Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПНО ситуация.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
34.92 Кб
Скачать

Жедел жәрдем

Химиялық күйік кезіндегі алғашқы көмек химиялық заттың түріне байланысты.Күйген орынды бірнеше минут сумен жуамыз. Судың қысымы жоғары болмағаны жақсы, тіндерді тереңірек зақымдамау үшін. Қатты ластанған суды қолданбаған жөн. Егерде тандау жоқ болса химиялық күйіктің бетін кезкелген сумен шаю керек. Концентрлі қыщқылдар күйдірген кезде күйіктің бетін 15-20 минут бойы суық сумен шаяды. Күкірт қышқылы сумен қосылып жылу шығарады. Бұл күйікті асқындыру мүмкін. Сілті ерітінділері (сабынды су, сода ерітіндісі) стакандағы суға 1 қасық қосылады шаю оң нәтиже береді.

Оқиға орнында көмек көрсету.

  1. Күйген жерді мүмкіндігінше таза жаймамен жабу, терінің күйген бөлігін байлап тастауға немесе қатты түюге болмайды.

  2. Целафан пакеттерін, пластикалық шөлмектерді қармен, мұзбен немесе суық сумен толтыру және оларды құрғақ жайма төселген күйген жердің үстіне қояды.

  3. Күйік алған адамға бір-екі таблетка анальгин беру.(оның есі болған жағдайда)

  4. Зардап шегушіге жылы сусынды көп ішкізу және толық тыныштыкта жатқызу керек.

Иммунологиялық өзгеріс

Күйген кезде өлген жасущалар сомалық антиген болып табылады.Антиген танушы жасушалар макрофагтар,дендридті жасушалар,супрессорлар антиденеге антигенді таныстырады.Антиденелер антигенді танып фагоцитоз құбылысы жүреді.Фагоцитоз құбылысы 5этаптан тұрады.

1,Антиген танылды

2,Антигенге жабысады

3,Антигенді жұтады

4,Антигенді ыдыратады және залалсыздандырады

5,Ыдыратылған антиген қалдық

5.Сіз досыңызбен бірге сабақтан қайтып келе жатыр едініз.Kенеттен досыныздың аяғын ара шағып алды.Досыңыз масасыздана бастады,ара шаққан аймақ,ісіп қызаруда.Досыңыз өзін нашар сезініп бара жатыр.Сіздің әрекетіңізСұрақ:1.Науқаспен қандай коммуникациялық байланыс жасайсыз?2.Жедел көмек көрсету алгоритімі қандай?3.Зақымданған аймақтағы иммунологиялық өзгерісті сипаттаңыз.

Жедел жәрдем

Ара шаққан кезде науқастың қысып тұрған киімдерін шешіп,таза ауамен қамтамасыз ету керек.Біріншіден, жарадан ара тілін алып кейін емдеуді бастауға болады. Жәндіктер шағуынан келесі заттар көмектеседі.

1 У сарымсақ суына шүберекті немесе мақтаны сулап шаққан жерге салу

2 Ылғалды топырақты салу көмектеседі, бірақ әсері әлсіз.

3 Көгілдірде немесе мүсәтір спиртінде малынған шүберекті немесе ақжелкен жапырақтарын салуға болады.

Егер шағудан кейін ісік және тіпті ірің пайда болса, карбон майына малынған спиртті мақтадан жылытатын компресс қою керек. Әдетте ірің жарадан ара тілің толық алып тастамаған уақытта пайда болады. Аллергияның алдын алу үшін димедрол немесе супростин ішкізуге болады. Жедел жәрдем келгенше науқастың пульсін, артериялық қан қысымын, ТАЖ тексеріп отыруымыз керек.

Иммунологиясы

Ара уында фосфолипаза А2, гиалуронидаза және қышқыл фосфотаза. У қанға сіңген соң организмде антидене пайда болады. Араның уы экзоген болып табылады. Организмге антиген түскен кезде АТЖ пайда болады. Олар антигеннің жағдайын бағалайды. Фагоцитоз процесі жүреді. Бұл процестің көмегімен ағзаға енген бөгде жасушаны жояды.

6.Сіз әпкеңіздің үйіне қыдырып барып едіңіз.Ойнап жатқан 3 жасар ұлы кенеттен үсел үстіндегі қайнаған суға тиіп кетті.Қолы білек аймағына дейін күйіп қалды.Су сияқты көпіршіктер түзіліп,тері ажырауы байқалуда.Қатты ауырсынып,жылап жатыр.Апкеңізде абыржу үстінде.Сіз қандай көмек бересіз?Сұрақ:1.Науқаспен қандай коммуникациялық байланыс жасайсыз?2.Жедел көмек көрсету алгоритімі қандай?3.Зақымданған аймақтағы иммунологиялық өзгерісті сипаттаңыз.

Жарақаттаушы фактордың әсерін тоқтатамын,күйіктің кез келген дәрежесінде денені мұздай сумен мұздату керек.Жарада пайда болған көпіршіктерді жаруға,күйген аймаққа жабысып тұрған конифоль немесе басқада смола тәрізді заттарды алуға болмайды себебі оларды ажыратқан кезде күйген тері де сыдырылып түседі,сол арқылы жараның іріңдеуіне қолайлы жағдай жасалады.Науқастың пульсін және артериялық қан қысымын,тыныс алу жиілігін тексереміз.Шоктың алдын аламыз.шоктың алғашқы белгілері байқалғанда күйген адам бірден сұрланып,тыныс алуы беткей және жиі,пулсьі сезілмесе тез арада оған 15-20тамшы валериан тұнбасын ішкізу керек.науқастың күйген жерін стерильді марлямен жабу керек.Күйген жерге салқын басамыз. Ауруды басатын дәрі егеміз.(аналгин,пенталгин,нурофен).Науқасқа мүмкіндігінше сұйықтық береміз.Науқасты тез арада ауруханаға тасымалдаймыз.

3,Иммунологиясы

Күйген кезде өлген жасушалар сомалық антиген болып табылады.Антиген танушы жасушалар макрофагтар,дендритті жасушалар,супрессорлар антиденеге антигенді таныстырады.Т-киллерге сигнал беріледі,олар антигенді өлтіреді.Оған Т-хелпер мен супрессорлар көмектеседі.Антиденелер антигенді танып,фагоцитоз құбылысы жүреді.Жергілікті иммунитет қалыптасып фагоцитоз процесі жүреді.Фагоцитоз құбылысы 5 этаптан тұрады.

1,Антигенді таниды

2,Антигенге жабысу

3,Антигенді жұтады

4,Антигенді ыдыратады,залалсыздандырады

5,Ыдыратылған антиген қалдықтарын сыртқа шығару

7.Сіз химия сабағында лабораториялық жұмыс жасап отыр едіңіз.Кенет құрбыңыздың көзіне ерітінді төгіліп кетті.Құрбыңыздың көзі ашып,қызарып жатыр.Қатты мазасызданып тұр. Сұрақ: 1.Науқаспен қандай коммуникациялық байланыс жасайсыз? 2.Жедел көмек көрсету алгоритімі қандай? 3.Зақымданған аймақтағы иммунологиялық өзгерісті сипаттаңыз.