
- •1.Қазақстан тарихы курсының пәні мақсаттары және міндеттері
- •2.Қазақстан тарихы пәнін оқудың негізгі әдістері
- •3.Қазақстан тарихы пәні бойынша деректер мен әдебиеттер
- •4.Ежелгі гоминидтердің табиғи өмір сүру жағдайы және ортасы
- •6.Қазақстан мезолит дәуірінде
- •7.Қазақстан мәдениетінің дамуының неолиттік кезеңі
- •8.Қола ғасыры
- •9.Ежелгі сақ тайпалары
- •10.Үйсіндердің саяси және экономикалық тарихы
- •11. Қаңлы мемлекеті
- •12.Көне ғұндар
- •13.Түрік қағанаты
- •14.Батыс түрік қағанаты
- •15.Түргеш қағанаты
- •16.Қарлұқ мемлекеті
- •17. Оғыз мемлекеті
- •18.Кимек қағанаты
- •19.Қарахан мемлекеті
- •20.Қыпшақ хандығы
- •21.Қарақытай мемлекеті
- •22.Найман және керей ұлыстары
- •23.Жалайырлардың мемлекеттік құрылымы
- •24. Моңғол империясының құрылуы және оның Қазақстан мен Орта Азияға жорығы
- •25.Моңғол ұлыстарының құрылуы
- •26.Қазақстан Алтын Орда құрамында
- •27.Моңғол шапқыншылықтарының экономикалық-әлеуметтік және саяси зардаптары
- •28.Алтын Орданың ыдырауы
- •29.Ақ Орда мемлекеті
- •30.Көк Орда мемлекеті
- •31.Моғолстан (xiVғ.Ортасы-xvIғ.Басы)
- •32.Көшпелі өзбек мемлекеті
- •33.Ноғай ордасы
- •34.Сібір хандығы
- •35. «Қазақстан территориясындағы этногенез және этникалық процестер» атты проблема тарихнамасы
- •36.Қазақ халқының шығу тегінің антропологиялық мәселесі
- •37.Қазақстан жеріндегі этникалық процестер
- •38. «Қазақ» этнонимі туралы
- •39.Қазақ халқы қалыптасуының аяқталуы. Жүздердің құрылуы
- •40.Қазақ хандығының құрылуы
- •41.Қазақ хандығының xvIғ.1-ші жартысындағы әлеуметтік-экономикалық эәне саяси жағдайы
- •42. XvIғ.2-ші жартысындағы Қазақ хандығы
- •43. XviІғ.1-ші жартысындағы Қазақ хандығы
- •44. XviІғ.2-ші жартысындағы қазақ-жоңғар қатынастарының ұшығуы
- •45.Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте қазақ батырларының рөлі
- •46. XviіІғ. Басындағы Қазақ мемлекеті
- •47.Кіші жүздің Ресейге қосылуы. Басқарудың жаңа ережесін ендіру
- •48.Орта жүзде хандық билікті жойғанға дейін әскери-әкімшілік акциялар
- •49.Ресейдің Ұлы жүз территориясын басып алуы
- •58. И.Тайманов және м.Өтемісұлы бастаған көтеріліс
- •59.Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
- •60.Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтеріліс
- •66.Патша самодержавиясы құлағаннан кейінгі Қазастан
- •73.Қазақстан Азамат соғысы жылдарында
- •74.Жэс жылдарындағы ауыл мен деревня
- •75.Қазақстандағы коллективизация
- •76.1921-1940Ж.Қазақстандағы индустриалды даму
- •77. 1921-1940Ж.Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір
- •78.Екінші Дүниежүзілік соғыс пен Ұлы Отан соғысының басталуы
- •79. Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандықтардығ еңбектегі ерлігі.
- •81.Республиканың 1946-1953жж қоғамдық саяси өмірі мен әлеуметтік экономикалық қатынастары
- •88. Қ.Р. Ғы қазіргі саяси партиялар ,қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар.
- •89.Қазақстан егемен даму жағдайында
23.Жалайырлардың мемлекеттік құрылымы
Жалайыр — қазақ халқын құраған тайпалардың бірі. Шежіре бойынша, ұлы жүз құрамына енеді. Диқанбай батыр шежіресі (Н.Аристов жазып алған) бойынша, Үйсіннен — Ақсақал (абақ таңбалы), Жансақал (тарақ таңбалы) таратылады. Соңғысынан — жалайыр тарайды. Басқа бір шежіреде Майқы биден тарайтын Жансақал (тарақ таңбалы) мен жалайыр бір адам деп тұжырымдалады. Жалайырдың шын аты Қабылан екен. Аңыз бойынша, жабайы құланның жалын айырып, содан жалайыр атанған. Жалайыр сырманақ, шуманақ, бірманақ болып үшке бөлінеді. Шуманақтан — андас, мырза, қарашапан, орақты, ақбұйым, қалпе, сыпатай аталары тарайды. Сырманақтан: арықтыным-байшегір, балғалы, қайшылы, күшік тарайды. Бірманақтан тек сиыршы (байбөген) тарайды. Кейбір шежірелерде бірманақтың аты аталмай, сиыршыны сырманаққа жатқызады. Осыдан келіп он екі ата жалайыр атанған. Сырманақ, шуманақ атаулары Сыр мен Шу өзендерінің бойын жайлағандықтан шыққан делінеді. Ал бірманақ жеке-дара, жалғыз дегенді білдіреді. Кейбір шежірелерде жалайырдан шыққан, бір атадан тараған арықтыным-байшегірді екі атаға бөліп, он үш ата жалайыр деп аталады. Аңыз бойынша, қазіргі Қызылорда облысындағы Шиелі ауылына таяу жердегі Оқшы ата (Мерген ата) қорымы жалайырға кіретін орақтының арғы атасы Орақ батырдың лақап аты екен. Кейінгі ұрпақтары оны әулие санап, атын тура атамаған көрінеді. Жалайырлар 6 — 7 ғасырларда Түркі қағанатының құрамында болған. 8 ғасырда Сыр бойынан шығысқа қоныс аударады. Ол кезде олар оғыз тайпалық бірлестігінің құрамында болатын. 11 ғасырда бұл топ Цзубу одағының құрамында Хэрлэннің төменгі сағасында қидан, шүршіттермен қанаттас тұрды. 9 ғасырдан бастап жалайырлар он рулы “жат жалайыр” тайпасы атанып кетті. Олар: жат, тоқырауын, кунк сауыт (көн садақ), құмсауыт, урьяат (Рашид әд-Дин “ұят” деп көрсеткен), нилқан, құрқын, тулангит (төлеңгіт), тури (төре) және шаңқұт деп аталады. Рашид әд-Диннің пайымдауынша, жалайырдың саны көп болған тайпа. Қадырғали Жалайыридің пайымдауынша, жалайырлар “Келуран (Хэрлэн) деген жерді мекендеді. Жетпіс күрен құрылды, әрбір күренде мың үйлік тайпа бар еді” дейді. “Күрен” деп жорыққа 1 — 2 мың қол атқа қондыра алатын қауымды атаған (Д.Оссон, А. Березин). 1190 жылы Тэмужин (Шыңғыс хан) мен Жамуха арасында болған “он үш күрен шайқасында” жалайырлар Тэмужиннің бесінші күрені болып аттанады. Сөйтіп олар әрдайым Шыңғыс ханмен бірге болды. Шыңғыс ханның әскери құрамында жалайырлар елеулі орын алды. Олардың арасынан әйгілі қолбасшы Төлегет бай Гун гуа ұлы Мұқылай шыққан. 1206 жылы Шыңғыс хан өз мемлекетінің шаңырағын көтеріп, елін 95 мыңдыққа бөлгенде Мұқылай бірінші мыңдықты басқарды. Оның аты еліне еңбегі сіңген 88 қайраткердің ішінен үшінші болып аталған. Шыңғыс хан мемлекетінің тоғыз қолбасшысы (өрлөг), ішкі тоғыз төресінің төбе төресі де осы Мұқылай болды. Ол әуелі уаң (тайпа, өлке билеушісі), одан кейін го ван (ұлыс билеушісі), соңынан хуй ун чинсан тәйші лауазымына ие болды. Шыңғыс ханимпериясы тарихында “го ван” лауазымына ие болған жалғыз адам Мұқылай еді. Ол өз өмірінде Шыңғыс ханның әскери, дипломатиялық тапсырмасын орындады, шығыс жорығының бас қолбасшысы болды. 1220 — 22 жылдары Мұқылай қолы Цзин әулеті мемлекетінің билігіндегі Хэбэй, Хэдун (қазіргі Шан Си), Шандун өлкесін бірінен соң бірін басып алды. Мұқылай осылай ат жалында қол бастап жүріп Шаньси өлкесінің Вэн Си Сян елді мекенінде 1223 жылы наурыз айында 53 жасында ауыр науқастан дүние салды. Хорезм жорығында жүріп бұл хабарды аса қайғыра қарсы алған Шыңғыс хан оның тұңғыш ұлы Бораға го ван лауазымын беріп, әке орнын бастыруға шығысқа аттандырады. Мұқылайдың ұрпақтары Юань әулетінің ақырғы кезеңіне дейін Шыңғыс хан әулетіне елеулі еңбек етті. Жалпы Шыңғыс хан әскері құрамында жалайыр тектілер елеулі рөл атқарды. Үгідей жасағындағы жалайыр Илугай үш мыңдықтың басшысы болды. Ал Мұқылайдың ағасы Тайсун, інісі Бұқа (әйгілі дарабоз Бұқа) және Ерохан (Ань Ши Сорахан деп жазған), Сартақ ноян, Бала ноян, оның ағасы Архай хоса және Тай Иесур, Мұқа Кәржулар әрқайсысы 95 мыңдықтың бір-бір мыңдығын басқарды. Аталған сегізге Мұқылай мен оның ұлын қоссаңыз Шыңғыс хан әскері құрылымының тоғыздан бір бөлігін жалайыр тектілер басқарды деген сөз. Жалайырдан шыққан Мунхасар ноян Мөңке қағанның тұсында империяның бас жарғышысы (немесе әділет министрі) болды. Мөңке қаған тұсында жалайырлар бұрынғы Төленің иелігіндегі ортүстік және шығыс әскерлері құрамында болды, ерлері батыс және шығыс жорығына аттанды. 13 ғасырдың соңында бұрынғы түркі тектес тайпалардың ең соңғы легінің батысқа қоныс аударуының жаңа процесі басталды. А.И. Левшиннің пайымдауынша, жалайырлар 13—14 ғасырлар тоғысында әуелі Сыр өңірі, одан Қаратау бойына қоныс аударып, сонда бес ғасыр бойы көз жазып қалған сырманақ, шуманақ тобымен қайта табысады. М.Тынышбаевтың пайымдауы бойынша, Шыңғыс ханнансоң жалайырлар төрт топқа бөлінеді. Бірінші бөлігі Моңғолия, Қытайда қалды. Екінші бөлігі Жошы ұрпақтарының билігіндегі Шу бойынан төменірек мекен еткен шуманақ тобы, үшіншісі — Шыршық және Ангран қойнауындағы жалайыр ордасы немесе сырманақ аталатын топ. Төртінші бөлімі Хулагу ханмен бірге парсы еліне аттанған топ. Сонымен, бүгінгі жалайырлар Қазақстанның алып өлкесіне шашырай қоныстанған қазақтың белгілі тайпаларының бірі. Қазақ халқының құрамындағы жалайыр тайпасынан Қадырғали Жалайыри, Балпық би, Ескелді би, т.б. белгілі адамдар шыққан.Зерттеушілер атап көрсеткеніндей, Жалайыр руы туралы көне қытай жазбаларында да, тіпті IXX ғасырдағы араб деректерінде де айтарлықтай мәліметтер жоқ. Ол жайындағы алғашқы мағлұматтар монгол дәуіріндегі XIII-XV ғасырдағы жазбаларда ғана бар. Мәселен, Рашид ад-Дин ежелден жалайырлар көп өніпөскен ру деп көрсетеді. Сондай-ақ, ол: кезінде жалайырлар Тұран мен Иранда өмір сүргенін, оларды қытайлардың күйретіп, біразының моңғолдарға «Шыңғыс-хан бабаларына» тұтқынға түсіп, ол Шыңғыс-хан кезінде көбісі бек аталып, қоғамда құрметті орын алғаньш жазады. Оған қоса Рашид ад-Дин Жалайыр руының 10 ірі атадан тұратыныи нұсқайды: Жәйіт, Қоң-қауыт, Оят, Көркін, Торы, Тоқырауыт, Құмсауыт, Нілкін, Төлеңгіт, Саңғыт. С. Аманжолов Рашид ад-Дин көрсеткен Жалайыр аталарының кейбір тегі қазіргі қазақтар ғана емес, өзге де рулың тармаңтарда барын аңғарады. Мәселен, осы рулардан, деп жазады ол,- Қоң-қауыттан қаңлыны, Санқауыттан саңғылды, Жәйіттен Жүйді (Кіші жүз), сонымен қатар қырғыздарды (шайтейіт руы) көруге болады. Қазіргі заманғы қазақ пен алтай төлеңгіттері ежелгі Жалайырдың төлеңгіттеріне сәйкес келеді. Тордан «торғұлдар» (Алтайдағы татарлар) таныл ады. «Тоқырауыт» пен «Нілкін» сөздерінен Нілкі немесе Нылқы (Іленің бір тармағы) мен Тоқырауын (Жезқазған) өзендерін аңғарамыз. Бәлкім, Көркін Құрыған, немесе Үшқұрыған (Орхон жазуында) сақалардың ата-бабаларының түп тамыры шығар. Сөйтіп, әзірше Оят пен Құмсауыт өз төркінін таппай өтыр, әйтсе де олардың анық түрік сөзі екенін мойын дамай қала алмаймыз.Соған қарамастан Рашид ад-Дин өз еңбегінде XIII ғасырларда Жалайырлар монгол тілдес деп тұжырымдайды. Бұл орайда екі ұштылың жоқ деп ойлаймыз, өйткені әуелгіде моңғолдарға тұтқынға түсіп, одан соң Шыңғыс-хан мен оның балалары әскерінің құрамына еніп, XIII ғасырда моңғолша сөйлеуі де мүмкін. Бәлкім, осы мәліметтерге сүйеніп, Ш. Уәлиханов пен академик В. Бартольд Жалайырларды монгол рулары деп есептегеп шығар. Олардың ізінше М. Тынышбаев монгол тарихшысы Соном Сесеннің еңбегіне сілтеме жасап, «Жалайырлар Еке-моңғол (ұлы монгол) деп аталатын саны көп, күшті монгол тобынан шықты» деп есептейді.Шыңғыс-хан қаз-қаз тұра бастағаннан жалайырлар оны жақтап, оның Қытай, Тибет, Түр-кістан мен Персияға жорықтарын қолдап отырды. Қытайды жаулап алған Шыңғыс-ханның әйгілі қолбасшысы Мұқылы-Тобан Жалайыр руынан шыққан. Шыңғыс-хан тұсында да, кейініректе де Жалайырлар төрт атаға топтасады: біріншісі Монголия мен Қытайда қалды; екіншілер Жошының балаларына беріліп, Шу өзенінің орта ағысынан шығысқа қарай қоныстанып, ІП у-манақ деп аталды; үшіншілер Шыршық пен Ангрен алқабында қоныс теуіп, Жалайыр ордасы аталуымен мәлім (Сырманаң); төртінші топ Гулагу ханмен Персияға кетті. Одан әрі М. Тынышба ев жалпы нышандармен жалайырдың соңғы үш тобының негізгі тарихи белестерін қуалайды. Мәселен, Ақсақ Темір көтеріліп келе жатқанда оны қолдап, 1370 жылы олар оның қарсыластары Дулаттар жагына шыгып кеткені үшін жалайырлар талқандалып, бытырай қоныстандырылды. Парсы тобы Иранда негізгі маңыз атқарды; жалайыр әулеті тіпті Солтүстік Иранда, ал бір кезде Багдатта да патшалық құрды.Жалайырлардың басты бөлігін 1370 жылғы қашқын Сыр-манақтар келіп қосылған Шу-манақтар түзеді. Бұдан әрі М. Тынышбаев Жалайырлардың Жошы ұлысынан шығысқа қарай ойысып, Ежен ханның Ақ ордасына тірек болғанын, Орыс ханның кезінде олар әмірші әскерінің үйтқысына айналғанын айтады. XVI ғасырдың аяғында жалайырлардың қалың көпшілігі Ұлы-Тауя ауданында болған деседі, осы кезде Оразмұхамет сұлтан өзінің жақыны Қадырғалимен орыстардың тұтқынына түсіп, Мәскеуге жөнелтіліп, Борис Годунов патша оларға Қасымов (Касимово) ңаласын беріп, Қадыргали Жалайыри онда Оразмұхаметтің ата- тегінің шежіресін жазды. XVIII гасырдың басындағы Жоңғар шапңыншылығына дейін Жалайырлар Шу өзенінің орта ағысына оралып үлгіреді, бірақ «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламада» қайтадан Бетпақдала шөліне қарай се рпілді.Одан кейін Жалайырлар XVIII ғасырдың ортасында Қазақ жерін азат етуге белсене араласып, қытайлар Жоңғарияны біржола күйреткенше, Аягөз өзеніне дейін жетті.Соның нәтижесінде азаттық алғаннан кейін, Жалайырлар Жетісудың Қаратал өзені жағасы мен Іле сағасын мекендеп қалды. Дегенмен, зерттеушілердің ішінде бірінші болып Н. Аристов Жалайыр руларыныңаттары негізінде олардың монгол тектес емес, арғы тегінің аралас түркі- моңғолдан шыңқанын ұсынды. Н. Аристовтың пікірін растай отырып, С. Аманжолов оның тұжырымын нақтылап, кемшіліктерін корсетіп, Жалайырлардың ежелгі түріктерден тарайтынын сенімді түрде дәлелдейді. «Мен Аристовтың пікіріне қосыламын, деп жазады С. Аманжолов, Жалайыр руы мен аталары Ұлы жүзде дс әр текті рулар одағының бөлігі. Бірақ, бұл, меніңше, бүкіл қазақ, қырғыз, өзбек руларына да тән. Нағыз жалайыр деп ол, бәлкім, моңғол нышандарын айтатын шығар. Бұл тағы да халықтардың қоныс аударуына байланысты қате көзңарас. Жалайырдың бүкіл рулары кейін түріктеніп кеткен моңғол тектес дегенге итермелейді». Ал, жағдаяттар басқаша баяндайды. Жалайырлар тармағының ішінде моңғол билігіне дейін көптеген ежелгі түрік руларыыың болып, басқа да Ұлы жүз бен қырғыздар руларының құрамында олардың таңқаларлықтай мидай араласып кетуі, ол ардың (Жалайырлардың) моңғол шапқыншылығына дейін түркі тектес болғанын көрсетеді. Хиуа ханы Әбілғазы Баћадүрхан Жалайырларды моңғолдың Хайду ханының тұтқыны болғаннаы кейін ғана моңғол атанды деп есептейді. Бұдан Жалайырлардың басым көпшілігі моңғол емес, небәрі олардың (500 «бүлікшілері») құлдыққа түсіп, моңғолданып кеткен аз бөлігі деп түйіндеуге болады. Ежелгі моңғолдардың салт-дәстүрі бойынша, олар өз мырзаларының қосынында қызмет етіп, «күнәдан» арылып, жоғары шен, ат ақ-дәрежеге (бек немесе қолбасы) жетуіне болатын еді. Сондықтан Қытайды жаулап алғаыдардың ішінде Жалайыр Мұқа-ноянның болуы таңғаларлық емес (Әбілғазы). Одан әр і С. Аманжолов Жалайыр руы ата-тегінің құрамын талдай келіп, олардың Сы р-манақ пен Шу-манақ тармақтарыыа айрықша назар қойып, бұлар ежелг і Дулудың бес аймағын тағы да қайталайтынын еске салады: шу-ми, шу-му ғун, шу-бань және басқалар. Олармен, бәлкім, қырғыз-қыпшақтарының қырғыз аталары: жаманақ пен омана қ та байланысты болуы мүмкін. Диалектілерді зерттеу барысында біз Арал теңізі аймағындағы Шектілердің өздерін Жаманақ деп атайтынын анықтадық. Осыдан қазақ пен қырғыздардың ода и да жақын туыстығы мәселесі туыидайды, меніңше, «манақ» өң әуелі рулық атау емес, ол тіршілік ету сипатына байланысты белгілі мекендердің тұрғындарына берілуден шығатын ат секілді. Шу- маиақ сөзін «Шу бақташылары» (егер моңғолдың «ман ақ» сөзін негізге алсақ бағу, қарауылдау, сақтау) және «Шу бағбандары» (егер түр іктің «манау» бағбан») деуге болатындай. Әрі қарай С. Аманжолов өз еңбегінде деректер негізінде Жалайырлардың қо ныстануын қадағалайды. Жалайырлардың басым көпшілігі бар уақ ытта Жетісудағы Қапал уезінде тұрды, деп жазады ол, Бәлкім, біраз бөлігі Зеравшан алқабына қөныс аударған шығар. Жорықтарға ңатысушылар, әулеттер мен хандарды көт ерген жалайырлар (Қытай, Персия, Мысыр, Ресейдің оңтүстігі мен Сібірде), бәлкім, Шыңғыс-хан мен ұлдарына қ ызмет еткен жоғарғы әскери топтың өкілдері болуы мүмкін. Жалайырлардың мүлде аздаған тобы бурят-моңғолдар ішінде де бар. Олар мүмкін Әбілғазы жазған Хайду хан құлда рының ұрпақтары шығар.XVIII ғасырдың ортасынан бастап, орыс деректерінде жалайырлар туралы құнды-қ ұнды мағлұматтар кездеседі, солардың негізінде бұл рудың әтникалық құрамы жайында недәуір мағлұмат табамыз. М. Тынышбаев қазақ халқ ының үш жүзінің тегі туралы, соның ішінде Жалайырлар жайында да орасан еңбек жариялады. Бұл деректе рдің бәрін зерттеп, өз жинағын мағлұматтарымен салыстыра отырып, жалайырлардың рулық құ рамы мен қоныстануын В. В. Востров монографиялық жұмысында ашып берді. Алайда, Жалайырдың бұл рулың ңұрамында оның 13 атасының ғапа тізімі беріледі.