Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
servis.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
154.05 Кб
Скачать

3.Қонақ үйлердегі сервистік қызметті жақсарту жолдары

Қонақүй сервисіндегі маңызды жағдайлардың бірі ол нарықтағы өзгерістерге икемді болып келеді. Экономиканың жоспарлыдан нарыққа көшу процесі нақты қонақүйдің үйрену процесін, жаңа нарықтық жағдайға икемделуін рельефті түрде көрсетеді. Қонақүй қызметі тек төсектермен ғана қамтамасыз етіп қоймай, сонымен қатар жалпы территориямен де қамтамасыз етеді. Сондықтан қонақүй қызметінің нәтижесін бағалау кезінде барлық қызмет көрсету формаларын, әсіресе басқа салаға жататын қызмет көрсету формаларын ескеру қажет.Көптеген қонақүйлер рентабельді болып табылады, бірақ көбінесе халықаралық стандарттар талабына сәйкес жасалған интерьер мен қолайлы жағдай жасайтын қонақүйлер көп пайда табады .Сонымен қатар, қонақ үйдің нарықтағы жылжуының тағы бір жолы ретінде поп мәдениет элитасын шақыру мен түрлі презинтацияларды қонақ үй есебінен өткізу танылып отыр. Мұндай акциялардың нәтижесі болып, басылымдарда кешеннің кеңінен танылуы табылады. Сонымен бірге көптеген қонақ үйлерде ақпараттық жүйелердің үш түрі қолданысқа ие. Мысалы, Micros фирмасының негізінде Fidelio жүйесі кеңінен қолданылады.

16. БИЛЕТ

1Қонақ үй сертификациялау.

Тауарларды, қызмет және технологияларды сертификациялау бойынша өткізілетін жұмыстардың бағасы әлемдік танымал ұйымдарымен, айта кетсек Ллойд Тіркеу орыны, сапа жүйесін сертификаттау бойынша Неміс қоғамымен әрбір жағдайда елу мың АҚШ долларынан бір миллион долларға дейін бағаланады.Қонақ үйлерді халықаралық сертификаттау сызба нұсқасы шамамен былай болады: қонақ үй сұраныспен халықаралық бірлестікке оған белгілі бір санат беруін өтінеді, ол санат оның қызметтерінің сапалығын растайды. Біраз уақыттан соң онда турист ретінде арнайы сарапшы келеді, қайта оралысымен ол қонақ үй тобының бағасын мазмұндайтын есептеме береді. Есептеме сапалық сертификатты және сарапшы қызметін төлеуге арналған есеппен қайта қонақ үйлерге жіберіледі.

2. Шетел хостелдері.

Хостел (ағылш.Hotel): арзанырақ түнек беретін студенттік қонақүй. Бұл әжетханасы, жуыну орыны жалпыға бірдеу, дәліздік жүйені құрайды, тоңазытқышы бар асхана, әр этажда жылытқыш пештері бар, жалпыға бірдей теледидар қойылған демалу бөлмесі бар қонақ үйден тұрады. Тамақтандыру асханада немесе кафелерді ұйымдастырылады. Хостелдегі комнаталар екі немесе алты адамға арналған. Шетел хостелдері. Шетел хостелдерінің арасында бағасы мен сапасына қарай жоғарғы деңгейде Индия мемлекеті тұр. Ең қымбат орналастыру орындар Жапония, Ұлыбритания болып табылады. АҚШ та бір күндік хостелге жату орташа есеппен он беспен жиырма бес долл. құрайды. Турцияда қарапайм және арзан хостелдер орналасқан.

3. Қонақ үй сервистік қызмет көрсетудегі мәселелер.

Қонақ үй шаруашылығының дамуына ондағы көрсетілетін сервистік қызметтердің маңызы, қызметтің сапалы, жоғарғы деңгейде болуы өте үлкен үлес қосады. Қонақ үй сервисі – тұтынушы мен қызмет көрсетушінің тікелей қатынасы арқасында қызмет көрсетушінің өз жұмысын атқаруы.Сервис мәдени іскерлік қатынастағы этикеттік ережелерге көп көңіл бөледі. Іскерлік қарым-қатынас күрделі және көп салалы адамдардың қарым-қатынас принциптерін, олардың бір-бірімен түсіністік байланысынан көрінеді. Іскерлік қарым-қатынас қонақ үй бизнесінің дамуы мен әсерінің өсуіне қажетті іскерлік байланыстарды қалыптастырады.Қонақтарды орналастыру сервистің негізгі элементтерінің бірі. Қонақ үй индустриясы – қонақжайлылықтың негізі болып табылады.Ол ертеден келе жатқан адамзат тарихындағы қонақты күту, қабылдау мен қызмет көрсету салтанаты сияқты қалыптасқан тұрмыс–салт мәселелерінен бастау алады.Қонақтарды орналастыру жүйесі мен үй жабдықтары, негізінен, сервисті әр-түрлі уақытша келушілерді қабылдауға және қондыруға арналған әр-түрлі деңгейдегі (бастырмадан бастап, зәулім қонақ үйлер) әр-түрлі типтегі үйлер. Қазіргі таңда қонақ күту индустриясы — қуатты аймақтық шаруашылық жүйесі немесе туризм экономикасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын туристік орталық ретінде қызмет жасайды.Қонақ күту индустриясының жүйелігіне: ұжымдық түрде немесе жеке адамдарды қабылдайтын отельдер, қонақ үй типтес мотелдер, жастар тұратын жатақханалар, апартаменттер, туристік жатын орындар, сол сияқты туристерді орналастыруға қатысатын жеке секторлар жатады.

17. БИЛЕТ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]