- •1.Басқару қызметі процесінде шешім қабылдау ең қиын мәселе. Шешім қабылдау басқару процесінің міндетті, қажетті бөлігі. Басшының кез келген әрекеті іс жүзінде белгілі бір шешім қабылдаудан басталады.
- •2. Басқару шешімдерін жіктеудің теориялық және практикалық мәні зор. Басқару шешімдерінің табиғаты алуан түрлі. Олардың әр түрлілігін жіктеу, реттеу үшін белгілер бойынша жіктейді.
- •3.Шешім қабылдау процесінің интуитивтік, пайымдауға негізделген және тиімді сипаты болады.
- •Сурет 1. Шешім қабылдау және жүзеге асыру
- •Қортынды:
- •Қолданылған әдебиеттер:
3.Шешім қабылдау процесінің интуитивтік, пайымдауға негізделген және тиімді сипаты болады.
Интуитивтік шешім- бұл бір нәрсенің дұрыстығын сезіге негізделген таңдау. Мұндайда шешім қабылдайтын адамдар әрбір балама варианттарға «келісу» және «қарсы болу» жағын қарастырып жатпайды.
Пайымдауға негізделген шешім- бұл білімге немесе жинақталған тәжірибеге негізделген таңдау. Пайымдау негізінде шешімді тікелей басшының өзі қабылдайтындықтан, оны қабылдаудың біршама артықшылықтары бар.
Шешімді жасау процесі үш негізгі кезеңнен тұрады: шешімді әзірлеу, қабылдау және жүзеге асыру. Басқару шешімін әзірлеу, қабылдау және жүзеге асырудың схемасы:
шешім қабылдаудың қажеттілігін анықтау |
Проблемалар мәселесен қою |
жинақталған мәліметтер- ді талдау |
шешім мәселелері нің негізделуін бағалау |
мәселе бойынша шешімді таңдау және қабылдау |
шешімнің орындалуын ұйымдастыру |
орындалу барысын бақылау және нәтижені бағалау |
Басқару шешімдерін ғылыми дайындау және қабылдау - бұл техниканы, технологияны, экономика - математикалық әдістерді, ақпараттар теориясын, адамдар мінез-құлқының әлеуметтануын және психологиясын енгізетін кешенді проблема болып табылады.
Шешім қабылдау процесі кезекті кезеңдер қатарынан тұрады, циклдерді қалыптастыра отырып, тікелей немесе кері байланыстар ретінде бір-бірімен біріктірілуі мүмкін.
Шешімді өңдеу және қабылдау процесі кезеңдердің келесі кезектілігінде іске асырылады:
Проблеманы қалыптастыру және негіздеу,
Шешім қабылдау үшін шектеулер және критерийлерді қалыптастыру,
Шешімнің мүмкін варианттарын қалыптастыру және тандау
Шешімнің ең жақсы вариантын тандау.
Шешімдер варианттарын салыстыру нәтижесі бойынша алдыға қойылған мақсаттарға неғұрлым тиімді жетуді қамтамасыз ететін, нақты жағдай үшін мақсатты вариант таңдалады. Шарт бойынша бүл проблема жөніндегі шешім қабылдау болып табылады.
Келесі суретте басқару шешімдерін қабылдау процесінің шартты үлгісі көрсетілген (Сурет 1).
Сурет 1. Шешім қабылдау және жүзеге асыру
Шешім қабылдаудың әзірлік кезеңінде кез келген деңгейдегі басшы өндірістік, экономикалық, әлеуметтік жағдайларды бағалаудан бастауы тиіс. «Жағдай» ұғымына шешім қабылдауға тура келетін, әрі басқару жүйесіне ықпал етіп, оны жаңа жағдайға ауыстыратын ішкі және сыртқы жағдайлардың барлық жиынтығы енеді.
Жағдайдың қалыптасу сипатына қарай қабылданатын басқару шешімінің де өзіндік типі болады. Жағдайды дер кезінде бағалау және дұрыс түсіну көбінесе басқару шешімін қабылдау шешіміне байланысты. Дұрыс шешім қабылдау жеткілікті, әрі айқын мәліметтер болғанда ғана мүмкін болады.
Қабылданатын шешімнің нәтижелік критерийін таңдау- күрделі, әрі жауапты кезең. Критерий дегеніміз- қабылданатын шешімнің әр түрлі варианттарының тиімділігін салыстыруға мүмкіндік беретін көрсеткіш немесе бірнеше көрсеткіш.
Мақсатты тұжырымдау мен критерийді таңдау арасында басқару шешімі үшін әрқашанда тікелей байланыс болуы керек.
Ми шабуылы тәсілі- бұл эксперттер негізінде және мәселедегі әр түрлі көзқарастарды ескере отырып мәселені дәл тұжырымдау, оны шешу амалдарын қарастыру.
