Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ландшафт сәулетінің тарихы (оқу құралы).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
11.49 Mб
Скачать

1.3 Ежелгі Грекия саябағы

Ежелгі Грекия Балқан түбегі оңтүстік бөлімін және Эгей теңізінің көптеген аралдарын иеленді. Жер ортатеңіздік климат, біршама ыстық, құрғақ. Таулы баурайлар ормандармен жаппай жабылған болатын, кейінгі уақытта кесіп бітірді. Еменнің бірнеше түрлері (сонымен қатар мәңгі жасыл), қарағайлар (итальяндық және теңіз жағалауындағы), кипарис, бал қарағай, шігіршін, теректер, інжір, анар, зәйтүн, лавр, мирт осында өсті.

Тарихта көне Грекия мәдениеттері бірнеше кезеңімен немесе дәуірімен ерекшеленеді: Крито-Микендік (б.з.д. ХХ-ХІІІ ғғ.), Гомер (б.з.д. ХІІ-VІІ ғғ.), Көнелі (б.з.д. VІІІ-VІ ғғ.), Классикалық (б.з.д. V-ІV ғғ.) және Эллинистикалық (б.з.д. ІІІ-І ғғ.).

Грекия көне дәуірінде өзіндік полистер қатарын ұсынды (қалаларм мен мемлекеттер), соның ең ірісі – Афина. Б.д.д. VІ ғ. жататындар Қара теңіздегі грек елді мекендер – Оливия, Херсонес, Феодесия, Фанагория. Тас сәулетшілік дамыды. Сәулетте айқын ордерлік жүйе өңделді. Ордер (order – тәртіп, рет) сәулет элементтерінің өзіндік жүйелі жиынтығын, ғимараттағы конструктивтік және сәндік бөлімдердің мөлшерлерінің айқын арақатынасымен үйлесуінің тұтас көркем жүйесі болып табылады. Ол сәулеттік үймереттер құрылымының негізіне, олардың үндестік құрлымы мен бейнелік шешіміне жатады. Сол уақытта дорикалық және ионикалық ордерлер қалыптасқан.

Классикалық заман Афиналық теңіздердің ірі мемлекеттерінің құрылуымен аяқталға грек-персид соғыстарынан басталды. Саяси құрылымы – құл иеленушілік республика. Б.з.д. 460 ж. өкіметке құл иеленушілік демократия заманындағы ең жарық және талантты қайраткерлердің бірі болған Перикл келді. Ол басқарған уақытты Грекияның алтын ғасыры деп атаған. Сол кішкене уақытта мәдениетті жоғарлап гүлденді. Қалалар жүйелі жоспармен салынып және жаңарып қалпына келтірілді. Ғибадатханалар құрылып, сәулеттік кешендер жасалды. Дорикалық және ионикалық ордерлер жетіліп, жаңарды және коринфтікпен толтырылды. Қолөнер мен өнер жоғары дәрежеде дамыды. Акропольде – Афина тауы, Афин жаратушысы құрметіне Перикл Парфенон салды. Қасиетті орынға, грек мемлекетінің, оның мәдениетінің ұлттық орталығына айналды.

Эллинистикалық заманы ірі грек-шығыс монархияларының құрылуымен сипатталады. Б.з.д. ІV ғ. Македония патшасы Александр Македонский Персяны, Египетті, Жерорта теңіздік елдерін жаулап алды. Оның өлімінен кейін империя мемлекеттерінің қатарына ажырады. Эллинистикалық дәуірде қоғамдық үймереттер, стадиондар мен театрлар құрыысы өрістеді. Перистиль үлгідегі тұрғын үйлер түрі қалыптасты. Қалаларды көгалдандыру мен көріктендіру дамыды.

Александр Македонскийдің жаулаушылық жолының арқасында грек бақшасы өнерінің өзіндік дамуына көп әсерін тигізгенін атап айтсақ болады. Жоғарғы дамыған бақша өнерімен барлық Азия грек мәдениетіне лезде қосылды. Гректер шығыс әміршілер бақтарының кереметтігіне таңданады.

Александрия ашық және патшалық бақшалар қалалық аймақтың бөлігіне ие болды. Барлық қала ішіндегі және қала сыртындағы бақшалар өзара байлаулы болатын. Александриядан көбірек Антиохия өз бақшаларымен мадақталды. Қала мынадай бейнемен жоспарланды: негізгі көше өзіндік толассыз портикпен ұсынды, онда бір жағында үйлер тұрды, ал басқа жағында бақтар тау етегіне шейін созылған. Олар күркелермен және фронтондармен әдеміленген болатын.

Гректер өсімдік әлемі туралы кеңінен білді. Гиппократ (б.з.д. 460-377 жж.) өз еңбектерінде 250 астам өсімдіктер атауын атаған, Аристотель (б.з.д. 384-322 жж.) 500 астам өсімдіктерді сипаттады. Грек мифологиясында гүлдер туралы көптеген аңыздар бар, әсіресе көнелік сүйікті гүл – роза туралы. Аристотель жұмыстарында алғашқы рет розалардың өңдеу бағытын көрсетті.

Ежелгі Грекияда алтын қимасы және модульдің бүтінді немесе бөлімдерінің арақатынастары сияқты пропорция жүйесі өңделген болатын, сонымен қатар тепе-теңдік, ырғақты және симметрия принциптері де. Осы орналастыруында – ансамбльді жайғастыру шешімінде. Классикалық үлгі афиналық Акрополь ансамблі болып табылады. Ғибадатхананың әртүрлі мөлшерлері мен басқа сәулеттік формалар, олардың орналасуы кеңістік композициядағы кескіндемелік бейнені анықтады.

Осындай орналастыруда сәулеттік көлемдерді, олардың ракурсы және пластикасын қабылдау жүйелі және айқын. Ансамбльде қабылдау нүктелері бұрыштан басым болады, ал барлық Акрополь бірте-бірте қабылданады. Барлық ансамбль ғибадатхананың осьтері жер бедеріне немесе жағалауға бағына ландшафтпен үйлеседі. Барлық осы прициптердің қолданысы қазіргі ландшафттық өнерде де маңыздылығын жоғалтпаған.

Ежелгі Грекия саябақ өнерінде аймақтарды көгалдандырудың келесі түрлері бар. Қасиетті ормандар – героондар.(1.6) Олар батырларға арналған және мемориалды ескерткіш сипатын алды.Бұл орман алабы сәулеттік үймереттер,мүсіндер, қайнарлармен.Кейін героондарда ұмытылмас спорттық жарыстар жасай бастады,ал бұдан бұлай ипподромдармен, алаңдармен, соқпақтармен жабдықталған героондар спорттық бақтарға айналды.Алаңдар мен жолдар шынар,терек және тағы басқа ағаштармен жағалай отырғызылған.Философиялық бақшалар ғалымдардың жұмыстары мен кеңестеріне арналған.Агордың (қалалық аудандар,көшелер) жасылды безендірілуі жол мен үймереттерді бойлай қатар отырғызулармен салынған. Жекеменшілік бақшалар утилитарлы сипатта.Онда гүлді өсімдіктер таза кеңінен қолданды.Жалпы Грекияның көгалдандырылған аумақтары айқын функция жүргізді,ондағы отырғызулардың орналасуы осы функциясын жүргізді,ондағы отырғызулардың орналасуы осы функцияға бағынды,ал сол құрылғылар пайдалығы және сапасынан оның сұлулығы туралы ой туады.Одан әрі саябақ өнерінің даму маңыздылығы тек қана Грекияның көгалдандырылған аумақтарының қаралған үлгілері ғана емес,сонымен қатар композицияның теоретикалық жайлары және көнелік сәулеттік ансамбльдерінің кеңістіктік шешімдері.(1.7)

Грекия бақшаларының Египетпен алыстырғанда ерекшелігі – олардың терраса бейнелігі,сатылы (көнген) шешімі,бостау композициясы, сәнділігі, жасылдықтарды үймелету,өрілгн сатылар,безендірулердің молдылығы. Террасаларда – үлкен ағаштардың,гүлдердің отрығызылуы және гидравликалық,машиналармен күрделі әрекетке келтірілетін фонтандар.

Б.д.д. 146 ж. Грекия римдік провинция болды.Бірақ грек мәдеиеті көне Риммен қаылданып және оның одан әрі дамуына арналған фундаменті болды.