
- •1.Қазақстан тарихы курсының пәні мақсаттары және міндеттері
- •2.Қазақстан тарихы пәнін оқудың негізгі әдістері
- •3.Қазақстан тарихы пәні бойынша деректер мен әдебиеттер
- •4.Ежелгі гоминидтердің табиғи өмір сүру жағдайы және ортасы
- •6.Қазақстан мезолит дәуірінде
- •7.Қазақстан мәдениетінің дамуының неолиттік кезеңі
- •8.Қола ғасыры
- •9.Ежелгі сақ тайпалары
- •10.Үйсіндердің саяси және экономикалық тарихы
- •11. Қаңлы мемлекеті
- •12.Көне ғұндар
- •13.Түрік қағанаты
- •14.Батыс түрік қағанаты
- •15.Түргеш қағанаты
- •16.Қарлұқ мемлекеті
- •17. Оғыз мемлекеті
- •18.Кимек қағанаты
- •19.Қарахан мемлекеті
- •20.Қыпшақ хандығы
- •21.Қарақытай мемлекеті
- •22.Найман және керей ұлыстары
- •23.Жалайырлардың мемлекеттік құрылымы
- •24. Моңғол империясының құрылуы және оның Қазақстан мен Орта Азияға жорығы
- •25.Моңғол ұлыстарының құрылуы
- •26.Қазақстан Алтын Орда құрамында
- •27.Моңғол шапқыншылықтарының экономикалық-әлеуметтік және саяси зардаптары
- •28.Алтын Орданың ыдырауы
- •29.Ақ Орда мемлекеті
- •30.Көк Орда мемлекеті
- •31.Моғолстан (xiVғ.Ортасы-xvIғ.Басы)
- •32.Көшпелі өзбек мемлекеті
- •33.Ноғай ордасы
- •34.Сібір хандығы
- •35. «Қазақстан территориясындағы этногенез және этникалық процестер» атты проблема тарихнамасы
- •36.Қазақ халқының шығу тегінің антропологиялық мәселесі
- •37.Қазақстан жеріндегі этникалық процестер
- •38. «Қазақ» этнонимі туралы
- •39.Қазақ халқы қалыптасуының аяқталуы. Жүздердің құрылуы
- •40.Қазақ хандығының құрылуы
- •41.Қазақ хандығының xvIғ.1-ші жартысындағы әлеуметтік-экономикалық эәне саяси жағдайы
- •42. XvIғ.2-ші жартысындағы Қазақ хандығы
- •43. XviІғ.1-ші жартысындағы Қазақ хандығы
- •44. XviІғ.2-ші жартысындағы қазақ-жоңғар қатынастарының ұшығуы
- •45.Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте қазақ батырларының рөлі
- •46. XviіІғ. Басындағы Қазақ мемлекеті
- •Қазақ-башқұрт қатынастарының даму ерекшеліктері:
- •1755 Жылғы қазақ-башқүрт шиеленісі және оның салдарлары:
- •47.Кіші жүздің Ресейге қосылуы. Басқарудың жаңа ережесін ендіру
- •48.Орта жүзде хандық билікті жойғанға дейін әскери-әкімшілік акциялар
- •49.Ресейдің Ұлы жүз территориясын басып алуы
- •50. « XVII-xiXғ.Қазақстанның экономикалық дамуы» атты проблемаға шолу
- •51. XVII-xiXғ бірінші жартысындағы қазақ қоғамының шаруашылығы, әлеуметтік құрылымы
20.Қыпшақ хандығы
Қыпшақ мемелекетінің құрылуы. Қыпшақ сөзінің пайда болуы. Қ.тардың қоныстанған жерлері және этникалық құрамы. Қ. Хандығы күшейе бастаған кезінде оңтүстік жағындағы шекарасын кеңейтіп, Сырдың орта және төменгі бөлігін, Арал мен Каспий өңірі далаларын өздеріне қаратқан. Қ.шонжарлары Сыр бойындағы қалалардың билеушілеріне айналған. Қ.тар Есіл мен Тобыл, Нұра, Елек пен Сарысу өңірінде көшіп-қонып жүрген. Олар Маңғыстау мен Үстіртте қыстап, жаз айларында Жем, Сағыз, Ойыл, Қобда, Жайық өзендерінің тарихи қалыптасқан көшу бағыттары болған. 11ғ.дан бастап Қазақстанның Жетісудан басқа жерллерінің барлығына Қыпшақтар ие болды. Хандықтың әлеуметтік-экономилық жағының нығаюы жерін кеңейтуді талап етті. Әсіресе қыпшақтарға Қазақстанның Оңт.дегі қалаларға, Орта Азияның базарына, Орыс елінің оңт. Далаларына шығу қажет болды. 10ғ.дың аяғы, 11ғ.дың басында Оғыз қағандығының жағдайының нашарлай бастады. Бұл жағдайды Қ.хандығы дер кезінде пайдаланып, Оғыздарға Солт. Және Солт.Шығ.нан басып кіреді. Сөйтіп қыпшақтар өздерінің шекарасын Сырдың орталық ағысынан Арал теңізіне дейін кеңейтеді. Қыпшақтар Хорезм елімен де қатынасты жақсартуға әрекет жасайды., алайда Хорезм шахы қыпшақтардың күшеюінен және олардың өз шекараларына жақындауынан қауіптене бастаған болатын. Ондай әрекеттерге кезінде Хорезм шахының мұрагері Атсыз да барған болатын. Кейбір жазба деректерге қарағанда Атсыз қыпшақтардың қол астындағы Оғыздардың жеріне бірнеше рет шабуыл да жасаған. 13ғ басында Сыр бойындағы қалалар үшін Хорезм шахы Мұхаммед пен қыпшақ хандығының арасында бірнеше шайқастар болды. Бұл шайқастарда қыпшақтар өз ішіндегі алауыздықтың кесірінен жеңіліп, солт.ке қарай шегінді. Билік үшін бәсеке тек монғолдар екі елді де жаулап алғаннан кейін ғана біржола тынады. Қыпшақ хандығы құлағанымен оның халқы жойылып кеткен жоқ. Олар өздерінің тарихи дамуын жалғастырумен болды. Ақыр сонында қыпшақтар қазақ халқының басты этникалық құрамының біріне айналды.
21.Қарақытай мемлекеті
Қарақытайлар мемлекеті (1128-1213). Қарақытайлар. Олардың құрылуы Орталық Азияның қидан тайпаларымен тығыз байланысты. Қидандар (цидань, кита, хита) б.з. 4 ғ. жазба деректерде моңғол тілді тайпалар ретінде аталады. Олар Қытайдың солтүстік жағында Маньчжурия мен Уссури өлкесінің территориясын мекендеген. 924 ж. Алтайдан бастап, Тынық мұхитқа дейінгі жер Қидан мемлекетінің (Ляо империясы) қол астына өтеді.1125 ж. Сунь Қытайы мен Чжурцжень мемлекетінің біріккен күші Ляо империясын құлатады. Қидандардың бір бөлегічжурчжендерге бағынады, ал қалғандары Елюй-Даши басқаруымен батысқа қарай Шығыс Түркістан мен Жетісуға таман - жылжиды. Олар енисей қырғыздарының жерін басып өтіп, Еміл өзенінің бойына жетеді. Сол жерге аттас қала салады. Қидандардың батыс бөлігі Жетісудың бір бөлігіне қарап, жергілікті түркі тілдес халықпен араласып кетуі нәтижесінде, келімсектер қара қытай аталып кетеді.1128 ж. Қарахандар әулетінен шыққан Баласағұнды иемденуші өздеріне қысым жасаушы қаңлылар мен қарлұқтарға қарсы шығады. Қарақытайлар көсемі Елу Дашы Баласағұнды басып алып, Жетісуда өз мемлекетін орнатады. Жетісу, оңтүстік Қазақстан, Мәуереннахр мен Шығыс Түркістан қарақытай мемлекетінің құрамына кіреді. Қарахандар әулетін қарақытайлар өз вассалына айналдырады.Қарақытай мемлекетінің басшысы Гүрхан деп аталады. Оның ордасы - Шу озенінің алқабында болатын. Баласағұн орталық болып қала берді. Әскерде тәртіп қатал болған. Ел ішінде аула басынан салық жинай жүйесі енгізіледі - әр үйден бір динардан салық алып отырады. Гүрхан жақындарына жер-суды тарту етпейді, олар бәсекеші болып кетеді деп қауіптенді. Қарақытайлар Жетісудың оңтүстік бөлігін, Исфиджабтың солтүстік-шығыс аймағын, Құлжа өлкесін басқарады.Бірінші гүрхан Елюй-Даши 1143 ж. қайтыс болды. 1169 ж. оның баласы - Елюй-Чжилугу - таққа отырады. Өзі христиан болғандықтан, мұсылман дініне қарсы шығады. Оның Жетісудағы мұсылман халқын бағындыру саясаты қарсылыққа толы болды. 1208 ж. бастап Жетісуға қоңыс аударған найман тайпалары да осы ішкі саясатты бұзбайды. Жетісу аймағы өзара қырқыстар, мұсылмандық қозғалыстар орталыпына айналады. Жетісудағы осы жағдай 1218 ж. дейін, яғни Шыңғыс-ханның әскері келгенше созылды.