Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кітап казақша.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
177.43 Кб
Скачать

Медициналық этика түсінігі. Медициналық этиканың теориялық негіздері. Медициналық этиканың тарихы мен дәстүрлері

Медицина - ең ежелгі мамандықтардың бірі. Ол ем қолданып, шипа дарытудың бай тәжірибесін меңгеріп, адам іс әрекеттерінің өзге түрлерінен ерекшеленетін белгілі бір қасиеттер иеленеді. Көне замандардан бері дәрігерлікпен шұғылданатын адамдарға айрықша адамгершілік талаптар қойылып келеді. Ежелгі дәуір медицинасында дәрігерлер басшылыққа алуға тиісті адамгершілік талаптардың тұтас бір жиынтығы калыптасқан. Дәрігер беделіне жете мән берген ежелгі дәуір медицинасының негізін қалаушы Гипократтың (б.д.д. 460-377 жж..) адамгершілік қасиеттері кең таралды. Арада едәуір уақыт (2500 жылдан астам) өткеніне, әрі заманның ғылыми жетістіктеріне қарамастан, кейінгі деонтологиялық қағидалардың барлығы, тіпті қазіргілері де «Гиппократ антының» мазмұнын бұлжытпай қайталайды. Орта ғасырлар кезінде медицина қызметкерлерінің мінез құлқына философ, ғалым Әбу Әли ибн Сина (Авиценна) жеке көңіл бѳлген. Авиценна медицина ғылымында ѳшпес із қалдырған ғұлама емші болды. Оның «Канон врачебной науки», - атты негізгі еңбегі бес ғасыр бойы (ХН-ХѴІІ) шығыстың да, батыс европа елдерінің де, медицина университетгерінде оқытылып келді және 35 рет қайта басылып шықты. Авиценна, дәрігер айрықша тәндік және рухани қасиеттерге -сұңкардың қырағылығына, қыздай жұмсақ қолына, жыланның даналығы мен арыстанның жүректілігіне ие болуға тиіс, - деп есептеді. Қоғамдағы адамдардың мінез-құлқы мене ѳзара қарым-қатынасы көптеген нормалармен, ережелермен және салт-дәстүрлермен реттеледі

Этика — адамгершілік туралы және оның әлеуметтік мәні туралы ілім. Медициналық этика - медицина қызметкерлерінің адамгершілік қасиеттерінде кѳрініс табуда. Ол медицина қызметкерлерінің ерекшеліктері мен қоғамда алатын орнына байланысты мінез-құлық нормаларын реттейтін қағидалар жиынтығын қамтып, дәрігердің науқастармен және олардың туыстарымен өзара қарым-қатынасын, тән және жан тазалығын қарастырады. Медициналық этиканың құрамдас бѳлігі деонтология болып табылады. Бұл жаңа ғылым саласы XIX ғасырдың басында пайда болды (грекше dеоn - тиісті; lоgоs - ғылым, ілім). Деонтология термині қолданысқа енгеніне аса кѳп болтан жоқ: өткен ғасырдың басында ағылшын философы И. Бентам оны адамның кәсіби мінез-құлқы туралы ғылымның атауы ретінде ауызға алған.

Медициналық деонтология- медицина қызметкерлері қызметінің моральді-этикалық негіздерін, олардың рухани және жеке қасиеттеріне қойылатын талаптарын, қоғам мен халық алдындағы жауапкершіліктерін, науқастармен, олардың туыстарымен, әріптестерімен өзара қарым-қатыстарын қамтиды. Бұған дәрігердің кәсіби тұрғыдан өсу, науқастардың тілек талаптарын мейлінше қанағаттандыру мақсатымен емдеу, аурудың алдын-алу мекемелерінің қызметін ұйымдастыру мәселелері жатады. «Дәрігершеберлігі» ұғымын техникалық тәсілдер қауызына қамап қоюға болмайды. Бұл - дәрігердін бойына біткен «клиникалық ойлау жүйесі» деп аталатын, интеллектуальді жұмыс түрінде көрінетін творчестволық үрдіс. Яғни, дәрігердің мінез құлқына, алдына келген ауруды қабылдай біліп, мұқият, әрі толықтай тексеруіне, лайықты қортынды жасауына тікелей қатысты нәрсе. Дәрігер ауру адамға көмек көрсетіп, оны сырқатынан айықтыруға, еңбек ету қабілетін қалпына келтіріп, ажалдан арашалап калуға жаралған. Бұл үшін ол өз мамандығын сүйіп кана коймай, кәсіби шеберлігін де ұдайы арттырып отыруы тиіс. Тек жеткілікті клиникалық тәжірибесі бар дәрігер ғана тиімді көмек бере алады.

Медициналық деонтология дәрігерлік қызметтің адамгершілік нормаларын зерттеуші білім саласы ретінде қоғамдык мораль мен этиканың құрамдас болігі болып саналады. Дәрігердің іс әрекетіндегі деонтологиялық қагидалардың орындалуына бақылау жасау моральді-этикалық өлшемдер, коғамдык пікір арқылы жүзеге асырылады. Бұл қагидалар ресми нормативтік актілерден гѳрі, әр дәрігердін ар-ожданына, дүние танымына негізделеді. Деонтологиялық қагидалардың өміршендігі, оған бақылау жасаудың тиімділігі нақ осыларға сүйенеді. Заң баптарын кейде орағытып өтуге болатын шығар, ал оз ар-ожданынды алдап-арбауға немесе тайдырып кету әсте мүмкін емес.

Медициналық деонтология мораль мен этика туралы ғылымның бір бѳлігі ретінде коғамдық-саяси және экономикалық жағдайлармен, үстемдік құрушы идеологиямен, сондай-ақ медицинаның ғылыми және тәжірибелік даму деңгейімен тығыз байланыста.

Емдеу жұмыстары барысындағы дәрігер мен науқастын өзара қарым-қатынасының моральді-этикалық мәселелері деонтологияның маңызды тармағы болып табылады. Емдеу мекемесі туралы алғашкы әсердің жағымды, не жағымсыз болуы медицина қызметкеріне, осы жердегі жұмыс тәртібі мен жай-ахуалға байланысты қалыптасады. Емдеу мекемесіндегі орта мен ахуал науқастардың көңіл-күйіне, сайып келгенде, емдеу ісіне зор ықпалын тигізеді. Бөлімшедегі жалпы жай ахуалдың да маңызы зор. Егер науқас ұқыпты да, мұқият жұмыс істеп отырған медицина қызметкерін көрсе, көңілі орнығып, табалдырықтан сеніммен аттайды. Егер де, науқас тек жоғары білікті маманды ғана емес, сонымен қатар жаны жайсаң, жүрегі ізгі жанды керсе, қамкор пейілін сезінсе, онымен бүкпесіз байланыс жасайды, ал мұның өзі емнің шипалы болуына септігін тигізеді.

Аурухананың хирургиялық бөлімдері, ѳзге бѳлімдерге қарағанда, өзінің қаталдау сипатымен ерекшеленеді. Мұндай қаталдык, әдетте, тазалықты, асептикалық және антисептикалық қағидаларды сақтау қамынан туындайды. Әлбетте, тазалық барлық жерде, әсіресе, хирургияда керек. Алайда, нақ сол тазалықты науқастар жүріп тұратын орындардын - бөлмелердің, холлдар мен тынығу мүйістерінің интерьерлерін көңіл жұбанып, көз қуанарлықтай әсем де, жылышырай безендіру аркылы да, сақтауға болады ғой. Операция жасайтын, жараны таңатын бѳлмеде, ем кабылдау бѳлмесінде, т.б. медициналық ем шаралары қолданылатын орындарда асептикалық және антисептикалық шарт қатаң сақталуы тиіс. Ал басқа орындарда, мейлінше оңтайлы ахуал орнатып, кәдуілгі үйшілік жағдайға жақындатып қойған жөн. Мәселен, декоративті өсімдіктер, аквариумдар науқастардың уайым-мұңын сейілтіп, сырқатын бір сәтке ұмытуына, көңілін сергітуіне әсер етеді. Ѳздігінен жүріп тұратын науқастардың тынығып, келушілер-мен жолығуы үшін, әсем безендірілген холлға жұмсақ кілем төсеп, жайлы дивандар мен креслолар, аласа үстелдер, гүлдер қойса артық болмайды.

Бөлмелер науқастардың жүріп-тұруына, мазасыз демалуына қолайлы, үйреншікті тұрмысын еске саларлық әдеппен жасақталуы тиіс. Тұрмыстық жағдай жасаумен қатар, науқастардын психикасына эстетикалық, сезімдік тұрғыдан да әсер етіп, олардың көңіл-күйін көтеруді, сезімін сергітуді де ұмытпаған жөн.

Хирургияда микробқа қарсы асептикамен қатар, психологиялық асептиканы да сақтау кажет; ол тікелей жараның аскынуына әсер етпегенімен, науқастың психогенді жарақаталуына себепкер болуы мүмкін. Бұрынғы науқастардан қалған қаннын дақтары, іріңі баттаскан мақта, дәке кесінділері кейін келген ауру адамға кері әсер етіп, қозу күйіне ұшыратуы мүмкін. Сондықтан, келесі науқасты бөлменің ішін жиыстырып, тиісті тәртіпке келтірген соң, шакырған жөн.

Науқас бөлімшеге түскен бойда оны емдеуші дәрігер қарсы алып, бүкіл медициналық тексеруден ѳткізеді, ем қолданып, оның нәтижесіне жауап береді. Сондықтан, емдеуші дәрігер науқас адам туралы, онын ѳмірі мен түрмысы, жүргізілген диагностикалық тексерулердің нәтижелері, өзінің сырқатын сезінуімен ой толғанысы туралы бәрін біледі. Осындай жағдайларға орай, емдеуші дәрігер стационарға келген кезінде, ауру адам үшін ең жақын жанға айналады, оған әлгі науқас жан тәнімен сеніп, өзінің уайымы мен ой күдігін жасырмай айтады. Емдеуші дәрігер кез-келген мекеменің буыны, бетке ұстар беделі болып табылады. Сондықтан, дәрігерге құрметпен карап, жоғары беделге жетуіне колдау корсету аурухана әкімшілігінің де, клиника басшылығының да, маңызды міндеті саналмақ. Әрине, емдеуші дәрігерлер әркилы болады, олар бір-бірінен жеке, кәсіби қаситтерімен ерекшеленеді. Олардың кейбіреулерінің кателік жіберетін кездері де кездесіп қалады, сонда олардың қызметін объективті түрде бағалау, тіпті әділ жазасын беру қажеттігі туындауы мүмкін. Бірақ мұның бәрі науқастар назарына жетуге, палата дәрігерлерінің беделіне нұқсан келтірілмеуі тиіс. Осынау өзекті деонтологиялық кағиданы барша жұрт барлық жер, әсіресе клиникалар мен ауруханалардың басшылары қатаң сақтауы тиіс.

Дәрігерлік құпия

1. Медициналық көмекке жүгіну фактісі, аза­маттың денсаулығының жай-күйі, оның ауруының диагнозы туралы ақпарат пен оны зерттеп-қарау және (немесе) емдеу кезінде алынған өзге де мәліметтер дәрігерлік құпияны құрайды.

2. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгі­ленген жағдайлардан басқа, оқыту, кәсіптік, қыз­мет­тік және өзге де міндеттерді орындау кезінде дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтер белгілі болған адамдардың оларды жария етуіне жол берілмейді.

3. Дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтерді пациенттің немесе оның заңды өкілінің келісімі­мен пациентті зерттеп-қарау және емдеу мүддесіне орай, ғылыми-зерттеулер жүргізу, осы мәліметтерді оқыту процесінде және өзге де мақсаттарға пайда­лану үшін басқа жеке және (немесе) заңды тұлға­ларға беруге жол беріледі.

4. Дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтерді азаматтың немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз беруге мынадай жағдайларда:

1) өзінің жай-күйіне байланысты өз еркін білдіруге қабілетсіз азаматты зерттеп-қарау және емдеу мақсатында;

2) айналасындағыларға қауіп төндіретін ауру­лар­дың таралу қатері болған кезде;

3) тергеу немесе сот талқылауын жүргізуге байланысты анықтау және алдын ала тергеу органдарының, прокурордың, адвокаттың және (немесе) соттың сұратуы бойынша;

4) кәмелетке толмаған адамға немесе әрекетке қабілетсіз адамға медициналық көмек көрсету кезінде оның заңды өкілдерін хабардар ету үшін;

5) азаматтың денсаулығына зақым құқыққа қарсы әрекеттер салдарынан келтірілді деп есеп­теуге негіздер болған кезде жол беріледі.

5. Пациенттің рұқсатынсыз оның жеке өміріне қатысты жеке сипаттағы ақпаратты автоматтан­дырылған деректер базаларына енгізуге және пайдалануға жол берілмейді.

Жеке сипаттағы автоматтандырылған деректер базаларын пациенттердің жеке өміріне қатысты жеке сипаттағы ақпаратты пайдалану кезінде пациенттердің рұқсатынсыз, оларды басқа деректер базаларымен байланыстыратын желілерге қосуға жол берілмейді. 

95-бап. Дәрігерлік құпия

1. Медициналық көмекке жүгіну фактісі, аза­маттың денсаулығының жай-күйі, оның ауруының диагнозы туралы ақпарат пен оны зерттеп-қарау және (немесе) емдеу кезінде алынған өзге де мәліметтер дәрігерлік құпияны құрайды.

2. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгі­ленген жағдайлардан басқа, оқыту, кәсіптік, қыз­мет­тік және өзге де міндеттерді орындау кезінде дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтер белгілі болған адамдардың оларды жария етуіне жол берілмейді.

3. Дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтерді пациенттің немесе оның заңды өкілінің келісімі­мен пациентті зерттеп-қарау және емдеу мүддесіне орай, ғылыми-зерттеулер жүргізу, осы мәліметтерді оқыту процесінде және өзге де мақсаттарға пайда­лану үшін басқа жеке және (немесе) заңды тұлға­ларға беруге жол беріледі.

4. Дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтерді азаматтың немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз беруге мынадай жағдайларда:

1) өзінің жай-күйіне байланысты өз еркін білдіруге қабілетсіз азаматты зерттеп-қарау және емдеу мақсатында;

2) айналасындағыларға қауіп төндіретін ауру­лар­дың таралу қатері болған кезде;

3) тергеу немесе сот талқылауын жүргізуге байланысты анықтау және алдын ала тергеу органдарының, прокурордың, адвокаттың және (немесе) соттың сұратуы бойынша;

4) кәмелетке толмаған адамға немесе әрекетке қабілетсіз адамға медициналық көмек көрсету кезінде оның заңды өкілдерін хабардар ету үшін;

5) азаматтың денсаулығына зақым құқыққа қарсы әрекеттер салдарынан келтірілді деп есеп­теуге негіздер болған кезде жол беріледі.

5. Пациенттің рұқсатынсыз оның жеке өміріне қатысты жеке сипаттағы ақпаратты автоматтан­дырылған деректер базаларына енгізуге және пайдалануға жол берілмейді.

Жеке сипаттағы автоматтандырылған деректер базаларын пациенттердің жеке өміріне қатысты жеке сипаттағы ақпаратты пайдалану кезінде пациенттердің рұқсатынсыз, оларды басқа деректер базаларымен байланыстыратын желілерге қосуға жол берілмейді. 

Этиканың медицина саласында маңызы зор. Өйткені дәрігер мен науқас, дәрігер мен дәрігер, дәрігер мен медбикелер, дәрігер мен кіші қызметкерлер, дәрігер мен науқастың туыстары арасында қарым-қатынас жасау үшін этикалық және адамгершілік қағидаларын сақтау . Дәрігер мен науқас арасындағы қарым-қатынас ережелері және модельдерін, командамен жұмыс жасауды, команда құруды, осы команда құру арқылы

көптеген жетістікке жетуді, командада көшбасшы болуды үйрету. Дәрігерлік қарым-қатынастың белсенді немесе одақтас түрі, емдеу процесіне науқастың белсенді түрде қатынасуын мүмкін етіп, оның ем таңдауда дербестігін және жауапкершілігін дамытады. Бұл ынтымақтастық қатынас, ауруға қарсы күрес жүргізген науқастарда нәтижелі болады. Дәрігердің іс-әрекеті пікірлесуге, соңғы шешімді өзі қабылдауға даярлыққа бағытталған. Бастапқы кезде дәрігер, қатынас құруға оның басқару түрін қолданып, кейін ол серіктес қатынасқа көшуі мүмкін. Біртұтас ұжым - ортақ мақсат, мәселе, адамдардың жандүниелік жақындығын туғызатын түсінушілік орнаған жағдай негізінде құрылады. Аталған жағдайда ұжым басшысының, яғни көшбасының рөлі ерекше. Ұжымда көшбасшының беделі жоғары болуы керек, себебі ұжымдағы адамның адамгершілік қасиеттерін бейнелейтін қоғамның бір бөлігі болып саналады. Көшбасшының беделділігі мен шынайы адамгершілігі коршаған адамдардың, ұжымның ортақ ойына негізделеді. Сенім және беделге дәрігер өзінің білімімен, қабілетімен, жүмысқа деген шынайы ниетімен, түрлі мәселелерді шешу жолдарын іздестірумен, ұжым мүшелеріне жақсы қарым-қатынасымен ие болады. Осыған байланысты, қалыптасқан ұжым басшысының беделділігі әрбір администраторға ауадай керек екені сөзсіз. Ұжымға жалған достық қажеттілік емес. Айта кететін бір жайт, ұжымдағы тиісті моральды климат болғанда, қаталдылық, ұжым мүшелеріне ауырлық әкелмейді.

Медицина саласында көптеген жағдайда этикалық- құқықтық мәселелер туындайды, соның ішінде: Адам өмірі басталуының әлеуметтік, құқықтық және этикалық аспекттері, аборт, стерилизация, жаңа репродуктивті технологиялар , ЖИТС-ң этикалық-құқықтық проблемалары, эксперименталді медицинаның этикалық және құқықтық проблемалары, клиникалық трансплантология мен трансфузиологияның этикалық-құқықтық проблемалары, медициналық генетика және гендік инженерияның этикалық-құқықтық проблемалары.

Мысалы: Оборттағы этикалық мәселе моральдық жіберілген қателіктердің нәтижесінде адам өмірінің дамуына қол сұғушылық болып табылады. Бұл мәселе адам өміріндегі ойландыратын сұрақ, бұл сұрақтың шешімі басқа көптеген мәселелердің биоэтикалық шешімі –адам өмірі қашан басталды? Адамның өмір сүру, сүрмеуін кім шешуге құқылы?

«Медбике-емделуші» арасындағы қарым-қатынастар:

  • Медициналық бике емделушімен сабырлы әрі ашық жарқын сөйлесуге міндетті. Дөрекі, тұрпайы немесе тым ресми сөйлесуге тыйым салынады. Науқастарға «Сіз» деп және аты мен әкесінің атын атап сөйлескен жөн.

  • Науқастың жанында тұрып оның диагнозын, емдеу жоспарын талқылауға, палатадағы өзге де науқастардың денсаулығын әңгімелеуге тыйым салынады.

  • Күрделі және ауырсындыратын емшараларды бастамас бұрын медбике осы емшаралардың мәнін, мағынасын және қажеттілігін түсінікті түрде науқасқа түсіндіруі және тыныштандыруы қажет.

«Медбике – емделушінің туысқандары (және жақындары)» арасындағы қарым-қатынастар:

  • Ұстамдылықты, сабырлылықты, тыныштықты және әдептілікті сақтауы қажет;

  • Күрделі науқастарды күтушілерге емшара мен манипуляцияларды дұрыс орындау тәртібін түсіндіруі тиіс;

  • Тек өз құзыреті шеңберінде сұхбаттасуы (науқастың сырқаты, болжамы жөнінде әңгімелемей, дәрігерге жолдау) тиіс;

  • Қойылған сұрақтарға сабырлы жауап беруі қажет, күрделі науқаста дұрыс күте білу ережелерін шыдамдылықпен үйретуі тиіс.

«Медбике-дәрігер» арасындағы қарым-қатынастар:

  • Сұхбаттасу кезінде дөрекі сөйлесуге тыйым салынады;

  • Дәрігерлік тағайындаулар уақытында нақты, нақты және кәсіби орындалуы тиіс;

  • Науқастың денсаулық жағдайындағы кенеттен болған өзгерістер туралы дәрігерге жедел хабар берілуі тис;

  • Тағайындалған дәрігерлік емді қолдану барысында күмән туындаған жағдайда , науқас жоқ уақытта, сыпайы түрде, осы жөнінде дәрігермен мән-жайды талқылауы қажет.

«Медбике-медбике» арасындағы қарым-қатынастар:

  • өз ұжымдастарымен жұмыс істеу барысында дөрекілікке, тұрпайылыққа жол берілмеуі тиіс;

  • Қандай да бір ескертулер, науқас болмаған уақытта, әдепті түрде айтылуы тиіс;

  • Тәжірибиелері мол медбикелер жас мамандарға тәлімгерлік көмек көрсетулері қажет;

  • Қиын жағдайларда бірі біріне көмектесулері тиіс.

«Медбике-кіші медицина қызметкері» арасындағы қарым-қатынастар:

  • өзара сыйластықты сақтаулары тиіс;

  • кіші медицина қызметкерінің жұмысын сыпайы түрде бақылауы қажет;

  • Әдепсіздікке, дөрекілікке, тәкаппарлыққа жол беруге болмайды;

  • Науқастар мен келушілердің көзінше ескертулер жасауға болмайды.

Адам өмірі басталуының әлеуметтік, құқықтық және этикалық аспекттері. Аборт, стерилизация, жаңа репродуктивті технологиялар.

Аборт (лат. abortus — түсік) медицинада — құрсақтағы ұрықтың 28 апталық мерзімге жетпей тіршілігі үзілуі немесе түсік түсуі. Жүктіліктің 14-15 аптасына жетпейұрық тіршілігінің үзілуін ерте, ал 14-15 аптадан кейін үзілуін кеш түсік дейді.

Аборт өздігінен түсік тастау және жасанды түсік жасату болып бөлінеді. Қолдан жасалатын аборт медициналық мамандардың әйел адамның өмірін және денсаулығын сақтап қалу мақсатында, зорлау немесе инцест салдарынан болатын еріксіз жүктілік кезінде, сәби ауыр науқасқа шалдыққан кезде немесе әйелдің жатырындағы сәбиді асырай алмайтын жағдайы болған кезде жасалады. Ру-486 препаратын жүктіліктің алғашқы бірнеше аптасында қабылдаса, қолдан түсіктің болуына мүмкіндік жасайды. Жүктіліктің 19 аптасына дейін жатырды қысқарту мен іштегі нәрестені түсіру үшін тұз ерітінділерін немесе гормондарды шашуға болады. Жатырдағы сәбиді хирургиялық жолмен алдыру жүктіліктің екінші немесе үшінші айында ғана жүзеге асыруға болады. Жатыр мойыншығын кеңейту мен ұрықты экстракациялауды жүктіліктің үшінші айында жасауға болады. Бұл "Жартылай босану арқылы аборт жасау» деп те аталады. Түсік жасаудың басқа түрлері: қол шприці көмегімен қолмен жасалатын вакуумдық экстракция және кеңейткіш пен механикалық сорып алғыш құрылғысы арқылы жүзеге асатын вакуум-түсік; бұл екі түрлі емдеу шарасы жүктіліктің ерте кезеңінде жасалады.

Қоғамның жасанды түсікке деген, бала тууды бақылау құралы ретінде тарихи қатынасы әртүрлі елде әр кезеңде түрліше өзгеріп отырған. Антикалық дәуірде жасанды түсік бала тууды шектеу әдісі ретінде пайдаланылса, ал христиан діни қызметкерлері жасанда түсік жасауды Құдай ісіне қарсылық деп бағалаған. Орта ғасырларда Еуропада мұндай жолды айыптаушылардың пікірі қоғамдық өріс алып, ауқымы кеңейген. 19 ғасырда жасанды түсік жасатқандарға қатал жаза қолданылған. Алайда 20 ғасырда бұл тыйымдар жұмсартылып, біртіндеп өзгертілді. 1973 жылы АҚШ-та Роу Уэйдқа қарсы ісінің шешімі бойынша жүктіліктің алғашқы үш ай мерзіміндегі жасалатын жасанды түсік заңдастырылды, алайда штаттар алғашқы үш ай мерзімінде түсік жасатуға өзіндік заңды шектеулер енгізуге құқылы болды. Осы сот шешімінен кейін қарқынды түрде абортқа қатысты саясатты ырықтандыруда қарсыластар мен жақтастар арасында қарқынды пікірталас басталды.

Әйелдің өздігінен түсік тастауы әртүрлі жағдайларға (жығылу, ренжу, шошыну, ауыр жүк көтеру т.б.) байланысты болады. Алдын-алу шаралары: қыз балаларының денсаулығына жас кезінен көңіл бөлу, науқас әйелдерді диспансерлік бақылауға алып, емдеу. Жасанды түсік (медициналық Аборт) жасату арқылы екіқабат әйел өз еркімен ұрық тіршілігін үзеді, мұндай Аборт тек дәрігерлік мекемелерде ғана жасалады. Одан тыс жерлерде жасалған Аборт қылмыстық әрекет болып саналады. Көп мемлекеттерде жасанды түсік жасатуға рұқсат берілмейді. Қазақстан Республикасында қолданылатын заңдарға сәйкес жасанды түсік жасатуды 12 апталық мерзімге толғанға дейін әйелдің өзі шешеді. Егер жүктілік мерзімі көрсетілген уақыттан асып кетсе, жасанды түсік дәрігерлік кеңестің шешімімен ғана жасалады. Аборт әйел денсаулығына зиян тигізеді, әсіресе алғаш рет көтерген баласын жасанды түсік жасату арқылы алдырып тастаған әйелдер болашақта бедеулік зардабын тартуы мүмкін.ауруларға (бруцеллезтуберкулезсүзекжыныс мүшелерінің аурулары т.б.), кездейсоқ шалдығуы мүмкін.

Жасанды түсік – бұл ана құрсағынан тыс жағдайда өмір сүре алмайтын, өсіп жетілмеген нəрестені «түсік» ретінде тастату жəне жатырдағы нəресте жұмырт-қасын немесе нəрестені алып тастау, басқаша айтқанда — тірі жанды өлтіру деген сөз. Дегенмен, əйелдің өз ер-кімен түсікті жасауына біздің елде еш кедергі жоқ. Баласынан безінген əйелдер медициналық тəсілмен шарананы алдыртып құтыл-ғанымен, айықпас дерт жамайды. Тіпті өміріне қауіпті.

Жасанды түсіру – хирургиялық әдіс болғандықтан, жыныс мүшесінің зақымдануы мүмкін. Соның салдарынан жатыр тесілуі, оның мойнының жыртылуы және тарылуы мүмкін. Жасанды түсіктен кейінгі жүктілік қалыпты, қиындықсыз өткеннің өзінде босанатынуақытта асқынулар көбейіп кетеді. Әйелдердің емшек безі қатерлі ісігіне ұшырауының ең басты себебі – жасанды түсік.

Жасанды түсік әдетте 12 аптаға дейін жасалады. Ал әйелдердің денсаулығы бала көтеруге жарамаған жағдайда 22 аптаға дейін жасалады. Операция неғұрлым кеш жасалса, соғұрлым зардабы көп. Жасанды түсік жасатқаннан кейінгі жүктілік ана жатырындағы баланың өсуін 3,7 есеге дейін азайтып жібереді. Ондай балалардың әрбір үшіншісі жеңіл салмақпен дүниеге келіп, нәрестелердің 77 пайызы қан аздық және экссудативтік диатез дертіне шалдығады. Әрбір әйелге контрацептивтік дәрі-дәрмектерді пайдалану туралы кеңес берілуі керек.

Стерилизация Әйел денсаулығын сақтауға, түсік және өлім санын азайту үшін 1990 ж. біздің елде ерлерге және әйелдерге арналған хирургиялық стерилизация бар. Хирургиялық стерилизацияны науқас қалауымен, сонымен қоса осы жағдайға арналған себеп болған жағдайда қолданады. Хирургиялық стерилизацияға байланысты бірнеше көптеген медициналық қарсы көрсеткіштер бар. Әлеуметтік жағдайға байланысты тек үш көрсеткіш бар ол - жасы 40 тан жоғары болуы; үш және одан көп балалы болуы және 30 жыл бойы екі балалы болса. Стерилизацияны тиімді жүктіліктен сақтану ретінде қарастыруға болмайды, және бұл әдіс халық арасында кең тарамаған әдіс

Контрацепция Экономикасы дамыған елдерде, әсіресе батыста 70%-ға дейін ерлі-зйыптылар контрацепт қолданады. Дамыған елдердің 400 млн-ға жуық әйелдер орынсыз жүкті болып қалудың алдын алу үшін әртүрлі әдістегі контрацепт қолданады. 30 жылдың ішінде жанұяны жоспарлау ұйымы 400 млн-ға жуық бала туудың алдын алуда.  Қазақстанда ерлі-зайыптыларды орташа есеппен, экономикасы дамыған елдермен салыстырғанда контрацепция қолдануы төмендеу, бірақ статистика бойынша бұған себеп жоқ. Статистикалық қажеттілік бойынша бізде жатыр ішілік спираль және гормональды контрацепция қолданады. 2000 жылдан бұлшықетішілік спираль бар 17% фертильді жастағы әйел адамдар және 7,5% гармональды контрацепцияны қолданады. 1990 жылмен салыстырғанда бұлшықетішілік контрацепі бар әйел адамдар саны өзгермесе, гармональды контрацептер қолданатындар 4,5 есе жиілегенін ескерген жөн. Арнайы зерттеу көрсеткіші бойынша Қазақстандағы жүкті болудан сақтанатын некедегілер 50-55 % ды құрайды.

Қазақстанда экстрокорпоральды ұрықтандыру (ЭКҰ) орталығы алғаш рет 1995 жылы ашылды, қазір үш мемлекеттік, он жеке ЭКҰ орталығы жұмыс жасайды. Он біріншісі жақында Ақтөбеде ашылды.Сол 1995 жылы алғашқы орталық ашылғаннан бері республика бойынша 20 000 отбасы оның көмегіне сүйеніп, нәтижесінде алты мыңнан астам «түтікшелік нәресте» дүние есігін ашты.

Қосалқы репродуктивтік технология бойынша емделіп, бала көтеру өте қымбат қызмет болып есептеледі. Яғни, еліміздегі жеке клиникалардағы баға бойынша ол —  850-900 мың теңге көлемінде. Ал әйелдердің барлығының бірдей жасанды ұрықтандыру әдісі арқылы әп дегеннен бала көтеріп кете алмайтындығын, кейбірінің ЭКҰ орталықтарының көмегіне кемінде 4-5 рет жүгінуге мәжбүр болатындығын ескерсек, үйінде «базары жоқ» отбасылардың бала сүюі үшін қаншалықты қаржы қажет екенін бағамдай беріңіз…2010 жылдан бастап экстрокорпоральды ұрықтандыру жаңа Денсаулық Кодексінің тегін медициналық кепілді көмегінің тізіміне енді. Соған сәйкес былтыр елімізде сәби сүйе алмай жүрген отбасылар үшін республикалық бюджеттің қаржыландыруымен 100, биыл 300-ден астам квота бөлінді.2012 жылы бөлінетін квота 600-ге, ал 2015 жылы 750-ге жетеді.Қазақстанда қосалқы репродуктивті технологиялар 1995 жылдан бастап пайдаланылып келеді. Елде эмбриондарды криоконсервациялау (пайдаланылмаған ұрықты болашақта пайдалану үшін мұздатып қою), жыныстық клеткалардың донорлығы және суррогат ана бағдарламалары іске асырылып жатыр.