Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.5- ОСӨЖ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
253.94 Кб
Скачать

Диспротеинемиялар

Анықтама

Диспротеинемия – қан сарысуындағы белок фракцияларының арақатынасының бұзылуы.

Қан сары суындағы белок фракцияларының қалыпты мөлшерде болуы және

оларды алу әдісі

Белоктардыфракцияға бөлуде электрофорез әдісі қолданылады.Ол электр өрісінде зарядталған бөлшектердің қозғалысына негізделген. Қан сарысуының белоктары теріс зарядты болады,олар электр өрісінде әр түрлі жылдамдықпен оң зарядқа жылжиды. Электрофорез арқылы белоктардың 5 фракциясын алады. Альбуминдер 55-60%, альфа1-глобулиндер – 0-5%, альфа-2глобулиндер – 5-10%, бета-глобулиндер – 10-15%, гамма-глобулиндер – 15-20% құралады.

Альбуминдердің өзгерісі

Альбуминдердің жоғарылауы байқалмайды. Альбуминдердің төмендеуі бүйрек,бауыр, қатерлі ісікте, қан жоғалтқанда байқалады. Бауырда оның синтезі жүреді, сондықтан бауыр аурулары қандағы альбуминдердің төмендеуіне алып келеді. Ауру бүйрек арқылы альбуминдер зәрмен шығады. Қатерлі ісікте альбуминдер ыдырайды,сөйтіп ісік жасушаларының қорек көзі болады. Барлық жағдайлар қан жоғалтуымен немесе плазманың сұйық бөлігінде альбуминдер деңгейінің төмендеуімен байланысты.

Альфа-глобулиндердің фракциясының өзгерісі

Бұл белоктар жедел қабыну кезінде жоғарылайды.Альфа-1-глобулиндербауыр ауруларында, тіндік ыдырау барлық үрдістерінде немесе жасушалардың пролиферациясында жоғарылайды.

Альфа-2-глобулиндер нефроз кезінде жоғарылайды.Альфа-2-глобулиндердің төмендеуі қантты диабетте, токсикалық гепатитте, жаңадан туа біткен механикалық сипаттағы сарғыштануда байқалады.

Бета-глобулиндердің фракциясының өзгерісі

Бета-глобулиндердің жоғарылауы 1-лік және 2-лік гиперлипопротеинемияда бауыр ауруларында , нефрозе, гипотиреозда, асқазанның қансыраған жарасында байқалады.Бета-глобулиндер гамма-глобулиндермен бірге қабыну созылмалы түрге ауысқанда біруақыттажоғарылайды.Төмендеуігипобета-липопротеинемияда байқалады.

Гамма-глобулиндердің фракциясының өзгерісі

Жұқпалы үрдістердің нәтижесінде, гепатит кезінде антидене титрі өсуінде (гамма-глобулиндер), циррозда , коллагенозде және басқа аутоиммундық ауруларда жоғарылауы байқалады. Гамма-глобулиндердің төмендеуі иммундық жетіспеушілік кезіндебайқалады..

Сіздің назарларыңызға бір,екі, үш және одан да көп дұрыс жауаптары бар тапсырмалар берілген. Барлық дұрыс жауаптардың нөміріне сәйкес келетін түртпені (клавишалар) басыңыз:

1. Жалпы белоктың қалыпты құрамындағы қан сарысуының белоктық фракциясының қатынасының өзгеруі аталады_______________

2.Қан сарысуындағы белоктарды фракцияларға бөлуде негізінен қолданылатын әдіс

  1. электрофореза

  2. гель-фильтрация

  3. центрифугирлеу

  4. лиофилизация

  5. тұздалу

3. Қан сарысуында альбуминдер қалыпты жағдайда құралады:

  1. 55-60%

  2. 65-70%

  3. 75-80%

  4. 85-90%

  5. 95-100%

4.Қан сарысуында альфа-1-глобулиндер қалыпты жағдайда құралады:

  1. 0-5%

  2. 6-10%

  3. 11-15%

  4. 16-20%

  5. 21-25%

5. Қан сарысуында альфа-2-глобулиндер қалыпты жағдайда құралады:

1) 0-4%

2) 5-10%

3) 11-15%

4) 16-20%

5) 21-25%

6. Қан сарысуында бета-глобулиндер қалыпты жағдайда құралады:

  1. 0-5%

  2. 6-9%

  3. 10-15%

  4. 16-20%

  5. 21-25%

7. Қан сарысуында гамма-глобулиндер қалыпты жағдайда құралады:

  1. 0-5%

  2. 6-10%

  3. 11-15%

  4. 16-19%

  5. 20-25%

8. Альбуминдердің деңгейі қандай ауруда төмендейді

  1. Бауыр

  2. Ми

  3. Жүрек

Өйткені

1) Бұл мүше альбумин синтезделетін орыны болғандықтан

2) Бұл мүше альбумин қоры жиналатын орыны болғандықтан

3) Бұл мүше альбуминнің ыдырауы жүретін орыны болғандықтан

9.бүйрек ауруларында Альбуминдердіңтөмендеуі немен байланысты

  1. Альбуминдердің зәрмен көп бөлінуі

  2. Альбуминдердің зәрменаз бөлінуі

  3. Альбуминдердің ыдырауының жоғарылауы

  4. Бүйректің альбуминдерді көп пайдалануы

10.НЕФРОЗ КЕЗІНДЕ ЖОҒАРЫЛАУЫ

  1. Альфа-1-глобулиндер

  2. Альфа-2глобулиндер

  3. Бета-глобулиндер

  4. Гамма-глобулиндер

  5. Альбуминдер

11.{бүйрек,бауыр ауруларында, ыдырау үрдісінде және жасушалардың пролиферациясында}

Қан сарысуында негізінен төмендеуі байқалады:

  1. альфа-глобулиндер

  2. бета-глобулиндер

  3. гамма-глобулиндер

12.Созылмалы қабыну сипатталады,қан сарысуында ____________Және______________ГЛОБУЛИНдердің жоғарылауымен

13. Созылмалы қабыну кезінде қан сарысуында артады:

  1. альфа-глобулиндер

  2. бета-глобулиндер

  3. гамма-глобулиндер

  4. альбуминдер

14. {гепатит кезінде, циррозда, коллагенозда және басқа аутоиммундық ауруларда}

Қан сарысуында негізінен жоғарылауы байқалады:

1) альфа-глобулиндер

2) бета-глобулиндер

3) гамма-глобулиндер

4) альбуминдер

Белок фракцияларының анықтау нәтижелері төмендегідей кестеге толтырылады :

Фракция

Қалыпты

Электрофореграмма

Экстинкция

%

Экстинкция

%

Альбуминдер

0,174

60 (50-65)

Глобулиндер

0,012

4,1 (3-5)

0,022

7,6 (6-10)

0,030

10,3 (10-15)

0,052

18,0 (15-20)

Жиыны

0,290

100

Альбуминдердің пайыздық құрамын төмендегідей үлгіде есептейді:

0,290 – 100%

0,174 - Х%, Х=0,174х100/0,290=60%

Басқа қалған белоктардың фракцияларының пайыздық құрамын осыған ұқсас есептейді

Шағын топтарда белоктардың фракцияларын есептеудің нұсқаулары(берілген мәнінің экстинкциясы):

1 нұсқа: Aльбуминдер – 0.156; альфа-1-глобулиндер – 0.008; альфа-2-глобулиндер – 0.018; бета-глобулиндер – 0.025; гамма-глобулиндер – 0.07

2нұсқа: Aльбуминдер – 0.182; альфа-1-глобулиндер – 0.028; альфа-2-глобулиндер – 0.045; бета-глобулиндер – 0.035; гамма-глобулиндер – 0.06

3нұсқа: Aльбуминдер – 0.14; альфа-1-глобулиндер – 0.009; альфа-2-глобулиндер – 0.017; бета-глобулиндер – 0.048; гамма-глобулиндер – 0.067

4нұсқа: Aльбуминдер – 0.16; альфа-1-глобулиндер – 0.013; альфа-2-глобулиндер – 0.027; бета-глобулиндер – 0.032; гамма-глобулиндер – 0.035

5нұсқа: Aльбуминдер – 0.12; альфа-1-глобулиндер – 0.054; альфа-2-глобулиндер – 0.075; бета-глобулиндер – 0.018; гамма-глобулиндер – 0.03

Видеоәдістен кейін пікірталас өткізу және НОЛ-да жұмыс.

Альтернативті берілген әдістер мен тәсілдерді тақырып бойынша ОСӨЖ-де видеофильм көрсету, НОЛ-да биохимиялық анализаторлармен демонстрациялық жұмыстар және жіберілген сабақтарды өтеу, фильм бойынша дискуссия өткізу.