
- •1.Қазақстан тарихы курсының пәні мақсаттары және міндеттері
- •2.Қазақстан тарихы пәнін оқудың негізгі әдістері
- •3.Қазақстан тарихы пәні бойынша деректер мен әдебиеттер
- •4.Ежелгі гоминидтердің табиғи өмір сүру жағдайы және ортасы
- •6.Қазақстан мезолит дәуірінде
- •7.Қазақстан мәдениетінің дамуының неолиттік кезеңі
- •8.Қола ғасыры
- •9.Ежелгі сақ тайпалары
- •10.Үйсіндердің саяси және экономикалық тарихы
- •11. Қаңлы мемлекеті
- •12.Көне ғұндар
- •13.Түрік қағанаты
- •14.Батыс түрік қағанаты
- •15.Түргеш қағанаты
- •16.Қарлұқ мемлекеті
- •17. Оғыз мемлекеті
- •18.Кимек қағанаты
- •19.Қарахан мемлекеті
- •20.Қыпшақ хандығы
- •21.Қарақытай мемлекеті
- •22.Найман және керей ұлыстары
- •23.Жалайырлардың мемлекеттік құрылымы
- •24. Моңғол империясының құрылуы және оның Қазақстан мен Орта Азияға жорығы
- •25.Моңғол ұлыстарының құрылуы
- •26.Қазақстан Алтын Орда құрамында
- •27.Моңғол шапқыншылықтарының экономикалық-әлеуметтік және саяси зардаптары
- •28.Алтын Орданың ыдырауы
- •29.Ақ Орда мемлекеті
- •30.Көк Орда мемлекеті
- •31.Моғолстан (xiVғ.Ортасы-xvIғ.Басы)
- •32.Көшпелі өзбек мемлекеті
- •33.Ноғай ордасы
- •34.Сібір хандығы
- •35. «Қазақстан территориясындағы этногенез және этникалық процестер» атты проблема тарихнамасы
- •36.Қазақ халқының шығу тегінің антропологиялық мәселесі
- •37.Қазақстан жеріндегі этникалық процестер
- •38. «Қазақ» этнонимі туралы
- •39.Қазақ халқы қалыптасуының аяқталуы. Жүздердің құрылуы
- •40.Қазақ хандығының құрылуы
- •41.Қазақ хандығының xvIғ.1-ші жартысындағы әлеуметтік-экономикалық эәне саяси жағдайы
- •42. XvIғ.2-ші жартысындағы Қазақ хандығы
- •43. XviІғ.1-ші жартысындағы Қазақ хандығы
- •44. XviІғ.2-ші жартысындағы қазақ-жоңғар қатынастарының ұшығуы
- •45.Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте қазақ батырларының рөлі
- •46. XviіІғ. Басындағы Қазақ мемлекеті
- •Қазақ-башқұрт қатынастарының даму ерекшеліктері:
- •1755 Жылғы қазақ-башқүрт шиеленісі және оның салдарлары:
- •47.Кіші жүздің Ресейге қосылуы. Басқарудың жаңа ережесін ендіру
- •48.Орта жүзде хандық билікті жойғанға дейін әскери-әкімшілік акциялар
- •49.Ресейдің Ұлы жүз территориясын басып алуы
- •50. « XVII-xiXғ.Қазақстанның экономикалық дамуы» атты проблемаға шолу
- •51. XVII-xiXғ бірінші жартысындағы қазақ қоғамының шаруашылығы, әлеуметтік құрылымы
47.Кіші жүздің Ресейге қосылуы. Басқарудың жаңа ережесін ендіру
Ресей империясының айыр басты бүркітіне Қазақстанның бағынуы бір сөзбен айтқанда, 1731 жылдан бастау алады. Бұл Кіші жүздің билеушісі Әбілқайыр ханның Ресей императрицасыАнна Иоанновнадан бодандыққа қабылдап, қамкорлыққа алуын өтінген жылы еді. Әбілқайыр ханның жасаған әрекеті тарихнамада өте қайшылықты бағаланды. Оның жағымсыз жақтары деп: жеке-дара билікті көздеген зымияндық, ол барлық қазақтардың атынан әрекет жасағандықтан, қазақ руларының мүдделерін елемеу; Әбілқайыр мен онын айналасындағылардың құдіретті державаның қамқорлығы арқасында басқа бақталастарынан астамдық алуы аталды. Әбілқайыр бастаған Кіші жүз қазақтарының Ресеймен құжатқа қол қоюын ақтайтын себептер арасында мыналар: сыртқы саяси факторлар — жоңғарлар агрессиясына тойтарыс беру қажеттігі; Иран шаһы Нәдірдің жаулаушылық әрекеттеріне байланысты Қазақстанның оңтүстік шептеріне қауіп төнуі; Орта Азия хандықтарының Оңтүстік Қазақстан жерлеріне сұқтануы; қазақтардың шекаралас жерлеріне башкұрттардың, Еділ қалмақтарының, Жайық қазақтарының, Сібір әскерлерінің жиі-жиі шапкыншылық жасауы аталады. Ішкі және басқа да кейбір факторлар — рулық ақсүйектер мен жергілікті билеушілер сепаратизмін түп-тамырымен жою қажеттігі; бір орталыққа бағынатын мемлекет құру керектігі; қазақ халқының жоңғарлар тарапынан ұзақ уақыт бойы жасалған агрессиядан, хандар, сұлтандар, ақсақалдар арасындағы өзара қырқысқан соғыстардан, сыртқы дүниеден оқшауланудан шаршағандығы; Ресей экспедицияларының қазақ даласына жасаған барлаушылық қызметі мен қалмактар жаулап алған қазақ жерлерінде бекіністер салуы; А.И. Тевкелев, И.И. Неплюев және басқалар арқылы Әбілқайырды орыс бодандығын қабылдауға итермелеген Ресей дипломатиясының кызметі; XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақстанның экономикалық жағдайының қиындығы айтылады.
1731 жылғы 19 ақпанда императрица Анна Иоанновна Әбілқайырханға Кіші жүзді Ресей бодандығына қабылдау туралы сыйлық грамотаға қол қойды. 1731 жылғы 10 қазанда Әбілқайыр ханмен бірге әр рудан өкіл болған 56 адам: арғыннан — 17, найманнан — 7, қыпшақтан — 4, тамадан — 2, жағалбайлыдан — 3, кердеріден - 1, алаштан — 4, байбақтыдан — 2, жаппастан - 2, масқардан — 2, табыннан — 10, шөмекейден — 1, кетеден — 1 адам қол қойып, Ресей тағына ант берді.
Кіші жүз бен Орта жүз ақсақалдары мен сұлтандарының 1740 ж. Орынбор маңында өткен съезі Ресей бодандығының алғашқы нәтижелерін нығайтуға себепші болды. Оған қатысқан Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтан қалыптасқан жағдайды ескере келіп, Ресей бодандығын қабылдауды жақтап, Қазақстанды жоңғарлардың басып кіру қаупінен қорғауға ұмтылды. Кіші жүз бен Орта жүз сұлтандары мен ақсақалдарының 1740 жылғы ант беруі Ресейге Орта жүздің бір бөлігінің ғана бағынғанын көрсетті.
48.Орта жүзде хандық билікті жойғанға дейін әскери-әкімшілік акциялар
. Осы уақытқа дейін қазақ елінің хандық билік түрінде көрінген мемлекеттік дербестігін жоюға даярлық жасап келген патша үкіметі XIX ғасырдың 20-жылдары мұндай мақсатты іске асыруға колайлы жағдай туды деп шешіп, іске кірісіп кетті. Патшалық билік бұл істі алдымен Орта жүзден бастады. Бөкей және Уәли хандар өлген соң, енді қайтып мұнда хан тағайындамау туралы шешім қабылдайды. XIX ғасырдың 20-жылдарының басында Батыс Сібір губернаторлытын баскарған белгілі мемлекет қайраткері М.М.Сперанскийдің басшылығымен «Сібір қазақтары жөніндегі Жарғы» өмірге келді. Бұл заңдық құжат бойынша Орта жүзде хандық билік жойылды. Оның орнын аға сұлтандар басты. Орта жүздің жері жеке әкімшіліктерге бөлініп, «сыртқы округтер» аталып, Омбы облысына қарайтын болды. Сөйтіп, 1822—1838 жылдар аралығында Қарқаралы, Аягөз, Ақмола, Баянауыл, Құсмұрын, Көкпекті, Көкшетау аталған округтер өмірге келді. Оларды басқару округтік приказдарға жүктелді. Оларға сондай-ақ полицейлік және соттық билік те берілді. Приказдың басында үш жыл мерзімге тек сұлтандар ғана сайлай алатын аға сұлтандар тұрды. Приказдың басқарушы аппараты төрт адамнан, яғни бар билікті колдарына ұстаған екі орыс шенеунік заседателі және беделді би мен старшындар сайлайтын екі қазақ заседателінен тұрды. Округтер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді. Болыстық бөлу аумақтық негізде емес, рулық негізде жүрді. Әрбір болыс белгілі бір рудың атымен аталатын болды. Мәселен, Қанжығалы болысы, Қаржас болысы және басқа болыстықтардың жеке әкімшілік ретінде жер көлемі анықталып, қазақ қожалықтарына басқа болысқа өз беттерінше өтуге шектеу қойылды. Бұл сол уақытқа дейін қалыптасқан жайылымды пайдалану жүйесінің бұзылуы еді. «Сібір қазақтары жөніндегі Жарғы» жергілікті әкімшіліктің сайлау арқылы анықталатындығын сырттай болса да сақталғандығын көрсетуге тырысты. Ал шын мәнінде билік орындары жергілікті әкімшілік қызметтерге өзіне тиімді адамдарды ғана жіберіп, тиімсіздерін кейін асыруды, сол сияқты округтік приказдың жұмысын оның құрамындағы орыс шенеуніктері арқылы реттей отырып, приказ аппаратына бекітілген шептік қазақ әскерін пайдаланды. Хандық билікті жойған отаршыл әкімшілік қазақ ақсүйектері мен билеуші тобын өзіне бірден қарсы койып алмау үшін алғашында олармен құйтырқы ойын жүргізді. Округтер мен болыстарды басқаруды міндетті түрде сұлтандарға беріп, бірақ бұл қызметтік орындарды иемдену құқын төре тұқымдарымен қатар өзіне ұнаған «қара» қазақтан шыққан ақсүйектерге де берді. Яғни, сұлтандық мансапты иемденетін кісіні анықтауды патшалық әкімшілік өз қолына алды. Сұлтандарға билік орындарының ісіне араласуға тыйым салынды. Заң аға сұлтан, болыстық сүлтандары және ауыл старшындарын «жергілікті шенеуніктерге» жатқызды. Сот жүйесі де өзгеріске ұшырады. Қазақ ішіндегі аса қауіпті деп саналған мемлекеттік сатқындык, кісі өлтіру, тонаушылық, барымта, сондай-ақ «билік орындарына бағынудан бас тарту» сияқты қылмыстық істер билер соты карамағынан алынып, олар патшалық заңы бойынша округтік приказда қаралатын болды. Ал ұрлық және басқаларды билер соты халықтың әдеттегі құқығы бойынша қарауға тиіс болды. Сонымен бірге билер сотының шешімі арызданушыны қанағаттандырмаса, ол облыстық әкімшілікке арыздануға құқылы болды. Ал бұл мәселені қарауда облыстық басшылық та қазақтың әдеттегі құкын негізге алуға тиістін.