Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих ответыы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
728.06 Кб
Скачать

2.Қазақстан тарихы пәнін оқудың негізгі әдістері

Мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа сәйкес Қазақстан тарихы пәні ежелгі кезеңнен бүгінгі күнге дейінгі ірі-ірі тарихи оқиғалар мен уақыт ӛлшеміне байланысты мынадай кезеңдер негізінде оқытылады: 1. Кӛне заманнан, палеолит дәуірінен ХІІІ ғасырдағы монғол шапқыншылығына дейінгі кезең; 2. ХІУ-ХУІІІ ғасырдың басын, яғни Қазақ хандығының ұлттық мемлекет ретінде құрылып, дамуы мен қазақ этносының қалыптасу уақыты; 3. ХУІІІ ғасырдың 30-жылдарынан 1917 жылға дейінгі кезең; 4. 1917 жылдан 1991 жылға дейін; 5. Тәуелсіз Қазақстан.Пәнге мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт бойынша 135 сағатқа тең 3 кредит бӛлінген. Оның 45 сағаты (30 сағат – дәріс, 15 сағат – семинар), 45 сағаты студенттің ӛздік жұмысы (СӚЖ), 45 сағаты студенттің оқытушымен ӛздік жұмысы (СОӚЖ) түрінде ӛтіледі. Пәнді жүргізу Қазақстан тарихы кафедрасының белді оқытушыларына жүктелген. Атап айтсақ, т.ғ.д., профессор С.И. Ковальская, т.ғ.к., доценттер С.Ә. Мәкен, Д.Н. Баймағамбетова, К.М. Жақыпова, А.Қ. Рақымбекова, А.Ғ. Ибраева, А.М. Жәркенова, Ӛ.Ж. Бекмағанбетов, семинар және СОӚЖ-на аға оқытушылар және оқытушылар Ж.О. Хасенова, Қ.О. Сейтқазина, Н.Ж. Исабаев, Д.М. Маратова, Г.Қ. Битниева, Қ.А. Сарин және Ә.М. Молдашева жұмылдырылған. Кафедра меңгерушісі т.ғ.д., профессор Т.С. Садықовтың жетекшілігімен пәннің оқу-әдістемелік кешені, Мемлекеттік емтихан бағдарламасы және тест сұрақтарының базасы қазақ және орыс тілдерінде әзірленді. (Проектордан көрсету) Болашақ маман жоғары оқу орны аудиториясында қалыптасады, одан болашақ түлектің біліктілік деңгейі анықталады. Оқытудың дәстүрлі әдісі студент пен оқытушы арасындағы қарым-қатынасты ұсынады, оқытушы студенттің оқу қызметіне үнемі бақылау жасап, оқу материалын студенттерге дұрыс меңгертуі керек. Бір сӛзбен айтқанда сабақтың нәтижелілігі оқытушыға байланысты. Оқытудың бұл тҥрі директивті болып есептелінеді. Директивті оқытуда білім деңгейі оқу үрдісінің мазмұнын ұйымдастыра отырып ақпарат беру үлгісіндей саналады. Бір жақты сұхбат (диалог) болған кезде ақпараттың кӛпшілігі беріледі бір жағынан оқытушы сӛйлейді. Директивті оқыту ҥлгілерінің негізгі критерийлері нақтылы қорытынды бақылау, сабақтан тыс уақыттағы ӛзіндік жұмыстарға болжам жасау, жазба жұмысы қарастырылмайды. Қазіргі таңда компьютер және интернет – жаңаша технологиялар Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім беруде маңызды роль атқаруда. Бұл жағдайда қазақстандық студенттер жастардың жаңаша танымдық кӛзқарастары қалыптасатыны анық. Әсіресе инерактивті әдістерді оқу үрдісінде қолдануда компьютер және интернет технология пайдаланылады. Жаңаша әдістерді түсінуде, мүмкіндігінше жаңа технологияларды пайдалануда, оқытудың интерактивті әдістері қолданылады. Сондықтан, бүгінгі таңда оқу үдерісіне енгізіліп жатқан инновацияның түріне интерактивті оқытуды жатқызамыз. Интерактивті оқытудың ҥлгілері: материалды еркін мазмұндауда дисскуссия ұйымдастыру, дәріс санын қысқарту, семинар санын кӛбейту, топтық тапсырмалардың түрлері, бақылау жасау, ауызша, жазбаша жұмыстар орындау т.б. жатады. «Интерактивті оқыту» 1990 жылдары интернет желісінің дамуымен байланысты пайда болған. «Интерактив» деген сӛз ағылшынның «interact» («inter» – «ӛзара», «act» – «әрекет ету») деген сӛзінен шыққан. Яғни, интеракция – жеке индивидтердің, топтың, жұптың ӛзара біріккен әрекетте бір-біріне алма-кезек әсер етуі. Интерактивті оқыту – бұл таным әрекетін ұйымдастырудың арнаулы формасы. Оқытудың бұл формасы алдына нақты және бағдарланған мақсат қояды. Сондай мақсаттарының бірі – оқу процесінің ӛнімділігін арттыратын білім алушының ақыл-ой кемелділіктерін, ӛз жетістіктерін сезінетіндей жағдай тудыру Жоғары оқу орнында қолдануға болатын оқытудың қазіргі әдістерінің аспектілеріне келетін болсақ: көкейкесті – мазмұнды әдіс, тұсаукесер (презентация) пікір-сайыс (дискуссия), кейс – стади, топта жұмыс істеу, мимен ойлау әдісі (мозговая стака), викториналар, сыни ойлау әдісі, кіші – зерттер, іскер ойындар, ролдік ойындар, Insert әдісі (студенттер 10 минутта ассоциативті эссе жазады), блийц – сұрақ, дебат, анкета алу әдістері жатады. Қазақстан тарихы барынша кең ауқымды, гуманитарлық және сӛз ӛнеріне тоқталатын пән. Оқу курсы ретінде тарихтың мақсаты – танымдық тапсырмаларды шешу, студенттердің тарихтың ғылыми түсініктерін қалыптастыру жолында жұмыстар жүргізу, онсыз тарихты жан-жақты түсіну мүмкін емес. Оқытушының міндеті бұл жағдайда белгіленген білімнің ара қатынасын аша білу, бір жағын студенттің ӛзге жақтарын біліммен байланыстыра отырып дамыту болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін кафедра оқытушылары жаңаша (инновациялық) әдістерді қолдануды тәжірибеге енгізуде. Кафедраның әдістемелік секциясның мүшелері Қазақстан тарихын оқытуда белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану түрлеріне байланысты семинар ӛткізіп, онда т.ғ.д., профессор С.И. Ковальская мен т.ғ.к., доцент А.Ғ. Ибраеваның арнайы тақырыптар бойынша баяндамалары тыңдалып, тұсаукесер жасады. Қафедра оқытушыларының интерактивті технологияны оқыту ҥдерісінде пайдалану әдістерін жан-жақты зерделей келе ҥшке бөліп қарастыруға болады: - техникалық құрал-жабдықтарды қолданбай ӛту әдісі, - техникалық құрал-жабдықтарды жарым-жартылай қолдану әдісі; - техникалық құрал-жабдықтарды қолдана (аудиовизуалды) оқыту әдісі. Интерактивті технологияның техникалық құрал-жабдықтарды қолданбай ӛту әдісіне жұптасып жұмыс істеу, ротациялық (ауыспалы) үштік, карусель–айналмақ, шағын топтармен жұмыс, аквариум, аяқталмаған сӛйлем, миға шабуыл (мозговой штурм), броундық қозғалыс, есептеу ағашы, ӛз атынан сот, азаматтық тыңдау, ролдік (іскерлік) ойын, сығымдау әдісі, ӛз позицияңды ұстан, пікір-сайыс (дискуссия), дебаттар т.б. жатады. Кафедра оқытушылары тарапынан бұл әдістер неғұрлым кеңінен және тиімді пайдаланылуда. Атап айтсақ, т.ғ.к, доцент К.М. Жакупова «ХҤІІІ-ХІХ ғғ. Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістер» семинар сабағын конференц сабақ түрінде ӛткізсе, аға оқытушы Қ.О. Сейтқазина «Тәуелсіз Қазақстан» семинар сабағын дебат түрінде, оқытушы А.М. Молдашева «Тәуке хан билігі тұсындағы Қазақ хандығы» СОӚЖ сабағын миға шабуыл әдісін қолдану арқылы ӛткізген. (Проектор арқылы көрсету) Интерактивті технологияның техникалық құрал-жабдықтарды қолдана оқыту әдісіне компьютерді, мультимедиалық проекторларды немесе бейнемагнитофондарды пайдалану жатқызылады. Аталған құралдардың барлығы білім беру секторларында, оқыту орталықтарында жиі қолданылады. Осыған байланысты Smart technologies Inc. компаниясы 1991 жылы дүниежүзінде бірінші болып интерактивті тақтаны ұсынды. Интерактивті тақта оқу пәндерін түрлендіруге кӛмегін тигізіп, оқытудың барлық кезеңінде, яғни бастауыш, орта мектептерде және жоғарғы оқу орындарында білім сапасын арттыруға ықпал етуде. Интерактивті тақтаның кӛмегі оқу барысында ӛте зор екені зерттеу жұмыстарында айқын кӛрсетіліп жүр. Бұл – жаңашыл аудиовизуалды техникалық құрал-жабдықтар мен оқытудың үдемелі де қарқынды әдістерін қолдану арқылы тыңдаушыларын қызықтырып, сабаққа белсенді түрде қатысуын арттыратын, материалдарды меңгеруді жеңілдететін, студенттерге ауқымды оқу материалдарымен кӛмектескісі келетін оқытушыларға ӛте тиімді таңдау. Сонымен қатар, интерактивті тақта арқылы Power Point бағдарламасы негізінде оқу файлдарын және бейне-роликтер әзірлеуге, оқу прцесінде DVD, бейне-кассеталарды кӛрсетуге мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндіктер 2009 жылы Қазақстан тарихы кафедрасына интерактикті тақтасы бар кабинет бӛлінген кезде тиімді пайдаланылған еді. Ӛкінішке орай, бір корпустан екінші корпусқа кӛшу барысында кафедраға тиесілі техникалық жабдықтар берілмегендіктен кафедра оқытушылары оңтайлы мүмкіндіктен қол үзе бастады. Сонымен қатар, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде интерактивті тақта деканаттар мен кафедраларға берілгеніне біраз уақыт ӛткенімен іске қосылып, қызмет кӛрсетіп жатқаны шамалы. Оған бірнеше себептерді кӛрсетуге болады: 1. Оқытушылар тақтамен жұмыс істеуді әлі де жете меңгермеген; 2. Қазақстан тарихы сияқты үлкен аудиторияларда ӛтілетін пәндердің ерекшеліктері сабақ кестесін жасау кезінде мүлдем ескерілмейді және сабақ ӛтілетін аудиторияларда тақта түгілі микрофон да болмайды; 3. Кезінде оқыту үдерісіде интерактивті тақтаны қолдану арқылы ақпараттық технологияны пайдалану деген жақсы бастаманың аяқсыз қалғаны.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]