- •Негізгі шартты қысқартулар тізімі
- •1. Денсаулық - бала ағзасының қоршаған ортамен өзара қатынасының сәйкес адекваттылық критерийі ретінде
- •2. Дене дамуы – тұрғындар денсаулығының маңызды көрсеткіштерінің бірі
- •3. Балалар мен жасөспірімдердің дене дамуы мен денсаулық жайдайын зерттеу әдістемесі
- •4. Балалар мен жасөспірімдердің дене дамуының жекелей әдістемесі
- •5. Дене дамуы регрессия шкаласы бойынша бағалау әдістемесі
- •Кесте 3 Қазақстанның Оңтүстік аймағындағы 2008 жылғы, мектепке дейінгі жастағы балалардың дене дамуын бағалау кестесі
- •6. Балалар мен жасөспірімдердің дене дамуын бағалаудың центильдік әдісі
- •7. Оқушылардың биологиялық даму деңгейін анықтау (биологиялық жас)
- •8. Балалар ұжымдарында дене дамуын бағалау
- •Тест сұрақтары
- •Әдебиеттер
- •Дене тәрбиесі сабағы бойынша медициналық топтар
4. Балалар мен жасөспірімдердің дене дамуының жекелей әдістемесі
Көп жылдар бойы дене дамудың индекстер әдісін кең қолданады. Индекстер: бөлек антропометриялық белгілердің, көрсетілген математикалық формуладағы бейнесі. Осы әдістің қателігі болып – белгілі баланың кез-келген өсу көрсеткіштердің ауытқуын ескермеу.
Индекстік әдістің орнына дене даму профилі келеді. 1910ж орыстың санитарлық дәрігері И.И.Моллесонмен ұсынылған. Осы әдістің артықшылығы, осы формулаға кіретін көрсеткіштер бір бірімен байланыста болмайды.
Индекс және Моллесон ұсынған формуланы 1929ж В.Г.Штефко әдісі алмастырды. Осы әдісте зерттелетін баланың мәліметтері осы бала жататын топтың мәліметтері (стандарт бойынша) салыстырылады. Осыған байланысты арнайы бағалаушы кестелер құрылады. Олар белгілі физикалық көрсеткіштерге байланысты әрбіреуі (Мартин бойынша 7), (Штефко бойынша 5) бағалаушы категориялары төмен, ортадан төмен, орташа (норма), орташадан жоғары. Градацияның негізі болып, орташа квадратты ауытқу δ алынады. Бірақ осы әдістің де кемшілігі болады. Белгілер арасындағы ауытқумен көрсетті, ал δ тек қана бір-бірімен байланыспаған белгілер ауытқуын бағалайды.
Қазіргі кезде дене дамуды бағалаудың корреляция әдісі (регрессия шкаласы) центильдік талдау.
5. Дене дамуы регрессия шкаласы бойынша бағалау әдістемесі
Осы әдістің негізі – тәуелді белгіні табу, бұл белгі болып – бой көрсеткіші табылады. Салмақ және кеуде клетка аумағы қосымша болды. Осы көрсеткіштер бір-бірімен жұп корреляция арқылы байланысады. Өлшеу ауытқулары бойынша – бой ұзындығы бойынша қорытынды орташа квадраттық ауытқу δ, салмағы мен кеуде клетка аумағы орташа квадраттық ауытқуы δ Алынған регрессиялық талдаудың коэффициенті болып
Біртұтас жүйе болып, балалардың дене дамуын бағалау, ҚР –да денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен бекітілген. Ұсынылған сызба бойынша дене дамуының 5 дәрежесі бар, ондағы І,ІІ,ІІІ топтар корреляциялық қатынастар бойынша анықталады, ал ІҮ, Ү дәрежеде тек қана бой көрсеткіші арқылы. Айта кету керек коррекцияланатын белгілер дұрыс бөліну керек, яғни, бөліну қисығы белгінің орташа арифметикалық өлшеміне қатысты симметриялы.
а) мектепке дейінгілер б) мектеп оқушылары
Дене даму дәрежелеріне берілетін анықтама
1 - Жақсы, гармониялық дене дамуы (1 дәреже) 2-3-4-5 бой класындағы индивид, кеуде клеткасының аумағы мен салмағы:
М+- -Ι –М +2
2- Нашарланған, дисгормониялық дене даму (ΙΙдәр.) +2-3-4-5 бой қиылысындағы индивид, кеуде көлемі мен салмақтары бойынша Ι дәрежесі шекарасынан асатын көрсеткіштер.
3- Нашар, дисгормониялық дене дамуы (ΙΙΙдәр.) – 2-3-4-5 бой класындағы индивид, кеуде көлемімен салмақтары бойынша ΙΙΙ дәреженің шекарасынан асатын көрсеткіштер.
4- Жалпы тежелу (қалып дамыған) дене даму (ΙVдәреже).
Бой көрсеткіштері (Ιкласс) «өте төмен» (Ι класс) кеуде көлемі мен массасына тәуелді емес.
5- Оза дамыған (Vдәреже) – бой көрсеткіштері (V кластан жоғары), кеуде көлемі мен массасына тәуелді емес.
Сурет 4а. Белгілердің қалыпты үлестірілуінің қисығы. |
Сурет 4 б. Балаларда антропометриялық белгілерді үлестіру қисығы. |
|
|
Балалар арасында антропометриялық көрсеткіштеріне байланысты даму әдеттегідей, себебі ағза жас және өсу кезеңінде, әртүрлі уақыт кескінінде әр түрлі дамиды (гетерохронды). Егер уақыт кескініндегі даму ұзақ болған жағдайда, онда көрсеткіштер де әртүрлі болады. Осы тұжырымнан келесі сұрақ туындайды: Баланың биологиялық жасы паспорттық жасына сай келе ме? Осы сұраққа Д.И. Арон, М.И. Карсонский , М.В. Иматьев оң жауап қайтарды.
Осы қателіктерді болдырмау үшін – стандартта берілген жастық диапозондардағы қысқарту керек, яғни интервалды бір жылға емес бөлшекті түрде құру: 1 жасқа дейін әрбір ай, 1-3 жастан – 3 ай сайын, 3-7 жастан – 6 ай сайын, оқушыларда 1 жыл.
Оқушылардағы – ассиметриалды түзету мақсатында – салмақ пен кеуде клеткасының аумағы бойынша : Му +2 R қолданылады.
Дене дамуын бағалау үшін тиімді және қарапайым формада 3 кесте берілген. Балалар мекемелерінің медбикесі дене дамуын зерттеу және бағалау үшін қолданады.
Дене дамуын бағалау үшін дене дамуының дәрежесін бойдың ұзындығына салмақтың және кеуде клеткасының аумағының қатынасын анықтап, жалпы түрде қорытынды береді, яғни ауытқу көрсеткіші бағаланады.
Берілген стандартқа сәйкес, дене дамуының индивидуумы II-III дәрежесінде салмақ пен кеуде клеткасының артта қалуы немесе оза жүруі байқалады. Символ түрінде дене дамуының дәрежесін артта қалуы мен оза жүруін салмақ бойынша санның алдында "-" немесе " + " (+II; +III), ал кеуде клеткасының көрсеткіші бойынша артта қалуы мен оза жүруі "-" немесе " + " санның артыннан қойылады (II+; III+).
Егерде кеуде клеткасымен салмағы қарама-қарсы белгіде болса (біреуі артта қалып, екіншісі – оза жүрсе) дене дамуы дисгамониялық түрде бағаланады.
Дисгармониялық – антропометриялық көрсеткіштердің біреуінің стандарттқа сәйкес еместігі, сондықтан дене дамуының II және III дәрежелері әрдайым дисгармониялық болады.
Мысалы дене дамуын бағалау. Тыныштыкпаев Олег, 5,5 жаста, анасының ұлты - украин. Антропометриялық көрсеткіштері: бойы - 112 см, салмағы - 16,4 кг, кеуде клеткасының аумағы - 50,6 см.
