- •1.1 Ассирия- Вавилон саябағы
- •1.2. Ежелгі Египет саябағы
- •1.3 Ежелгі Грекия саябағы
- •1.4.Ежелгі Рим саябақтары
- •1.5.Араб Испанияның саябақтары
- •2.1 Ортағасыр заманының саябақтары
- •2.2 Қайта құру кезеңінің саябақтары
- •2.3 Францияның саябақ өнері
- •2.4.Англияның саябақ өнері
- •2.5.Ресей саябақ өнері
- •2.6 Қытай мен Жапония саябақ өнері.
- •Қорытынды
2.2 Қайта құру кезеңінің саябақтары
Қатаң ортағасырларды Қайта құру кезеңі ауыстырды. Оның жағымды әсерін ең алдымен Флоренция сезінді. XIV ғасырдың басында осы дәулетті қала бүкіл Солтүстік Италияның өнері мен мәдениет орталығына айналды. Араларында Арно өзені ағатын аласа қыраттар тән әдемі Флоренциялық пейзаж террасаланған саябақтар бар қала маңы виллаларды салу үшін арнайы жаралған сияқты. Бүкіл Флоренцияда барлығы, қала атауынан ең әйгілі Санта Мария дель Фиоре кафедральді соборға дейін гүлдермен байланысты және флоренциялықтардың табиғатқа деген шынайы сүйіспеншілігін көрсетеді.
Флоренциялық вилла маңы саябақтары Италияның саябақ құру өнеріне елеулі үлес қосты. Ортағасырлық аулалардық тұйық әрі нұсқаулық композицияларының орнына баө табиғатына сай қуантардық формалар келді. Олар да антикалық дәуірінде қалыптасқан бақ құру өнерінің барлық жетістіктері және жаңа келген дәуірдің қарқындарынан туындаған техникалық жаңартулар барынша қолданылды XV ғасырда салынған дәстүрлі флоренциялық виллаларының қатарына Микелоццо (1396-1472жж) Флоренцияның маңындағы Фезолде салған Медичи вилласы мен Дждульяно да Сангало (1445-1516жж) Поджо а Кайянода салған виллаларды жатқызуға болады.
Саябақ пен онымен байланыстағы террасалар мен баспалдақты кіріктіретін виланның орталыққа тарту композициясы сол заманға тән адамның табиғаттағы үстемдік ету позициясын айқындады. Флоренциялық вилла маңы саябақ құру өнері, жалпы алғанда, Флоренцияның көркемдік дәстүрлерінің жалғастырушысы болып табылатын Римде одан әрі дамыды. Виллалардың шаруашылық маңызы ығыстырылды немесе толықт жойылды.
Италияда бақтар мен саябақтар құрылысына көптеген жаңа керемет шығармашылық әдістерді ойлап тапқан Браманте (1444-1514жж), Рафаэль (1483-1520жж), Палладио (1508-1580жж) сынды әйгілі сәулетшілер мен суретшілердің шығармаышылығы айтарлықтай әсер етті. 1508жылы Ватиканның құрылыстарын бір ансамбльге айналдыру жөніндегі күрделі мәселені шешу баырсында сәулетші Браманте ұзын аула мен әртүрлі деңгейлерде орналасқан бақты салды. Ол ұзын білік бағытымен орналасқан композицияны бір жағынан нишамен, екінші ауқымды амфитеатрмен аяқтаудың мүлдем жаңа әдісін ойлап тапты.
2.5 Қайта құру кезеңінің саябақтары ерекшеліктері
Бельнелер ауласын көрсетілімдер үшін сахна ретінде, ал саябақты қоршап тұрған бөлігін декорация ретінде пайдаланды. Бұл әдіс XVI ғасырдың Италиясы үшін дәстүрлі боды және Боболи саябағы мен Пий папасының вилласында қайталанды. Римдегі Мадама вилласында (1517ж) Браманте ойлап тапқан саябақтың ашық ашық кеңістігінде интерьер композициясын қолдану әдісін Рафаэль пайдаланып, ары қарай дамытты. Осында тұңғыш рет саябақ құру өнерінде анфиладтық пен саябақ бөліктерін қырқылған желек қабырғалармен бөлу қағидалары қолданды. Мадама вилласы үш бөліктен тұрады: біріншісі жоспарының сипаты бойынша алғашқы ортағасырлардың саябақтарына ұқсас квадрат; екіншісі периметрінде портиктары бар мүсіндер орналасқан шеңбер; үшіншісі, трибуналары бар стадион.
Саябақтың тұрақты, қатаң жоспарланған бөлігі табиғат пен мекен ерекшеліктерімен үйлесімді болды. Мәңгіжасыл өсімдіктер, тас пен су – саябақ құру өнерінің негізгі құралдары ретінде Италияда біртұтастықтың композициясында елеулі көркемдік рөл атқарды. Бір немесе бірнеше композициялық біліктер бойымен орналасқан және қатаң реттілік бойынша бірін-бірі ауыстырып отыратын тіреу қабырғалары, басалдақтар, отырғыштар, боскеттер, фонтандар әсерлердің алуан түрлілігін қамтамасыз етуге бағытталған болатын.
2.7 Тиволидегі д’Эсте вилласы
Алғашында саябақ перспективаларын негізінен беткейлерге параллельді құрды. Кейінірек оларды бүкіл ансамльдерді кесіп отырып алыстағы көріністерді ашу мақсатында жербедерге көлденең сала бастады. Осы тұрғыда мысал ретінде Тиволидегі д’Эсте вилласы көзге түседі. Рим виллаларына тән белгілер мекеннің нақты жаағдайлары мен тапсырыс берушінің талғамына орай қолданылды. Мәселен, Витербо маңында сәулетші Виньюла (1507-1573 жж) салған салыстырмалы түрде аласа төбеде орналасқан. Ланте вилласында саябақтың тұрақты бөлігі қатаң симметриялы, ал су қондырғылардың бөлігі саябақтың негізгі бөлігіне сәйкес келеді.
Осында шырайлы парктерден жоғарғы саябақтың, салқын көлеңкесіне, одан әрі орманға көшу идеясы анық көрінеді. Осы кезеңде үлкен ойын-сауық резиденцияларда саябақ кеңістігін безендірудің жаңа элементтері пайда болды: қырқылған бұталармен қоршалған ашық театр, үй иесінің жабық бағы (жеке бақ), үлкен су каскадтары.
2.8 Ланте вилласы. Жоспар
Римде XVI ғ екінші ширегінде қалыптасқан вилла композицияларының жаңа әдістері Италияның солтүстік бөліктеріне ауысты. Флоренция маңында Кастеллодағы Медичи вилласында керемет саябақ салынған болатын. Ол сонымен қатар Питти палаццосының Боболи саябағы ретінде танымал болды.
Әр түрлі деңгейде орналасқан лавр және кипарис бог сеттерін байланыстыратын біріктіретін күрделі өзара байланыстары негізінде салынғын саябақтың жоспарыкөлемдік-кеңістік шешімдерінің бірігейлігін толық жеткізе алмайды.
Ерекше нәзік мәдениетімен сипатталынатын Венецияда виллалар құрылысы біршама басқа бағытта жүрді. Палладиомен құрылған ауылшаруашылық виллаларда иесінің тұрғын үйі, шаруашылық құрылыстары мен саябақ учаскелері бір жоғары көркемдік симметриялық ансамбльге сәтін тауып біріктірілді (Виченцедегі Ротонда қаласы, МТ, Фанцолодағы Эмо). Қайта құру кезеңіндегі Италияда саябақтың негізгі түрі ретінде вилла маңындағы саябақ болды. Алғашында ол, кейінірек сарай маңы немесе қала сыртындағы вилла аумағындағы (35га) тамаша паркансамбліне айналған, табыс көру формасы (1га) болды.
Италиялық виллаларының композициясында қайта құру кезеңіне тән адамның табиғатта үстемдік ету идеясы көрініс тапты. Тұрақты композициялар келесі қағидалар негізінде құрылды:
- саябақ пен вилла ансамблінің бірлігі;
- ұстамды монументальділік (рационалды әрі үйлесімді прпорциялар), реттілімділік (анфиландтылық);
- қатаң ұйымдастырушылық;
- байсалдық пен салмақтық;
- жоспар нақтылығы (квадрат, шеңбер);
- бойлық (беткейлер бойымен) және тереңдік (беткейлерге көлденең) перспективалар;
- әр түрлі театрландырылған әсерлерлі құру;
- антикалық Риммен сабақтастықты көрсету.
Италиялық виллаларының саябақ құрудың ең таралған әдістерінің қатарына келесілерді жатқызуға болады: биік қабырғалармен, вазалармен, балюстрадалармен, мүсіндер мен тар үңгілермен безендірілген қыраттар беткейлерін террасалау; саябақ аумағын каскадтар, фонтандар және алаптар жүйесімен суландыру; еркін өсетін ағаштар тобы мен көкжелек фонында саябақ перспективаларын мүсіндермен қорытындылау (ежелгі римдіктерден алынған); партерлерді суреті қатаң суреттермен безендіру; ағаштар мен бұталарды қырқу; лоджиялар көрсетілім нүктелері мен саябақтың тұйық кеңістігінен ашығына ауысу.
