Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.5- ОСӨЖ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
253.94 Кб
Скачать

2. Мақсаты:

Ажыратқыштардың әсер ету механизмдерін, негізгі нутриенттердің тотығуының энергетикалық шығымын түсіну үшін және диетаға антиоксиданттардың еңгізуге сәйкес ұсыныстар жасауға энергия алмасуы, тотығу түрлері және антиоксиданттар туралы білімдерді қолдануды үйрену.

3. Оқыту міндеттері:

Студенттер осы ОСӨЖ-ден кейін тиіс:

  1. Энергия алмасуының негізгі сатыларына жалпы сипаттама, тотығу түрлері және антиоксиданттар туралы білімдерді ОСӨЖ үшін қолданылу.

  2. Тақырып бойынша оқу-ғылыми жағдаяттарды шешу.

4.Өткізу түрі:тотығу түрлері бойынша кестені толтыру, жаттығулар мен жағдайлық есептерді орындау, бейнекаст пен пікірталас, жазбаша сұрау, TBL, оқу-ғылыми жағдаяттарды шешу.

5.Тақырып бойынша тапсырмалар: жаттығуларды жасау, оқу-ғылыми жағдаяттарды шешу, кестені толтыру.

6.Таратылатын материал: кафедраның оқу құралы, Ітом, жаттығулар мен оқу-ғылыми жағдаяттар, бейнематериал, кесте.

Жаттығулар:

  1. Оттек жоқ жағдайда ҮКЦ жүреді ме? Неліктен?

  2. α-Кетоглутар қышқылының тотығудан декарбоксилдену реакциясын жазыңыз. Осы реакцияны қандай фермент жылдамдатады? Қандай кетоқышқылдары осындай реакцияларға түседі?

  3. .Қымыздықсірке қышқылының ҮКЦ-дегі ролі.

  4. Янтарь қышқылының тотығу реакциясын жазыңыз. Бұл реакцияға қандай фермент қатысады?

  5. ҮКЦ 3 молекула НАД-ты тотықсыздандыратыны белгілі. ҮКЦ –ның қандай реакцияларында жүреді?

  6. БТ тізбегінде флавин ферменттерінің тотығуы кезінде шамамен 19 кДж энергия бөлінеді. Тотығудан фосфорлану реакциясы жүруі мүмкін бе?

  7. КоQ мен Цхс ферменттері тыныс алу комплексінің құрамына кіреді ме? Олардың ролі.

  8. Цх а-дан Цх b-ға электрондар тасмалдануы мүмкін бе?

  9. Энергия алмасуы сатыларының өзара байланысын көрсетіңіз. 10. АцетилКоА толық тотыққанда қанша НАДН2 түзіледі?

Жағдайлық есептер:

    1. Жасушада АТФ көп, ал АДФ аз. Қалай БТ жылдамдығы өзгереді? Неліктен?

2. Р/О коэффициенті 2 тең. Бұл нені білдіреді?

3.Р/О коэффициенті 1 тең. Бұл нені білдіреді?

4.ҮКЦ-да үш НАД молекуласы тотықсызданады. ҮКЦ-ның осы реакцияларын атап беріңіз.

5.Жасушада анаэробты жағдай пайда болды. ҮКЦ реакциялары жүре ма? Неліктен?

Кесте «Тотығу түрлері»

Тотығу түрі

Соңғы өнімдер

Ферменттер

Реакцияға мысал

Окидазды

Оксигеназды

Пероксидазды

Пероксидті

7. Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

Қазақ тілінде:

1.Северин Е.С.(қазақ тіліне аударған және жауапты редакторы А.Ж.Сейтембетова) «Биохимия», Мәскеу, 2014.

2. Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2012 ж.

3. Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды, 2007.

Орыс тілінде:

  1. Николаев А.Я. «Биологическая химия», 2007 г.

  2. Северин Е,С. «Биохимия», 5-е изд., М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2009

Қосымша әдебиеттер:

Қазақ тілінде:

1. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.

2. Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы

1Бөлім. Белоктар, ферменттер, энергия алмасуы, витаминдер.

2Бөлім. Заттар алмасуы және оның реттелуі.

3Бөлім. Адам ағзасындағы сұйықтықтар мен тіндер биохимиясы.– Алматы, 2009 ж.

  1. Биохимия пәнінен студенттердің өздігінен дайындалауына арналған тест сұрақтары – Алматы, 2007

  2. Сейтембетов Т.С. Биохимия сұрақтары мен жауаптары - Алматы, 2011

Орыс тілінде:

  1. Сеитов З.С. «Биохимия», Алматы, 2012 г.

  2. Плешкова С.М. и др. Учебное пособие для самостоятельного изучения биохимии