Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих ответыы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
728.06 Кб
Скачать

4.Ежелгі гоминидтердің табиғи өмір сүру жағдайы және ортасы

Гоминидтер - ең жоғары ұйымдастырылған адамтектес маймылдар тұқымдасы. Қазіргі адаммен, оның ізашарлары, палеонтроптар мен архантроптар, сол сияқты көптеген ғалымдардың пікірі бойынша, австралопитектер енеді. Кейбір ғалымдар архантроптардан бастап гоминидтер тұқымдасын тек адамдармен ғана шектейді. Олар тұқымдастардық қолдаушылар деңгейін кеңейтіп 2 тұқымдас тармағын еңгізеді: австралопитекпен адамның 1 туысы мен тік жүретін адамның 2 түрі мен есті адамды. Тұқымдастардың шығу проблемасының бірі, ол жалпы ататектен сұрақтың гомин мен дион дивергенциялану уақыты және понгид бұтақтарының эволюциясы. Еуразияның кең-байтақ кеңістіктеріндегі шөл, шөлейт аймақ пен дала- ларда кейінгі 35 жыл ішінде тас ғасырының көптеген тұрақтары табылып зерттелді. Еуразияның куаңшылық аймағы бетінің кұрылысында асқар биік таулар мен қыраттардан бастап ойпат далаға дейінгі мейлінше алуан түрлі жер бедерлері бар. Әлбетте, жер бедері мен көрінісінің бұлайша алуан түрлі болуы мен олардың қуаң аймақта орналасуы ертедегі гоминидтер мекендерінің алуан түрлі ғана емес, сонымен катар ұқсас болуына да жағдай жа¬сады. Қуаңшылықты өнір аймақтарына эволюциядағы айырмашылык пен оның ұзаққа созылуы, жер аумағын игерудің бастапқы кезеңіндегі ерекшеліктер, сондай-ак гоминидтердін шығуы мен эволюциясы тән. Бірақ куаң аймақтың бір сипатгы ерекшелігі бар, ол ашық (жер бетіндегі) үлгідегі тұрақтардың оте басым болуы. Олардың көбі кешенді болып келеді және адам- дардың ежелгі бабаларының белгілі бір геоморфологиялык жағдайда өте ұзак уақыт (екінің бірінде жүз мыңдаған жылдар бойы) болған іздерін көрсетеді. Өзінің қуаң өңірдегі жағдайына, жер аумағының кендігіне және табиғи - ландшафтық өңірінің алуан түрлі, жер бедері үлгілерінің көп мөлшерде болуына қарай Қазақстан Еуразияның куаң өңірінің палеолитін зерттеуге модель бола алады. Қазақстан аумағында ежелгі гоминидтер пайда болуының алғышарттарын адамзат тарихындағы өтпелі және ең маңызды кезендегі геологиялық-географиялық жағдайларды негізге ала-отырып іздестіру керек, ал ондай кезең плиоценнің екінші жартысы болып табылады. Ең ертедегі гоминидтердің Африка кұрлығынан бастап қазіргі қуаң өңір мен Сібір аумағына дейінгі кең-байтак жерде анықталған іздері алғашқы адамдардың өте аукымды кеңістікте қоныстанғаның дәлелдейді. Қазір бір нәрсе айқын: 1,5 — 1 млн жыл дәуірінде-ақ Каспий маңы ойпатының ашық кеңістіктерінде, Тұран далаларында, Монғолия мен Солтүстік Қытайда гоминидтердің тұрақтары болған.

5.Қазақстан палеолит дәуірінде. Алғашқы адамдардың өндіргіш күші біріншіден, алғашқы адамнан, екінші – оның тас құралынан тұрды. Археология ғылымы     зерттеуді осы тас құралдардан бастайды.Жерімізде алғашқы адамдардың құрал-жабдықтарын зерттеуде айтарлықтай еңбек сіңірген ғалым академик Ә.Х.Марғұлан     болды. Ғалымның жетекшілігімен жүргізілген Орталық Қазақстан экспедициясы Бетпақдаланың орталық бөлігінен бірнеше   жерден тас дәуірінің қонысын тапқан. Әсіресе, ғалымның басты бір көрнекті еңбегі Сарысу бойынан мысты-тас дәуірінің  шақпақ тастан құрал жасайтын шеберхананың орнын табуы. Сонымен қатар Ә.Х.Марғұлан алғашқы адамдар мекендеген  көптеген қоныстар мен үңгірлер тауып, оларға ғылыми сипаттама жазған. Елімізде тас дәуірінің нағыз ғылыми тұрғыдан зерттелуі 50-жылдардың 2-ші жартысынан басталады. Қазақ Ұлттық академиясы Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтының ғылыми қызметкері тас дәуірінің маманы Х.Алпысбаевтың жетекшілігімен 1957 жылы құрылған «Қаратау отрядының» жүргізген жұмысы орасан зор болды. 20 жылдан астам мерзімнің ішінде ғалым тас дәуірінің төменгі кезеңінен бастап, оның соңғы кезеңіне дейінгі мезгілдерді дәлелдейтін ескерткіштерді тапты. Бұл жұмыстың нәтижесі «Оңтүстік Қазақстанның төменгі тас дәуірі» атты монография болып жарыққа шықты. Сөйтіп, Қазақстандағы алғашқы адамдардың ескерткіштері біршама зерттеліп, игілікті жұмыс жолға қойылды. ХХ ғасырдың 80-жылдарынан бастап бүгінгі күнге дейін палеолит дәуірін зерттеуді Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институты, сонымен қатар Ж.К.Таймағамбетовтің жетекшілігімен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – нің ғалымдары жүргізіп келеді. Ж.К.Таймағамбетовтың бастамасы және жетекшілігімен 2000 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ТМД елдерінің ішінде алғаш рет палеолит мұражайы ашылды. Бүгінгі таңда Қазақстан жерінде көнетас (палеолит) дәуірінің үш аймағы белгілі. Олар: Оңтүстік Қазақстан (Қаратау, Жетісу); Батыс Қазақстан (Маңғыстау, Мұғалжар) және Орталық Қазақстан (Солтүстік Балқаш, Сарыарка). Тас дәуірінің осы үш аймағының өзіндік ерекшеліктері болғанымен, олардағы тас өндірісінің жалпы даму бағыты ұқсас.Қазақстанның палеолит дәуірінің ескерткіштері екі түрлі: бірінші түрі — бірнеше мәдени қабаттан тұратын ескерткіштер. Оларды тек археологиялық қазбалар арқылы зерттеуге болады. Мұндай ескерткіштер біздің жерімізде санаулы ғана. Олар: Қаратаудағы Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ, Түркістан маңындағы Көшқорған, Қарағанды облысындағы Батпақ, Шығыс Қазақстан жеріндегі Шульбинка. Екінші түрі — ашық жер бетінде жатқан ескерткіштер. Қазақстанның палеолит дәуірінің көпшілік ескерткіштері осындай ашық, жер бетінде жатқан ескерткіштерге жатады. Бұл далалы аймақ Қазақстан палеолитінің өзіндік ерекшелігі болып есептеледі. Тас дәуіріне жататын тарихи тұрақтардың ең көнелері — Маңғыстау түбегіндегі Шақпақата, Қаратаудағы Арыстанды өзені бойында. Бұлардан табылған тас құралдарды А.Г.Медоев Шығыс Африкадағы Олдувай түрағынан табылған ең көне құралдармен бірқатар уақытта жасалған деп есептеген. Бүл пікірді тас дәуірінің казіргі белгілі мамандары да қолдайды. Сонда Шақпақата және Арыстанды тұрақтары бұдан шамамен біздің заманымызға дейінгі 840—140 мың жыл бүрын Қазақстан жерін мекендеген адамдардың тіршілігінің іздері. Орта палеолиттің келесі кезеңі немесе археологиялық мәдениеті — ашель. Оның хронологиялық шектері бұдан біздің заманымызға дейінгі 140—40 мың жыл бұрынғы уақыт. Бұл дәуірдің ескерткіштері Қазақстанның барлық аймағында ұшырасады.Палеолит дәуірінің үшінші хронологиялық кезеңін мустье деп атайды. Мустье дәуірі мөлшермен біздің заманымызға дейінгі 40 мың жыл бұрын басталып, біздің заманымызға дейінгі 12 мың жыл бұрын аяқталды. Бұл дәуірдің ескерткіштері Қазақстанның, әсіресе орталық және оңтүстік аймақтарында көптеп кездеседі.Мустье дәуірінде тас құралдардың түрі көбейді, олардың жергілікті ерекшеліктері пайда болды. Мустье дәуіріне тән деп есептелетін тас құралдар Қаратаудағы Қосқорғаннан және Шыңғыстау тұрақтарынан табылған. Жалпы, мустье дәуіріне тән құралдар — әр түрлі үшкіртастар. Оларды тасты өңдеу арқылы жасаған, кейде ұштарын ретушь әдісімен екінші рет өңдеп өткірлеген. "Ретушь" әдісі дегеніміз — тас құралдың жүзіне ұсақ кертіктер (ара жүзі сияқты) жасау арқылы өткірлеу. Мустье дәуірінде тағы бір көп пайдаланылған құрал — түрлі қырғыштар. Олардың сыртқы пішіні сопақша, үшбүрышты, ұзынша төртбүрышты. Қырғыштардың да жүзін ретушь әдісімен өңдейді. Сонымен қатар мустье дәуірінде де дөңгелек нуклеустер, екі жақ бүйірі қырналған атпатас құралдар кездеседі. Әсіресе Орталық Қазақстан ескерткіштерінде көбірек кездесетін атпатас құралы Орталық Азияның көп жеріне тән.Шығыс Қазақстанның Шульбинка маңынан археологтар тұрақтың орнын тапқан. Онымен көршілес аймақтарда мустье дәуіріне жататын тұрақтар кездеседі. Ғалымдароны: "мустьеліктердің шеберханалары, тұрақтары" дейді. Бұл — мустье дәуірі адамдарының бір орыннан екінші орынға жылжып кезе бермей, ұзақ уақыт бойы бір жерде қоныстанып отырғандығын көрсетеді. Қазақстан жерінде соңғы палеолит ескерткіштері тым аз кездеседі. Ғалымдар Бұл жағдайды соңғы палеолит кезіндегі құрғақшылықтың күшейіп, су азайып, яғни табиғи жағдайдың адам өмір сүруі үшін өте қолайсыз болуымен байланыстырады. Мустье заманынан бері адамдар мекендеген, кейіннен Ш.Уәлихановтың құрметіне аталған тұрақтан жоғары палеолит адамдары тіршілігінің ізі табылған. Бұл тұрақ Оңтүстік Қазақстандағы Арыстанды өзенінің бойында. Тұрақтың ең бірінші қабатын зерттеушілер соңғы палеолитке жатқызады. Бұл қабаттан тұрпайылау жасалған ірі қырғыштармен қатар жүзі жартылай шеңбер етіп шебер өңделген қырғыштар кездеседі. » . Соңғы палеолиттің тағы бір белгілі ескерткіші — Орталық Қазақстан жеріндегі Семізбұғы тұрағы. Бұл жерде ең көп кездесетін құралдар — қырғыштар, одан кейін жүзі түзу, кейде қайқы тас түріндегі пышақтар. Орталық Қазақстанның жоғары палеолитіне жататын ескерткіштердің бірі — Батпақ деп аталатын көне мекен. Оның мәдени қабаты жер бетінен 120 сантиметр тереңдіктен басталады. Онда көзге ерекше ілігетін құралдың бірі — сопақша келген тасты өңдеу арқылы жасалған қырғыштар.