
- •1.1 Ассирия- Вавилон саябағы
- •1.2. Ежелгі Египет саябағы
- •1.3 Ежелгі Грекия саябағы
- •1.4.Ежелгі Рим саябақтары
- •1.5.Араб Испанияның саябақтары
- •2.1 Ортағасыр заманының саябақтары
- •2.2 Қайта құру кезеңінің саябақтары
- •2.3 Францияның саябақ өнері
- •2.4.Англияның саябақ өнері
- •2.5.Ресей саябақ өнері
- •2.6 Қытай мен Жапония саябақ өнері.
- •Қорытынды
КІРІСПЕ
Саябақ, бақтар құрылуы және жалпы барлық ландшафттық өнер дамуының мыңжылдық тарихы бар. Саябақ, бақтар сипаттамасын біз ежелгі тарихшылар, философтардың трактаттарында, сонымен қатар ақын және жазушылардың шығармаларынан таба аламыз. Ертедегі уақыттағы сәндік бағбаншылық туралы археологтар қызықты материалдар тауып жатыр. Тіпті ертедегі бақшалар туралы тарихи үзінді-мәлімдемелер сәнділік бағбаншылықтың сол заманда жоғары деңгейде дамығанын куәландырады.
Соңғы жылдары саябақ өнерінің ескерткіштерін зерттеу және тіркеу мәселесімен халықаралық ұйымдар айналысуда. БҰҰ шеңберінде тарихи бақшалар Комитеті бар, Халықаралық ландшафттық сәулетшілер федерациясы құрылған. Тарихи бақшалар Комитетімен көптеген әлем елдерінде саябақ өнері ескерткіштерінің тізімі құрастырылған.
Сол уақытта ландшафт сәулетінің тарихы әлі толық зерттелмеген болатын. Ландшафттық сәулеттің басқа аймақтарына назар аудармай, саябақ өнерінің тарихын айрықша қарастыруда. Әдетте саябақ өнерін оның аймақтық қажеттілігі негізінде бағалайды. Әлеуметтік-экономикалық қатынастың дамуының нақты шарттары мен қоғамның мәдени және көркемдік даму деңгейі екінші кезекте қалады.
Шынында да, ландшафттық сәулет материалдық және көркемдік мәдениеттің барлық түрлерімен бірге бір ағымда дамыған. Және әрбір әлеуметтік – экономикалық формациялардың өзіндік идеологиясы, өнер мен сәулетке деген өзіндік түсінігі мен мәні болатын. Ландшафттық сәулет әрбір формациялардың жағдайында: ежелгі, құл иеленушілік дәуірінде, ХХ ғ. дейін жалғасқан Шығыстағы феодализм уақыттарында, капиталистік қатынастардың қалыптасуы мен дамуы заманында және, біздің уақытымызда, ғылыми – техникалық революция заманында – өз ерекшелігін сақтай алады.
Қазіргі шақта ортаны ландшафттық ұйымдастыру мәселесіне әртүрлі қалақұрылыстық деңгейде: жалпы қалалық мағынасы бар саябақтарды жасау мен қайта құрастырудан – кішкене камерлік скверлер, аллеялар, жаяу жүретін аймақтар және жеке бейнеленген коттедждер мен қала сыртындағы виллалар жанындағы ландшафтты ұйымдастыруға дейін – үлкен назар аударады.
«Ландшафт сәулетінің тарихы» оқу құралы әр түрлі тарихи дәуірдегі ландшафттық сәулеттің принциптерінің қалыптасу ерекшеліктерімен таныстыруды мақсат етті және екі бөлімге бөлінеді. Бірінші бөлімде Ежелгі әлем, яғни Қосөзен, Мысыр, Грекия, Рим, Араб Испаниясы, саябақ өнерінің қалыптасуын ашады. Екінші бөлімде Ортағасырдан біздің заманымызға дейінгі саябақ өнерінің тарихын ашады.
1 БӨЛІМ
ЕЖЕЛГІ ӘЛЕМДЕГІ САЯБАҚ ӨНЕРІ
1.1 Ассирия- Вавилон саябағы
Қосөзен мемлекеті Персид шығанағына құйылатын Евфрат және Тигр өзендерінің аймағында орналасқан. Өзенарасы негізгі климаты Египетке сай оңтүстіктен солтүстікке, яғни құнарлы орманды жерлерден өте салқын климатты жартылай шөл далалы таулы аудандарға келеді. Дәл осылай, қысқы мерзімде Вавилоннан солтүстікке қарай салқын жаңбырлар, ал солырақ қарай қар жауады. Осы аудандық кейбір жерлерінде ормандар өсіп шығады. Қосөзен мемлекеттеріндегі мәдениет ескерткіштерінің алапат соғыстар сақталуына жағдай қалдырмады. Бірақ тыныштықтың қысқа уақытында, мемлекет бір өкімет астына бірікті, қалалар, сарайлар, храмдар құрылып, саябақтар салынды. Қосөзеннің шұбар тарихында Ассирия мен Вавилон мемлекеттерінің Ассирия-Вавилон мәдениеті атты жарық кезеңі орын алды (б.з.д. VІІІ – VІІ ғғ.).
Негізгі құрылыс материалы ретінде шала өңделген кірпіш болады – аса мықты емес болғандықтан, сәулет ескерткіштерінің жылдам жоғалуына себеп болды. Жоспарда Қосөзен қалаларының орналасуы дөңгелекті, кейін тік бұрышты түрде болды және бекіністі қабырғалар сақинасымен, кей-кезде екі немесе үш, қоршалған болатын. Қала аудандарының орналасуы бойынша Египетке қарағанда кішірек болды, құрылыс тығыз болды. Сәулеттік кешенде композицияның дамуы тік осімен болған емес, кеңістіктің көлденең жазылуы қолданылды.
1.1. Террасалық құрылыстың принципі
Сонымен қатар террасадағы құрылыс, нақтылап айтсақ, көше үстінен жоғарылайтын жасанды салынған платформалар сипат алды (1.1). Осы принцип бойынша жоспарда үшбұрышты немесе төртбұрышты болып келетін платформалар бірінің үстіне бірі қойылған, азайып жатқан қатарға ұқсаған сатылы мұнара түріндегі ғибадатхана-зикураттар салынды. Жоғарғы платформа сәулеттік үймереттермен, яғни ғибадатханамен аяқталады. Платформаның төменгі басты бөлімдері кейде көгалдандырылды: периметр бойынша өсімдік топырағымен толтырылған, арнайы жасалған шұңқырларға өсімдіктерді отырғызды.
Семирамидадағы «аспалы бақтар» ерекше атаққа ие болған еді, олар Навуходоносор ІІ жаңартып, кеңейткен Оңтүстік сарайдың (б.з.д. 605-562 жж.) ауласында салынған. Семирамидадағы бақшаның гипотетикалық нұсқаулары археологиялық материалдар негізінде ғалымдармен ұсынылған. Осы көрсеткіштерге сәйкес, бақтар (яғни бақ) жоғарылайтын террасалар қатарын елестететін, - осыдан, ежелгі сипаттамаларда «бақтардың» көп мүшеде қабылдануы мүмкін. Бақ қалалық қабырғалардың солтүстік-шығыс бұрышына қосылады, ал оңтүстік бөлімінде тыныштық сарайына шығады. Ол жоғары қарай кішірейетін төрт сатылы терраса түрде жасалған (бірнеше зерттеулер бойынша терраса саны көбірек болды). Төменгісінің мөлшері 45мx40м, биіктігі 8 м болды, екіншісі 40мх30мх13м, ал басқа террасалардың мөлшері белгісіз. Бұл бақтық үймерет деңгейі қала қабырғасына жетті. Бірінші екі террасаның жер қабаты 2м құрайды, келесілері – 1м. Төменгі террасаларда ағаштар өсті, жоғарыларла – бұталар және гүлдер.
1.2. Семирамидадағы «Аспалы» бақтар
Террасалар массивтік бағаналарға сүйенеді, онда қорғасынмен құйылған тас тақталары, содан соң битуммен дымқылданған қамыс қабаты, және екі қабатты кірпіштер жатқызылған. Күмбездер астында патшалық тыныштық орналасқан. Барлық террасалар бақтың осі бойынша орналастырылған баспалдақтармен қосылған. Алаң жоғарысынан қалаға және Евфрат алқабына көрініс ашылады (1.2).
Бұл бақ мысырлық жазықты тұйық бағынан ерекшеленеді. Әдетте жасанды террасалардың болуы, олардың осьтік құруы және қала жоспарындағы жүйелі торына бақтың немесе «аспалы бақтарды» жасау идеясы жемісті болды және Парсы, Италия, ал бұнан кейін Ресейдің саябақтарында өзіндік дамуын тапты (Мәскеулік Кремлінің «жоғарғы» бақтары, ХVІІ ғ. соңы)(1.3).
Бақ
жүйесінің осы өзгертілген түрі біздің
уақытымызға да шатырдағы бақ түрінде
жетті. Сонымен қатар, басқа елдерден
тасып әкелінген ағаштар, яғни кипаристер,
бал қарағайлар, шынарлар, талдар,
теректер, лавр, самшит, жемістілер өсетін
Хорсабада қаласы маңында б.з.д. VІІ ғ.
ассириялық ханзадасы Саргон ІІ жасаған
кең саябақтар туралы болмашы мәліметтер
болды. Сонымен қатар, аң аулауға және
серуендеуге арналған кең саябақтар
немесе ормандар туралы мәліметтер де
болады. Бұл массивтер қазіргі кездегі
орман саябақтарының бейнелері болып
табылады.
1.3. Вавилон. «Аспалы» бақ жоспары (реконструкция)