Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих ответыы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
728.06 Кб
Скачать

89.Қазақстан егемен даму жағдайында

Қазақ зиялылары «егемендік алдымен тілге берілсін» деген ұсыныс тастады.Филология ғылымдарының докторлары Бабаш Әбілқасымов, Сапарғали Омарбеков «Социолистік Қазақстан» газетінің 1990 жылғы 3 қазанындағы санында Қазақ КСР нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның жобасы тіл туралы заңға қайшы келіп тұрғанын айтты.Тіл туралы заңда орыс тілі-Қазақстан жерінде ұлтаралық қарым қатынас тілі деп жарияланған болатын. Декларация жобасын жасаушылар оны ресми тіл деп өзгертіп жібергені сынға алынды.Ғалымдар орыс тлін Қазақ КСР ІНДЕ ресми тіл деп жариялау қазақ тілінің мемлекеттік статусын жоққа шығарумен парапар екенін,озі көктеп,өркен жайған туған топырағында қазақ тілінің ресми тіл болуға да әбден құқығы бар екенін дәлелдеді.Декларация жобасы қызу талқылынды. Жалпы жұртшылықтан түскен пікірлер мен ескертулерді Декларация жобасына енгізу жөнінде арнайы комиссия құрылып,депутат Салық Зимановтың басшылығымен бір аптадан астам уақыт жұмыс істеді. 1990 жылдың 15 қазанында Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінен екінші сессиясында егемендік туралы Декларацияның жобасы жөнінде талас пікір болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Е,Асанбаев тарапынан «Демократиялық Қазақстан» жобасы өте кеш ұсынылды. Жоғарғы кеңеске мәлім етілмей, баспасөзге жарияланды.Оныңғ құрамындағы 30 депутат сессияға дейін белгісіз болып келді деген пікірлер айтылды.Декларациянвң негізгі жобасына толықтырулар мен өзгерістер енгізу үшін құрылған комиссия мүшесі депутат Сұлтан Сартаев «Демократиялық Қазақстан» тобындағы депутаттардың «ұлттық республика дегенді жойып, азаматтық қоғам құрайық» деген пікіріне қарсылық білдірді.Депутат С.Сартаев әлемдік тәжірибеге сүйене отырып: «Ұлттық мемлект азаматтық қоғамда, яғни құқықтық мемлекетке қайшы келмиді.Мәснелен, Англия құқықтық мемлекет.Алайда ол ағылшындардың ұлттық мемлекеті.Декларациядағы қазақ деген сөзден қорқатын ештене жоқ.Қазақ ұлты сонау ерте дәуірден тілі,діні қалыптасқан,кіндік қаны тамған өз атамекені бар халық қой.Енді келіп оны мүлдем сызып тастау мүмкін емес»-деген түсінік берді.Жоғарғы Кеңес «Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияны» 1990 жылы 25 қазанда 18 сағат 55 минутта қабылдады.Декларацияда аса маңызды мәселе,республиканың өз бюджетін қалыптастыратындығы айқындалды.Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация-еліміз Конституцияның негізіне айналған республиканың тұңғыш заң актісі.Бұл құжатта «халқаралық қатынастардың дербес субьектісі болуға, сыртқы саясатты өз мүдделеріне сай белгілеуге,халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуға құқығы бар» егемен мемлекет деп жарияланды.Декларация алғаш рет табиғи ресурстардың, экономикалық және ғылыми техникалық әлеуетінің Қазақстан меншігінде болуының ерекше құқығын баянды етті.Егер егемендік қағидаттарына қайшы келетін болса, Қазақстан аумағында КСРО заңдарын тоқтату құқығын белгіледі.

90. Қазақстан дамуының болашағы«Қазақстан-2030». Кез келген мемлекет түбегейлі трансформацияға шешім қабылдау кезеңінде өзінің дамуының негізгі бағыттарын айқындауға мәжбүр болады. Ең бастысы, қозғалыс бағыттарын белгілеп, негізгі басымдықтарға сәйкес міндеттерді анықтау мемлекеттік және ұлттық мүдде үшін қажет. Мұндай жүйелі бағдарламасыз алға қарай қозғалыс қиындай түседі. Ұзақ мерзімді даму бағдарламасын жүзеге асыру жолындағы белгіленген мақсаттарға жету, мемлекет басшысына деген қоғамның сенімі экономика мен саяси жүйені модернизациялаудағы басты мүмкіндікке айналды. Қазақстан өзінің тәуелсідігін алғаннан кейін ақ кең ауқымды әлеуметік, саяси және экономикалық реформаларды жүргізе бастады. Елдегі өтпелі кезеңнің ауыртпалықтары азайып, кезеңдік реформалардың күрделі даму мерзімі аяқталар тұста дербес төл стратегиялық бағытымызды айқындау мақсаты қойылды. 1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2030» даму стратегиялық бағдарламасын ұсынды. Бұрынғы Кеңес Одағы кеңістігінде Қазақстан бірінші болып мемлекеттік дамудың стратегиялық бағдарламасын жасады. Сол жылдардағы зейнетақы мен жалақының уақытында берілмеуі, жұмыссыздық деңгейінің жоғарылауы, қалаларда жылу берілмей, электр қуатының азаюы сияқты сан түрлі күрделі мәселе күмән туғызғанымен, стратегия өзінің қажеттілігін көрсетті. Бұл стратегияны дайындауда әлемдік өзгерістер ескерілді. Бүгінгі күні Қазақстанда орта тап құру үдерісі біршама нәтижелер беруде. Стратегиялық басты басымдықтардың негізгі тобы сыртқы және ішкі инвестицияларды көбірек тартуды көздейтін ашық нарыққа, қуат көздерін тиімді пайдалану мен инфрақұрылымды қайта құруға, экономиканы нарыққа, бәсекеге қабілетті етіп қайта жасақтау, азаматтарымыздың денсаулығын, білім беру саласы және әл ауқатын арттыруға бағытталды. Бұл арқылы қазақстанның көркеюінің нақты мүмкіндіктері, олардың жүзеге асуының ықтимал кескіндемесі жүйеленеді. Стратегиня жүзеге асыру мақсатында 1998-2000 жылдарға жоспарланған жеті басымдық пен 1998 жылдың Үкімет алдындағы сегіз нақты міндеті терең талданды. Экономикалық реформалар арқылы еркін нарықты құру, билікті демократияландыру шаралары жүзеге асырылды. Елбасы даму стратегиясын белгілеуде келешек мүмкіндіктеріміздің қандай екенін, оның қайтсежүзеге асатынын, қалай пайымдайтынын ортаға салып, халыққа сенім артты,Әуелі қоғамды қиын жағдайдан шығарып алудан кейін, қайта өрлеу жолында еңбектенуге шақырды. Бағдарламада Қазақстанның қарқынды дамуын қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық мәнді жеті негізіг ұзақ мерзімді басымдық белгіленгені мәлім. Осы бағдарламдан кейінгі жылдары Елбасының жасаған Жолдаулары осы бағдарламаның заңды жалғасы болып табылады.