
- •52. XiXғ екінші жартысындағы Қазақстандағы әлеуметтікэкономикалық қатынастар
- •53. Царизмнің Қазақстандағы қоныс аудару саясаты
- •Қазақстанға орыс шаруаларының қоныс аударуы, негізгі кезеңдері
- •54.Қазақ шаруаларының Қоқан және Хиуа хандықтарына қарсы күресі
- •55. Қазақстандағы казактар тарихы
- •56.Қазақтардың е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы
- •57.С.Датұлы бастаған көтеріліс
- •58. И.Тайманов және м.Өтемісұлы бастаған көтеріліс
- •59.Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
- •60.Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтеріліс
- •62.ХХғ басындағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық қатынастар
- •2. XX ғасырдың басында Қазақстандағы саяси өмірдің жандануы.
- •63.Өлке тұрғындарының Бірінші орысреволюциясына қатысуы
- •64. Жаңа эволюциялық өрлеу мен Бірінші дүниежүзілік соғыс
- •1919 Жылғы революциялық өрлеу
- •65.1916Ж. Ұлт-азаттық көтеріліс
- •66.Патша самодержавиясы құлағаннан кейінгі Қазастан
- •67. XVIII-xXғ басындағықазақтардың шаруашылығы мен материалдық мәдениеті
- •68. XVIII-xXғ басындағы қазақтардың ауызша шығармашылығы
- •69. XVIII-xXғ басындағы ғылым және ғылыми зерттеулер
- •70. XVIII-xXғ басындағы қазақ әдебиеті
- •Қазақ әдебиетінің бодандық дәуіріндегі ренессансы
- •71. XVIII-xXғ басындағы Қазақстандағы халықтық ғылым берудің маңызы
- •72.Совет үкіметінің орнауы
- •73.Қазақстан Азамат соғысы жылдарында
- •74.Жэс жылдарындағы ауыл мен деревня
- •75.Қазақстандағы коллективизация
- •76.1921-1940Ж.Қазақстандағы индустриалды даму
- •77. 1921-1940Ж.Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір
- •78.Екінші Дүниежүзілік соғыс пен Ұлы Отан соғысының басталуы
- •Кеңес барлау мекемелерінің ескертулері
- •Кеңес Одағының соғысқа дайындық ретінде жасаған шаралары
- •79. Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандықтардығ еңбектегі ерлігі.
- •81.Республиканың 1946-1953жж қоғамдық саяси өмірі мен әлеуметтік экономикалық қатынастары
- •82. «Хрущев жылымығы» жылдарындағы Қазақстан
- •83.ХХғ. 60ж 2жартысы мен 80ж 1жартысындағы Қазақстан
- •84. Совет дәуіріндегі сауатсыздықты жою мен халыққа білім беру
- •85. Совет дәуіріндегі әдебиет пен өнер
- •86. Совет дәуіріндегі ғылымның дамуы
- •87.Қайта құру және Қазақстаню 1986ж. Оқиғалар
- •88. Қ.Р. Ғы қазіргі саяси партиялар ,қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар.
- •89.Қазақстан егемен даму жағдайында
78.Екінші Дүниежүзілік соғыс пен Ұлы Отан соғысының басталуы
Соғыстың 1-кезеңі (1939 ж. 1 қыркүйек — 1941 ж. 21 маусым). КСРО-мен келісімге келгеннен кейін 1 қыркүйекте Германия Польшаға шабуыл жасады, ал 3 қыркүйекте Ұлы-британия мен Франция Германияға соғыс жариялады. Поляк армиясы 8-28 қыркүйекте Варшаваны ерлікпен қорғағанымен еріксіз берілді. 17 қыркүйекте Қызыл Армия Молотов — Риббентроп келісімі бойынша, Польшаның шекарасынан өтіп, Бат. Украина мен Бат. Белоруссияны өзіне қосып алды, ал қыркүйек — казан айларында Эстония, Латвия, Литва үкіметтерімен өзара көмек шарттарын жасасып, әскер кіргізді. Осыдан кейін Кеңес үкіметіФинляндиядан Ленинград (казіргі Санкт-Петербор) қаласының қауіпсіздігі үшін шекараны ел ішіне қарай жылжытуды талап етті. Осы талапты күшпен орындатқызу мақсатымен 1939 жылдың аяғы мен 1940 жылдың бас кезінде кеңес-финн соғысы болып, шекара солтүстік-батысқа қарай жылжытылды. Финляндиямен үш айға созылған соғыс кеңес армиясының әлсіз екенін көрсетті және КСРО-ның беделіне үлкен нүксан келтірді. 1940 ж. 28 маусымда Румыния Бессарабия мен Солт. Буковинаны Кеңес Одағына беруге мәжбүр болды.
Ұлыбритания мен Франция үкіметтері Германияға соғыс жариялағандарымен, 9 ай бойы ешқандай ұрыс кимылдарын жүргізген жоқ. Осыны пайдаланған Германия Ұлыбритания теңіз флотына соқкы берді де, Бат. Еуропаны жаулап алуға кірісті. 1940 ж. сәуір — мамыр айларында Норвегия мен Дания жаулап алынып, 10 мамырда Бельгия, Нидерланд, Люксембургке, әрі қарай Францияға басып кірді. Петен бастаған француз үкіметі қарсыласудан бас тартып, 22 маусым күні берілді. Оңт. Францияда Петеннің «қуыршақ үкіметі» құрылып, елдің қалған бөлігінде герман билігі орнады. Шарль де Голль бастаған француз патриоттары Ұлыбританияға кетіп, күресті жалғастырды. Маусым айында (1940) Италия үкіметі де Франция мен Ұлыбританияға соғыс жариялады. Енді гитлершілер ағылшын қалаларын аяусыз бомбалауға кірісті. Бірақ Гитлер Ұлыбританияға басып кіруден бас тартып, Кеңес Одағымен соғыска мұқият дайындала бастады. Жапониямен, Италиямен достык нығайтылды. Балкан компаниясы (1941) нәтижесінде Грекия жаулап алынып, Югославияда фашистік Сербия, Хорватия «мемлекеттері» күрылды. Румыния, Венгрия, Болгария, Финляндия фашистік одақка қосылды. Басып алынған жерлерді қырып жою, еріксіз жүмысқа пайдалану саясаты жүргізіліп, нәтижесінде фашистерге қарсы карсыласу козғалысы дүниеге келді. АҚШүкіметі бейтараптык саясатынан бас тартып, Ұлыбритания мен баска да Еуропадағы соғысушы елдерге несиеге немесе жалға соғыс материалдарын (лендлиз) беру туралы заң қабылдады (1941 ж. 11 наурыз).
1939 жылғы қазанның 5-інде сол қосымша құпия протокол бойынша Кеңестер Одағының ықпалы жүретін айиаққа жатқызылған Финляндияға КСРО өзара көмек туралы келісім жасасу туралы ұсыныс жасады. Келіссөздер қазанның 11-інде басталды, бірақ Финляндия өзара КСРО-ның көмек туралы ұсынысын да, жер алмасу және арендаға беру туралы ұсынысын қабылдамай тастады. 1939 жылғы қарашаның 30-ында КСРО Финляндияға қарсы соғыс бастады. Бұл соғыс 1940 жылғы наурыздың 12-сінде Мәскеу бітіміне қол қоюмен аяқталды. Ол бітімде Финляндия бірқатар аймақтарын Кеңестер Одағына беруге келісті. Алайда Кеңестер Одағы өзінің бастапқы мақсаты — Финляндияның толық бағындыру мақсатына қол жеткізе алмады. Басында Финляндия әскері тез уақытта және аз шығынмен талқандалады деп жоспарланса да, кеңес әскерінің іс жүзіндегі шығыны орасан зор болды. Қызыл Әскердің қуатына басқа елдер күмәнмен қарай бастады. КСРО-дағы сияқты, басқа елдерде де фин армиясын төмен бағалап, қарсыласуға дәрмені жетпейді деп қарастыратын. Сондықтан Қызыл Әскердің фин әскерін соншама ұзақ уақыт жеңе алмауы оның әлсіздігі және соғысқа дайындығының төмен деңгейін көрсетеді деп қарастырыла бастады.
1940 жылғы маусымның 14-інде кеңес үкіметі Литваға, ал маусымның 16-сында Латвия мен Эстонияға ультиматум жариялады. Олардың басты талаптары — бұл мемлекеттер КСРО-ға дос үкіметтерді билік басына келтіріп, өз жерлеріне кеңес әскерлерінің қосымша қосындарын кіргізуге тиістігі болды. Бұл талаптар қабылданды. Маусымның 15-інде кеңес әскерлері Литваға, 17-сінде Латвия мен Эстонияға кіргізілді. Жаңа үкіметтер коммунистік партиялардың жұмысына салынған тыйымдарды алып тастап, кезектен тыс парламенттік сайлаулар өткізді. Үш мемлекеттегі сайлауларда сайлау тізімдеріне енгізілген жалғыз партиялар — коммунистік Жұмысшы халық блоктары (одақтары) жеңіске жетті.Жаңадан сайланған парламенттер маусымның 21-22-лерінде Эстон КСР, Латвия КСР және Литван КСР жариялап, КСРО-ның құрамына ену туралы декларациялар қабылдады. (Тағы қараңыз: Балтық бойы елдерінің КСРО құрамына кіруі (1939-1940)).
1941 жылдың жазында герман шабуылы басталған соң Балтық бойы елдерінің тұрғындары кеңес әскерлеріне қарулы шабуылдар ұйымдастырды. Бұл неміс әскерлерініңЛенинградқа жылжуын тездетті.
1940 жылғы маусымның 26-сында КСРО Румыниядан Бессарабия мен Солтүстік Буковинаны өзіне беруді талап етті. Румыния бұл талапқа келісіп, 1940 жылғы маусымның 28-інде Бессарабия мен Солтүстік Буковинаның жеріне кеңес әскерлері енгізілді. 1940 жылғы тамыздың 2-сінде КСРО Жоғарғы Кеңесінің VII-ші сессиясында Молдаван Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуы туралы заң қабылданды. Молдаван КСР-сының құрамына мына аумақтар енгізілді: Кишинев қаласы, Бессарабияның 9 уезінің 6-ы (Бельцы, Бендеры, Кагул, Кишинев, Оргеев, Сорок) және Тирасполь қаласы. Бұрыңғы Молдаван Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының 14 ауданының 6-ы да Молдаван КСР-ының құрамына кірді. МАКСР-дің қалған аудандары және Бессарабияның Аккерман, Измаил және Хотин уездеріУкраин КСР-ының құрамына кірді. Украин КСР-ының құрамына Солтүстік Буковина да кірді.
КСРО-дан кейін Германияның одақтастары Венгрия мен Болгария да Румыниядан жер талап ете бастады. 1940 жылғы тамыз айында Румыния Трансильванияныңжартысын дерлік Венгрияға, ал қыркүйек айында Добруджаның оңтүстік бөлігін Болгарияға берді.