
- •1.Қазақстан тарихы курсының пәні мақсаттары және міндеттері
- •2.Қазақстан тарихы пәнін оқудың негізгі әдістері
- •3.Қазақстан тарихы пәні бойынша деректер мен әдебиеттер
- •4.Ежелгі гоминидтердің табиғи өмір сүру жағдайы және ортасы
- •6.Қазақстан мезолит дәуірінде
- •7.Қазақстан мәдениетінің дамуының неолиттік кезеңі
- •8.Қола ғасыры
- •9.Ежелгі сақ тайпалары
- •10.Үйсіндердің саяси және экономикалық тарихы
- •11. Қаңлы мемлекеті
- •12.Көне ғұндар
- •13.Түрік қағанаты
- •14.Батыс түрік қағанаты
- •15.Түргеш қағанаты
- •16.Қарлұқ мемлекеті
- •17. Оғыз мемлекеті
- •18.Кимек қағанаты
- •19.Қарахан мемлекеті
- •20.Қыпшақ хандығы
- •21.Қарақытай мемлекеті
- •22.Найман және керей ұлыстары
- •23.Жалайырлардың мемлекеттік құрылымы
- •24. Моңғол империясының құрылуы және оның Қазақстан мен Орта Азияға жорығы
- •25.Моңғол ұлыстарының құрылуы
- •26.Қазақстан Алтын Орда құрамында
- •27.Моңғол шапқыншылықтарының экономикалық-әлеуметтік және саяси зардаптары
- •28.Алтын Орданың ыдырауы
- •29.Ақ Орда мемлекеті
- •30.Көк Орда мемлекеті
- •31.Моғолстан (xiVғ.Ортасы-xvIғ.Басы)
- •32.Көшпелі өзбек мемлекеті
- •33.Ноғай ордасы
- •34.Сібір хандығы
- •35. «Қазақстан территориясындағы этногенез және этникалық процестер» атты проблема тарихнамасы
- •36.Қазақ халқының шығу тегінің антропологиялық мәселесі
- •37.Қазақстан жеріндегі этникалық процестер
- •38. «Қазақ» этнонимі туралы
- •39.Қазақ халқы қалыптасуының аяқталуы. Жүздердің құрылуы
- •40.Қазақ хандығының құрылуы
- •41.Қазақ хандығының xvIғ.1-ші жартысындағы әлеуметтік-экономикалық эәне саяси жағдайы
- •42. XvIғ.2-ші жартысындағы Қазақ хандығы
- •43. XviІғ.1-ші жартысындағы Қазақ хандығы
- •44. XviІғ.2-ші жартысындағы қазақ-жоңғар қатынастарының ұшығуы
- •45.Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте қазақ батырларының рөлі
- •46. XviіІғ. Басындағы Қазақ мемлекеті
- •Қазақ-башқұрт қатынастарының даму ерекшеліктері:
- •1755 Жылғы қазақ-башқүрт шиеленісі және оның салдарлары:
- •47.Кіші жүздің Ресейге қосылуы. Басқарудың жаңа ережесін ендіру
- •48.Орта жүзде хандық билікті жойғанға дейін әскери-әкімшілік акциялар
- •49.Ресейдің Ұлы жүз территориясын басып алуы
- •50. « XVII-xiXғ.Қазақстанның экономикалық дамуы» атты проблемаға шолу
- •51. XVII-xiXғ бірінші жартысындағы қазақ қоғамының шаруашылығы, әлеуметтік құрылымы
31.Моғолстан (xiVғ.Ортасы-xvIғ.Басы)
Моғолыстан 14ғ ортасымен 15ғ аяғы аралығында өмір сүрген.14ғ ортасында Шағатай ұлысы ыдырып екі бөлікке бөлінді.Шағатай ұлысының шығыс бөлігі-Оңтүстік Шығыс Қазақстан мен Қырғыстын аумағында Моғолыстан мемлекеті құрылды.Мемлекетті Шағатай ханға адал қызымет еткен дулат тайпасының әміршісі Поладшы басқарған.Бірак ол хан болуға құқы болмағандықтан,Шағатай ұрпағы Тоғылық-Темірді 1348ж хан етіп сайлайды.Тоғылық-Темір билікке саяси тұрақсыздық орнаған кезде келді.Бірак жағдайды біршама тұрақтандырып,Моғолыстанның бүкіл аймағын өз билігіне біріктірді.Ордасы Алмалық қаласы болды.Исламды мемлекеттік дін ретінде қабылдайды.Тоғылық-Темір өзінің билігн Мәуренахрға да жүргзбек болды.Өзінің сыртқы саясатында Шағатай ұлтының кезінде орныққан Орта Аэия жеріндегі билікті қалпына келтіруді көэдейді.1360-1361 жылдары Мәуреннахрға сатті жорықтар жасап,баласы ілияс Қожаны Мәуреннахрдың билеушісі етеді.Алайда Тоғылық-Темір қайтыс болады.Ілияс Қожа мұрагерлік құқын реттеу ушін Моғолыстанға оралады.Осы кезде Әмір Темір Мәуренахрда өз билігн орнату үшін Ілияс Қожаға қарсы шығады.Арасында бірнеше соғыстар болып Моғол ханы жеңіледі.Ақыры 1365ж 22 маусымында шешуші шайқаста Ілияс Қожа жеңеді.Одан кейн билікке Тогылық Темірдің соңғы ұрпағы Қызыр Қожа келеді.Бірақ осы кездері Әмір Темір бұларға жорықтар жасайды.Алғашқы жорық 1371-1372ж болды.Екіншісі 1375-1377ж болды.1380-90 жылдарында тағыда бірнеше рет жорық жасаған.Сонымен Әмір Темірдің шабуылдарынан әбден титығы жеткен Моғол хандығы мүлде әлсірейді.Қызыр Қожа Темірге өзінің тәуелділігін мойындайды.1405ж Темір қайтыс болған соң,Қызыр Қожаның ұлы Мұхаммед кезінде (1408-1410)тәуелсіздікке қол жеткізеді.Мұхаммед олген соң Моғолыстанда талстар қайтадан басталады.Моғол шонжарлары Қызыр Қожаның екінші немересі Уәйісті хан тағына отырғызады.1428ж Уәйіс қайтыс болған соңда талас-тартыс басылмыйды.Хандық үшін талас Уәйіс ханның екі ұлы Есенбұға мен Жүніс арасында жүреді.Дулат әмірлерінің қолдауымен Есен-бұға 1433-62ж хан тағына отырады.Бірақ Жүніс таласын тоқтатпайды.Ол Темір ұрпағы Әбу Саидтан комек сұрайды.1462ж Есен Бұға қайтыс болған соң Жүніс Моғолыстанға оралып өзін хан етіп жариялайды.Моғолыстан хандығы Жүністің немересі Абд-ар-Рашид ханның кезінде ыдырай бастайды.Ол Жетісу аймағы Қазақ ханығының құрамына енеді.Сонымен Моғолыстан тарих бетінен жойылады.
32.Көшпелі өзбек мемлекеті
20- жылдарында Ақ орданың ыдырауына байланысты Жошы әлеттерінің арасында феодалдық қырқыс басталды. Қазақстанның орталық, батыс, солт.батыс аудандарында тәуелсіз иеліктер пайда болды. Осы иеліктердің бірі Әбілқайыр хандығы. Билеушісі Әбілқайыр Жошы ханның 5- ші ұлы Шайбанидің ұрпағы. Әбілқайыр жастайынан жетім қалып, Жұмадық ханның қолында өскен. Әбілқайыр 17 жасында яғни 1428 ж 200 ден астам ақсүйектердің қолдауымен хан болады.Тарихи жазба деректерде жаңа құрылған хандықтың атауы «Өзбек ұлысы», «Шайбани ұлысы», «Әбілқайыр хандығы » деп аталады. Әбілқайыр өзі 40 жыл билік еткен соң хандықты Әбілқайыр хандығы деп аталады. Хандық 92 баулы ру- тайпадан тұрған. Әбілқайр хан жас болсада жалғыз қзі елді дамытуға коп күш салады. Алдымен өзінің қарсыласы Махмұд- Қожа ханды жеңеді. 15 ғасырдың 40- жылдары Балқаш өңірінің терістік батысын өз иелігіне қосады. 1431 жылы Тоқа- Темір ұрпақтарына қарсы соғыста Әбілқайыр жеңіске жетеді. Одан кейін Батый ханның астанасы болған Орда – Базарды жаулап алып өзінің астанасы етеді. Әбілқайыр хан 1446 жылы Атбасар маңында Мұстафа ханды тас талқан етіп жеңеді. Бұл жеңістің нәтижесінде ол Қаратау аймағындағы Сығанақ, Созақ, Аққорғна, Аркөк, Үзкент сияқты маңызды қалаларды басып алады. Осыдан бастап хандықтың астанасын Сығанақ қаласы етіп бекітеді. Қаланың орналасқан жері Орта Азия мен Дешті Қыпшақ арасындағы тоғыз жолдың торабы еді.Әбілқайыр ханның ендігі алға қойған мақсаты ОРта Азияның атақты қалаларын басып алу болса, одан соң Жетісудағы Моғолстанға шабуыл жасау еді. Ханның бұл ойы 1446 жылы Самарқанды алумен іске аса бастайды.Алайды бұл ұзаққа созылмайды , Хандықтың ішінде алауыздықтар кобейіп кетеді. Халқының арасында әлеуметтік- экономикалық теңсіздік шиеленісе түседі. Ұрыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек ашық қарсылық корсетпесе де іштей Әбілқайырды қолдаған жоқ.Әбілқайыр 1456-145- ж.ж. Сығанақ түбінде Үз- Темір тайшы бастаған ойраттардан жеңіліп қалады. Хан бұл аймақты тастап Дешті Қыпшақ жеріне кетуге мәжбүр болған. Әбілқайыр жеңілістің себебін ішкі алауыздықтар мен қайшылықтарлың шиеленісуінен көріп, мемлекетті күшті қылуды қарастырады. Өзі күмәнданған ақсүйектерді жазалайды. Бұл одон сайын наразылықты туғызып Керей мен Жәнібек Жетісуға кошіп кетеді. Әбілқайыр оларды жазаламақ болып 1468 жылы Моғолстанға жорыққа аттанады. Жорық кезінде Әбілқайыр Алматы маңындағы Аққыстауда қайтыс болады. Хандық мүлде әлсіреп ыдырай бастайды. Халқының бір бөлігі Орта Азияға кетсе, бір бөлігі Қазақ хандығына қосыоады. Нәтижесінде Көшпелі Өзбек мемлекеті тарих сахынасынан жоғалады.