Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
referattar.kz_412012758.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
193.02 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі

Факультеті: Экономика

Кафедрасы: Қаржы және банк ісі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Лизингтің отандық нарықтағы

даму жолдары»

Орындаған:

Тексерген:.

Жоспар

Кіріспе

І-бөлім Лизингтің негізгі теоретикалық аспектілері

    1. Лизинг ұғымының пайда болуы мен экономикалық мәні

    2. Лизингтің нысандары, типтері мен түрлері

    3. Лизингтік қатынастардың субъектілері мен объектілері.

ІІ-бөлім. Отандық нарықтағы лизингтің даму жолдары және оны пайдалану

2.1 Қазақстанда лизингтің даму жағдайын талдау

2.2 «ҚАЗАГРОҚАРЖЫ» АҚ лизингтік операциялары

2.3 Кәсіпорында лизингті пайдалану тиімділігін талдау

III-бөлім Қазақстандағы лизингтік қатынастарды дамыту бағытында жүргізілетін негізгі іс-шаралар

3.1 Лизингті мемлекеттік реттеу

3.2 Лизингті пайдаланудың шетелдік озық тәжірибелері

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Елдің қаржылық жүйесінің басты тобы болып халық шаруашылығы салаларының кәсіпорындары табылады. Негізінде ақша қатынастары: қаржылық, несиелік және т.с. жатқан, әртүрлі экономикалық қатынастардың нақты негізі өндірісте болады.

Қазақстан экономикасының дағдарыстан шығуының негізгі шарты Қазақстан шаруашылығын құрылымдық қайта құру болып табылды, ол оларды пайдалану тиімділігін көтеруде инвестицияның өсуінсіз мүмкін емес. Қазақстан инвестицияның өсуін аса қажет етеді.

Өндіріс, айналым саласын қайта құру, шаруашылық жасаудың экономикалық жағдайын терең өзгерту біздің экономика үшін дәстүрлі емес материалдық базаны жаңарту тәсілдерін енгізуді туғызады. Нарықтық қатынастар несиелік-қаржылық жүйені жақсарту мен мемлекеттік инвестицияларды қысқартуды шамалайды, экономикалық қатынастардың әртүрлі субъектілері қойған мақсатқа жету үшін әртүрлі нұсқалар пайда болады.

Аталған курстық жұмыста лизинг арқылы инвестицияларды тарту, лизингтің пайда болуы мен табиғаты, лизингтік компаниялардың ұйымдастырушы үлгілері бойынша, біздің елімізде әртүрлі факторлар ықпалымен қалыптасқан жақсы және теріс сәттерді және лизингтік қатынастардың қалыптасушы нарығын жақсарту бойынша бағыттарды талдауға әрекет жасалды.

Жұмыстың басты мақсаты ретінде лизингтік қатынастарға байланысты барлық әдебиеттерді зерттеу арқылы, осындай жаңадан пайда болған қаржылық қатынастардың мазмұнын барынша ашуды алдым. Яғни кез-келген субъектілер үшін лизингтің пайдасын біліп, экономикамыздың дәстүрін бұзбай, несиелік жүйеге жұмсақ толықтай кіру жолдарын табу.

Жас, бірақ қарқынды дамып келе жатқан мемлекетіміздің экономикасын тұрақтандыру, ғаламдық қатынастарда рөлін молайту, жалпы айтқанда мемлекеттік экономикасының дүние жүзілік нарықта бәсекеге қабілетті жағдайына жеткізу жолдарының бірін толықтай ашып, пайдасын көрсету.

Таңдалған тақырып және «Қаржы менеджменті» курсының арасында өте тығыз байланыс байқалады, яғни лизингтік мәмілелерді жүзеге асыруда негізгі рөл коммерциялық банктерге, инвестициялық қорларға, сақтандыру компанияларына жатады. Жабдықты алушылар бұл ұйымдардың қаржысына несиеленеді. Қаржылық лизинг жабдықты әкелудің барлық мөлшеріне несие болады.

І-бөлім Лизингтің негізгі теоретикалық аспектілері

1.1 Лизинг ұғымының пайда болуы мен экономикалық мәні

Қандай да болмасын күрделі экономикалық түсінік сияқты лизингтің де бірнеше анықтамалары бар. Ең алдымен, лизинг, - ағылшын тілінен, to lease етістігінен шыққан – мүлікті уақытша пайдалануға алу және тапсыру. «Лизинг» терминінің мәнін нақты бейнелейтін, менің ойымша келесі анықтама бар: Лизинг еркін немесе тартылған қаржылық қаржыларды инвестициялау болып табылады, мұнда лизинг беруші белгілі бір сатушыдан келісіммен келісілген мүлікті меншікке алуға және бұл мүлікті лизингті алушыға кейіннен сатып алу құқығымен уақытша пайдалануға ұсынуға міндеттенеді.

Лизингтік мәміле, ең алдымен, лизинг берушімен, лизинг алушымен және лизинг затының сатушымен (жабдықтаушымен) арасындағы келісімді жүзеге асыру үшін қажетті, келісімдердің жиынтығы болып табылады.

Лизингтің заты болып қандай да болсын пайдаланылмайтын заттар, соның ішінде кәсіпорындар мен басқа да мүліктік кешендер, ғимараттар, құрылыстар, жабдықтар, көлік құралдары мен кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын басқа да жылжымалы және жылжымайтын мүліктер болып табылады. Жер телімдер мен басқа да табиғат объектілері, сондай-ақ федералды заңдылық еркін айналымға тиым салған немесе олар үшін айналымның ерекше тәртібі орнатылған мүліктер лизингтің заты бола алмайды.

Типтік лизингтік мәміле мынадай болады.

1. Пайдаланушы (лизингтік қатынастарға кіргеннен кейін лизинг алушы) лизингтік компанияға, оған қандай жабдық қажет екенін хабарлайды.

2. Лизингтік компания, жобаның таратылуына көзі жетіп, бұл жабдықты дайындаушы-фирмадан немесе лизинг объектісі болып саналатын мүлікті сататын, басқа заңды немесе жеке тұлғадан сатып алады.

3. Лизингтік компания (лизинг беруші), жабдықтың меншік иесі болғаннан соң, орнына лизингтік төлемдер алып, оны одан әрі сатып алу құқығымен (келісіммен анықталады) лизинг алушыға уақытша пайдалануға береді.[3,201-204б].

Л изингтік компания


Лизинг алушы

Сатып алу-сату

келісімі Лизинг келісімі

Жасаушы

№1 сызба. Қарапайым лизингтік қатынастың көрінісі

Аристотельдің өзі «Риторикада», байлық меншік құқығы негізінде мүлікті иелену емес, ал оны (мүлік) пайдалану деп атап өткен екен. Ағылшын авторы Т.Кларк лизинг Аристотель өмір сүргенге дейін болды дейді: ол лизинг туралы бірнеше ережені шамамен б.д.д.1760 жылы қабылданған Хаммурапи заңынан тапты. Рим империясы да лизинг мәселесінен сырт қалған жоқ – ол өзінің көрінісін Юстианның Иституцияларынан тапты. Иелену құқығы мен меншік құқығын бөлу мен иеленуден пайда табу ерте кезде-ақ белгілі болған, ал қазіргі заманғы лизингтің тууы мен таратылуы, жаңа – бұл жақсы ұмытылған ескі екенін тағы да еске салады.

Дәстүрлі лизинг америкалық тапқыштық болып саналады, лизингтік операциялардың есептеу нүктесін шетелдік зерттеушілер 1877 жыл деп қабылдайды. Онда американ «Белл Телефон Компани» компаниясы телефондарды сатудың орынына жалға бере бастады. Лизингтің дамуы, лизинг олар үшін тек сауда саясатының құралы ған емес, бірақ қызмет заты болып табылатын, арнайы лизингтік компаниялардың құрылуына күшті жігер берді. Алғашқы лизингтік компания «Юнайтед Стейс лизинг корп». 1952 жылы Сан Франсцискода құрылды. 60 жылдардың басында америкалық кәсіпкерлер лизингті мұхит арқылы Еуропаға «өткізді», онда алғашқы лизингтік компания - «Дойче лизинг ГМбХ» 1962 жылы Дюссельдорфте пайда болды. 1972 жылдан мұнда лизингтің еуропалық нарығы бар.

Лизинг туралы заңдардың алғашқыларының бірі – 1284 жылғы Уэльс Заңы.

Кейде лизингті адал емес мақсаттарда да пайдаланылады, мәселен, несие берушілерді адастыру үшін бір нәрсенің нақты жағдайын – меншік иесі кім, иесі кім, жасыру үшін. 1571 жылы мұндай мәмілелерді жасауға тиым салынды, нақты лизингті ғана пайдалануға рұқсат етілді. Лизингті пайдалану ХХ ғасырдан бастап қайталанады. Қазіргі заманғы лизингтік шу тек «лизинг» деп аталатын, бірақ мәні жағынан көп пайда табу мен салық төлеуден жалтару мүмкіндігін жасыратын, мәмілелердің пайда болуына әкелді. Осы сала бойынша алғашқы заңдылық актілері әртүрлі өлшем мен көрсеткіштерді пайдалану жолымен «нағыз» және «жалған» лизингтің шектеуін өзіне мақсат етіп қойды.

«Жалған» лизинг біздің елмен, оның көршілерінің де тәжірибесінде кездеседі. Мәселен, Белоруссия банктері, лизингтің, несиелеудің, күрделі жүйесін, жасанды лизингтік компанияларды пайдалана отырып, бір-бірінен «лизингке» банктік офистерді, байланыстың қазіргі заманғы құралдарын, қымбат автокөліктер мен инкассация үшін броневиктерді алды. Бұдан жеңілген, орасан зор сома (салықтар, резервтік қаржы) ала алмаған, тек ғана Белоруссия Республикасының Ұлттық банкі (Нацыянальны Банк Рэспублікі Белорусь). [6, 440-442б].

Біздің елімізде қабылданған лизинг түрлерінен басқа, жабдық лизингінен өзге астық лизингі, жұмыс күші лизингі және басқа да түрлері бар, яғни экономикалық қатынастардың мұндай түрінің күш-жігері өте жоғары.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]