Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tarih52-90.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
192.66 Кб
Скачать

52. XiXғ екінші жартысындағы Қазақстандағы әлеуметтікэкономикалық қатынастар

Ресей өзінің жаңа аумақтармен бірге көшпелі және отырықшы қанша халық санына ие болғанын, олардың өмірінің экономикалық-саяси және құқықтық жақтарының негізі мен ерекшеліктері қандай екенін және қазақ халқының негізін құрайтын басқа да мәселелерді мықтап анықтап алуға тырысты. Аудандардың экономикалық тұрғыдан әлеуетті мүмкіндіктерін анықтауға айқын міндеттер қойылып, И.К. Кириллов бастаған алғашқы мекемелердің бірі 1734 жылы құрылды. Ол Орынбор экспедициясы деп аталды. Оған қатысушылардың есептері — XVIII ғасыр тарихы бойынша аса құнды деректер көзі.

XIX ғасырдың 60-жылдарындағы үш жүз бойынша қазақ халқының саны туралы алғаш жарияланған мәліметтер А. И. Левшинде бар, ол 2,5 миллионнан - 3 миллионға дейін деген цифр келтіреді.[1]

XIX ғасырда бұл мәселелермен статистикалық комитеттердің қатысушылары: Сібір ведомствосы бойынша — М. Красовский, Орта жүз бойынша — М. Кузьминский, Бөкей Ордасы бойынша — Я. Ханыков, Бөкей Ордасы мен Кіші жүз бойынша — И. Бларамберг, Сібір ведомствосы мен Орта жүз бойынша, сондай-ақ Томск және Тобылгуберниялары мен басқа жерлерде көшіп жүретін қазақтар бойынша Ю.А. Гагемейстер арнайы айналысты.[2]

Жаңадан иеленген аумақты мекендейтін халықтың тарихы мен сол кездегі жай-күйіне деген ынта-ықылас қазақтар туралы жалпы еңбектердің пайда болғанын көрсетеді. С. Броневский, В. Вельяминов-Зернов, А. Гейне, В. Григорьев, И. Завалишин, Л. Мейер, И. Казанцев, Н. Зеланд, Р. Игнатьев, Н. Гродеков, П. Румянцев және тағы басқалардын еңбектері солардың қатарына жатады. [3];[4];[5];[6];[7];[8];[9];[10];[11];[12]

Қазақтар туралы олардың тарихынан, әлеуметтік құрылымынан, тұрмысынан, рухани өмірінен, салық төлеуі мен әдет-ғұрпынан бастап алуан түрлі мәліметтер бар жалпы еңбектермен қатар қазақ қоғамының саяси, экономикалық, құқықтық жақтары мен мәдениеттің түрлі тақырыптарының жекелеген мәселелерін арнайы және тереңдетіп көрсететін еңбектер де аз емес. Олардың бір бөлігі мерзімді басылымда жарияланған, ал басылымдар ауқымы қазақ халқына деген ынта-ықыласты және ол жөнінде көбірек те кеңірек білуге құштарлықты көрсетеді. XIX ғасырдағы тарихнаманың тағы бір айтулы ерекшелігі Қазақстан туралы басылымдарға қазақ қоғамы өмірінің әр түрлі жақтары туралы назар аударарлық материал жариялаған қазақ зиялылары өкілдерінің тартылуы болды.

Кітаптар мен мақалалардың едәуір көп бөлігінде қазақтардың шаруашылық қызметінің негізі - көшпелі мал шаруашылығымен айналысуы туралы айтылады. Қазақтардың шаруашылығын Мұхамед-Ғалий Тәукиннің жан-жақты суреттеуі ерекше ынта-ықылас туғызады. Н. Васильев Түркістан жағдайындағы көшпелі шаруашылықтың ерекшеліктері мен оның егінші қоныстанушылармен байланысын суреттеген. Ә. Бөкейхановтан, М. Шормановтан, А. Алекторовтан, В. Герннен қазақтардың тұрмысы мен мінез-құлқы, жаңа жағдайларда шаруашылықтың дәстүрлі әдістерін жүргізу қиыншылықтары және оған бейімделуге тырысушылық жөнінде қызықты сипаттамалар табамыз. А. Добросмыслов пен Диваевтың еңбектерінде Торғай облысының мал шаруашылығы туралы бірегей материал бар.[13];[14];[15];[16];[17];[18];[19]

XIX ғасырдың басында қазақтар Қазақстанның оңтүстігінде, бұрын да егіншілік, оның үстіне суармалы егіншілік болған Сырдария, Талас, Сарысу, Іле бойында ғана айналысып қойған жоқ, негізінен Орал, Торғай, Елек, Ор, Ертіс өзендері бойында егіншіліктің жаңа ошақтары пайда болды. М. Венюков[20] Қазақстанда болған соң «Орта және Ұлы орда» қазақтары - номадтар, бірақ көбісі Алтай, Тарбағатай, Қалба жотасы, Жоңғар және Іле Алатауы өзендерінің бойында егіншілікпен айналысады деп жазды. Егер XIX ғасырдың бірінші ширегінде егіншілікпен негізінен жатақтар, кедей егіншілер айналысса, ғасырдың ортасына қарай егіншілік, соның ішінде шөп шабу қазақ ауылының неғұрлым ауқатты топтарының да ісіне айналады, егіншіліктің ұсақ мал шаруашылығынан артықшылығы айқын бола түседі. Егіншілік пен соған байланысты проблемаларды бейнелейтін осы және басқа факторларды Т. Сейдалин, А. Алекторов, Л. Чермак және басқалар ашып көрсетеді.[21]

XVIII ғасырдың соңғы ширегінен бастап патша өкіметі Қазақстанда хан билігін жойып, әкімшілік реформа жүргізуге ниеттенді. Бұл үрдіс әсіресе 1822— 24 жылдары, «Сібір қазақтары туралы жарғы» мен «Орынбор қазақтары туралы жарғы» бекітілген кезде ерекше белсенді жүргізілді, олар арқылы хан билігі жойылып, Орта жүз және Ұлы жүздің бір бөлігі сыртқы округтерге бөлінді, ал Кіші жүзде дистанциялық жүйе енгізілді. Қазақстан аумағының ішкі отарға айналдырылуына қарай Ресей 1867—68 жылдардағы Уақытша ережелер арқылы қазақтарды басқару және бағындыру жүйесін бір ізге келтірді (Қазақстанның оңтүстігін жаулап алғаннан кейін). Әкімшілік өзгерістермен бірге қазақтардың құқықтық және сот жүйесінде елеулі өзгерістер болды. Қазақтардың дағдылы құқығының қолданылу аясы күрт қысқарды, Ресей құқығы басым мәнге ие болып, ол 1886, 1891 жылдардағы Ережелермен түпкілікті баянды етілді. Өлкенің бүкіл жер қоры үстемдік етіп келген Шыңғыс ұрпақтары хан-сұлтан тегінің қолынан алынып, Ресей империясының меншігіне көшті.

Замандастары құқықтық нормаларға Ресей отарлауының барлық кезеңдерінде тұрақты назар аударып отырды. М. Шорманов, Ә. Бөкейханов, Ж. Ақбаев, И. Ибрагимов, Д. Самоквасов, Г. Загряжский, А. Крахалев, П. Маковецкий, Н. Максимов, И. Крафт, А. Добросмыслов, А. Мякутин және тағы басқалардың еңбектері деректі материалдың молдығымен ерекшеленеді.

Жарияланымдардың едәуір көпшілігінде қазақтардың тұрмысы, қоғамдық әлеуметтік құрылымы, сауда және қазақтардың негізінен алғанда, мал шаруашылығының шикізаты негізінде кәсіпшілікпен айналысуы көрсетілді.

XIX ғасырдың 2-жартысынан бастап шаруалардың әуелі бей-берекет түрде болып, сонан соң өкімет орындары бақылауға алған қоныс аудару үрдісі XX ғасырдың басындағы жарияланымдардан жеке көрініс тапты. Өлкені отарлаудың құрамдас бөлігі - орыс шаруаларың Қазақстанға қоныс аудару саясаты кең ауқым алды. Аграрлық қатынастарды, егіншіліктің дамуы мен қоныс аудару ісін неғұрлым егжей-тегжейлі зерттеуді кеңестік кезең тарихшылары, негізінен алғанда 50-жылдарда бастады. Бұл мәселелермен Ә. Тұрсынбаев (Қазақстандағы қоныс аударушы-шаруалар тарихынан. А., 1950), П. Верещагин (Патша өкіметінің Түркістан өлкесінің Сырдария облысындағы қоныстандыру саясаты. М., 1950) айналысты, П. Шарова, ]]О. Ваганова]], А. Геллер және басқалар мақалалар жазды. Зерттеушілер қоныс аударушылардың шыққан аудандарын, олардың әлеуметтік-экономикалық тұрпатын анықтады, байырғы халықтан жердің жаппай тартып алынуы зерттеліп, қоныстандырудың салдары айқындалды. Самодержавиенің мақсаттарын жүзеге асыру жолында 1907 жылғы қазақтарды жерге орналастыру жөніндегі кеңес манызды шара болды, ол Ф.А. Щербинаның 1896-1902 жылдар ішіндегі экспедициясының деректерімен келіспей, егістік жердің отарлық қорын анықтау үшін жаңа тексеріс жүргізуді талап етті. Столыпин саясаты егжей-тегжейлі зерттеліп, бүкіл Қазақстан аумағындағы тартып алынған жер көлемі анықталды.

Тарихнаманың қарастырылып отырған кезеңі мен тарихшылардың кейінгі жылдардағы еңбектері үшін Орта Азия мен Қазақстанның қазанға дейінгі кезеңдегі тарихына арналған Біріккен ғылыми сессияның (Материалдары..., Ташкент, 1955) айқындаушы маңызы болды. Сессияда әзірленген ұсыныстар «Қазақ ССРтарихының» (1-т., А., 1957) және Е. Бекмаханов (Империализм кезеңіндегі Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық қатынастар. А., 1957), С. Зиманов (XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтардың қоғамдық құрылысы. А., 1958), С. Толыбеков (XVII—XIX ғасырлардағы қазақтардың қоғамдық-экономикалық құрылысы. А., 1959) жазған әлеуметтік-экономикалық тұрғыдағы монографиялардың негізіне алынды.

Е.Б. Бекмаханов сұлтандар, билер, қожалар мен молдалар, байлар, тархандар, батырлар санаттары жөніндегі әлеуметтік өзгерістердің серпінін зерттеді. Бұл орайда, автордың анықтағанындай, соңғы екі санат (тархандар мен батырлар) XIX ғасырдың орта шеніне қарай өзінің экономикалық ықпалын жоғалтып, іс жүзінде өздерінің жеке әлеуметтік топ ретінде өмір сүруін тоқтатқан. Бай шаруашылығының мәніне өз көзқарастарын қорғай келіп, автор ғалымдармен екі бағыт бойынша айтысты: бір жағынан, С. Толыбековтің, С. Зимановтың байлардың XIX ғасырдан көп бұрын болғаны туралы пайымдауларына қарсы шығып, бұл көзқарасты сынаржақ деп санады; екінші жағынан, Е. Федоров пен А. Якуниннің Қазақстан экономикасындағы капиталистік қатынастарды асыра бағалап, бай шаруашылығында кедейленген ауылдастарының тегін еңбегін «туыстық көмек» түрімен пайдалану фактілерін елемеген қағидаларына қарсы шықты. Е. Бекмаханов қазақ ауылында патриархаттық-рулық тұрмыс сарқыншақтары сақталып, феодалдық өндіріс әдісі үстемдік еткенін дәлелдеді.

С. Толыбеков пен С. Зимановтың монографиялары Қазақстанда дәстүрлі қатынастар үстем болған кезеңдегі қазақ халқының әлеуметтік құрылымы мен шаруашылық қызметін зерттеуге үлкен үлес қосты. Олар қазақтың мал шаруашылығы жағдайындағы өндіргіш күштерді зерттеп, негізгі өндіріс құрал-жабдықтарын иелену ерекшелігін анықтады, тәуелдік нысандарын және старшындардың рулық институттарды өз мүдделеріне пайдалану принциптерін ашып көрсетті.

Ғалымдар Ресейде капитализмнің дамуы кезеңінде, әсіресе реформадан кейінгі кезеңде Қазақстандағы қанаушылар тобының құрылымы алуан түрлі әлеуметтік топтар жүйесі болғанын, отарлаушы өкімет қызметке тартқан сұлтандардың, мал мен құнарлы жайылымдарды немесе ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындарды иеленуші байлардың, ауылдағы сот билігін өз қолында сақтап қалған билердің, міндетіне қарамағындағы ауылдардан салық жинау кіріп, жергілікті шенеуніктік аппаратқа айналған старшындардың мүдделері тығыз ұштасып кеткенін көрсетті. Қанаушылардың әлеуметтік топтарын негізгі өндіруші қазақ шаруаларына көзқарас біріктірді. Оның үстіне мұнда қанаудың ескі нысандары жаңаларымен ұштасып жатты. Бір ерекшелігі, қоғамның үстем таптарының аты аталған әлеуметтік топтарының ешқайсысы материалдық өндіріске қатыспады.

Қазақ старшындарының билігінде жайылымдар сақталып қалды; олар көп мөлшерде мал жинады; көшпелі қауым мүшелерін өз дегеніне көндіріп отырды. Сондықтан көшпелі және жартылай көшпелі ұжымдарға капитализмнің ену реформадан кейінгі кезеңде заңды құбылыс болып, 1917 жылға дейін Қазақстанда капитализм дамуының жалпы үрдісінің аяқталмағанын анықтап берді. Әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан алғанда, Қазақстандағы аграрлық тарих ең көкейкесті және күрделі проблема қатарында қалып келді. Онымен Л. Әуезова, С. Сүндетов, В. Черников, А. Гинсбург және басқалар айналысты. Ресейдегі капитализм кезеңіндегі Қазақстанның аграрлық тарихының түйінді проблемалары Б. Сүлейменов (XIX ғасырдың соңғы үштен бірі - XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы аграрлық мәселе. А., 1963) пен П. Г. Галузоның (1867—1914 жылдардағы Қазақстанның оңтүстігіндегі аграрлық қатынастар. А., 1965)еңбектерінде зерттелді.

Б. Сүлейменов монографиясының хронологиялық шеңбері 40 жылды (1867—1907) қамтиды. Онда самодержавиенің аграрлық саясатының мәні және помещиктер мен буржуазияның айқындамалары ашып көрсетіліп, қазақ ауылының отырықшылану тарихы мен әлеуметтік-шаруашылық құрылысына талдау жасалған. Автор ауылда тұрақты тұрғын үйлер және мал ұстайтын қора-қопсы салу күшейе түскенін атап айтты, 1867—68 жылдардағы реформалар нәтижесінде құрылған әкімшілік ауыл мен шаруашылық ауыл арасындағы айырманы көрсетіп, олардағы қанаудың нысандары мен әдістерін қарастырған. Қазақ ауылындағы капитализмнің таралу және халықтың жіктелу дәрежесін анықтау кезінде Б. Сүлейменов екі санатты: шаруашылықтағы мал саны мен жалдама жұмысшылар санын басшылыққа алады. Ол патриархаттық-феодалдық қатынастардың өміршеңдігі себепті ауыл кедейлері едәуір дәрежеде «рулық көмек» түрінде қаналып отырғанын атап өтті.

П.Г. Галузода Қазақстанның оңтүстігіндегі аграрлық қатынастар неғұрлым кең көлемді хронологиялық шеңберде, статистикалық үлкен материал негізінде берілген. Қоныс аударушылардың рөлін және соның салдарынан жер алаптарының қайта бөлінуін бағалағанда автор бұл үрдіс қазақ егіншілігінің дамуына, қазақтардың отырықшы шаруашылыққа көшуіне тежеу болғанын негізге алған. Автор өлкені әскери-феодалдық басқару аппаратының рөлін мықтап көрсетіп, патша өкіметінің аграрлық заңдарына егжей-тегжейлі сипаттама берген. Ауылдағы мүліктік теңсіздік пен жіктелісті қарастыра келіп, автор «қазақтарда егіншіліктің кен дамығаны сонша, олардың шаруашылығы сол кездің өзінде-ақ малшы-егінші бағыттағы үлгіге жақындады, ал ерекшелігі ауылдағы ірі байлық иелері жалдама еңбекті пайдаланатын кулактар тұрпаттас байлардан сараланбады десе де болады» деген тұжырым жасайды.

Монографияда өлкені қазақтардың отарлауына, Жетісу қазақ әскерінің тарихына едәуір орын берілген. Патша өкіметініңқоныстандыру саясатын автор екі кезеңге бөледі: XIX ғасырда Жетісуға және Сырдария облысына шаруалар стратегиялық және әскери-саяси мақсат-мүддемен қоныс аударылса, XX ғасырда кедей және орта шаруалардың жер үшін күресін әлсірету мақсатында олар Ресейден көп мөлшерде көшірілді. Самодержавиеніңқоныстандыру саясатының салдарынан, - деп санайды автор, - көшпелі (мал өсіруші) және отырықшы (егінші) шаруашылық тереңдағдарыс кезеңіне ұшырады. Ол «өндіргіш күштердің орасан көп күйзелгенін, шаруалардың ерекше қатты қайыршыланғанын» жазады. Алайда біздің ойымызша, ең бастысы - қазақтар шаруашылығының қайта құрылуы тездетілді ме, ол мал шаруашылығынан малшы-егінші шаруашылыққа ұласты ма - осыларды анықтау керек болатын. Осы сұраққа объективті жауап алғаннан кейін ғана біз бүкіл қоныстандыру саясаты мен жалпы алғанда оның нәтижелеріне неғұрлым дәл баға бере аламыз.

П. Г. Галузо Ресейден қоныс аударушы — шаруалардың Қазақстанның оңтүстігіне орналастырылғанға дейінгі мүліктік жағдайын, олардың жайғасқаннан кейінгі саралануын, шаруашылығының түр-сипаты мен қоныс аударушылар поселкелеріндегі қанаушылық қатынастарды зерттеді. Автор мынадай үзілді-кесілді тұжырым жасайды: «Егіншілік техникасы жөнінен, — деп жазады ол, — қоныс аударушылар жергілікті шаруалардан, атап айтқанда, қазақтардан озып кеткен жоқ. Олар ауыл шаруашылығында капитализмнің дамуы, капиталдың индустриялық нысандарының тууы жөнінен де олардан озып кеткен жоқ» (269-6.). Бұдан әрі «...ауыл шаруашылығында капитализм орыс поселкелеріне қарағанда, қазақ ауылдарында неғұрлым дамыған еді» деген пікірге келеді. Автор өз пікірінің көпшілік зерттеушілердің тұжырымдарына қайшы келетінін білді, алайда өз көзқарастарын қортады.

Тұжырымдарындағы елеулі айырмашылықтарға қарамастан, Б. Сүлейменов пен П. Г. Галузо қоныстандыру мәселесін XIX—XX ғасырдың басындағы Ресей экономикасына тән өзгерістермен өзара тығыз байланыста алып қарады; қоныс аудару мәселесін Еуропалық Ресейдегі аграрлық төңкеріс жағдайында ғана шешуге болады деген қорытындының куатталуы сондықтан. 1970 жылдардың аяғында Қазақстан дамуының аграрлық проблемаларына ден кою әлсіреп кетті және тарихнамадағы бұл жағдай бүгінгі таңға да тән болып отыр.

Е. Ділмұхамедов пен Ф. Маликовтің, Е. Бекмұхамедовтын, М. Тұрсынованың, Г. Есенғалиеваның, М. Асылбековтің, Ц. Фридманның еңбектері өнеркәсіп пен көлікті, сауданы және қаржы саясатын Қазақстанда пролетариаттыңқалыптасу проблемасымен тығыз байланыста алып зерттеудегі елеулі жетістіктерді дәлелдейді.[22] Өлкені отарлау жағдайының мәні тау-кен өнеркәсібінде мейлінше толық көрінді. Е. Ділмұхамедов пен Ф. Маликов бұл саланың реформадан кейінгі уақыттағы даму ерекшелігін, оның өсу қиыншылықтарын қарастырған. Авторлар мұрағат материалдары негізінде XX ғасырдың басында кен-зауыт және мұнай өнеркәсібіне монополистік шетел капиталының енуін, Спасск мыс рудалары акционерлік қоғамының, Атбасар мыс кеніштері акционерлік қоғамының, Риддер және Қазақ кен-өнеркәсіп қоғамы мен басқаларының тарихын зерделей білді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]