
- •1.Қазақстан тарихы курсының пәні мақсаттары және міндеттері
- •2.Қазақстан тарихы пәнін оқудың негізгі әдістері
- •3.Қазақстан тарихы пәні бойынша деректер мен әдебиеттер
- •4.Ежелгі гоминидтердің табиғи өмір сүру жағдайы және ортасы
- •6.Қазақстан мезолит дәуірінде
- •7.Қазақстан мәдениетінің дамуының неолиттік кезеңі
- •8.Қола ғасыры
- •9.Ежелгі сақ тайпалары
- •10.Үйсіндердің саяси және экономикалық тарихы
- •11. Қаңлы мемлекеті
- •12.Көне ғұндар
- •13.Түрік қағанаты
- •14.Батыс түрік қағанаты
- •15.Түргеш қағанаты
- •16.Қарлұқ мемлекеті
- •17. Оғыз мемлекеті
- •18.Кимек қағанаты
- •19.Қарахан мемлекеті
- •20.Қыпшақ хандығы
- •21.Қарақытай мемлекеті
- •22.Найман және керей ұлыстары
- •23.Жалайырлардың мемлекеттік құрылымы
- •24. Моңғол империясының құрылуы және оның Қазақстан мен Орта Азияға жорығы
- •25.Моңғол ұлыстарының құрылуы
- •26.Қазақстан Алтын Орда құрамында
- •27.Моңғол шапқыншылықтарының экономикалық-әлеуметтік және саяси зардаптары
- •28.Алтын Орданың ыдырауы
- •29.Ақ Орда мемлекеті
- •30.Көк Орда мемлекеті
- •31.Моғолстан (xiVғ.Ортасы-xvIғ.Басы)
- •32.Көшпелі өзбек мемлекеті
- •33.Ноғай ордасы
- •34.Сібір хандығы
- •35. «Қазақстан территориясындағы этногенез және этникалық процестер» атты проблема тарихнамасы
- •36.Қазақ халқының шығу тегінің антропологиялық мәселесі
- •37.Қазақстан жеріндегі этникалық процестер
- •38. «Қазақ» этнонимі туралы
- •39.Қазақ халқы қалыптасуының аяқталуы. Жүздердің құрылуы
- •40.Қазақ хандығының құрылуы
- •41.Қазақ хандығының xvIғ.1-ші жартысындағы әлеуметтік-экономикалық эәне саяси жағдайы
- •42. XvIғ.2-ші жартысындағы Қазақ хандығы
- •43. XviІғ.1-ші жартысындағы Қазақ хандығы
- •44. XviІғ.2-ші жартысындағы қазақ-жоңғар қатынастарының ұшығуы
- •45.Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте қазақ батырларының рөлі
- •46. XviіІғ. Басындағы Қазақ мемлекеті
- •Қазақ-башқұрт қатынастарының даму ерекшеліктері:
- •1755 Жылғы қазақ-башқүрт шиеленісі және оның салдарлары:
- •47.Кіші жүздің Ресейге қосылуы. Басқарудың жаңа ережесін ендіру
- •48.Орта жүзде хандық билікті жойғанға дейін әскери-әкімшілік акциялар
- •49.Ресейдің Ұлы жүз территориясын басып алуы
- •50. « XVII-xiXғ.Қазақстанның экономикалық дамуы» атты проблемаға шолу
- •51. XVII-xiXғ бірінші жартысындағы қазақ қоғамының шаруашылығы, әлеуметтік құрылымы
33.Ноғай ордасы
Алтын Орданың ыдырауы,Ақ Орданың әлсіреуі барысында Қазақстанның Солтүстік –батысында Ноғай ордасы құрылды.Ноғай орданың алғашқы аумағы Еділ мен Жайық өзендерінің арасы Орданың негізгі халқының құрамы маңғыттар болды.Олармен бірге қоңрат,найман,арғын,қаңлы,алшын,қыпшық,тама т.б түркі тілдес тайпалар болды.Ноғай Ордасының Алтын Орда әскерінің қолбасшысы Ноғайдың есімімен аталған.Бірак Ноғайдын кейін бұл ел ешбір тарихи деректерге ұлыстық дарежеде кездеспейді.Тек 14ғ соңғы кезінде Едігенің уакытында Ноғайлардың аты шыға бастайды.Едіге Ноғай елін Алтын Ордадан оқшаулата бастайды.Едігенің баласы Нұраддиннің кезінде (1426-40) Ноғай ордасы өз алдына жеке мемлекет болып Алтын Ордадан бөлініп шығады.Орталығы Сарайшық қаласы болған.Едіге негізінен Алтын Ордада хандардың кеңесшісі болған.Едіге 14ғ 90жылдарында Тоқтамыс ханмен үздіксіз соғысумен болады.Оның басты себебі біріншіден билік үшін күрессе екіншіден Ноғай Ордасының беделін көтерп шекарасын ұлғайту үшін соғысады.Едіге Алтын Ордада Темір Құтлық ханның кезінде беделі бик болып оның кеңесшісі болады ж/е оған аға-әмір-беклір бек деген атақты береді.Бірақ Темір Құтлықтың баласы Темір ханның кезінде Едіге мен арада қарама қайшылық туады.Екеуінің арасында соғыстар болады.Едіге Тоқтамыстың ұрпақтарымен үздіксіз соғысуы нәтижесінде, Тоқтамыстың Қадырберді деген баласымен соғыста Едіге қайтыс болады. Кейбір деректерде 1419 жылы қаза болған дейді. Осыларға қарап отырып Едігенің ел билеуге уақыты да болмағанын көреміз. Едіге қайтыс болған соң орнына Ғази бек болады. Ол бірақ өте қатал болғандықтан оны 1428 жылы әмірлер өлтіреді. Маңғыт елі біраз нашарлап, Едігенің балалары жан жақа бытырап кетеді. Осы кезде билікке Едігенің кіші ұлы Нұраддин келеді. Ьіне осы кезде және Нұраддиннің баласы Уақас бидің кезінде Ноғай ордасы болып толық бекінді. Уақас биден кейін оның бауыры Аббас Ноғай ордасының бегі болады. Мұның кезінде 1446 жылы Сырдария бойындағы қалалар алынып ол Үзгент қаласында билік жүргізген. Орда өмірінде Мұса мырза Жанбыршы бидің атқарған қызметтері зор болған. 16 ғ 2- жартысында Ноғай ордасы ыдырай бастайды. 1550жылы Қазан, Астрахан хандықтары Ресейге қосылуына байланысты Ноғай ордасы бірнеше иелікттерге болініп кетеді. Ыдырау кезінде халқының біраз болігі Кіші жүздің құрамына енген. Ал тағы бір болігі Ресейге қосылып кетеді. Осылайша Маңғыт елі тарих бетінен жоғалды
34.Сібір хандығы
Сібір хандығы — 15 ғасырда Батыс Сібірде құрылған феодалдық мемлекет. Алтын Орданың құлдырауынан және одан Шайбаниұлысының бөлініп шығуынан пайда болған хандық. Сібір ханы Көшім.XIII-XV ғасырлардағы Батыс Сібір. Сібірдің жерінде біршама түрік тайпалары мекен етті. Батыс Сібір алдымен Жошы ұлысына, кейінненШайбани хандығына қарайды. Батыс Сібірдің орталығы – Тұра қаласы. 1428 жылы Батыс Сібірді Әбілқайыр басып алды.Көшім тұсындағы Сібір хандығы. Территориясы: Батыс Сібір, Орал өңірі, Ертіс, Тобыл өзендерінің алабы. Құрамындағы тайпалар: керей, қыпшақ, найман, арғын, жалайыр, ханты, мансы т. б.Астанасы: Искер қаласы.1563 жылы хан тағына Көшім отырды. Алты ұл тайпасынан шыққан Көшім 1510 жылы Ноғай ордасында дүниеге келген. Ол 1555 жылы Сібірде билік жүргізген Тайбұғанмен соғысып, оны жеңеді.Экономикасы мен мәдениеті. Көшімнің кезінде Сібір хандығында көптеген қамалдар мен бекіністер, ғимараттар салынады. Көшімнің тұсында Сібір халқы ислам дінін қабылдайды. Сібір хандығында, негізінен, сауда мен аңшылық дамыды.Саяси құрылысы. Жоғарғы билеуші – хан, хан кеңесі – диван, кеңесшілер – аталықтар, уәзірлер – қараша Сібір-Ресей қатынасы. Сібір ханы Көшім Ресейдің шығысқа қарай ұмтылуына кедергі жасауға тырысты.1574–1575 жылдары сібірге барлауға жіберілген Иван Грозныйдың отрядын Көшім хан қырып тастайды.1582 жылы Көшім әскерлері атаман Ермактың отрядынан жеңіледі.1582 жылдың күзінде атаман Ермак 600-ге жуық казагымен Искер қаласына шабуыл жасайды. Көшім әскері жақсы қаруланған Ермак отрядынан жеңіледі.1584 жылы Көшімнің адамдары Ермакты өлтіреді.1598 жылы орыс әскерлеріне қарсы ұйымдастырылған шайқаста Көшім жеңіліп, Шығыс Қазақстан жеріне қашады. Сібір хандығы осылай Ресей империясының құрамына кіреді.Осылайша Қазан хандығы орыс әскерлерінің шабулы нәтижесінеде Ресей империясының құрамына кіреді. Тарихшы ғалым, академик Манаш Қозыбаев марқұм 1992 жылы тұңғыш рет өткен Дүниежүзі қазақтарының Құрылтай жиынында сөз сөйлеп: «Орыс елі Қазақияны 1731 жылдан емес, 1580 жылдан бастап шапты. Өйткені, Жармақ жаулап алған Ібір-Сібір жұртының халқы негізінен қыпшақ, арғын, найман, керей, жалайыр, т.б. тайпалардан құралған. Осы кезде этнос болып қалыптасқан башқұрт, бұлғар, өзбек, қарақалпақ, қазақ халықтарының құрамына ғалым Р.Күзекованың деректері бойынша 100- ден аса біртекті ру-тайпалар енген. Бұлардың бір шеті сол Ібір-Сібір жұртынан басталатын. Ендеше Қазақ елінің Ресейлік отарлықСібір хандығының астанасы – Ескер бұғауына іліге бастағанына 400 жылдан асты» десе, тарихшы ғалым Керейхан Аманжолов, «орыстар Қазақ елін бодандыққа алуы 1731 жылдан емес, 1580-жылдары Сібірді жаулау кезінен басталды. Өйткені, Ібір- Сібір жұртының халқы, негізінен, қыпшақ, арғын, керей, найман, жалайырдан құралғанын еді», дейді. («Түркі халықтарының тарихы» Алматы, 1999 ж. 10-б).Сол сияқты орыстың географиялық Қоғамының негізін қалаушылардың бірі белгілі ғалым А.Лепшин 1832 жылы жарық көрген «Тарихи хабарлар» атты еңбегінде Сібір хандығының негізін қалаған орта жүздің қыпшақ және арғын рулары еді, деп жазады.Сібір хандығы 1420 жылға дейін «Түмен хандығы» деп аталған. Хандықтың территориясы үлкен болғанымен тұрғындар саны ХVІ ғасырдың ортасында 30500 адам шамасында болған. Қазан құлағаннан кейін 1555 жылы Сібір ханы Едігер (Тайбұғы тайпасынан) Мәскеу княздігінің боданды- ғын қабылдады. Бірақ, 1563 жылы Көшім хан билікті қолға алған кезден бастап, бодандықтан бас тартып, орыспен қарым-қатынасын бірден үзіп тастады.Көшім хан 1569 жылы орыс патшасы Иван Грозныйға «Сенің билігің бізге жүрмейді, тату тұрғың келмесе, тұрысатын жеріңді айт…», деп хат жолдағаны жайлы дерек орыс зерттеушісі П.Небольсиннің еңбегінде айтылады.Орыс жазбаларында Көшім хандығын «Ертіс хандығы» деп те атаған. Астанасы Ескер (Ескі жер) қаласы Ертіс өзенінің оң жағалауында Тобыл қаласынан 16 шақырым жерде ХІІІ ғасырда бой көтерген. Бұл өлке қазір Ресейдің Түмен облысына қарайды.Көшім немесе Сібір хандығының құрамына қазіргі Батыс Сібір мен Солтүстік Қазақстан өлкесі енген. Хандық Қазақ және Ноғай ордаларымен қарым- қатынаста болған. Қыз беріп, қыз алысқан. Көшімнің үлкен ұлы Әли ноғай нояны Дін-Ахметтің қызын алса, өз қызын тағы бір ноғай ханзадасы Ақмырзаға берген.Көшімнің хандығы жайлы Протауз және Эфрон құрастырған Энцик- лопедиялық сөздікте: «Көшім Сібірде 1563 жылы хандығын орнатты. Ертіс, Тобылдың бүкіл аумағын биледі» делінсе, орыс тарихшысы А.Оксенов: «Ескер қаласының бас мешітінде Көшімді ақ киізге көтеріп хан сайлады. Хандығының белгісі ретінде алтын, күміс монеталар құйды. Ол Түмен мен Сібір ханы болып жарияланды» дейді (А.Оксенов «Ермакка дейінгі Сібір патшалғы» 26- бет)