- •Биогеоценоздың негізгі компоненттерінің ерекшеліктері.
- •Эфимер және эфимероидтар
- •45. Фауна және жауарлар бірлестігі туралы түсінік.
- •46. Қазақстанның қызыл кітабына енген эндемикалық жануарлар
- •48. Қазақстанның Қызыл кітабына енген реликті жануарлар.
- •53. Шөл аймағының фаунасы.
- •54. Каспий теңізінің фаунасы
- •55. Қазақстан өзендері мен көлдерінің фаунасы
- •56. Қазақстан тауларының фаунасы
- •57. Орманды дала зонасының фаунасы
- •58. Далалық зонасының фаунасы
- •62. Әлемдік мұхиттың бореальдық облыстарының жануарлар әлемінің ерекшеліктері
- •65. Палеогей патшалығының облыстары фаунасының ерекшеліктері.
- •66. Арктогей патшалығының облыстары фаунасының ерекшеліктері.
45. Фауна және жауарлар бірлестігі туралы түсінік.
ФАУНА (лат. Fauna – Ежелгі Рим мифологиясы бойынша орман мен егістік құдайы; жануарлар қамқоршысы) – белгілі бір аумақта мекендейтін не Жер тарихының белгілі бір кезеңінде тіршілік еткен барлық жануарлар түрлерінің жиынтығы. Сондай-ақ Фауна ұғымы кейде жануарлардың жеке жүйелік топтарының (тип, класс, отряд, т.б.) жиынтығын да білдіреді (мысалы, ихтиофауна, орнитофауна, т.б.). Әрбір аумақтың Фаунасы әр түрлі Фауналық жануарлар кешенінен құралады. Мысалы, дала белдемінің Фаунасында негізінен далалық Фауна кешені, космополиттік түрлер, шөлейт аймақтың Фауналық кешенінің басымдығы байқалады. Әрбір Фаунада мекендейтін жануарлардың шығу тегі де әр түрлі, атап айтқанда автохтондар, аллохтондар (алғаш пайда болған аймақтан осы мекенге ауысып келген кірме жануарлар), иммигранттар (дамыған жануарлардың басқа аумақта пайда болып, кейіннен соңғы мекен етіп отырған орынға келуі). Қазақстанның қазіргі Фаунасы төрттік кезеңде қалыптасқан әр түрлі Фауна кешендерінен (тайга,орман, дала, шөлейт, шөл, палеотропиктік т.б.) құралады, жергілікті түрлермен қатар шеттен келген түрлер де көп. Республика Фаунасы балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілердің түрлеріне бай. Республика жерінен көптеген қазба жануарлар табылды.Қазақстанның табиғи аймақтарына қарай олардың Фаунасы да әр алуан.
46. Қазақстанның қызыл кітабына енген эндемикалық жануарлар
Жоңғар Алатауының бөктерінде 520 мың ауданды алып Қазақстандағы ең ірі – “Алтын Емел” ұлттық табиғи паркі орналасқан. “Алтын Емел” МҰТП ҚР Өкіметінің қаулысы бойынша 1996 жылдың 10 сәуірінде құрылды. Парк оңтүстігінен Іле өзені мен Қапшағай су қоймасымен, батыстан Шолақ, Матай, Дегерес тауларымен, солтүстіктен Алтын – Емел, Қоянды тау-тауларымен, ал шығыстан Қаратау тауының шығыс бөктерінен Іле өзеніне дейін шектесіп жатыр. Парк 520 га ауданында Кербұлақ және Панфилов аудандарының территориясын алып жатыр. Парк территориясына өте бай фауна орналасқан. Омыртқалы жануарлардың өзінің 260 түрі бар, ал Қазақстандағы барлық омыртқалы жануарлардың 31,2% пайызын құрайды. Құстардың 400 түрі бар, олардың 40 түрі Қазақстанның қызыл кітабына енген. Сүтқоректілердің негізгі түрлері Қазақстанның және Халықаралық Қызыл кітапқа енген: жайран, Сібір таулы ешкісі, түркмен құланы, қарлы барс, бүркіт, мануи, сапсан және тағы басқа.
Фаунаның аса маңызды ерекшеліктерінің бірі эндемизм болып саналады. Энде-микалық жүйелік бірлігі деп, табиғатта белгілі бір аймақта кездесетін басқа еш жерде ұшыраспайтын түрлерді, туыстарды және басқа таксономикалық бірліктерді атайды. Осы себепті эндемиктер кез келген фаунаның ерекше компоненті болу мен бірге оны басқа фаунадан мүлдем өзгешелендіріп тұрады. Егер неғұрлым кең тараған түрлер фауналар арасындағы байланысты көрсетсе, эндемиктер оларды бір бірімен шұғыл ажыратады.
Түрлі фауналардағы эндемиктер саны бірдей емес. Эндемизмнің неғұрлым жоғары пайызы аралдық фауналарда, ал континентерде – рельефтері күшті бөлшектенген аудандарда, яғни таулы елдерде болады. Оның себебі географиялық оқшаулану – түрлердің пайда болуының қажетті шарты.
Бұл жерде кезінде Орта Азияны мекендеген тұяқты жануарларды кездестіруге болады. Олар: құландар, архарлар, сібір тау ешкілері. Саябақ шекарасында жабайы қабандар бар.Жануарлар әлемінің 50 түрі бар
