Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
referattar.kz_412012758.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
193.02 Кб
Скачать

1.2 Лизингтің нысандары, типтері мен түрлері

Лизингтің негізгі екі түрі бар: ішкі және халықаралық.

Ішкі лизингті жүзеге асырғанда лизинг беруші, лизинг алушы мен сатушы (жабдықтаушы) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылады. Ішкі лизинг Қазақстан Республикасының заңдылығымен реттеледі.

Халықаралық лизингіні жүзеге асырғанда лизинг беруші немесе лизинг алушы Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылады.

Егерде лизинг беруші Қазақстан Республикасының резиденті болса, онда лизинг заты Қазақстан Республикасының меншігінде болады, халықаралық лизинг келісімі Қазақстан Республикасының заңдылығымен реттеледі.

Егерде лизинг беруші Қазақстан Республикасының резиденті болмаса, онда лизинг заты Қазақстан Республикасының меншігінде болады, онда халықаралық лизинг келісімі сыртқы экономикалық салада заңмен реттеледі.

Оған қоса, «Лизинг туралы» заңдылық лизингтің 3 негізгі типін реттейді:

  • Қысқа мерзімді лизинг (рентинг) – бір күннен бір жылға дейін;

  • Орта мерзімді лизинг (хайринг) – бір жылдан үш жылға дейін;

  • Ұзақ мерзімді лизинг (лизинг) – үш жылдан жиырма жылға дейін.

Қазіргі кезде дамыған елдердің шаруашылық тәжірибесінде әрқайсысы өзінің маманданым ерекшеліктерімен сипатталатын әркелкі лизингтер пайдаланылады.

Аса көп тарағандары:

- жеделдік (сервистік) лизинг (operating lease);

- қаржылық (капиталдық) лизинг (Financial lease);

- қайтару (sale and lease bask);

- үлестік лизинг (leveraged lease);

- тікелей лизинг (direct lease);

- сублизинг (sub- lease). [5, 138-142б].

1.3 Лизингтік қатынастардың субъектілері мен объектілері.

Лизингтік мәмілеге әдетте бірнеше субъектілер қатысады:

- Лизинг беруші - тартылған немесе өз ақшалай қаражатына лизингтік мәміле барысында жеке меншігіне мүлік алған және оны лизинг алушыға белгілі бір бағаға, белгілі бір жағдайда уақытша пайдалануға, кейіннен лизинг алушыға лизинг құралына меншік құқығы негізінде ұсынатын жеке және заңды тұлға.

- Лизинг алушы – лизинг затын белгілі бір бағаға, белгілі бір мерзімге және белгілі бір жағдайда уақытша иеленуге және лизинг келісіміне сәйкес пайдалануға қабылдайтын жеке және заңды тұлға.

- Мүліктің сатушысы (жабдықтаушы) – лизинг берушімен сатып алу-сату келісіміне сәйкес лизинг берушіге белгіленген мерзімде олар өндірген (сатып алған), лизинг заты болатын мүлікті сататын жеке және заңды тұлға.

- Банк (немесе басқа несиелік мекеме), келісім затын сатып алуға қаржы ұсынушы.

Лизингтік қызмет нарығында төмендегідей арнайы субъектілерді бөліп қарауға болады:

Сақтандыру компаниялары, лизингтік мәмілелер кезінде туындаған әртүрлі қауіп-қатерден сақтандыруды жүзеге асыратын: лизинг берушінің мүлкін, лизинг берушіге несиелік мекеме ұсынған несиелерді әртүрлі төлемеулер т.с. сияқты қауіп-қатерден сақтандыру және басқалары.

Лизингтік Компаниялардың Ассоциациясы (лизингтік компаниялардың, банктердің және лизингпен айналысатын өзгеде кәсіпорындардың коммерциялық емес бірлестігі болып табылады. Келесіні жүзеге асырады:

а) оған кіретін ұйымның қызметін үйлестіру және олардың қаражатын өзара бірлескен екі жаққа пайдалы жобаны жүзеге асыруға қосу;

б) мемлекеттік басқармалармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының лизингтің дамуының стратегиялық бағыттары мен бағдарламаларын жасау;

в) заңдылық актілерінің жобаларын дайындау;

г) халықаралық ассоциативтік қоғамдық ұйымдар жұмысына қатысу.

Лизингтің қандай да болмасын субъекті Қазақстан Республикасының резиденті, резиденті емес, сондай-ақ шетелдік инвесторлардың қатысуымен, өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес жүзеге асыратын кәсіпкерліктің субъектісі бола алады.

Дамыған елдерде қаржылық лизингтің жағдайын зерттеу лизингке беретін жабдықтың негізгі тобын бөлуге мүмкіндік берді:

  • Көліктік (көліктік ұшақтар, автомобильдер, теңіз кемелері, темір жол вагондары және т.б)

  • Байланыс жабдықтары (радиостанциялары, спутниктер, пошталық жабдықтар және т.с.)

  • Ауылшаруашылығы жабдықтары

  • Құрылыстық (крандар, бетон араластырғыштар және т.с.) және көптеген басқалары. [8, 20-22б].

ІІ-бөлім. Отандық нарықтағы лизингтің даму жолдары және оны пайдалану.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]