстан Ресейден үш Ил-86, бір Ту-154 және төрт Як-42 алған еді.Осы жылы АҚШ-тан 4 «Бойнг 767» лизинг бойынша сатып алды.

Сонымен қатар Қазақстанда ауылшаруашылық техникасы лизингі даму үстінде. Мысалы, АҚШ-тың «John Deere» фирмасымен батыс Германиясының «Ciaus Oh» фирмасымен республикаға 5 жылға комбаиндар жеткізу жөнінде келісім жасалды. Қазақстандық матор компаниясы «Астана-Мотрос» Жапонияның екі сауда үйлері мен — «Nissan Corporation» және «Nisscho Iwai» қарым-қатынас жасауда. Барлық тауарлар банктік кепілдіксіз толық сенімділікке лизингке беріледі. Шығыс кәсіпкерлердің мынандай қызметі біздің бизнесіміздің дамуына көмек болды. [5, 138-142б].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]