Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих ответыы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
660.99 Кб
Скачать

1755 Жылғы қазақ-башқүрт шиеленісі және оның салдарлары:

1755 жылы башқұрт халқының Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы бағытталған және бір кезекті ірі көтерілісі болып өтті. Ол халықтық қозғалысты Батырша басқарды. Өздеріне жазалау шаралары қолданылғаннан кейін құрамында 50 мыңнан астам адам бap башқұрттар Клші жүздің шекаралас аумағына көшіп барды.

Көтерілісші башқұрттардың жоспары бойынша, олар қазақтармен бұрынғы кездердегі сияқты біріге күш жұмсап, патша әскерлеріне қарсы күреске шығуды армандады. Қазақстанның шегіне көшіп бару башқұрттардың отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді деп ойлады.

Көтерілістің зор ауқымдылығынан және екі халықтың күш біріктіре қарсылық жасауынан қауіптенген патша әкімшілігі оларды бір-бірімен араздастырып, өзара қақтығыстыруға әрекет жасап бақты. Қазақ халқының едәуір бөлігі башқұрт әскери жасақтарының басшысы Батыршаның үндеуін түсіністікпен қабыл алды. Орынборәкімшілігінің тарапынан жасалған қоқан-лоқы қорқытуларға қарамастан, көптеген башқұрттар қазақ даласынан өздеріне баспана тапты.

Қазақтардың бұл көтеріліске жаппай қатысқан кездері де аз болған жоқ. Орынбор өлкесінің губернаторы И.И. Неплюев қазақтардың билеушілеріне көтеріліске қатысқан башқұрттарды ұстап беруді немесе ең болмағанда оларды шекара шебінен асыра қайта қуып шығуды ұсынды. Бұл қызметі үшін олардың дүние-мүлкі мен мал басын тартып алуға рүқсат етті.

Башқұрттардың әйелдері мен балалары қазақтардың қолында қалуы тиіс болды. Ұсынысты қазақтардың Нұралы хан бастаған аз ғана тобы қуана қабыл алды. Қазақтардың тарапынан жасалған жүгенсіз бассыздықтар туралы естіп білген башқұрттар енді кек алуға көше бастады. Атап айтқанда, олар Неплюевтен өздерінің қазақ даласына өтіп, олардан «кек алуына» рұқсат сұрады. Ал Неплюев ресми түрде рұқсат етпегенімен бекініс бастықтарына башқұрттардың Жайық жағына өтіп жатқанын байқамаған болуы жөнінде құпия нұсқау берді.

Ал екі жақ бірін-бірі қырып-жоюға тақалған кезде олардың өзенге жақын келмеуі туралы алдын ала ескерту жасады. Осы мақсатпен ол шекара шебін күзетуді одан сайын«күшейте» түсті.

Көтеріліс езіп-жаншып басылғаннан кейін кейбір қазақ рулары өздерінің араларында башқұрттарды жасырын ұстауды одан әрі жалғастыра берді. Бұл жағдай патша үкіметін генерал-майор А. Тевкелевті қазақ даласына арнайы жіберуге мәжбүр етті. А. Тевкелев қазақтардың қашқын башқұрттарды қызғыштай қорғамай, патша үкіметіне жедел түрде ұстап беруі тиіс екеніне көздерін жеткізуге тырысты.

Тевкелев қазақ старшындарын патша өкіметі билігінің талаптарын орындауға көндіру мақсатымен қорқытып-үркітіп, үрей де тудырды, қымбат бағалы сыйлықтар ұсынып алдауды да шебер пайдалана білді.

Нүралы ханның іс-әрекеттері қазақ-башқұрт қатынастарының одан әрі ушыға түсуіне себеп болып, бірнеше ондаған жыл бойы өзара жорықтар жасалып тұрды. Қазақтар ендігі жерде Жайықтың оң жақ жағалауына және башқұрттардың көшіп-қонып жүретін жерлеріне бұрынғыдай емін-еркін бара алмайтын болды.

XVIII ғасырдың 50-жылдарында жалпы ұзындығы 930 шақырым келетін Ертіс шекаралық шебінің (Омбы, Железинская, Жәмішев, Семей және Өскемен бекіністерінің)құрылысы аяқталған еді. Тап осы кезде Өскемен бекінісінен Кузнецк бекінісіне дейін 723 шақырымға созылатын Колывановская шекара шебінің құрылысы да салына бастаған болатын.

Патша үкіметі қазақ-жоңғар шапқыншылығын пайдалана отырып, қазақ жерлерін ашықтан-ашық одан әрі жаулап алу әрекетіне кірісіп кетті. 1752—1755 жылдары Орта жүз қазақтары жерінің солтүстік аймағында Жаңаесіл шекара шебіндегі әскери бекіністер мен ұсақ-түйек дала бекіністерінің құрылысы жүріп жатты. Ол Үй шекара шебін Ертіс шекара шебімен жалғастырды.

Оның бойында Звериноголовская, Покровская, Николаевская, Лебяжі, Полуденная, Петропавл, Пресновская және Кабанья сияқты бекіністер салынды. Оның жалпы ұзындығы шамамен 540 шақырым болды. Оған едәуір көп әскер күші шоғырландырылды. Бұрынғы доға тәріздес Ескіесіл шекара шебі енді «тігінен түзетіліп», қазақтардың көшіп-қонып жүретін жерінің ішіне қарай 250 шақырым кіріп кетті. Жеке шекаралық шеп «Ащы шеп» деген атауға ие болды. Өйткені оның бойында көптеген суы ащы тұзды көлдер бар еді.

Ескіесіл және Жаңаесіл аталған шекара шептерінің аралығында ежелден бері көшіп-қонып жүрген қазақтар одан күшпен қуып шығарылды. Мұның өзі бұрыннан қалыптасқан көші-қон жүйесін бұзды.

Патша үкіметінің жерді баса-көктеп тартып алуы салдарынан көптеген қазақ рулары дәстүрлі мал жайылымдарынан айырылды. Өйткені ол жерлер жаңадан белгіленген шекаралық шептің «ішкі жағында» қалып қойды. Қазақтардың қарулы қарсылығы басталып кетті.

Бүл оқиғалар XIX ғасырда өмір сүрген зерттеушілердің бірі Н. Петропавловскийдің еңбегінде жеткілікті дәрежеде жан-жақты суреттелген:

.Жаңа шекара шебі жаңадан басып алынған жерлерді оның күні кешегі заңды иелерінен, яғни казақтардан қорғау үшін патша үкіметіне қызмет етті. Бір жағынан, жоңғарлармен, екінші жағынан, башқұрттармен жанталаса күрес жүргізген қазақтардың патша үкіметінің жерді тартып алу экспансиясына ұйымдасқан түрде қатты қарсылық көрсетуге мұршасы келмеді.

Жаңаесіл шекара шебінің құрылысы аяқталғаннан кейін қазақтардың шекарадан ішкі жаққа өтуіне бұрынғыдан да бетер қатаң тыйым салынды.

Жоңғарлар талқандалғаннан кейін қазақ сұлтандары мен старшындары Ертіс өзенінің оң жақ жағалауына көшіп бару үшін белсене әрекет етіп бакты. Алайда жергілікті аймақтың өкімет билігі тарапынан ашықтан-ашық қатты қарсылыққа душар болды, 1755 жылы патша үкіметі Орта жүз қазақтарының Ертістін оң жақ жағалауына өтуіне қатаң тыйым салды. Одан соң қазақтардың бекініске 10 шақырымға дейін жақындауына да рұқсат етілмеді.

1765 жылы Сібір шекара шебінің командашысы генерал-поручик И. Шпрингер Ертістің далалық бетінде ені 10 шақырым келетін алқап белгілеп, ол аймаққа қазақтарды жолатпауға бұйрық берді. Сондай-ақ қазақтардың Ресей әскери бекіністеріне 30 шақырымнан жақын баруына тыйым салынды. Қазақтардың Ертістің оң жақ бетіне өз бетінше өтуінің қандай түрі болса да әскери күш қолдана отырып, қайтадан еріксіз қуып жіберуімен аяқталатын.

Тек 1771 жылы ғана қазақ хандары мен сұлтандарының қайта-қайта өтініп сұрауы бойынша Сұлтанбет және Орыс сұлтандар басқаратын Ертіс бойы қазақтарының Ертіс өзенінің оң жақ бетінде көшіп-қонып жүруіне рұқсат етілді. Соның өзінде де тек қысқы мезгілде уақытша мерзім негізінде көшіп баруына рұқсат алды. Қазақтар аманат беріп тұруға міндетті болды. Ертістің оң жақ жағалауына тек «сенімді деген далалықтардың» өтуіне рұқсат етілді.