- •1.1 Ассирия- Вавилон саябағы
- •1.2. Ежелгі Египет саябағы
- •1.3 Ежелгі Грекия саябағы
- •1.4.Ежелгі Рим саябақтары
- •1.5.Араб Испанияның саябақтары
- •2.1 Ортағасыр заманының саябақтары
- •2.2 Қайта құру кезеңінің саябақтары
- •2.3 Францияның саябақ өнері
- •2.4.Англияның саябақ өнері
- •2.5.Ресей саябақ өнері
- •2.6 Қытай мен Жапония саябақ өнері.
- •Қорытынды
1.5.Араб Испанияның саябақтары
VIII ғ. арабтар (маврлер) Пиреней түбегінде орналасып,жеті ғасыр бойы үстемдік етті.Еуропада Толедо ірі білім орталығына,ал Кордова ең өркениетті қалаға айналды.Ирригациялық қондырғыларды құрудың мысырлық және римдік тәжірибесін қолдана отырып,арабтар тау шыңдарында қар еруін пайдалана білді және мықты гидротехникалық жүйені құрып,қуаңшыл Испанияны гүлденген аймаққа айналды.Осында саябақтарының жаңа,испан-мавритан түрі қалыптасты.Ол үй қабырғалары немесе қоршаумен қоршалған атриумды-перистальды (патио) түріндегі шағын (200-1200 м,б 4)аула және Генералифтегі (80х100м) сарайлардың күрделі құрылымына енетін осындай мини патиолардың кешені ХІІІ ғ. салынған Гренаданың саябақтары болып табылады.(1.11)
Альгамбрада сарай бөлмелері Мирталар сарайы мен Арыстандар сарйының маңында топтастырылды.Мирталар сарайы (47х33 м) ерекше бай өрнектермен безендірілген әсем аркадалары бар ғимараттардың қабырғаларымен қошалып тұр.Ортасында ұзын өс бойымен созылған және қырқылған мирт қатарларымен көмкерілген бассейн (7х45 м) орналасқан.Осының ең басты әсері ретінде бассейн суында мұнара аркадасының шағылысуы болды.Арыстандар сарайы да (28х19 м) аркадалар мен қабырғаларымен қоршалған және оны ортасында 12 мәрмәр тіреп тұрған екі алебастр вазалардан жаслаған фонтан орналаскан перпендикулярды арналар кесіп өтеді.Сонымен қоса,фонтандармен безендірілген,бұрыштарында төрт кипарис отырғызылған,ал ең бастысы, суретіне бассейнде,кипарис тігізілген жерлерде бейнлеенген күрделі өрнекті қаптауы бар Патшайым ауласы да болды.Халифтердің жазғы резиденциясы – Генералиф ансамблі,Альгамбрадан 100 м биігірек орналасқан.Ол – террасаларда орналасқан бірінен дербестелінген патио-саябақтардың кешені болды.Олардың ішінде ең әйгілі арнасы бар аула болды.Ол созыңқы және аркадалармен қоршалған болды,ортасымен екі қатар фонтандармен безендірілген тар,40 метрлік арна өтті.Олардың жіңішке су атқылауы арка тәрізді аллеяны құрды.Саябақта еркін түрде ағаштар мен бұталар отырғызылды.
Жалпы алғанда,испан-мавритан саябақтарының келесі белгілерімен сипатталынады:жоспарлаудың қарапайымдылығы және шешімдрдің дербестігі.Жоспарлау тұрақты болды,өйткені ол патионың геометриялық жоспарынан туындайтын.Саябақтың композициялық орталығы болатын,көп жағдайда ол бассейн болған.Саябаққа кіреберіс көп жағдайда орталықта емес, шетінде жасалынатын,ол,өз кезегінде симметрияны бұзып,саябақтың жалпы бейнесін байыта түсетін.Саябақтың ішкі тұйық кеңістігі мен ашық сыртқы кқрініістерінің арасындағы байланыстар аркада түрінде жасалған көрініс нүктелерді құру арқылы жүзеге асатын.Өзара байланыстың осы әдісі кейінірек ландшафт құру өнерінде кең таралды.
Су – саябақтың негізі мотиві.Ол арналарда,бассейндерде,жер астынан,атқылап шығатын бұлақтар түрінде әр патиода болды.Су баспалдақ ұстағыштарының арналарынан да ақты,саябақ кеңістігін тар жолақпен кесіп те қтті,ауқымды су айдынын да құрды (Мирталар сарайы),фонтаннан атқылап та шықты.Осындай алуантүрлілікте оның әр тамшысының құндылығын көрсету ұстанымы болды.Өсімдіктер олардың жеке қасиеттерін толық көрсетуге мүмкіндік беретіндей түрде отырғызылған.Кипаристер,апельсин және мандарин ағаштары,жасмин,бадам,олеандр,раушан гүлдер еркін отырғызылды.Сәулет элементі ретінде қырқу сирек пайдаланылды.
Ыстық климат газонды пайдалануға мүмкінді бермеді,сондықтан аумақтың басым бөлігі декоративті тас төсеумен безендірілді.Түстік шешімдерге қабырғалар,ағаштар мен бұталардың жалпы солғын түстік гаммасына ашық түсті әдемі гүлдері бар өсімдіктер мен декорацияларды енгізу тән еді.Декоративті тас төсеу – испан-мавритан саябағының басты элементтерінің бірі болды.Кейбір кездерде тіреу қабырғаларды және орындықтарды түсті майоликамен жапсырды.Басым түстер – көгілдір,сары,жасыл.Міне,осылайша өз заманына,табиғатына,ұлттық дәстүрлерге сәйкес келетін әдісер кешенімен сипатталынатын испан-мавритан стилі қалыптасты.
2 бөлім
13-20 ғасырлардың саябақтары өнері
