Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих ответыы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
660.99 Кб
Скачать

22.Найман және керей ұлыстары

Казақстан жеріндегі ертеден келе жатқан тайпалар -Жалайыр, Найман мен Керейт. Найман тайпалар одағы /түрікше "сегіз тайпа одағы"/ VIII ғасырдың орта шенінде Жоғарғы Ертіс пен Орхон аралығында пайда болып, Ханғайдан Тарбағатайға дейінгі жерлерді алып жатты.

Найманның батыстағы көршісі Ертіс өзені бойында тұрған қаңлылар, ал солтүстігінде - қырғыздар, шығысында -Тола алқабын, Орхонның орта ағысы және оң жак бетін алып жатқан меркіттер мен керейттер болды. Алайда, бұл қоныстар тұрақты болмады, өзара талас-тартыс, соғыс пен шапқыншылықтар барысында тайпалар бір жерге тұрақтай алмай, жаңа жерлерге көшіп отырды. Өйткені наймандарда олармен көрші керейттер де көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Наймандар мен керейттер /керейлер/ 2 мыңыншы жылдықтың басында Қазақстан жеріндегі этникалық-генетикалық процестерде белгілі рөл атқарды. Наймандар мен керейлерде ертедегі феодалдық қатынастардың орнығуы ұлыстардың құрылуымен қатар жүрді. "Ұлыс" деген сөз ол кезде "халық" деген ұғымды білдірді, әрбір ұлыс белгілі бір жерлерді алып жатты. Оны белгілі бір рудың, өкілі, хан басқарды. Хан ордасы ұлыстың өздеріне меншікті жазғы жайылымы, қысқы қыстауы болып, әскері - ондық, жүздік, мыңдық, түмендерге бөлінді.

Наймандар мен керейлер XII ғасырда іс жүргізуде ұйғыр жазуын пайдаланған. Ханның "алтын мөрі" болып, онымен қажетті құжаттарды куәландырып отырған. 1206 жылы Шыңғысхан Алтайдағы Күшлікхан бастаған наймандарға қатты соққы берді. Бұдан кейін наймандардың бір бөлігі Алтайдан Жетісу жеріне ойысты, ал екінші бір бөлігі Шығыс Қазақстанда қалып қойды. Осы кезде Жетісу жерінде қара-қытайдың әскерлеріне Хорезм шахы Мұхаммед шабуыл жасап соққы берді, ал қалғандарын 1213 жылы Күшлікхан басқарған наймандар жаулап алды. Қарақытай әскерлері талқандалып жеңілген кезде, олардан ұйғырлар бөлініп шықты. Осыдан кейін Карақытай мемлекеті құлады. Хорезмшах наймандардың шабуылынан қорқып, оларға Сырдария өзеніне дейінгі жерлерді — Сайрам, Ташкент және Ферғананың солтүстік бөлігін бөліп берді. 1218 жылы моңғолдар Жетісу жеріндегі наймандарды талкандап жеңді. Қашып шыққан Күшлікті олар ұстап алып Бадахшанда өлтірді. Бүкіл Шығыс Түркістан мен Жетісу жерлері монғолдардың қол астына көшті.

Керейттер туралы жазба деректердегі ең ерте мәліметтер X ғасырдың, бас кезіне жатады. Керейттер конфедерациясының этникалық құрамы бір текті болмаған. Ол түрік тілді және моңғол тілді жұрттан құралады. Керейттердің батысында - наймандар, солтүстігінде - меркіттер, шығысында -татарлар, оңтүстігінде - таңғұттар мекендеген. Керейт тайпалары көсемдерінің екі ордасы болған. Солтүстік ордасы - Орхон өзені бойындағы Қатынбалық қаласы, ал оңтүстік ордасы Хуанке өзенінің бұрылысының теріскейінде тұрған. Орхондағы бас орда өте қолайлы жерде, сауда жолының аса маңызды бөлігінде орналасқан. Сол себепті ол көршілес және алыс елдерден келетін көпестер, сол сияқты миссионерлер жиналатын орынға айналған. 1007 жылы керейттер наймандармен бірге христиан дінінің несторияндық тармағын қабылдайды. Керейттер белгілі дәрежеде ұйғыр мәдениетінің ықпалында болған.

XII ғасырдың 50-ші жылдары керейттерде Мырғыз хан билік жүргізді. Кейін ол қытайлар қолына түсіп өлтірілген. Одан кейін елді Бүйрек хан биледі. 1171 жылы хан тағы оның баласы Тоғырылға көшті. Тоғырылхан тұсында Керейттер ұлысы солтүстікте -Селенганың жоғарғы бойынан, оңтүстікте - Хуанкеге дейінгі, батыста - Хангай тауынан, шығыста - Халкин Голге дейінге жерлерді еркін жайлаған. Керейттер найман, қаңлы, ұйғыр, меркіт, монғол, қарақытай, таңғұттармен тығыз саяси және этникалық-мәдени байланыс жасап тұрған. Тоғырылханның бай жиһазды сарайында дала тайпаларының болашақ билеушілері - Темучин (Шынғысхан) мен Жамуха - тәрбие алып, саяси және елшілік өмірден хабардар болады. Керейттер билеушісі Тоғырылхан сарай қызметіне қаңлы ақсүйектерінің өкілдерін кеңінен тартқан. Керейттер мен наймандар әлеуметтік-саяси дамудың бір денгейінде тұрған. Олар дербес мемлекеттік құрылым-ұлыстар болып ұйымдасады. Әрбір ұлыстың өз территориясы болған. Оның шекарасының ең маңызды жерлері күзетке алынып отырған. Ұлыстарда хан қосының басқару органдары, әскері мен жасауылы бар басқару аппараты жұмыс істеген. Наймандар мен керейттерде кәдуілгі хұқ низамы қолданылған. Қоғамның таңдаулы тобына қызмет орындары мұра болып берілген.

XII ғасырдың аяқ кезінде Темучиннің әскерлері татарларды талқандағаннан кейін 1203 жылы керейттерді бағындырады.