Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гзж с.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
83.97 Кб
Скачать

38. Әдебиеттік шолу түрлері?

Әдебиеттік шолуың 4 түрі бар.

1.Базалық – орташа деңгейдегі кандидаталық дисертатцияға 10 жыл ішіндегі мәжілістер базасы қарастырылады 25 бетке дин жазылу мүмкін 150 жұмысқа диін қарастырылады.

2.Оптималдды - форматы бойынша докторлық дисертациялық әдебиеттік шолуына

мүмкіндік сәйкес келеді. Дерек сөздера а) medline мәлімет базасы барлық жұмыстар бойынша алынады. Б) жұмыс тақырыбы бойынша жалпыға мәлім басылымдар

С)ғылыми ортақ материялдар

Д) маңызды конференциялды материялдар. Жұмыстың көлемі 300 жуық.

3. Ауқымды (кеңейтілген)түрі- бұл формат бойынша берілген мәселелерге сәйкес толық мағлұмат алуға мүмкіндік береді.Дерек сөздер медлайн 40 жуық ғылыми орта материялдар. .

4.Мини шолу – белгілі бір медициналық мәселенің аспектісі жайлы мәліметтер береді.

Дерексөздер.а) medline

39. Дисертация дайындаудың – 5 негізі кезеңнен тұрады

1 – кезең тақырып таңдаумен жұмысты бастау жатады.

2 – кезеңге кіріспе жазу, әдістемелік анықтау және орындалған жұмыс туралы, жетекшіге есеп беру жатады.

3 – кезеңге бірінші бөлімін жазу есеп беруге даярлық жатады.

4 – кезеңге кірспені толықтыру нәтижені өңдеу екінші бөлімді жазу , ұсыныстар жасау аяқталған бөлімді талқылау жатады.

5 – кезеңге барлық бөлімді өңдеу пайдаланған әдебиеттер тізімін жасау ,мұхабаны жасау, қосымшаларды нақтылау, түптеу, компьютерді теру және дайынын кофедраға беру жатады.

40.Дисертация дайындаудың 3 – кезеңі.

1. Десертацияның бірінші бөлімін жазу.

А) Зерттеу проблемасына қатысты материялдар жинау. Кітапханаларда, зертханаларда ,мұрағаттарда.

Б)– бөлімінің мазмұны жазылып жеке міндеттер бойынша талқылануы қажет.

2.Есеп беруге даярлық: а)жетекші мен талқылау.

41.Дисертация дайындаудағы сонғы кезеңі?Соңғы кезеңде дәреже алуға жақын дататын кезең яғни жасаған десертацияны конференцияда, семинарда қорғап шығу осындай қатысулар кезінде ол өз жұмысына керекті пікірлерін алады. Көрермен қойған сұраққа жауап бере отырып өз жұмысын маныздылығын арттырасын.

42.Дисертацияның ең оқылатын бөлігі.? Десертацияда ең маңызды оқылатын кезең 2 ші кезең. Сондықтанда ен оқылатын жері осы кезең. Себебі өзінің келтірілген теория жүзіндегі, зерттеулерінді практигага енгізу. Енгізу керек.бұл міндетті түрде орындалу керек шарт емес, бірақ өзіннің жаналығынды қолдану үшін немесе дәлелдеп корсету үшін манызды болып келеді.

43.Дисертация дайындаудағы алғашқы материял жинақтау және алу қай кезеңге жатады?

44.Дисертация дацындау іv кезеңі?

1.Дисертацияың келіспе және бірінші бөлімнен толықтырып жазу.

А) Жетекшінің кеңесі бойынша толықтырулар енгізу

Б) Дисертация 1 тарауы бойынша қорытынды жасау

2. Зерттеу нәтижесин өңдеу.

А)Өңдеудің стелистикалық әдістерін қолдану.

Б)Кесте, сызу,диаграма, гистограмма құру.

3.Дисртацияның 2 бөлімін жазу.

А)Зерттеудің нақты материялдарын жазып даярлау.

Б)Илюстрациялардың орнгын анықтау

В)Нақты материялдарды түсіндіріп негіздеу.

4. Тәжірибелік эксперимент үшін қорытынды мен ұсыныс жасау

А)Әдіс тәсәлдерді жүзеге асыру

Б) Қорытындыларды жүйелеу.

В) ұсыныстар даярлау

5.зерттеу жұмысының аяқталан болімін жетекшілер толықтыру

А)Алынған нәтижелерді өңдеу

Б)Тәжрибелік эксперименттілік кезеңдеріне қатысты толықтырулар жасау, қорытынды жасау.

51.Ғылыми және ғылыми көпшілік журналдардың түрлері.Ғылыми журналдар- ғылыми зеріттеулер мен жаңалықтарды насихаттап, жұртшылыққа таныстырып отыратын салалық не ғылыми-көпшілік мерзімді басылымдар.Ғылыми журналдар жедел ақпарат беру құралы ретіндегі баспа сөздің бір саласы болғандықтан, оқырмандарға ғылыми жаңалықтарды уақытылы жеткізіп тұратын, сондай-ақ жаңа зеріттеу жұмыстарын сарапқа, талқылауға және ғылыми айналымға ұсынатын маңызды басылымдар болып табылады. ОЛардың ғылыммен техниканың дамуы мен жетістіктеріне қосатын үлесі елеулі. Ғылыми журналдар оқырмандардың белгілі бір тобына немесе жалпы көпшілікке арналуына байланысты таза ғылыми журнал және ғылыми көпшілік журналдар болып жіктеледі. Таза ғылыми журналдарға ғылымның белгілі саласына, соған орай тек сол саламен айналысатындар мен әуестенушілердің шектеулі тобына арналған журналдарды жатқызуға болады. Ал ғылыми көпшілік журналдарға ғылыми негіздегі, бірақ тақырып аясы шектеусіз, жалпы халыққа арналған журналдар жатады.

52. Авторефератқа қойылатын талаптар.Басылымның редакциялық-баспалық өңделуі және жарыққа шығу мерзімі авторлардың материалды дұрыс дайындауына байланысты.Компьютерде терілген мәтіннің стандарттар талабына сай даярлануы, қажетті еңбектің және материалдық қорды үнемдеуге себін тигізеді.Авторлық мәтіндің түпнұсқа «авторлық және басылымдық, мәтін түпнұсқалар» мемлекеттік талаптарына сай орындалуы тиіс. Ведомствалық әдебиет басылымның жедел трімен басылатындықтан басылып шығатын түпнұсқалар редакцияланған, тексеріліп оқылған, және техникалық даярланған авторлық қолжазбадан дайындалады. Түпнұсқа мәтіні компьютерде электрондық дискетке теріліп, 213*297 пішімінде стандартты парақ қағаздаң бір жағында басылуы тиіс.Әріптер мен белгілердің қанықтығы бір жолда, бір бетте және қолжазбаның ен бойында біркелкі болуы керек. Түпнұсқаның нөмірленуі 3-беттен басталады. 1-ші және 2-ші беттер титулдық бетпен титулдық беттің 2-ші жағы, оларға бет нөмірлері қойылмайды. Колонцифрлар беттерінің нөмірлері жақтаулардың сыртына жоғарыда не төменде қойылып, 2 интервал аралық сақталады.Түпнұсқа компьютермен даярланған жағдайда windows үшін word 6 немесе word 7 мәтіндік редакторларына 1,0 интервалымен басталады. нНегізгі шрифт ретінде кеглдің биіктігі 14 таймс ню роман шрифті пайдаланады.2-қосымша шрифт ретінде (кесте, суреттер үшін) кеглдің биіктігі 12 пункт кеглді прогматика шрифті ұсынылады. Түпнұсқаның бір бетіндегі жол саны 40-тан, ал әрбір жолдағы таңбалар саны, сөздер арасындағы бос орынды қосқанда 60-тан аспауы керек. Бүкіл мәтін 17*25 см.өлшемді жақтауға сиып орналасуы тиіс, сонымен қатар түпнұсқа беттерінің ақ шеттері:сол жақ және төменгі-25 мм. , жоғарға-20 мм. Оң жақта 15 мм.болғаны дұрыс. Тақырыптар бас әріппен, ал тақырыпшалардың 1-ші әріпі бас әріппен қалғандары кіші әріппен теріледі. Тақырып пен тақырыпшалар негізгі мәтіннен жоғарғы және төменгі жағынан 3 интервалмен бөлінеді.Түпнұсқада қысқа жолдар, яғни беттің басында орналасқан толық емес жолдар болмауы тиіс. Оларды болдырмау үшін, алдыңғы беттегі мәтінді бір жолға қысқартып не ұзартуға болады.

53.Диссертацияға қойылатын талаптар.Д.Қ.Т. ғылыми докторы ғылыми дәржесін алу үшін орындаған дис.-я ізденуші тиісті ғылым саласының нақты мамандығы бойынша өз бетінше айындаған қолжазба түріндегі білікті ғылыми жұмыс болуы және төмендегі талаптардың біріне жауап беруі қажет.

  1. -ірі ғылыми мәселені шешетін жаңа ғылыми негізделген нәтижелердің болуы

  2. -пайдаланылуы ірі қолданбалы мәселені шешуді қамтамасыз ететін жаңа ғылыми негізделген нәтиже болуы.

  3. -жиынтығы нақты ғылыми бағыттардың дамуындағы ірі жетістік болып табылатын жаңа ғылыми негізделген теориялық және эксперименттік нәтижелердің болуы.Ғылыми кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін орындалған диссертация ізденуші тиісті ғылым саласының нақты мамандығы бойынша өз бетінше немесе ғылым докторының ғылыми жетекшілігімен қолжазба түріндегі білікті ғылыми жұмыс болуы және төмендердің талаптардың біріне жауап беруі қажет.

  4. -маңызды ғылыми мәселені шешетін жаңа ғылыми негізделген нәтижелердің болуы

  5. -пайдаланылуы маңызды қолданбалы мәселені шешуді қамтамасыз ететін жаңа ғылыми негізделген нәтижелердің болуы.

54. Диссертация және афтореферат.Диссертациялық кеңес ізденуші барлық қажетті құжаттарды тапсырған күннен кейін кондидаттық дессертация үшін 2ай және докторлық дис.ия үшін 3айдан кешіктірмей дис.ия қорғауға қабылдайды. Немесе сол мерзімде комитетке және ізденушіге дис.ияны қабылдаудан бас тарту туралы дәлелді қорытынды береді. Дис.ияны қорғауға қабылдаудан бас тарту мәселесі бойыншы дис.иялық кеңеске немесе комитетке түскен апельлациялар белгіленген тәртіпте қаралады.Кеңес рұқсатымен дис.иялар бойынша докторлық дис.ия үшін 2баспа табаққа және кондидаттық дис.ия үшін 1 баспа табаққа дейінгі көлемде дис.ия жазылған тіде қолжазба құқығында дис.иялардың авторефератты басылуы тиіс. Гуманитарлық ғылымдар саласындағы докторлық және кондидаттық дис.ия бойынша автореферат көлемі тиісінше 2,5 және 1,5 баспа табаққа дейін көбейтілуі мүмкін авторефараттың ресімделуі комитет белгілеген талаптарға сәйкес болуы керек авторефератта дис.ияның негізгі ойлары, нәтижелері мен қорытындылары баяндалып, жүргізілген зеріттеуге автордың қосқан үлесі, жаңалық дәрежесімен зеріттеу нәтижелерінің практикалық құндылығы көрсетілуі тиіс. Дис.ияның авторефераты дис.иялық кеңес белгілеген, бірақ кем дегенде 70данамен басылады.Автореферат дис.иялық кеңес мүшелеріне және мүдделі ұйымдарға дис.ия қорғаудан 1ай бұрын таратылады. Автореферат жіберілуге тиісті адрестаттар тізімін дис.ияны қорғауға қабылдап алған дис.иялық кеңес анықтайды. Авторефераттар міндетті түрде жіберілетін ұйымдардың тізімін комитет белгілейді.Авторефераттарды жіберуді диссертациялық кеңестердің ғалым хатшылары қамтамасыз етеді және жіберілгенігі туралы мәліметтердің растығына дербес жауап береді.Диссертациялық кеңес диссертацияны қорғауға қабылдағаннан кейін жіне кеңес авторефератты басуға рұқсат бергеннен кейін диссертациямен авторефераттың мәтініне түзетулер енгізуге жол берілмейді.

55.Монография, оқулық және оқу-әдістемелік құрал.Монография грекше монос-біртұтас, грапхо-жазу- белгілі бір тақырыпты жан-жақты зерттейтін ғылыми еңбек. Онда нақты сала бойынша күрделі мәселе мақсатты түрде сөз етіліп, оның дамуына ықпал ететін ой-пікірер айтылады.монографияны жеке пікірлер шығармашылығына немесе жалпы ауқымды мәселеге арнап, бір кейде бірнеше зерттеуші бірігіп жазу мүмкін.Монографиялық еңбек библиография көрсеткіштермен, жылнамалық тізім, ескертпе түсініктермен толыұтырылады.Мұндай еңбектерде бірнеше мәселе қамтылып, тақырып әр қырынан баяндалады.Монографияның 80 пайызы диссертациялық жұмыс болып табылады.