Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ФИЗ развитие каз для студентов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
11.58 Mб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ

В.Н.Приз, Г.Б.Мукашева,

Ж.К.Шайхина, Л.Н.Ботченко

БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДЕНЕ ДАМУЫН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ

оқу - әдістемелік құрал

Қарағанды, 2009

УДК 613. 95

ББК 57. 31 я 7

О – 64

РЕЦЕНЗЕНТТЕР:

Т.А.Киспаев – Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ спорттық медицина және дене шынықтырудың теория мен әдістеме кафедрасының доценті м.ғ.к.;

С.К. Омаров – Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының коммуналды гигиена курсының оқытушысы, м.ғ.к., доцент;

Т.С.Омаров - Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының биохимия және молекулярлы биология кафедрасының доценті.

О -64 Приз В.Н., Мукашева Г.Б., Шайхина Ж.К., Ботченко Л.Н.

Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайы мен дене дамуын зерттеу және бағалау әдістемесі мен ұйымдастырылуы

– Оқу - әдістемелік құрал – Қарағанды – 2009ж – 53 б.

ББК 57

Осы әдістемелік құралда балалар мен жасөспірімдер арасында жасына байланысты, бір уақытта кезекті медициналық тексеріс өткізетін мерзімі және ұйымдастырылуы көрсетілген. Шкала регрессия және центильдік интервал бойынша баланың дене дамуын жекелей бағалау, ұжымдағы балалардың дене дамуы, денсаулық жағдайы, индивидуумның денсаулық топтарын анықтау әдістемелері берілген. Медициналық-профилактикалық, педиатрия факультеттерінің студенттері, сонымен қатар санитарлық-эпидемиологиялық қызметі дәрігерлеріне, мектепке дейінгі және мектеп, жасөспірімдер мекемелерінің дәрігер педиатрлары мен медициналық қызметкерлеріне арналған.

ҚазММА мекемесіндегі жоғарғы және ЖОО-нан кейінгі мамандықтар бойынша білім берудің оқу-әдістемелік секциясымен бекітіліп, типографиялық тәсілмен басып шығаруға рұқсат берілді.

Хаттама № 8. 30.04.2009 ж.

© Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы

Негізгі шартты қысқартулар тізімі

АҚ – артериалық қысым

АҚЖ – ас қорыту жүйесі

Ахқолтық астындағы түктердің пайда болуы

V – дауыс ырғағының өзгеруі

ДД – дене дамуы

ДДСҰ – дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы

ДЕЛ – демалу мен енбек лагері

ЖАБ – жиі ауыратын балалар

ӨТС – өкпенің тіршілік сиымдылығы

КТМ – кәсіптік-техникалық мектебі

L – қалқанша шеміршегінің өзгеруі

МЕСТ – мемлекеттік стандарт

МДМ – мектепке дейінгі мекеме

Ма – сүт безінің дамуы

Ме –етеккірдің болуы немесе болмауы

М – орташа арифметикалық шама

Р– шап аймағында түктердің пайда болуы

Rу/х – регрессия коэффициенті

СҚО – студенттік құрылыстық отряды

С – вариация коэффициенті

СШО – студенттік шаруашылық отряды

F – бетінде түктердің пайда болуы

δ – сигма

δ r – сигма регрессии

Кіріспе

Қазақстан Республикасындағы балалар мен жасөспірімдер денсаулығын қорғау баланың туылған сәтінен бастап, мектеп, КТМ бітіргенге дейін квалификацияланған дәрігерлік бақылауды қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйе болып табылады. Бұл жүйе динамикалы болып келеді. Уақыт өтуімен зерттеу тәсілдері және денсаулық көрсеткіштері де өзгеріп отырады, осының барлығы тәжірибедегі дәрігер жұмысын ұйымдастыруда және дайындығында көптеген қиыншылықтарға алып келеді. Бұл балалар контингенті арасында бүкіл сауықтандыру жұмысының тиімділігін төмендетеді.

Қазіргі оқу-әдістемелік құралда осындай кемшіліктерін жоюға және онда біздің республикамыздағы балалардың медициналық қамтамасыздандыру дағдыларының мазмұны бар.

Антропометриялық зерттеулерді жүргізу кезіндегі кемшіліктері болып,

олардың қатаң кезеңділігін сақтамау және медициналық қарау мерзімінің қойылмауы табылады ( кейбіреулерінде тек айы мен жылы ғана қойылады). Балалардың даму тарихында бала анасының ұлтын тіркеу қарастырылмаған, ол аралас некелердегі баланың антропологиялық ұлтын анықтауды қиындатады.

Балалардың денсаулығын бағалаудың және зерттеудің бүкіл жүйесінің басты табалдырығы болып, осы екі процестің ажырауы табылады. Көбіне антропометриялық зеттеулерді жүргізуге мейірбике жауапты, ал оларды бағалауға дәрігер – педиатр жауапты болып келеді. Бұл өз жұмысының нәтижесін көрмеген, соның нәтижесінде осы зерттеулердің маңыздылығын түсінбегендіктен, мейірбике жұмысының сапасы төмендейді.

Барлық көрсетілген кемшіліктер жеңіл жойылады және балалар денсаулық жағдайын зерттеу және бағалау сұрақтарына балалар мен жасөспірімдер мекемелерінің барлық медициналық звеноларының жауапты және саналы қарым – қатынасын талап етеді. Осы арқылы қазіргі оқу - әдістемелік құралдың мақсаттылығы анықталады.

1. Денсаулық - бала ағзасының қоршаған ортамен өзара қатынасының сәйкес адекваттылық критерийі ретінде

Балалар мен жасөспірімдер дене дамуында және денсаулықты жақсарту жұмысындағы соғысқа дейінгі жылдармен салыстырғанда маңызды прогресс, “дені сау бала” түсінігін қайта қарастыру қажеттілігін көрсетті. Егер осы түсінік тек ағзада ауыр созылмалы аурулардың жоқтығы және баланың дене және ақыл – ой дамуында айқын артта қалу дәрежелерінің жоқтығы деп түсінілсе, қазіргі кезде ол түсінік мүлдем өзгеше.

Денсаулық анықтамасын қалыптастыру және оны сандық бағалу үшін, критерийлерді іздеу қазіргі кезде социологтардың, гигиенисттердің, экономисттердің, демографтардың, клиницисттердің, социал – гигиенисттердің және т.б.назарында қалып отыр. 1942-1986 жылдар аралығында әртүрлі шет ел және отандық мамандармен денсаулықтың 40-тан астам анықтамалары берілді. Барлық ұсынылған анықтамалар кәсіптік көзқарастарға тәуелді денсаулықты көрсетеді:

  • ағзаның функционалдық жағдайы ретінде;

  • ағзаның морфо-функционалдық жүйелерінің қасиеті ретінде;

  • статистикалық сипаттамалар жиынтығы ретінде;

  • ағзаның биологиялық және әлеуметтік қызметтерді орындай алу қабілеттілігі ретінде;

Денсаулық 3 әртүрлі принципті мағыналарда қарастырылады:

  • Денсаулық – ағзаның оңтайлы жағдайы ретінде Осы түсініктің анықтамасы “ең жақсы”, “оңтайлы”, “ең толық”, “максимальді” т.б. терминдерімен беріледі.

  • Денсаулық – функционалдық норма ретінде, бұл кезде денсаулық ауру мен патологияға қарама – қарсы түсінік ретінде қарастырылады. (“норма - патология”, “денсаулық - ауру”).

  • Денсаулық – ол ағзаның азды – көпті дәрежеде, яғни оңтайлы сәйкестігінен бастап, экстремальды сырқатына дейінгі жағдайы. Мұнда қолданылатын “денсаулық деңгейі”, “денсаулықтың жақсаруы”, “денсаулықты балдық бағалау” сөз тіркестерімен түсіндіріледі.

Барлық келтірілген мағыналарды денсаулық ағзаның өмір сүру қабілеттілігі ретінде қарастырылған.

Денсаулықтың келтірілген белгілердің бірігуі келесі кең таралған анықтамалармен беріледі:

  • денсаулық – бұл адамға өзінің әлеуметтік қызметтерін және кәсіптік міндеттерін орындауға мүмкіншіліктерімен қамтамасыз ететін азаның өмір сүру қабілеттілігінің оңтайлы эффективті деңгейі;

  • денсаулық – бұл адамның әртүрлі салада қызмет ету мүмкіншіліктерін қамтамасыз ететін салыстырмалы психосоматикалық жағдайлардың жиынтығы, ағзаның оңтайлы өзіндік реттелу жағдайы және оның ортамен динамикалық тепе – теңдігі;

  • денсаулық – аурулар мен зақымдардың жоқтығына қарағанда,одан да жоғары. Бұл толық еңбектену, дем алу, адамға тәне биологиялық және әлеуметтік қасиеттерін орындау, еркін және қуанышты өмір сүру.

Гигиена жағынан қызығушылықты қоршаған ортада ағзаның оңтайлы қызмет етуін қамтамасыз ететін денсаулық тудырады. Сондықтан гигиенисттерге жақын анықтама болып, 1949 жылы (Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы) ДДСҰ қаулысымен қабылданған анықтама табылады:

“ Денсаулық – ағзаның қоршаған ортамен динамикалық тепе – теңдігін сипаттайтын, денесінің, жан дүниесінің және әлеуметтік сәттілігі, сонымен қоса сырқаттың, кемістіктің болмауы.”

Денсаулық ағзаның оңтайлы қызмет ету қабілеттілігі ретінде, тек клиникалық айқын симптомдардың жоқтығы ғана емес, сонымен қатар олардың бастапқы көріністерінің жоқтығы.

Демографиялық зерттеулер нәтижесінде анықталатын “денсаулық” көрсеткіштері бұл тек айсбергтің көрінетін бөлігі ғана, ал су астындағы бөлігін патология алды жағдайлар құрайды. Осы жағдайларды дені сау баланың “деңгейін ” анықтау негізі ретінде гигиеналық диагностика пәні болып табылады. Ұжым денсаулығы бұл жағдайда нозологияға дейінгі диагностика критерийі болып табылады.

Біздің қоғамның мәдениетінің, ғылымының және денсаулығының қазіргі сатысындағы баланың денсаулық жағдайы мен даму сипатын жан – жақты бағалау ағзаның функционалдық ерекшеліктерін ескергенді талап етеді. Толық денсаулықты нығайтудың бірінші сатысы дене дамуы және жүйке жүйесінің дамуының үйлесімділігін және дәрежесін бағалауын талап етеді. Екінші саты – анықталған патология формасы мен сипатын бағалау. Сондықтан баланың дене дамуы және функционалдық жағдайы қазіргі күнде тікелей, ал сырқаттанушылық және т.б.демографиялық көрсеткіштер жанама денсаулық көрсеткіштері ретінде қарастырылады.

Патология алды жағдайлар диагностикасы тәсілдерінің саны, осы процестердің дәрежесін сандық бағалау, алдын-алу шараларының ғылыми негізі болуы мүмкін. Олар бірінші реттік және екінші реттік алдын-алу шараларымен сәйкес келуі тиіс. Осыдан келе, алдын-алу шаралары нақты аурулардың алдын алуға емес, олардың даму мүмкіншілігін төмендетуге бағытталған.