Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих ответыы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
728.06 Кб
Скачать

28.Алтын Орданың ыдырауы

  • 1357—1380 жылдары ондаган хан ауысады. Сөйтіп, бүл жылдар Алтын Орда тарихында «¥лы дүрбелең кезеңі» деп аталады

Мөңке хан (1267-1280ж.ж.)өз атынан теңге шығарды.

  • 1260 жыл Монғол империясы бірнеше тәуелсіз ұлыстапға ыдырады.

XIY ғ бірінші жартысында Өзбек және Жәнібек хандар тұсында мемлекет күшейді:

Батыс Еуропамен,Кіші Азия,Египет,Үндістан ,Қытаймен сауда қатынасы дамыды.

  • 1312 жыл- Өзбек хан исламды мемлекеттік дін етіп жариялады.

50-ж. Ортасында Жәнібек ханды үлкен баласы Бердібек өлтіргеннен кейін “ұлы дүрбелең”басталды.1357-1380 жылдары билік үшін күресте 25 хан ауысты.

  • 1380 жыл Куликова шайқасында түменбасы Мамай әскері Дмитрий Донской әскерінен жеңілді.Осы жағдайды пайдаланып Тоқтамыс (1380-1395) Алтын Ордаға хан болды.Ол билігін нығайту үшін 1382 жылы Ресейге жорық жасап,Мәскеуді өртеді.Тоқтамыс ханның қарсыласы Әмір Темірдің 1389,1391,1395 жылдардағы жойқын шабуылдарынан Алтын Орда әлсіреді.Тоқтамыс пен емір арасындағы күрес Сыпыра жыраудың жырларында айтылады.

XY ғ. Ортасына қарай Алтын Ордадан бірнеше ұлыстар бөлініп өз алдына хан сайлады Ең ірісі Ақ Орда . XY ғ.20-40 жылдары Сібір , Қазан ,Қырым ,Астрахань ,Ноғай Ордасы хандықтары бөлініп шықты. Алтын Орданың соңғы билеушісі Шейх Ахмед 1502 ж. Қайтыс болғаннан кейін Алтын Орда мемлекет ретінде жойылады. Алтын Орданың ыдырау себебі мыналар:

- этникалық құрамы әр түрлі халықтар бір мемлекетте тұра алмады;

- шаруашылығының өркендеуі нашар болды; - билік үшін талас күшейді;

- езілген халықтың азаттық күресі күшейді.

29.Ақ Орда мемлекеті

Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде 13 – 15 ғ басында Ақ Орда мемлекеті өмір сүрді. Алғашқыда мемлекет Алтын Орданың құрамында болды. Ақ Орданың негізін қалаушы Орда Ежен (Жошы ханның үлкен баласы). 14 ғ 2 жартысында Алтын Орда билігі әлсіреп, Ақ Орда күшейіп, дамудың ең жоғарғы сатысына жетті. Ақ Орданың территориясы: Сырдария алқабы, Арал теңізінің солт. шығысынан Есіл, Сарысу өзендеріне дейінгі жерлер. Ірі қалалары: Сығанақ, Йассы, Сауран, Жаркент. Астанасы Сығанақ. Халқы өзбек қазақ. Алғашқы ханы: Сасы Бұға ( 1309- 1315). Мұрагері Ерзен хан. 1315 – 1320 жж қала өсіп, қолөнер өркендеді, сауда дамыды, ұлыстардың шекараларын белгілеп, басқаруға өз сұлтандарын қойды, ислам дінін нығайтып, мешіт медреселер ашты. Ақ Орданың Алтын Ордадан оқшаулануы XIVғ. Екінші ширегінде Ерзен мен Мүбәрәкқожа тұсында басталды.Мүбәрәкқожа хан (1320-1344) Алтын Ордаға бағынбай, дербес саясат жүргізуді ойлады.1354-1364 жылдар аралығы билік үшін тартыста он екі хан қаза тапты.Орыс ханның (1364-1375) кезінде Ақ Орда Алтын Ордадан бөлініп, тәуелсіз хандық болып жарияланды. Ол 14 ғ 70 ж Астраханьды,(Қажы – Тарханды), 1374 – 1375 жж Сарай – Беркені алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Ақ Ордаға Мәуреннахр билеушісі Әмір Темір қауіп төндірді. Орыс хан өлтірген Маңғыстау билеушісінің баласы Тоқтамыс Әмір Темірді паналайды. Темір бұл жағдайды пайдаланып, Тоқтамысты көп әскермен Ақ Ордаға жіберді. Ұрыс барысында Орыс хан қаза тапты. Тоқтамыс Орыстың баласы Темір Мәлікті жеңіп, Ақ Орда билеушісі болады. XІVғ. 80жылдары Тоқтамыс Ақ Орда мен Алтын Орда жерін түгел бағындырып, Темірге тәуелсіздігін жариялады. 1395 ж. Кавказдағы Терек өзенінің аңғарындағы шешуші шайқаста Әмір Темір Тоқтамысты жеңіп, Сарай Беркені қиратты.

14ғ. аяғы 15ғ. басында сыртқы саяси ауыр жағдайлар мен ішкі қырқыстар кезінде Ақ Орда әлсіреп кетті. 1423-1428 жылдар Ақ Орда Орыс ханның немересі Барақ билік етті.1428 ж. билікке Шайбан ұрпағы Әбілхайыр хан келді.