- •Платонның өмір сүрген жылдары. Платонның негізгі "жақсылықтарын" атап шығыңыз.
- •Медициналық этиканың құрылу кезеңдері?
- •Биоэтика. Биоэтиканың негізгі пастулаттары?
- •Гиппократтың өмір сүрген жылдары. Медицина дамуына қосқан негізгі үлес. Гиппократ бойынша темпераменттің 4 түрі.
- •Қандай талаптарға сай фармацевт “Фармацевт 7 жұлдыз” тұжырымдамаға сәйкес келу керек?
- •Сүйкімсіз” пациентті атаңыз және мінездеме береңіз.
- •Қазіргі пациенттің нышандарын және оның ерекшелігі неде?
- •Правило 1. "Выпустить пар"
Қазіргі пациенттің нышандарын және оның ерекшелігі неде?
Қазіргі «орташа» науқастың медициналық бейнесін, ерекшелік белгілерін, беріп көрейік. Ондай ерекшелік белгілерін атақты эстондық терапевт, профессор Н.В.Эльштейн алтыға бөледі.
Бірінші белгісі – аурудың көп түрлілігі. Қазіргі статистикалық мәліметтер бойынша педиатрлар 3-4 созылмалы аурулары бар балаларды үлкендер жүйесіне беруде. Ал 60 жастан асқан кісілердің 4-5-тен кем емес созылмалы аурулары бар. Көптеген елдерде соның ішінде, Қазақстанда халықтың қартаюы күрт өсті.
Бұл көрсеткіштің өсуі, сол созылмалы аурулардың санының қарқынды өсуіне байланысты болып отыр. Дәрігерлер аурудың ауыр түрлерінен (мысалы: өкпенің қабынуы) өлімнің болатындығы туралы ескертулерге үйреніп алды. Оба, тырысқақ, шешек (оспа) ауруларынан 10 жыл бұрын адамдар өлген, енді ол аурулардан адамдар өлмейді. Ал қазіргі заман аурулары созылмалы аурулар, инфаркт алу, қан қысымының көтерілуі, ревматизм, қан ауруы, туберкулез ауруларымен ауырып та өмір сүре береді.
Аурудың көп түрлілігінің де өзіндік прагматикалық тұстары бар. Көпжағдайда негізгі диагнозбен бірге, ілеспе диагнозы да қойылады.
Бірнеше диагнозды бірге емдеуге тура келеді, кейде ондағы қолданылатын дәрілік заттар бір-бірімен үйлесімін таппай да қалады.
Қазіргі науқастардың екінші белгісі - орталық жүйке жүйесінің жоғары немесе төмен бұзылыстарының болуымен байланысты белгілер. Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, көптеген дамығын елдерде аталған психикалық аурулармен (күрделі және қарапайым формаларымен) әрбір төртінші адам зардап шегуде.Шетелдік психиатрлардың көбінің айтуы бойынша, қазіргі заман ауруларында невроз бар ма? Жоқ па? - деп сұраудың қажеті жоқ, невроздың қандай түрі бар деп сұрау қажет. Көпшілік мамандар «невроз» ол ауру емес, бір қалыпсыз әлемге берілетін «қалыпта реакция» деп түсіндіреді. Сондықтан шығар, американдық кинорежиссер С.Крамер өзінің бір сериалын «бұл ессіз, ессіз, ессіз әлем» - деп атағаны.
Қазіргі заман науқасының үшінші белгісі – толуға және семіруге бейім келуі. Семіру генетикалық, гормональды бұзылыстардан болуы мүмкін, бірақ та 80-90%-ы тойып тамақ жеуден, қомағайлықтан болады. Қазіргі мәліметтер бойынша қатерлі ісіктен көрі, семіру адам өмірін 2-есеге кемітеді. Ал семіру қан қысымының көтерілуімен, қант диабетімен қоса жүрсе, онда миокард инфарктының болу қаупін 11 есеге арттырады).
Қазіргі заман науқасының төртінші белгісі – аллергияның пайда болуы. Күнделікті тұрмыста қолданылатын заттар дәрілер,бояу, косметика заттары ешқандай бақылаусыз қолданылса, онда аллергия туу қаупі болады. Аллергияның тұқым арқылы берілуі де анықталған. Қазіргі кезде халықтың 10-15%-ы аллергиямен зардап шегуде.
Науқастраға тән бесінші белгі – ол инфекцияның созылмалы ошақтарының болуы. Ағзаның ауруға қарсы тұруының төмендеуінен және әртүрлі дәрілік заттардың әсері осы белгінің пайда болуына әкеледі. Инфекция ошақтарына: тіс, миндалина, мұрынды айтуға болады. Бұл ошақты терапевтік аурулардың 60-80% -де кездестіруге болады, ал өзін «саумын» деген адамдардың 30-40%-де байқауға болады.
Науқастардың алтыншы белгісі - өзінің классикалық түрін аурумен жойып алу. Аурудың ауруы жайында арызының, сезімінің, сиптомының көбеюі және әртүрлі факторлардың үйлесуі, ауруларды диагностикалауда, танып-білуде қиындықтар туғызады. Әйтсе де, медициналық этика тұрғысынан «ыңғайсыз» науқастар болмайды. Барлық науқасқа қызмет көрсетіп, оларды емдеу керек.
“ Дәріхананың 11 алтын тартыссыздық ережесін” атаңыз.
