Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
флора шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
112.36 Кб
Скачать

Ареалды картаға түсірудің әдістері мен ерекшеліктері. Ареалдарды картографиялаудағы кең тараған әдістердің бірі – ол түрдің барлық орналасу мекендерін картаға н|е карта сызбаларда көрсету б.таб. кейбір түрлердің мекендеу аумақтары негізгі аймақтан қашық аумақтарда болуы мүмкін. Мұндай оқшауланған аумақтар аралдық мекендер д.а. картографиялық әдістерді қолдана отырып, түрлердің мекен ету аумақтарын біртұтас н|е біркелкі сызықпен қосып, бөліп шығуға =. Ареалдың бір бөлігінде белгілі бір түрдің кездеспеуі өмір сүруге қалыпты жағдайдың бомауына байланысты болады. Бұл жағдайда ареал контуры картаға түсірілгенде, таралу олысының негізгі контурының ішінен организмдер таралмайтың участок ашық қалып қояды.

Карталарда ареалдарды түрлі әдістермен белгілейді. Соның бірі нүкте арқылы белгілеу. Оны нүктелік әдіс деп атайды. Карталарда түрлердің орналасқан жерін нүктемен немесе домалақ белгілемн көрсетеді. Бұл әдістің дұрыстығы картаның масштабына байланысты. Ареалдарды салыстыру үшін - контурлық әдісті қолданады. Бұл әдіс арқылы аралдардың шекарасы анықталады. Ареалдың шекарасындағы нүктелер сызықтармен біріктіріліп тұйық форманы қалыптастырады.

Кейінгі жылдары көптеген мемлекеттерде сеткалы әдіс, не болмаса формалді квадрат әдісі. Градус торына сәйкес зертелетін аймақ торларға бөлінеді.

Ареал туралы түсінік. Ареал — (лат. area – алаң, кеңістік) – өсімдіктер мен жануарлар түрінің, туысының, тұқымдасының құрлықта не судағы таралған аймағы; берілген таксон таралып және оның дамуынын толық циклі өтетеін жердің немесе теңіздің беті (түр, топ, қатар және т.б.). Ареал онда ағзалар соның бойымен немесе бірқалыпты орналасса ол тұтас болады, егер ағзалардың таралуы екі немесе бірнеше бір-бірінен оқшауланған аймақтармен шектелсе онда бөлінген болады. Ареалдар космополитті олар жер шарының көптеген аумағын алып жатыр. Өсімдіктердің эндемикалық түрлері осыларға қарама кайшы келетін жіңішке ареалдар бөледі; жер бетінде қандай да бір табиғи құбылыстың (жануарлар, өсімдіктер, пайдалы қазбалар түрлері және тағы да басқалары) таралған атырабы[1]; физикалық және қоғамдық географияда қолданылатын ұғым.

Ол кез келген тіршілік иелерінің морфологиялық және экологиялық сипаттамаларының бірі болып табылады. Ареалдың мынадай түрлері бар: бастапқы Ареал – бір түрдің ең алғаш ерекше қалыптасқан аймағы. Бұл түрдің дәуірлеп, жаңа аймақтарда таралуы арқасында ол кеңейеді, ал азайып, жойылуы нәтижесінде тарылады; тұтас Ареал – бір түрдің тіршілік етуіне қолайлы мекендерге таралуы; үзілмелі (дезъюнктивті) Ареал – өсімдіктердің тұқым алмасуы, ал жануарлардың қоныс аударуы арқылы бір-біріне қатынаса алмайтындай, шалғай орналасқан аймағы (мыс., көгілдір сауысқан Пиреней түбегінде де, Қиыр Шығыста да тіршілік етеді); реликті Ареал – ертеде кең таралған түрлердің кейін әр түрлі себептермен тіршілік ету аймағы тарылып, шағын аумақтарда сақталып қалуы (Шығыс Қытайда ғана кездесетін жалғыз түр – гинко ағашының сақталуы); космополиттіАреал– кейбір өсімдіктер мен жануарлардың жер шарына жаппай таралуы (мыс., үй шыбыны, су егеуқұйрығы, т.б.); эндемикті Ареал – өсімдіктер мен жануарлардың шектеулі аймақтарды ғана мекендеуі [мыс., Жетісу аяқты балығы Жетісу (Жоңғар) Алатауының 1800 – 2500 м биіктіктегі бұлақтарында ғана кездеседі]. Қазіргі кезде көптеген тіршілік иелерінің Ареалдары адамның әр түрлі әрекеттерінің (тың жерлерді егістікке айналдыру, ормандарды кесу, шөлді жерлерді суландыру, батпақтарды құрғату, т.б.) нәтижесінде өзгеріске ұшырауда. Нақтылы Ареалдың сипаттамасы картаға түсіру арқылы анықталады. Ареал карталары ғылыми, денсаулық сақтау, шаруашылық мақсатта кеңінен қолданылады.[3]

Ареалдың аумағы туралы Виллис заңдылығы. Виллис ареалдардың аумағы н|е көлемі уақытқа байл. Ареал неғұрлым көне болса, соғұрлым үлкен терри.ны алып жатады. Виллистің бұл заңдылығы дұрыс болар еді егер табиғаттың қолайсыз жағ|да

Аустралиялық флоралық патш|қа сипаттама. Аустралия флорасы эндемиктік тұқымдастар қатарынан ж|ә 570-ке жуық эндемиктік түрден тұрады. Флораның ерекшелігі – полиморфты,бай туыс түрлерінің көптігі. Тек мирта тұқымдасынан эвкалипт туысы|ң 525-тен түрі бар. Аустр.ң ылғалды аудандарында өсетін алып эвк. биіктігі 155 м. Ал құрғақ обл. Бойы аласа түрі, шөлді аймақта биіктігі 2,3 м-ге жететін бұталы эвк. өседі. 500-ге жуық түрі бар қараған туысы Африка ж|ә Аустралияда кезд. Шықшылдық туыс.ң алуан түрлілігі жоғары, бір түрі- жәндікқоректі өсімд. дөңг жапырақты шықшылдық сфагна батпағын мекендеуші ретінде белгілі. Ауст. флорасында дәнді бұршақты (1000-нан астам түр), орхидея, мирта (1000-нан аса түр, бұған эвка. жатады) үлкен орын алады. Патш.қ: Солт-Шығ. Ауст., Оңт Бат Ауст. н|е Эремей болып үш обл жіктеледі.

А.Л.Тахтаджян бойынша құрлықтық флораның патшалыққа бөлудің негізгі қағидалары. 1978ж : Голарктикалық, Палеотропикалық, Неотропикалық, Голантарктикалық, Аустралиялық және Кап болып 6 патшалыққа бөлінеді. Критерийлердің бірі ретінде аумаққа қатысты әртүрлі таксондардың эндемизмнің деңгейі санатқа алынды. Құрлықтың флоралық жіктелуінде барлығы 34 облыс бар, олар өз кезегінде провинцияларға бөлінеді.

Кесте болуы керек

Әлем флорасы пәнінің мақсаты мен міндеті. Мақсаты:

  • Әлем флорасы мен фаунасының таралу ерекшеліктерін білу;

  • Өткізілетін теориялық және практикалық сабақтар барысында флора мен фауна жөнінде жалпы түісніктер, ареалдардың типтері, ареалдардың тұрақтылығы және ареалдардың түзілуі қарастырылады. Австриялық, неотропикалық, кап, голарктикалық, палеотропикалық және голантрактикалық патшалықтар олардың орналасуы. Оларға тән жануарлар мен өсімдіктер негізгі эндемикалық түрлері жөнінде білулері тиіс.

Міндеттері:

  • Өсімдіктердің биосферадағы популяциялық және биоценологиялық деңгейіне сипаттама беру;

  • Флораның негізгі экологиялық топтарымен танысу;

  • Австриялық, неотропикалық, кап, голарктикалық,палеотропикалық және голантрактикалық патшалықтарға бөлу. Патшалықтардың таксономиялық бірліктері.

  • Тропикалық, субтропикалық, далалы, орманды және шөлейтті аймақтар олардың орналасуымен танысу.

Әртүрлі флора және біркелкі флора.

Бөлшектенген ареалдар туралы түсінік, бөлшектену типтері. Түрлер әр түрлі мотивте орналасса, онда мұндай ареалды бөлшектенген ареал д.а. ареалдың сирек кездесетін формасы.

Бүтін ареал.Егер түрлер бүтін бір территорияны алып жатса бүтін ареал д.а.

Биогеоценоздың құрылысы мен қызметі. Биогеоценоз (био..., гео... және гр. koіnos — жалпы) — тіршілік ету жағдайлары ұқсас, белгілі аумақта өсетін өзара байланысты түрлердің (популяциялардың) тыныс-тіршілік ортасы.Кез-келген биоценоз биотоппен бірігіп, одан да жоғары деңгейдегі биологиялық жүйе –биогеоценозды түзеді. Биогеоценоз терминін 1940 ж. орыс ғалымы В.Н. Сукачев ұсынған. Ғылыми әдебиетте биогеоценозды экологиялық жүйе деп те атайды. Биогеоценоз дегеніміз бұл шектеулі кеңістік пен абиотикалық қасиеттері біртекті аймақ бөлімінде өмір сүретін және бір-бірімен әрі биотоппен тығыз әрекеттесу жағдайындағы әр турлі тірі организмдердің бірлестігі.

Биогеоценоздағы зат айналымы тіршіліктің пайда болу процесінде қалыптасып, тірі табиғат эволюциясының дамуы нәтижесінде күрделене түседі. Сондай-ақ, биогеоценозда зат айналымы болу үшін экожүйеде анорганикалық заттардан органикалық заттар түзетін және Күн сәулесінің энергиясын басқа түрге өзгертіп, сол органикалық заттарды пайдаланып, оларды қайтадан анорганикалық қосылыстарға айналдыратын организмдер болады. Биогеоценоздың негізін продуценттерконсументтерредуценттер құрайды.

Биогеоценозды және онда өтіп жатқан процестерді сипаттайтын көрсеткіштер:

  • түрдің алуан түрлілігі (осы биогеоценозды құрайтын өсімдіктер мен жануарлардың түрлерінің саны);

  • популяция тығыздығы (бір түрдің аудан немесе көлем бірлігіне келетін дара бастар саны);

  • биомасса.[2][3]

Биогеоценоз 2-ге бөлінеді.

  1. Табиғи биогеоценоз (тоған, орман, т.б.) — табиғи сұрыпталу нәтижесінде қалыптасатын өздігінен реттелетін күрделі де тұрақты биологиялық жүйе.

  2. Жасанды биогеоценоз — түрлі агрономиялық әдістерді қолдану нәтижесінде алынған агроценоздар. Бұған қолдан жасалатын шалғындықтар, егістіктер мен жайылымдар, қолдан отырғызылатын ормандар жатады.[4]

Биогеоценоздың тірі компоненттері. В.Н.Сукачев биогеоценозға мынадай анықтама берген –«жер бетінің белгілі бір бөлігінде табиғи жағдайлары бір текті (атмосфера, тау жыныстары, өсімдіктер, жануарлар әлемі микроорганизмдер дүниесі, топырақ және гидрологиялық жағдайлар) бірлестік, ол өзін құрайтын компоненттерд ің өзара әсерлесу ерекшеліктерімен, белгілі бір зат және энергия алмасумен, басқа да табиғат құбылыстарымен, ішкі қарама-қайшылықты біртұтастықпен сипатталатын үнемі қозғалыста, дамуда болатын жиынтық». Биогеоценоз бір-бірінің тіршілігін қамтамасыз етіп тұратын тірі табиғаттың бірнеше бөлімдері бар күрделі құрамды қауымдастықтардан тұрады:1. фитоценоздан - өсімдіктік организмдердің қауымдастығынан;

2.зооценоздан - топырақты ортада өмір сүретін жануарлық организмдердің (омыртқасыздар мен омыртқалылар) биоқауымдастығынан;

3микробиоценоздан - топырақта, ауада және сулы ортада өмір суретін микроорганизмдер (бактериялық, саңырауқұлақ және т.б.) қауымдастарынан.

Биогеоценоздың құрам бөліктері болып оның а) тірі компоненттері - өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер және б) өлі-атмосфера, тау жыныстары, топырақ компоненттері саналады.

Биогеоценоздар компоненттерінің байланыстылығы олардың бір-бірімен және қоршаған ортамен зат және энергия алмасуына негізделген.

Биогеоценоз ішкі қарама-қайшылықтағы және динамикалық биокосты бірлік.

Биогеоценоз құрамына рельеф, жердің тартылысы, уақыт кірмейді, өйткені олар материалдық денелер емес, биогеоценозға заттар, энергияда әкелмейді, сондықтан биогеоценотикалық метаболизмге қатыспайды, бірақ олар биогеоценоздарға әртүрлі дәрежеде тікелей әсерін тигізеді. Мысалы, рельеф зат алмасу процестерінің бағытына қарқындылығына және биогеоценоздардың кеңістіктегі орналасуына әсер етеді. Жоғарыда аталғандар биогеоценоз компоненттері емес, олар тек факторлары. Биогеоценоздар факторларына Сукачев адамдар қызметін де жатқызады. Ол биогеоценоздар компоненттерін пайдалануға байланысты. Биогеоценоз структурасы және қызметіне байланысты табиғаты әртүрлі тірі және өлі компоненттерден тұрады. Дегенмен биогеоценоз олардың тек механикалық қосындысы емес, ол өте күрделі биокостық жүйе. Ол жүйе ерекше заңдылықтарға байланысты дамиды.

Биогеоценоздың негізгі компоненттерінің ерекшеліктері.

Биогеоценоз жер бетінің құрамы белгілі тірі (биоценоз) және өлі (экотоп) компоненттері бар біркелкі учаскесі.Биоценоз –(грек тілінен bios -өмір, koinos –жалпы ортақ) қоршаған ортаның бірдей жағдайында тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдер популяцияларының жиынтығы. «Биоценоз» ұғымын 1877 жылы неміс зоологы К.Мебиус (1825-1908) ұсынд. Тірі организмдер тіршілік ететін табиғи орталар жиынтығын экологияда экотоп деп атайды. 

Биогеоценоздың құрам бөліктері болып оның а) тірі компоненттері - өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер және б) өлі-атмосфера, тау жыныстары, топырақ компоненттері саналады.

Биогеоценоздар компоненттерінің байланыстылығы олардың бір-бірімен және қоршаған ортамен зат және энергия алмасуына негізделген.

Биогеоценоз ішкі қарама-қайшылықтағы және динамикалық биокосты бірлік.

Биогеоценоз құрамына рельеф, жердің тартылысы, уақыт кірмейді, өйткені олар материалдық денелер емес, биогеоценозға заттар, энергияда әкелмейді, сондықтан биогеоценотикалық метаболизмге қатыспайды, бірақ олар биогеоценоздарға әртүрлі дәрежеде тікелей әсерін тигізеді. Мысалы, рельеф зат алмасу процестерінің бағытына қарқындылығына және биогеоценоздардың кеңістіктегі орналасуына әсер етеді. Жоғарыда аталғандар биогеоценоз компоненттері емес, олар тек факторлары. Биогеоценоздар факторларына Сукачев адамдар қызметін де жатқызады. Ол биогеоценоздар компоненттерін пайдалануға байланысты. Биогеоценоз структурасы және қызметіне байланысты табиғаты әртүрлі тірі және өлі компоненттерден тұрады. Дегенмен биогеоценоз олардың тек механикалық қосындысы емес, ол өте күрделі биокостық жүйе. Ол жүйе ерекше заңдылықтарға байланысты дамиды.

Голарктикалық флоралық патшалыққа сипаттама. Голарктикалық патшалық Құрлықтың флоралық жіктелуіндегі голарктикалық ең ірісі және барлық құрлықтың жартысынан астамын алып жатқан патшалық. Патшалық аумағының ауқымдылығына қарамастан, оның жекелеген облыстарының флорасы бір- бірімен тығыз байланысты және шығу тегі бір. Голарктикалық флораның құрамы, 40 эндемикалық тұқымдастан тұрады, артықшылығы аз, кейде 1 тұқымдас қосылады (мысалы, шейхиери тұқымдасы). Голарктикалық аумақта: магнолия, лавр, сарғалдақ, кипарис, қарақұмық, бұршақ , шатыргүл, қоңыраубас саргүл, қияқ және басқа да тұқымдастар кең таралған. Қылқан жапырақтылардан кипарис көбірек кездеседі.

Голарк патш: Бореальды патш.ша: Циркумбореальды (Еуросібір-Канада), Шығысазия (Жапон Қытай), Атлант-Солтүстікамерикалық, Қатпарлы таулар обл. Ежелгі жерортатеңіздік пат.ша: Макаронезия,Жерортатеңіздік,Сахара-Арабия,Иран-Тұран обл. Мадреан пат.ша: Мадреан (Сонор) обл.

Голантарктикалық флоралық патшалыққа сипаттама . Голантарктида патшалығы - өімдіктерге кедей.11 кіші эндемикті тұқымдасдан тұрады. Көбінесе мүктер, қыналар, балдырлар, қалампыр тұқымдастары бар. Раушан гүлділер, шатырша гүлділер, антарктикалық шамшат, араукария, фицройя, дрилис, жастықша өсімдіктері кездеседі. Биіктігі 40-55м дейінгі алып фицройя ағашы ылғалды мәңгі жасыл ормандардың бірінші қабатында өседі.араукария түрлерінің біреуі эндемик б.таб. ірі Оңт шамшат түрінің алуан түрлілігі жоғары. Принглея туысының бір түрі – капуста тұқымдасынан кергелан капустаның ареалы субант мұхиттық аралдарды қамтиды. Голант.қ пат: Хуан-Фернандс, Чили-Патагония,Жаңазеландия,Субантарктикалық аралдар обл. жатады.

Дала және прерилер. Бқл белдеу түгелімен ксерофильді өсімд жамылғысымен сипатталады. Дала белд.ң өзіне тән айрықша белгілері-ормансыз,жері жазық болады да, ол жерлреде көбінесе жуашықты ж.е көген тамырлы көп жылдық өсім.р көптеп кезд. Далалы жерлерде бұта өсімдіктерінен тобылғы, дала шиесі, ракитник, қараған, дрок кезд.  Боз, бетеге, атқонақ, еркекиіөп, кермек, қаңбақ басым өседі. Ойпаң және ылғалды жерлерде, әсіресе өзен жайылымдарында шалғынды өсімдіктер тараған. Шалғынды өсімдіктерден бидайық, қылқансыз арпабас, шалғынды қоңырбас басым, аса ылғалды жерлерде қияқ пен құрақ өседі. Бидайық шалғындарынан мол пішен алынады. Даланың оңтүстік бөлігінде негізгі өсімдіктермен қатар жусанның кейбір түрлері өседі. Кей жерлерде бұлар тұтас үлескілерді алып жатады. Дала өсімдіктерінің арасында дәрі-дәрмектік өсімдіктер де бар. Мысалы, жанаргүл, шайшөп, итмурын, дәрілік валериан кездеседі. Дала табиғат белдеуі орыс жазығында екі белдеу тармағына бөлінеді: солтүстік шалғындық далалар ж.е оңтүстік дала. Дала зонасына Батыс Сібір жазығының оңтүстік шеті, Торғай үстіртінің солтүстігі, Мұғалжар тауы түгелдей дерлік, Жалпы Сырт сілемдері, Каспий маңы ойпатының солтүстік жартысы, Орал етегі, Жем үстірті, Сарыарқаның солтүстігі мен орталық аудандары жатады.

Жарық факторының өсімдіктерге әсері. Өсімдіктерге күн сәулесі фотосинтез үшін энергия көзі болғаны үшін маңызды. Ортаның жарықтығына бейімделуіне байланысты өсімдіктер гелиофиттер (жарықсүйгіш), сциофиттер (көлеңке сүйгіш) және фокультативті гелиофиттер (көлеңкеге шыдамды) болып бөлінеді. Жарықты талап етуіне байланысты өсімдіетерді қысқа күнді (төменгі белдеуде тіршілік ететін) және ұзақ күнді (қоңыржай, биік белдеулерде тіршілік ететіндер) деп екіге бөлінеді. Фотопериодизм – өсімдіктер мен жануарлардың жарықтың түсу ұзақтығына байланысты әрекеттері. Ағзалардағы маусымдық өзгерістер көбінесе жарықтың түсу ұзақтығына байланысты реттеледі. Жарықтың түсу ұзақтығының өзгеруі температура өзгеруімен бірге жүреді. Бірақ жарық температура сияқты кездейсоқ өзгере бермейді. Фотопериодизм жапырақтардың түсуі сияқты маусымдық өзгерістердің негізі.Жарық сүйгіш өсімдіктер (гелиофиттер) – ашық күн сәулесі түсетін жерлерде өседі.Көлеңке сүйгіш өсімдіктер (сциофиттер) – қалың орман, тоғайлардың төменгі ярустарында өседі.Жарыққа орташа талапты өсімдіктер — сирек және ашық далалы орман өсімдіктері жатады. Жасыл өсімдіктер өміріндегі жарықтың ролі. Хлорофиллдің  пайда болуы (фотосинтез). Лептесіктердің жұмысын  қалыптастырады (газ алмасу және  транспирация), ферменттердің белсенділігін арттырады, ақуыз және нуклеин қышқылдарының  биосинтезін  жақсартады. Жасушаның бөлінуі мен созылуына, өсуіне  және өсімдіктің дамуына  әсер етеді,  жеміс беру мен гүлдеу мезгілдерін анықтайды, сонымен бірге өсімдіктердің формасының қалыптасуына да әсер етеді.

Қоршаған ортаның факторларының топтары. Қоршаған ортаның факторлары- тірі организмдерге олардың дербес дамуының бір ғана кезеңінде болса да тікелей немесе жанама әсер ете алатын, ортаның кез-келген  әрі қарай бөлшектелмейтін элементі. қоршаған орта факторлары 3 топқа бөлінеді: Абиотикалық  факторлар- өлі табиғаттың әсері климат, t0-ра , ылғалдылық , жарық және т.б

Биотикалық факторлар – тірі организмдердің тірі орг әсері. Мысалы, жәндіктер өсімдіктерді тозаңдандырады, бір ағза екінші бір ағнаны қорек етеді.

Антропогенді факторлар – адамның әртүрлі іс-әрекетінің әсерлері.  Қазақстанда Арал өңірінің, Семей жерінің, Балқаш маңының, Каспий алқабының экол. апатты аймақтарға айналуына Антропогендік факторлар негіз болып отыр.

Құрлықтың флоралық жіктелуі. Құрлықтың флоралық жіктелу жүйесін жасағандардың бірі дат ботанигі Д.Скоу. Ол 1823 жылы құрлықты 25 флоралық патшалыққа, сондай-ақ олардың бөлігін провинцияларға бөлді. Құрлықты флоралық патшалықтарға бөлуде негізгі критерийлердің бірі ретінде белгілі аумаққа қатысты әртүрлі таксондардың эндемизмі, демек эндемикалық түрлердің саны немесе деңгейі санатқа алынады. Флоралық аудандастырудың дамуында А. Энглер (1924ж.), Л.Дильс (1918ж.), Р.Гуд (1946ж.), А.И. Толмачев (1974ж.) т.б. Ғалымдар үлес қосты. Қазіргі кезде көптеген ғалымдар құптаған флоралық аудандастыруды жасаған академик А.Л. Тахтаджян (1978 ж.), сондықтан біз осы флоралық аудандастыру жүйесін негізге аламыз.

Қылқан жапырақты ормандар аймағы. Солтүстік жарты шардың қоңыржай белдеуіндегі қылқан жапырақты Сібір ормандары жатады.Өсімдік түрлерінің құрамына қарай шырша, майқарағай, самырсыннан тұратын қанық жасыл қылқанды және балқарағай мен қарағайдан тұратын солғын жасыл қылқанды ормандарға ажыратылады. Кейде оларға ұсақ жапырақты ағаш түрлерінен қайың мен көктерек араласады. Қою қанық жасыл қылқанды орман ағаштары саздақты күлгін топырақта бір-біріне жақын, тығыз өсетіндіктен күн түспей, орман іші қара көлеңкелі келеді. Жапырақты ағаштардан орманның кесілген және өртелген жерлерінде өсетін қайың мен көк терек, ал олардың етектерінде қарақат, шетен және тал кездеседі. Солғын жасыл қылқанды орман ағаштары Тайганың тоң топырағы (даур балқарағайы) мен құмды грунтта (қарағай) сирек таралғандықтан, орман асты шілігі (жатаған самырсын, бұта түріндегі қайың) мен шөптесін өсімдіктер қаулап шығады. Тайгада орасан зор ағаш байлығы шоғырланғандықтан орман шаруашылығы, мал шаруашылығы, соның ішінде бұғы шаруашылығы дамыған; бағалы аң терісі көп дайындалады. Оңтүстігінде дәмді дақылдар, зығыр және картоп өсіріледі. Батыс Сібір тайгасында мұнай мен газдың ірі кен орындары бар. 

Қазақстанның табиғи зоналары. Орманды дала, дала, шөл ж.е шөлейт сияқты таб зоналары орн.н. Қазақстанның орманды дала зонасы Батыс Сібір жазығы(қайың мен көк терек) мен Жалпы Сырт қыратының(жалпақ жапырақты ағаштар емен,қандыағаш) аз ғана бөлігін алып жатыр. Шоқ-шоқ болып біткен қайыңды, көктеректі ормандар арасында өсетін бұталарға: тал, долана, итмұрын, қара қарақат жатады. Солт.қара топырақ.

Дала зона:оңт. гумусы аз қара топырақты,бозды әр түрлі дала; қоңыр каштан топыр, бозды бетегелі дала сияқты тармаққа бөлінеді.

Шөлейттің негізгі топырағы - ашық қара қоңыр топырақ. Қызғылт-күрең топыраққа карағанда оның құрамында шірінді аз болады. Топырақтың беткі кабатында шірінді 2 - 3% ғана. Саз топыракты жазык пен ойпаң үлескілерде сортаңдар едәуір орын алады. Шөл дала зонасында даланың әрі шөлдің өсімдіктері таралған. Өсімдік жамылғысы негізінен бетеге, жусан, түймедағы, боздан құралады. Кейде жусан көлемді жерлерді алып жатады. Мұндай жерлердің түсі біркелкі ашық болып көрінеді. Кей жерлерде жусанның арасында изен, ебелек, теріскен, көкпек өседі. Шөл зонасы Каспий теңізі жағалауынан Тарбағатай тауының етегіне дейін созылады. Шөл зонасындағы өзен аңғарларында өсетін ерекше өсімдіктер бар. Мұнда әр түрлі өсімдіктерден құралған қалың бұталар өседі. Оны тоғай деп атайды. Тоғай әсіресе Сырдария, Шу мен Іле және т.б. өзендердің аңғарларына тән. Суға жақын жердегі тоғайларда қамыс, қоға кездеседі. Өзен арнасынан қашығырақта биік бұталар - шеңгел, тал, тікенекті жиде, шырғанақ, арнаның құрғақ жерлерінде жыңғыл өседі. Жыңғылдың жапырақтары қызғылт, гүлі ақ болады. Жантақ және басқа тамыры ұзын, тереңге кететін өсімдіктер де бар.

Қазақстандағы қазбалық флора. Қазақстанның батыс мен солт бат юра,бор, дәуірлерінің өсімдіктері қалдықтары бар орындар бар. Қазбалық флора өкілдері өткен геологиялық дәуірлердің өсімдіктері биол.қ әркелкілігінің байлығымен өзгеру процестері б.ша көптеген сұрақтарға жауап беруге, бір топтардың жойылып, өзгелерінің п.б. себептерін анықтауға =. Палеозой,мезозой ж.е кайнозой дәуіл.ң өсімдіктері орн.н орындар: Шу-Іле таулары – Жердегі ең ежелгі өсімдіктер; Құлдене Темір ТМДғы алғашқы жабықтұқымды бор флорасы; Тақырсор-пальмалар мен басқа да жабықтұқымды эоцендік субтропиктік флора; Ержылансай,Алтыншоқысы-Торғайлық орман флорасы; Қазақстанның оңт өсімдіктердің көптеген таңбалары сақталған Қаратау юралық көлі белг.і

Қоңыржай белдеудің жалпақ жапырақты ормандары. Жалпақ жапырақты ормандар Еуропада, Азияда ж.е Солт. Америкада ортақ аумақтық әлсізденген континенталды алып жатыр. Мұндай типтегі орман ареалдарында климат салқын, жауын-шашын біркелкі тараған. Ж.ж.орман солт. шекарада таралуы,салқын кезеңнің ұзақтылығымен ж.е жазғы жылудың жетіспеуімен анықталады.Ж.ж орман.ң ерек.і: 1.Ағаштар үш яручтан тұрады: яруста-емен, шамшат, қызылқайың(Еуро), жөке ағашы, үйеңкі; екінші яруста-алма ж.е алмұрт,үшінші яруста-бұталар өседі. 2.тамырсабақты,жуашықты,түйнекті өсімдіктер өте көп; 3.астық тұқым.ң жапырақ тақталары жалпақ =; 4.ерте көктемде гүлдейтін түрлері өте көп; 5.мүк жабындылары кездеспейді,эфемерлер дамыған; 6.ағаштар мен бұталар өрбіп өседі; 7.орманда:құлмақ, ағаш шырмауық, улы шырмауық, жүзім сияқты лиандар өте көп; 8.жапырақтары қысқа қарай түседі де, осыған байл.күзде ж.е көктемде орманда екі түрлі құбылыс байқалады. Бат. шығ. қарай орман.ң түрлік құрамы да өзгереді. Еуропа орман.да шамшат қызылқайың, үйеңкі, Еуропа май қарағайы, тисс, шырша, құлпынай ағашы тараған. Негізгі орман құраушылар-емен, шетен, талшын түрлері өте шектеулі. Азия орман.ң ерекшелігі ағаштың, бұтаның ж.е шөптің керемет бай түрлерімне сипатталады. Лиан,қырыққұлақ эпифит.ң рөлі жоғары. Солт. америка ж.ж. орман емен, үйеңкі, шетен, шегіршін, шынар, жаңғақ, қызғалдақ ағаш түрлері таралған.

Қаз.ғы флора түрлерінің қазіргі жағдайы. Қаз. фло.ң алуан түрлілігі өсім.р жүйеленуі.ң түрлі таксон.ң құрамы мен саны б/ша да, таб. клим.қ зоналары мен биіктік белдеулер б/ша өзгеріп отырады. Қаз. аумағында жоғ. тамырлы өсім.ң 6000-нан астам, саңырау.ң 5000-ға жуық, қыналардың 485 түрі, су балдыр.ң 2000-нан астам, мүк тәрізд.ң 500-ге жуық түрлері тіркелген. Жоғ.там.өсім.ң 14%-ы эндемик. Эндемиктер ішінде 10 эндемикалық монотипті тұқымдастар бар, реликтілер де аз емес. Қаз. микрофлорасы құрамында түрлер.ң 4,8%-ы эндеми.қ б.таб. жоғ. эндемизм Қаз.ғы 3 эндемикалық тұқым.р мен 124 эндеми.қ түр бар сферопсидтік саңырауқұлақтарға тән. Қазіргі кезде өсім.ң 303 түрі мем. тарапынан қорғалуда, Қызыл кітабы.ң 1 басылымына енген. 2басылымда әзірленуде, оған 404 аласа өсім.р кіреді,олар: 2 плаун, 2папоротник, 4мүк тәріздес, 2жалаңаш тұқымдасы, 362 гүлді, 6 балдырлы, 22саңырауқұлақты, 4қына түрі енгізілген. Биік тамырлы өсімдік құрам.ң 6%-ы, аласа өсім.ң 0,6%-ы Қаз.ң Қызыл кітабы.ң екінші басылымына кіреді. Флора құрамында пайдалы, емдік, жем шөптік, техни.қ, қоректік, әсемдік ж.е басқа да түрлері аз емес.

Космополит өсім.р,космополит ареалдар. Космополиттер — барлық құрлықтарда немесе мұхиттарда өмір сүретін өсімдіктер мен жануарлардың түрі. Космополит өсімдіктерге жататындар мыс, көптеген төменгі сатыдагы организмдер (бактериялар, саңырауқұлақтар) және бірқатар су өсімдіктері (шалаңдар, қамыстар т. б.). космополиттік н.е барлық аймақтарда кезд. ареалдар негізінен құрлық.ң барлық бөліктеріне таралған н.е қоңыржай белдеуден тропиктік ендікке созылып жатқан таксондарға қатысты қолд. Космоп.к ареалдарға суда өсетін өсімдік түрлерінің ж.е теңіз жануарлары,ң көптеген түрлері ие. Космо.к ареал.ға түрден жоғ сатыдағы таксондар жатады.

Кап флоралық патшалығына сипаттама. көлемі б.а ең кіші пат.қ өзіне тән флор.ң негізінде Африка.ң нег. бөлігін ерекш.і.7000 түрі жуық, 280 туыс, 210-нан астамы эндемик. Түр эндемизмі 90%-ға жетеді. Протейн тұқым.ң өкілдері арша гүлдің көптеген түрлері тән. Олардың ішінен 80-ге жуық эндемиктік түр – леукадендронды атауға =.бұл туыс түр.ң бірі жалтырайтын күміс жапырақтары бар күміс ағашы тән. Кап флор.ң айқын ерек.і жапырақты ж.е. сабақты суккулент.ң молдығы. Ақкекіре, кап алқасы қыс айларында айқын гүлдейтін геофит.ң көп бөлігі тән (амариллис, пияз текті лалагүлділер, түйнекті өсім.р). климат құрғақшылығына байл. Кап.ң ауданы қысқарып келеді.Кап обл тұрады.

Өсімдіктердің экстразональды, интерзональды, азональды типтері. Өсімдіктердің экстразональды типі деп дербес зона түзуге қабілетті және өзінің дербес зонасын түзетін, бірақ кейбір ерекше жағдайларға байланысты жекелеген участкелерімен өзінің зонасынан тыс, көрішлес зонаның территориясына кірме ретінде өтетін өсімдіктердің типін айтады.  Өсімдіктердің интразоналъды типі деп, еш уақытта, еш жерде өзінің дербес зонасын түзбейтін, бірақ бір немесе бірнеше зоналарда кірме ретінде кездесетін өсімдіктер қауымдастықтарын айтады. Бұған сортаң топырақтың, сор топырақтың және ормаңды зонадағы шымтезек башақтарының өсімдіктер қауымдастықтары жатады. Өсімдіктердің азональды типі интразональды типке өте жақын, өйткені оларда еш уақытта, еш жерде өзінің дербес зонасын түзбейді, бірақ бірнеше зонада, тіптен кез келген зонада кірме ретінде кездеседі. Өсімдіктердің азональды типтерінде өзендердің жайылма шалғындары немесе өзен жағасының ағашты бұталы тоғайлары мысал бола алады.

Неотропикалық флоралық патшалыққа сипаттама. Неотр.қ пат. толығымен жаңа дүниеде орн.н, оның флор.ң палеотропика.қ ортақ шығу тегі бір көптеген жалпы тұқым.р бар. Олар: аннон, лавр, мирта, орхидея, пальма т.б. шамамен 450-ден кем емес, 30 эндемиктік тұқымдас, 1канна түрінен тұратын канна тұқымдасын айтуға =. Ориноко өз. тән пальма.ң алуан түрлері, Бразилия таулы үстіртіндегі құрғақ аудандар да өсетін Коперник ерекше жоғары. Пат.қ өсімдікке бай. Америка.қ орхидея.ға ұзын ж.е жіңішке жемңстер, құнды тағам.қ өсімдіктер, ваниль жатады. Неотр. пат. обл.ы: Кариб, Гвиан таулы үстірті обл., Амозония, Бразилия, Анд обл. жатады. Кариб теңізі – Оңтүстік Мексика, Оңтүстік Америка аралдары кіреді. 500-ден астам эндемик туыстары бар. Гвиана тау қыраты – Оңтүстік Американың Солтүстік жағы кіреді. Өсімдіктердің 200 түрі болса, 96% эндемиктер мен реликтілер.

Амазонка – Амазонка бассейнін қамтиды. Мұнда өсімдіктердің 500 эндемик туысы, 3000 жуық эндемик түрі. Бразилия – 400 эндемик туысы бар. Жайрандар эндемиктер.

Анд тауы - өсімдіктердің 100 деген эндемик түрі бар. Әсіресе емен, қалталыгүлділер, қарақаттар.

Мангралар. Тропиктік гигрофильді ж.е тұзсүйгіш мәңгі жасыл өсімдік түр.ң эко.қ тобы.  Мангр ормандары тропиктік белдеуде және теңіз (мұхит) жағалауларында өседі. Ағаштардың биіктігі негізінен 10 м-ден аспайды.  Флорасында  ризофорлар  мен  вербендер (нар-қайсар) басым өскен.  1) шығыс мангр тоғайы (Пәкістан,Үндістан, Бирма, Африканың шығыс жағалауы, Малайзия, Филиппин, Австралия), бүл аймақтарда мангр өсімдіктерінің 62 түрі тіркелген; 2) батыс мангр тоғайы (Африканың, Американың батыс жағалауы), мүнда мангр ағаштары мен бүталарының 10—12 түрі ғана өседі.   Дж.Адегбехин  мен  Л.Нвайгбоның моліметтері бойынша, мангрдың ірі аудандары Индонезияда (4— 6 млн га), Үндістанда (1,42 млн га), Нигерияда (шамамен 1 млн га), Филиппинде (400 мың га) және т.б. жерлерде орналасқан (1991). Мангр тоғайының өкілдері судың үнемі толысуы және қайтуы әрекетіне ұшырайтын теңіз жағалауында өсуіне мүмкіндік беретін өздеріне тән экологиялық ерекшеліктермен сипатталады.  Мангр тоғайындағы өсімдіктер нағыз түзсүйгіш өсімдіктер болып табылады. Олардың ұлпаларындағы жоғары осмостық қысым (40-65 атм.)қоршаған ортадағы тұз концентрациясының едәуір жағымсыз жағдайына тәзуге мүмкіндік береді. Мұхиттың толысу белдемінің жағдайында өсімдіктің табиғи жаңалануына себепші болатын тірі туу мангрлардың ең керемет касиеті болып табылады. 

Реликті өсімдіктер түсінігі,жас ерекшеліктері. Реликт - өткен геологиялық заманда тіршілік еткен фаунаның немесе флораның белгілі бір жерде сақталуы. Реликт түрлері сирек немесе жойылып бара жатқан түрі. Мыс., палеозой заманымен (латимерия), мезозой заманымен (гаттерия, гинкго), кайнозой заманымен (секвойя, қортық қайың, т.б.) ерекшеленеді.Қазақстанда Реликт өсімдіктер деп Шарын өз-нің аңғарында кездесетін шаған (ерен) тоғайын атауға болады. Ғалымдар ол тоғайдың жасын 25 млн. жылға теңеп отыр. Мұндай тоғай қазір АҚШ-тағы Колорадо штатындағы  Үлкен  каньонда ғана сақталған. “Алтынемел” ұлттық табиғи саябағында кездесетін тораңғы тоғайы да Р. түрге жатады. Мұздану кезеңінен сақталған Алматы облысындағы  Шынтүрген шыршалы алқабы — бір кездегі солт. тайганың қылқан жапырақты орманының қалдығы. Мұндай Реликт түрлерге Бурабай, Зеренді өңіріндегі сфагнум мүгін, Қарқаралы алқабындағы шымтезекті батпақты биоценозды жатқызуға болады. Реликт түрлерінің ғыл. маңызы зор. Олардың таралу аймағы тарылып, санының азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Реликт жасы туралы көп мәселелер болғ.н, қандай бір абсолютті мерзім секілді релик.ң салыстырмалы жасын көрсету қабылданған.

Палеотропикалық флоралық патшалыққа сипаттама. Аустралияны қоспағанда, тропиктік белдеуді қамтиды. Патшаық құрамына Оңтүстік Америка жағалауынан басқа, Тынық мұхитының барлық тропикалық аралдары кіреді. Өсімдіктері 10000 түрі бар. Соның 40 жуық тұқымдастар эндемик: фикус, цитрус ағашы, банан 100 түрі бар. Бұл пат.ң өте бай флор.да 40 эндемиктік тұқым.ры бар. Олар: непентес, диптеркап т.б. непентес тұқым.ң ареалы Мадагаскарға дейін жетеді. Диптерокарпты өсім.ң көп бөлігі троп.қ орман.ң қуатты ағаш.ы , бұл атау жаңғақ жемісті қоршап тұратын 2 қанат тәрізді тостағанша өсуіне байл. қойылған. Малай архипелагында бұл тұқым.ң 17 түрі өседі. Панданус тұқым.ң өкілдері өзен сағасында, жаға/да, ылғалды троп.қ ормандарда өседі. Панданус түрі.ң ішінде өткір тісті жапырақ пальма көбірек танымал. Африкалық пат/ша обл.ы: Гвинея-Конголезия, Судан-Замбезия, Карру-Намиб обл, Әулие Елена ж/е Вознесения.

Ылғалды мәңгі жасыл тропиктік орман. Экватор.ң екі жағында кезд.і, сонд.н тропиктік ылғалды орман.ды – экваторлық орман.р д.а. өсімдік түрлеріне өте бай. Ярусты көп емес, ағаштары нашар бұтақталған, гүлдер аз, кейбір ағаштарда каулифория (орман.ң төменгі ярусында, ағаш.ң сабағында, бұтақтарында гүл.ң дамуы) құбылысын байқауға =. Орманда шөптесін өсім.р жамылғысы нашар жетілген. Сабақтары қалың, ағаш.ң бұтақ.н шырмап өсетін лианалар бар. Лианалар деп ағаштарға өрмелеп тез өсетін өсімдіктерді айтады. Олар қатты сүйенішті пайдаланып күннің көзіне қарай жылжиды. Лианалар өсіп тұрған көрші ағаш.ң жоғарғы бөліктерін байл.п тұрады. Сонд. Да қураған ағаш көп уақыт бойы жерге құламайды. Эпифиттер деп жердің бетінен коп жоғары жердегі ағаштардың діңдеріне қоныстанатын шоптесін өсімдіктерді айтады. Олар оз бетімен қоректенеді.

Шөлдер. Климаты құрғақ, шөлді аймақ.н сипат.ы, Памирден бастап Тянь-Шань, Үлкен Хингаға дейінгі таулы аймақты, Гоби шөлін тұтасымен қамтып жатыр. Шөлдегі өсім.р жамылғы.ң сиректігімен, ағаш тектес өсім.ң басым болуымен сипат.ы. Өсім.ң көпшілігі ксерофиттер — топырақ пен ауаның құрғақшылығына бейімделген, құмды, шөлді, тастақ далаларда кең тараған селеу, жусан, сексеуіл секілді өсімдіктер, эфемерлер – шөл және шөлейтті жерлерде, сирек далалық аймақта өсетін бір жылдық өсімдіктер. Мыс., құм ботагөзі, дала шегіргүлі, шөл жауылшасы, жалпақ жеміс, т.б., эфемероидтар.

Табиғи және мәдени ареал туралы түсінік. Қоршаған ортаға бейімделу процесінде, түрл.ң қалып.ы ж.е жалпы био.қ эволюция нәт.де ағза.ң таралуынан туындаған ареал табиғи ареал д.а. В.Лархер.ң тео.на сәйкес ағза аймақты өзі үшін қолайсыз ортаға,оның факто.на, басқа ағзамен бәсекеге түскенге ж.е т.б. дейін аймақты жаулап алуын жалғастыра береді. Адам.ң еркіменн.е еркінен тыс өзгертілген ортада ағза.ңтаралуобл. сонымен бірге белгілі бір аймаққа жерсіндірілген түрл.ң, интродуцент.ң басқа аймақтарда таралуы, бұл көрсетілген түрл.ң экспансиясына н.е әлсіреуіне әкеледі. Дәл осындай әкімшілік, мем.к ж.е басқа да шекараларда адаммен бекіткен ареал.р мәдени б.таб.

Тундра және орманды тундра. Еуразияның солтүстігі мен Солтүстік Америкада орн.қан. тундра өсім.і криофиттер ж.е салқын вегетациялы кезеңдерге, топы.ң төменгі темп.на төзімді. Тундра флорасы аса бай емес 300-400 түрі кезд.і. Бір жылдық өсім.р кездеспейді, барлығы дерлік көп жылдық. Өсім.ң бойлары аласа,жатаған б.келеді. гүлдері насекомдар арқ.ы тез әрі дұрыс тозаңданатындай ірі ж.е ашық түсті. Пиязшықты ж.е түйнекті өсім.ң түрлері кездеспейді. Өсім.р бірлестігі аз ярусты.теңбіл тундра қар суымен жердегі топырақты шайып кетеді де, шөп шықпай теңбіл-теңбіл б.жатады. негізгі өсім.і мүк ж.е қыналар. Қияқ, бұлдырық оты, арктикалық қоңыр бас, өзен аңғарларында бұта, поляр қайыңдары кезд.і. арктикалық н.е плигональды тундра. Бұталы өсім.р болмайды, өсім.р барлық жерде бірдей таралмаған. Бұлдырық оты, қияқтар, поляр қызғалдағы, ботакөз, бұталы қыналра кез.ді. бұталы тундра тырбақ қайың, темірлі қайың, талдар кезд.і. Солт. Амер. тунд. Қияқ, қына,ягел.

Эндемикалық өсімдіктер. Эндемик - белгілі бір шағын ауданда ғана таралған, дүние жүзінің басқа жерінде кездеспейтін өсімдіктер мен жануарлар. Қазақстанда өсімдіктердің 730-дан астам түрі Эндемикге жатады. Мысалы;Қаратау қауы, Қаратау маралтамыры, Іле ұшқаты, Алатау бөденешөбі, Бетпақдала сылдыршөбі, Қарқаралы бөріқарақаты, Тарбағатай кемпіршөбі, т.б. Эндемик түрлер ежелгі замандардан сақталып келе жатқан (палеоэндемиктер) және соңғы геол. замандарда пайда болған (неоэндемиктер) деп бөлінеді. Палеоэндемиктерге: екіқалақты гинго ағашы (Шығыс Қытайда ғана кездесетін), мәңгі жасыл секвойя ағашы (Батыс Орегон мен Калифорния тауларында өсетін), латимирия балығы (Комор аралдарының маңында кездесетін) мен үйректұмсық (Тасмания аралында ғана таралған) жатады. Ал неоэндемиктерге: Қырымда кездесетін кейбір өсімдік пен жануар түрлері, Британ аралдарында таралған кейбір жануарлар жатады.

Эндемикалық ареалдар әртүрлі түрлерге туыстарға, қатарларға, тұқым.ға, кез келген таксонға жататын энде.р тек осы аймаққа ғана тән ағзалар. Олар.ң ареалдары тек белгілі бір аймақ шегінде ғана тән ағзалар. Мыс: Аустралия, Амазонка ж.е т.б. эндемиктері. Кейбір энде.ң қандай да бір мекендеу орнында нүктелі ареалы болуы мүмкін.