- •Биогеоценоздың негізгі компоненттерінің ерекшеліктері.
- •Эфимер және эфимероидтар
- •45. Фауна және жауарлар бірлестігі туралы түсінік.
- •46. Қазақстанның қызыл кітабына енген эндемикалық жануарлар
- •48. Қазақстанның Қызыл кітабына енген реликті жануарлар.
- •53. Шөл аймағының фаунасы.
- •54. Каспий теңізінің фаунасы
- •55. Қазақстан өзендері мен көлдерінің фаунасы
- •56. Қазақстан тауларының фаунасы
- •57. Орманды дала зонасының фаунасы
- •58. Далалық зонасының фаунасы
- •62. Әлемдік мұхиттың бореальдық облыстарының жануарлар әлемінің ерекшеліктері
- •65. Палеогей патшалығының облыстары фаунасының ерекшеліктері.
- •66. Арктогей патшалығының облыстары фаунасының ерекшеліктері.
62. Әлемдік мұхиттың бореальдық облыстарының жануарлар әлемінің ерекшеліктері
Арктикалық облыс-Американың,Гренландия, Азия мен Европаның солтүстік жағалауын қамтиды. Охот және Беринг теңіздері кіреді. Жылдың тең жартысы мұз басып тұрады. Жануарлар дүниесі кедей. Сүткоректілерден –морждар, тюлендер, киттер, нарфал т.б. Тағы да ақ аю кездеседі. Омыртқасыздар дүниесі алуан түрлі. Крабтар, теңіз тарақан- дары, шаянтәрізділер, моллюскалар мекендейді.
Борео-Пацификалық облысына Жапон теңізінің жағалаулары, Камчатка, Сахамен және Жапон аралдарының солтүстік бөлігі кіреді. Жануарлардан теңіз мысығы, теңіз арыстаны мекендейді. Омыртқасыздар дүниесі алуан түрлі. Крабтар, мидиялар, устрицалар кездеседі.
Борео-Атлантикалық облысы-Баренц теңізінің, Новрег, Солтүстік және Балтық теңіздерінің көп бөлігін қамтиды. Атлант мұхитының солтүстік-шығыс жағалауын алып жатыр. Эндемиктерінен Гренландия тюлені-лысун. Теңіз құстары құс базарын құрайды. Омыртқасыздар алуан түрлі. Түрлі шаяндар-крабтар, қызыл теңіз жұлдызы, екі жақтаулы моллюскалар. Антарктикалық облыс- Антарктида жағалауын шаятын 3- мұхиттың сулары жатады. Фаунасы теңіз сүткоректілерінен тұрады. Оңтүстік мысығы, тюлендер теңіз арыстаны,Уэдеел юлені, теңіз пілі мекендейді. Бір ерекшелігі бұл жерде морждар жоқ. Құстардан-пингвиндер, соның ішінде император пингвині, адем пингвині. Омыртқасыздардан теңіз кірпісі, теңіз жұлдызы губкалар, голотурин деген жануарлар мекен етеді.
Антибореальдік облысқа – Оңтүстік материктердің жағалауларын қамтиды. Антарктикалық облыс пен Тропикалық региондар арасында орналасқан.
Жануарлардан: теңіз мысығы, теңіз пілдері, тюлендер, құстардан пингвиндер мекендейді. Омыртқасыздар өте көп. Крабтар, моллюскалар, омарлар мекен етеді.
63. Нотогей патшалығының облыстары,фаунасының ерекшеліктері.
2облыстан тұрады-аустралия және антарктида.Нотогей фаунасы кедейлігімен және көнелігімен ерекшеленеді.Көнелік Аустралия,Антарктида және Оңтүстік Американың оңтүстігін біріктірген оңтүстік құрлық алды болуымен түсіндіріледі.ал кедейлігі патшалықтың әртүрлі аймақтарында аридтік және мұз басу процестерімен географиялық оққшаулануына негізделеді. Абрахманов бойынша: Облыстары:Аустралия,Жаңа Зеландия,Патагон.Аустралия облысы-сүтқоректілер фаунасының ерекше көнелігімен айрықшаланады.Тек осында ғана қарапайым жұмыртқалаушы аңдар-үйректұмсық,түрпітек тіршілік етеді.Аустралия облысының 2облысшасы бар:Папуас,Аустралия.Папуас облысшасының фаунасы-шаламаймылдар макака,вмвер,кесірткелер мекендейді.Аустралия облысшасы фаунасының ерекшелігі-тек осы облысшада қағанақсыздардың 2 тұқымдасы-үйректұмсықтылар мен түрпілер мекендейді.Қалталылардың ерекше түрлері тән.Олардың саны 13 тұқымдас-55туысы,150түрі,көбі эндемиктер.Орман кенгуру,ағаш кенгуру,бұталы валлаби т.б.Антарктида облысы.фаунасы ескілігімен,қзіндік кедейлігімен ерекшеленеді.Оның кедейлігі қуатты мұз басуға байланысты,тек шеткі бөлігінде ғана жануарлар тіршілік етеді.Алайда палеогеннің басында антарктиданың климаты жылы,дәл осында қалталылардың алуан түрлерінің негізі салынды.Антарктида облысы Жаңа Зеландия,Оңтүстік және Патагония сияқты 3облысшаға бөлінеді.Жаңа Зеландия облысшасы маорий тышқаны,жарғанат,құстардан-кивидің 3түрі,тотықұс кездеседі.Оңтүстік облысшасы пингвинтәрізділердің көптігімен ерекшеленеді.Патагония облыстармағында кемірушілердің эндемиктік түрі-мара мекен етеді.
64. Неогей патшалығының облыстары,фаунасының ерекшеліктері.
Неогей патшалығына неотропикалық облыс қана кіреді. Бұл патшалық қалталылардың 2 тұқымдасының және бунақденелі сүтқоректілердің болмауымен сипатталады.Абрахманов бойынша: Облыстары:неотропикалық,кариб. Бұл облыстың фаунасы бай.Қағанақты сүтқоректілерден-қолқанаттылар отряды,кең танаулы маймылдардың 2 тұқымдасы-ойнақы және қармаққұйрық тұқымдас маймылдар субэндемиктер болып табылады. Кемірушілердің көптеген түрлері таралған.Олардың арасындағы субэндемиктер – ағашты жайра(кірпі),Солтүстік Америкада бір түр кеңінен таралған,доңыз тәрізділер,су доңыз,дүние жүзіндегі ең ірі кеміруші – капибара, ширшилла. Тақтұяқтылардан тапир тұқымдасының 3 түрі тән.Жұптұяқтылардан-салмағы 25кг-дық бұғы,салмағы 10кг-дық пуду бұғысы эндемик болып табылады. Неотропикте құстардан нанду тәрізділер,тинаму тәрізділер,ал торғай тәрізділерден – шақылдақтар отряды немесе тиранна субендемик болып табылады.Тұқымдастар деңгейінде эндемизм ерекше айқын көрінеді:паламедей немесе тепкі тырнақты қаздар,ағаш тауығы кракса,гоацин,тырна тәрізділерден трубашы,күн көкқұтаны,серием немесе кариам,тоқылдақтәрізділер-тукан,ұлу тәрізділер-тоди және момот тараған.Неотропик кішкене құс колибри тұқымдасының максимальды алуан түрлілік облысы болып саналады. Жыртқыштар алуан түрлі: саванналық түлкі, бұта иті, көзілдірікті аю, жаннат тұқымдасының бірнеше түрі тән, мысық тұқымдастардан оцелат, пампа мысығы, сомбарыс. Қосмекенділерден кваки тұқымдасы 16 туыс, құрбақа тұқымдасы 200 түрі ерекше алуан түрлікке ие. Пипа туыснан 5 түр, тепкі бақалардың 5 түрі Оңтүстік және Шығыс африкада мекендейді. Балықтардан лепидосиренді атауға болады, еркешелігі бұл тұқымдастың басқа туысы протоптер тропикалық Африкадан таралған.
