
- •1.Қазақстан тарихы курсының пәні мақсаттары және міндеттері
- •2.Қазақстан тарихы пәнін оқудың негізгі әдістері
- •3.Қазақстан тарихы пәні бойынша деректер мен әдебиеттер
- •4.Ежелгі гоминидтердің табиғи өмір сүру жағдайы және ортасы
- •6.Қазақстан мезолит дәуірінде
- •7.Қазақстан мәдениетінің дамуының неолиттік кезеңі
- •8.Қола ғасыры
- •9.Ежелгі сақ тайпалары
- •10.Үйсіндердің саяси және экономикалық тарихы
- •11. Қаңлы мемлекеті
- •12.Көне ғұндар
- •13.Түрік қағанаты
- •14.Батыс түрік қағанаты
- •15.Түргеш қағанаты
- •16.Қарлұқ мемлекеті
- •17. Оғыз мемлекеті
- •18.Кимек қағанаты
- •19.Қарахан мемлекеті
- •20.Қыпшақ хандығы
- •21.Қарақытай мемлекеті
- •22.Найман және керей ұлыстары
- •23.Жалайырлардың мемлекеттік құрылымы
- •24. Моңғол империясының құрылуы және оның Қазақстан мен Орта Азияға жорығы
- •25.Моңғол ұлыстарының құрылуы
- •26.Қазақстан Алтын Орда құрамында
- •27.Моңғол шапқыншылықтарының экономикалық-әлеуметтік және саяси зардаптары
- •28.Алтын Орданың ыдырауы
- •29.Ақ Орда мемлекеті
- •30.Көк Орда мемлекеті
- •31.Моғолстан (xiVғ.Ортасы-xvIғ.Басы)
- •32.Көшпелі өзбек мемлекеті
- •33.Ноғай ордасы
- •34.Сібір хандығы
- •35. «Қазақстан территориясындағы этногенез және этникалық процестер» атты проблема тарихнамасы
- •36.Қазақ халқының шығу тегінің антропологиялық мәселесі
- •37.Қазақстан жеріндегі этникалық процестер
- •38. «Қазақ» этнонимі туралы
- •39.Қазақ халқы қалыптасуының аяқталуы. Жүздердің құрылуы
- •40.Қазақ хандығының құрылуы
- •41.Қазақ хандығының xvIғ.1-ші жартысындағы әлеуметтік-экономикалық эәне саяси жағдайы
- •42. XvIғ.2-ші жартысындағы Қазақ хандығы
- •43. XviІғ.1-ші жартысындағы Қазақ хандығы
- •44. XviІғ.2-ші жартысындағы қазақ-жоңғар қатынастарының ұшығуы
- •45.Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте қазақ батырларының рөлі
- •46. XviіІғ. Басындағы Қазақ мемлекеті
- •Қазақ-башқұрт қатынастарының даму ерекшеліктері:
- •1755 Жылғы қазақ-башқүрт шиеленісі және оның салдарлары:
- •47.Кіші жүздің Ресейге қосылуы. Басқарудың жаңа ережесін ендіру
- •48.Орта жүзде хандық билікті жойғанға дейін әскери-әкімшілік акциялар
- •49.Ресейдің Ұлы жүз территориясын басып алуы
- •50. « XVII-xiXғ.Қазақстанның экономикалық дамуы» атты проблемаға шолу
- •51. XVII-xiXғ бірінші жартысындағы қазақ қоғамының шаруашылығы, әлеуметтік құрылымы
49.Ресейдің Ұлы жүз территориясын басып алуы
Ресейдің Әулиеатаны жаулап алуы Қазақ халқы жоңғар басқыншыларымен шайқасып жатқан кезде, РесейдіңІ-Петр патшасының әскерлері Қазақстан жеріне бекіністер мен қалалар салуынан басталды. Омбы, Орынбор, Павлодар, Семей, Өскемен қалаларынан соң орыс отаршылары XIX ғасырда Жетісуға жетіп, 1854 жылы ежелгі Алматы кентінің орнына Верный бекінісін тұрғызды. Ал, бұдан бір жыл бұрын Орынбор жақтан генерал Перовский басқарған орыс әскері қоқандықтардан Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) қаласын басып алған болатын. Ресей отаршылары енді Талас, Шу аймағына, одан әрі Орта Азияға көз аларта бастады. Бұл кезде Оңтүстік Қазақстанды өз отарында ұстаған Қоқан зекетшілері "жәй мал-мүлік салығын былай қойып, мұсылмандықтан безіп, көңіл көтеру үшін әр ауылдан бір қыз бересің" деген салық ойлап шығарды. Қазақтар бұл қорлыққа көнбей 1858 жылы мамыр айында көтеріліске шықты. Мырза би деген зекетшіні нөкерлерімен қоса Шымкент түбінде қырып салды. Қоқан ханы Құдияр әр жерден бас көтерген қазақтарды аяусыз жазалап, қанды шеңгеліне қайта түсірген соң 1860 жылы Жетісуды орыс отаршыларынан құтқарамыз деген ұранмен әскер көтерді. Ұзынағаш түбінде полковник Колпаковский басқарған орыс әскері қоқандық сарбаздарды зеңбіректерден оқ жаудырып, жамсатып салды. Осы қоқандықтар сапында Байзақ, Батырбек датқалар да болатын.Ресей патшасы Александр I Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу үшін бас штабтың полковнигі Михаил Григорьевич Черняевты қолбасшы етіп тағайындады. Бұл 1863 жыл болатын. Сол жылы Орынбор жақтан келіп Созақта, Шолаққорғанда болып, тілік Шоқай датқамен тіл табысқан, жай-жапсарды ұққан М. Г. Черняев 1864 жылы Омбы генерал губернаторы А. Дюгамельдің қарамағына жіберілді. Сол генералдың қолы қойылған деректерге қарағанда 1864 жыл басталған қыс Оңтүстік Қазақстанда өте қатал болып, қазақтар жұттан көп малынан айырылған. Орыс дипломаттары қоқандықтарды әлсірете түсу үшін Бұхар әмірімен байланыс жасап, оны да ортақ жауына қарсы көктемде жорыққа шығуға итермелеген.Шудың бергі жағындағы қосын бастығы полковник Черняев басқарған әскер 1864 жылғы 1 мамыр күні Верный бекінісінен аттанды. Ал, бұдан бір жыл бұрын старшина Бутаков солто, сарбағыш руларынан манаптар Жанғараш, Маймыл, Тыналы, Бәйтік, Қойшы, Мәкеш, Шайділдә, Өзбек басқарған елдеріне барып, олардың Ресейге қарайтындығы туралы антын алды. Сол сияқты 1862 жылы попковник М. Г. Герасимов басқарған шағын орыс әскері Меркіге келіп, бағдарлап қайтқан еді.
50. « XVII-xiXғ.Қазақстанның экономикалық дамуы» атты проблемаға шолу
Кіші және Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы. Абылай хан қайтыс болғаннан кейін Қазақ хандығы бытырап, әр жүзде жеке хандар сайланып, бұл хандар Абылай хан ұрпағы Уәли ханға бағынуға ниет білдірмеді. Әр жүздің өзіне тән тарихи-географиялық аймағы болды. ХІХ ғасырдың басында Кіші жүз Батыс Қазақстанның Сырдариядан батысқа Жайық пен Тобыл өзеніне дейінгі жерді алып жатты. Орта жүзге тән территория шығыста Қытай шекарасынан батыстағы Торғайға дейін, Ташкенттен оңтүстік Сібір жеріне дейін қамтыды. Ұлы жүз Жетісу, оңтүстік-шығыс және оңтүстік Қазақстан территориясын мекендеді.
Табиғи - климаттық жағдай шаруашылық өмірдің барлық қырынан байқалды. Ш.Уәлихановтың айтуы бойынша, “ертеден қазақтардың негізгі шаруашылығы мал шаруашылығы болған. Біз өмірімізді мал шаруашылығының ыңғайына қарай бейімдеп отырдық”. Көшпелі мал шаруашылығының негізгі өзіне тән айырмашылығы бір жерден екінші жерге көшіп-қонып отыруы болды (жайлау, күздеу, қыстау, көктеу). ХІХ ғасырдың басына қарай жеке рулар арасында жайлау мен қыстау жерлеріне бөлініс басталды.Қазақтардың көшпелі-жайылымдық шаруашылығының негізгі жүйесі экстенсивті сипатта болды. ХІХ ғасырдың басында қазақтардың шөп шабумен айналыса бастауы мал шаруашылығының тұрақтанып, оның табиғаттың қолайсыз жағдайына қарсыласуына мүмкіндік әперді.
Қазақтардың шекара өңіріндегі орыс елімен сауда байланысының дамуында малдың жекеленген түрлері ерекше мәнге ие болды. Қой саудасы орыс және Орталық Азия көпестері тарапынан жоғары бағаланды. Ірі қара малдан ет, сүт, май өндіріп базарларға шығарып сата бастады. Түйенің көлік ретінде маңызы арта түсті. Бұхарадан Хиуаға бір жолғы жүк тасымалдау жағдайға қарай бір түйеге 35-50 сомнан 100 сомға дейін жетті.
ХІХ ғасырда қазақтардың жер шаруашылығымен айналысуы да кең дами бастады. Ұлы жүз ежелден жер шаруашылығымен айналысатын. ХІХ ғасырдың 30-жылдарында жер шаруашылығымен кедейлерден басқа ауқатты қазақтардың да бір бөлігі айналыса бастады. Жетісуды, Балқаш көлінің және Ертіс өзендерінің жағасын мекендеген қазақтар – бидай, сұлы, арпа егіп, суармалы жүйе арқылы жақсы өнім алатын болған.ХІХ ғасырдың 40 жылдары шекара бойында тұратын Орта жүз қазақтарының бір бөлігі - жатақтар жер шаруашылығымен айналыса бастады. Әсіресе, олар Көкшетау, Ақмола, Баянауыл округі және Сырдария аудандарында байқалды.Жер өңдеу құрал-жабдықтары дөрекі темір кетпен, ағаш, жер тырма және сирек кездесетін темір соқалар болды.Сырдария, Торғай және Ырғыз өзендері жағалауында тұратын қазақтар бау-бақша егумен айналысты. Онда қарбыз, қауын, пияз, сәбіз, асқабақ, жүгері және т.б. көкөніс түрлерін екті.
Қазақтар ертеден балық кәсіпшілігімен, сонымен қатар аң аулаумен де (қасқыр, түлкі, қарсақ т.б) айналысты. Аң терілерін өз қажеттеріне жұмсап және орыс саудагерлеріне сатып отырды. Қазақтардың негізінен кедей бөлігі – жатақтар мен егіншілер балық шаруашылығымен айналысатын, олар балықты ау немесе сүзгіш арқылы ұстады.
Қазақтардың шаруашылығында түрлі қолөнер де ерекше орын алды. Тері өңдеу, оқ-дәрі жасау, ағаш немесе сүйектен, темірден түрлі заттар жасау дами түсті. Әсіресе, киіз үйдің кереге, уық, шаңырағын жасайтын шеберлер ерекше бағаланды. Қазақтар үй шаруашылығына керекті шалғы, соқа, орақ сияқты кейбір заттарды темірден жасаған. Зергерлер күмістен түрлі әшекей бұйымдар жасап отырған. Суық қарудың барлық түрлерін, мылтықты да жасай білген. Қазақ әйелдері текемет, киіз, сырмақ, тұмақтар, тондар, аяқ киім т.б. заттарды керемет жасаған.
Ұсталардың күмістен және теріден жасалған заттары ішкі базарларда сатылып немесе өздерінің шаруашылығына қажетті заттарды көрші елдермен айырбас жасады. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Ресеймен айырбас сауда қатынасы дамыды. Сауданың негізгі тіректері Орынбор, Троицк, Петропавловск бекінісі, Пресногорьковск, Омбы, Семей және Орал болды. Ресейдің қазақтармен сауда қатынасы орыс тілін білетін саудагерлер немесе татар көпестерінің көмегі арқылы жүрді. Ішке тауар әкелу сыртқа тауар шығарудан басым болды. Сыртқа: мал және сүт өнімдері шығарылса, өздеріне қант, темекі, ыдыс-аяқ, шай, дәрі-дәрмек және т.б. заттар алып отырды.
Біртіндеп ішкі сауда дами бастады, бірақ ол негізінен айырбас түрінде болды. Айырбас саудасы тек қана рулар арасында ғана емес қазақ жүздерінің арасында да жүрді, ал кей жерлерде ақшаға да сауда жасалды.Айырбас сауданың дамуы барысында Қазақстанда несие сауда қатынасы кең қанат алды. Көпестер мен Сібір казактары заттарды қазақтарға несиеге әкеліп беріп, көп жағдайда оларды алдап кетіп отырды. Қазақтар арасында арнайы сауда серіктестіктерін құрып, жоғары өсіммен несиеге ақша беріп отырған арнайы саудагерлер де пайда болды.
Ақша-тауар қатынасының дамуы кедей-батрақтардың пайда болуына әкелді. Ақша табуға жұмысқа кеткен көптеген қазақтар балық аулаумен айналысты, шеп бойындағы бай тұрғындарға жалданып түрлі жұмыстар істеді. Қазақтардың тек аз бөлігі ғана тау-кен өндірістерінде (Баянауыл таскөмір өндіру, Қарқаралы қорғасын, т.б.) жұмыс істеді. Шеп бойындағы орыс шаруашылығына жалданған қазақтардың жағдайы өте нашар болды, олар көп жағдайда еңбек ақыларын да дұрыс ала алмай, өз қожайындарының қанауына түсті.
Елдің шаруашылық жағдайының өзгеруі қазақтардың әлеуметтік қарым-қатынасына әсер етпей қоймады. ХVІІІ ғ. аяғы мен ХІХ ғ. басында қазақ қоғамында үстемдік құрушы ру старшындары мен билер болды. Олар елге әдет-ғұрып заңдарын сақтаушы әрі түсіндіруші болып саналды. Билер хандар және сұлтандармен қатар сот істеріне араласып, түскен пайданы бөлісуге, қоғамдық жерлерді біріктіру үрдісіне қатысып отырды.
ХІХ ғасырдың басында ру басшылары мен сұлтандар рудың жақсы қыстауымен және шабындық жерлерін пайдалану құқықтарымен ғана шектелмей жеке иеліктерді де басып алуға кірісті. Жақсы қауымдық жерлерді тартып алумен патша өкіметі де айналысты. Мұның бәрі қазақ руларының дәстүрлі қалыптасқан көшіп-қону жолдарының бұзылуына әкелді, бұл дәстүрлі мал шаруашылығының дағдарысқа ұшырап, жайылымдық жерлердің құлдырап, шаруашылық құрылымының өзгеруіне себеп болды. Қарапайым қазақтар салық төлеуге міндеттелді. Егінді жерлерден «үшір” (жиналған өнімнің 10-нан бір бөлігі) салығын, «зекет» (жиналған малдың 40-шы бөлігі) ханға берілетін болған. ХІХ ғасырға дейін зекет жинау құқығы тек ханда ғана болса, ХІХ ғасырдың 20-жылдарында хандық билік жойылған соң сұлтандар мен билер жинайтын болды. ХІХ ғасырдың І жартысында осы екі салық түрі жиі жиналып тұруы және олар міндетті болды. Оған кейін мал шаруашылығына міндеткерліктер «соғым» және «сыбаға» т.б. сипаттағы салықтар қосылды.
ХІХ ғасырдың І жартысында бай туыстары мен казак-орыстардан, орыс шаруларынан жұмыс іздеуге мәжбүр болған кедейленген қазақтар саны өсті. И.Завалишин: “жатақтар байларға малшы болып жалданды, батрақтар шеп бойындағы казак-орыстарға, шеп бойындағы қалаларда олар тіптен топтарымен бір жапырақ нан үшін жалданып жұмыс істеді”, - деп көрсетеді. Кедей қазақтар атқарған істеріне қарай егіншілер, жатақтар және бақташыларға бөлінді.
Үстемдік етуші топқа мұсылмандықтың өкілдері қожалар мен молдалар да кірді, қожалар өздерін Мұхаммедтен тараған бірінші ұрпақтың тұқымдарымыз деп есептеді. Олар рухани лауазымның өкілдері ретінде салықтан босатылды және тек сұлтандар сотына тартылатын болды.
Мұндай артықшылықтарды тархандар да иеленді. Бұл атақты ХІХ ғасырда олардың мемлекет алдындағы ерекше қызметі үшін Ресей өкіметі мен Ішкі Ордада – хан беретін болды. Алғашқы «тархан» атағын билер Ж.Сегирбаев және Ж.Саламысовқа «Хиуаға жасаған жорықтарда көрсеткен ерекше миссиясы үшін» 1821 әскери губернатор граф Эссен берді. 1743 ж. императрица Елизаветаның жарлығымен «тархан» атағы Жәнібек батырға берілген болатын. «Тархан» атағы жеке және мұрагерлікке берілу мүмкіндігі болды. ХІХ ғасырда «тархандардың» ерекше артықшылықтары болмады, олар тек салықтан босатылды. ХІХ ғасырдың 60-жылдарында тархандар саны 20-дан аспады, тархандар институты жойылу шегінде тұрды.
Қазақ қоғамдық-саяси өмірінде ерекше орынға ие болған топтың бірі батырлар болды. Алғашқыда батырлар тайпалар мен рулардың әскер басшылары болса, кейін жоңғарлармен және Орта Азиялық жаулаушылармен болған күресте батырлардың әлеуметтік рөлі ерекше жоғарылап ру ақсақалдары деңгейіне көтерілді. Ш.Уәлиханов: “Батырлар - қазақтарда рубасы сұлтандардан кейін атақты әрі маңызды адам ... Ол ел арасында ықпалды, берген кеңесі елде әрқашанда салмақты болды”, - деп көрсетеді.
ХІХ ғасырдың ортасында қазақ қоғамында тауар-ақша қатынасына байланысты жаңа әлеуметтік топ - байлар пайда болды. Қазақтардың арасында ірі сауда қатынастарын жүргізетін бірқатар байлар болды. Олар заттарды сатып қана қоймай, басқа адамдарға несиеге өсіммен ақша берді.