Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТАРИХ МЕМЛЕКЕТТИК ЕМТИХАН.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
704.85 Кб
Скачать

1886 Жылы 2 маусымдағы "Түркістан өлкесін басқару туралы Ереже" бойынша Түркістан өлкесіне Сырдария, Ферғана, Самарқан облыстары кірді. Сырдария облысы Әмудария бөлімі мен 5:

Қазалы,

Перовск,

Шымкент,

Әулиеата,

Ташкент уездерінен тұрды.

"Түркістан өлкесін басқару әскери министрліктің қарамағында болады" делінген. Әкімшілік құрылысы бас басқарма мен жергілікті басқармалардан тұрды. Түркістан өлкесінің бас басқармасы генерал-губернаторға сеніп тапсырылды. Бас басқарма мемлекеттік құрылыс жұмыстары, сауданы ұйымдастыру, несие операцияларын бекіту, саяси жағынан күмән туғызатын түземдіктерді жер аудару сияқты міндеттерді атқарды. 1886—1891 жылғы реформаларда жергілікті басқаруға ерекше мән берілді. Олар отырықшы түземдіктерді басқару және көшпелі қазақтарды басқару деп аталды.

Жергілікті басқару мынандай бөліктерден тұрды:

облыстық,

уездік,

болыстық,

ауылдық.

Мұндай бөлшектеу патша үкіметінің қазақ еңбекшілерін отарлық құлдықта ұстауын жеңілдетті. Барлық басқару аппаратын әскери-полицейлік функциямен қамтамасыз өте отырып, жоғары отаршыл әкімшіліктің қатаң қадағалауында болды. Осылайша жаңа отарлау реформасының құрылысын жасауда әр түрлі облыстарға, уездерге бөлшектеу арқылы қазақ халқының саяси жағынан бірігуін болдырмау, әскери және азаматтық бүкіл биліктің бір әскери ведомствоның қолында болуы көзделді.

1891 жылы 25 наурызда бұрынғы Орынбор мен Батыс Сібір генерал-губернаторлығы орнына орталығы Омбы қаласы болған бір Дала генерал-губернаторлығын құрды. Жетісу облысы 1897 жылы Түркістан генерал-губернаторлығы қарауына берілді.

Ақмола, Семей, Жетісу облыстарын Дала генерал-губернаторлығы басқарды, Орал, Торғай облыстарын әскери губернатор басқарды. Дала генерал-губернаторлығының орталығы — Омбы, сонымен қатар Ақмола облысының орталығы да Омбы, Семей облысыныкі — Семей қаласы, Орал облысыныкі — Орал қаласы, Торғай облысыныкі — Орынбор қаласы болып белгіленді.

Тұтастай алғанда, реформа отарлаушылардың жан-жақты, тереңнен ойластырылған патша әкімшілік саяси органын нығайтуға бағытталған бағдарламасы болды. Реформа халық бұқарасын отарлық езгіде ұстау, халықтың бас көтеру көріністерінің алдын алу мақсатын көздеді.

[өңдеу]Реформалардың басталуы

Өлкенің өзіндік ерекшеліктерін зерттеу үшін және оны басқару туралы ереженің жобасын әзірлеу мақсатымен 1865 жылы елдің Ішкі істер министрі Гирстің басшылығымен «Дала қомиссиясы» құрылды. Оның құрамына ресейлік шенеуніктер мен офицерлер кірді. Жаңа ережені жасауға қазақ ақсүйектері мүлде жолатылмады. 1867 жылы II Александр: «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша Ережеге» қол қойды. 1868 жылы «Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстарын басқару туралы уақытша Ереженің» жобасын да бекітіп берді.

Басқарудың жаңа ережесін 1869 жылғы 1 мамырдан бастап енгізу көзделді. Әкімшілік реформалардың себептерін егжей-тегжейлі түсіндіретін мәлімдеме қазақ және орыс тілдерінде жазылып, таратылды. Өкімет билігінен шеттетілген билеуші-сұлтандар мен аға сұлтандар ескерусіз қалдырылмады. Оларға түрлі әскери шендер берілді, өмірлік зейнетақылар тағайындалды.

1867—1868 жылдардағы реформалар бүкіл Қазақстанды тұңғыш рет түгел қамтыды. Онда үш генерал-губернаторлық әкімшілік құрылды. Әрбір генерал-губернаторлық облыстарға бөлінді. Мәселен, Орынбор генерал-губернаторлығы - Орал және Торғай облыстарын, Батыс Сібір генерал-губернаторлығы - Ақмола және Семей облыстарын, ал Түркістан генерал-губернаторлығы - Жетісу және Сырдария облыстарын қамтыды. Соңғы екі облыстың құрамына қазақ жерінің едәуір үлкен бөлігі, сондай-ақ қырғыз және өзбек жерлерінің бір бөлігі енді.

Әкімшілік бөлініс былай болды: әр облыс — уездерден, әр уезд - болыстардан, әр болыс — ауылдардан тұрды.

Семей ішкі округы Семей облысының Павлодар және Семей уездерінің құрамына, ал Ішкі Орда (бұрынғы Бөкей хандығы) Астрахан губерниясының құрамына қосылды.

[өңдеу]Басқарудың ерекшеліктері

Жаңа реформа бойынша енгізілген әкімшілік басқару жүйесі жоғары дәрежеде әскери сипат алды. Генерал-губернатордың қолында әскери билік те, азаматтық билік те болды. Түркістан генерал-губернаторлығы басшысының көрші мемлекеттермен, атап айтқанда, Қытай және Иранмен тікелей келіс-сөздер жүргізе алу құқығы да бар еді.

Облыстардың басына әскери губернаторлар тағайындалды. Олар сонымен қатар қазақ әскерлерінің атамандары болып есептелді. Оларды патша үкіметі тікелей өзі тағайындайтын. Уезді уезд бастығы басқарды. Оны ресейлік шенеуніктер қатарынан әскери губернатордың өзі таңдап тағайындайтын. Әкімшілік басқарудың ең төменгі екі сатысында болыстар мен ауыл старшындары тұрды. Олар жергілікті ақсүйектерден іріктеліп алынды.

Сұлтандар ауыртпалықтар мен салықтардан босатылды. Оларға өмірлік зейнетақы тағайындалды. Патша үкіметінің мұндай қадам жасауға бару себебі - қазақ даласында сұлтандар тобына деген сый-құрмет әлі де болса едәуір дәрежеде сақталған еді.

[өңдеу]Сайлау жүйесі

Ауыл старшындары мен болыстар ақсүйек топтардан іріктеліп, сайлауда шар салудың (дауыс берудің) нәтижесі бойынша ғана тағайындалатын. Бұл лауазымды қызмет орнына сайланудан халықтың сенімі мен құрметіне ие адамдардың ғана үміттенуіне болатын. Олар бұрын өздерінің арына сотты болып «дақ түсірмеген» адамдар болуы тиіс еді. Бұл қызметтерге үміткерлердің жасы 25-тен кем болмауы шарт саналатын.

Болыстағы әрбір 50 үйден сайлауда шар салушы (дауыс беруші) бір адамнан сайланатын болды. Ал олардың бас қосқан жиынында болыс сайланатын және осы қызметтен үміткер белгіленетін. Taп осындай тәртіппен әр ауылдағы әрбір 10 үйден сайлауда шар салатын (дауыс беретін) бір адам сайланатын болды. Ал олардың бас қосқан жиынында ауыл старшыны сайланды және осы қызметтен үміткер белгіленетін. Ең көп дауыс алған адам ауыл старшыны немесе болыс сайланатын, ал одан кейін дауыс алғандар осы қызметтерден үміткерлер болып белгіленді.

Болыстар мен ауыл старшындары 3 жыл мерзімге сайланатын. Болыстарды губернатор, ал ауыл старшындарын уезд бастығы бекітетін. Сондай-ақ оларды бұл қызметтерден кез келген уақытта алып тастауға да құқықты болатын. Болыстар мен ауыл старшындарын қызметке бекіту мен қызметінен алып тастаудың мұндай тәртібі қазақ даласындағы сайлау жүйесінің отаршылдық мазмұнын көрсетті.

Жоғары лауазымды шенеуніктердің отаршыл әкімшілікке қолдау көрсетпейтін адамдарды қызметке бекітпей қоюға құқығы болды.

Ауыл старшындарына және болыстарға қоладан құйылған төс белгілер, сондай-ақ арнайы жасалған мөр берілетін. Отаршыл әкімшіліктің бұл төменгі буындары полицияның және тыңшылардың міндетін қоса атқарды. Олар қазақ даласында тыныштықтың сақталуын қадағалауға, әсіресе барымтаны жоюға міндеттенді. Сонымен қатар заңдардың қатаң сақталуын, алым-салықтың уақтылы әрі толық жиналуын, басқа да міндетті борыштардың түгел орындалуын қамтамасыз етуге тиіс болды. Олар сот шешімдерінің және халық соттары қаулыларының орындалуын жүзеге асыруға да міндетті еді.

Өкінішке орай, оқиғалардың бұдан кейінгі барысы сайлау жүйесінің «партиялық» күреске айналып кетуіне алып барып соқтырды. Бір рудың өкілдері мен екінші бір ру өкілдерінің арасында шиеленіскен күрес өршіді. Елде байлықпен қызметті сатып алу, қоқанлоқы жасап қорқыту, күш көрсету және жала жабу сияқты келеңсіз қылықтар кеңінен етек алды. Лауазымды қызметтен үміткерлер сайлау науқаны кезінде ақшаны оңды-солды аямай шашты.

[өңдеу]Қазынагерлік жүйе және міндетті атқарылатын борыштар

1867— 1868 жылдарда енгізілген жаңалықтар алым-салық жүйесін де қамтыды. Осы кезден бастап Қазақстанның бүкіл аумағында біртұтас салық — «түтін салығы» енгізілді. Ол жыл сайын бір рет әрі үй басынан ақшалай алынып тұрды. Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы қазақтар 3 сомнан, ал Түркістан генерал-губернаторлығындағы қазақтар 2 сом 75 тиыннан төлеп келді. Мал санағы 3 жылда бір рет өткізілді. Малдың санын жасырғандарға салық екі есе көп салынды. Түтін салығын төлеуде, басқа да міндетті борыштарды өтеуде Кіші жүздің қайтыс болған ханы Шерғазы Айшуақұлының отбасы мүшелеріне жеңілдік жасалды. Жеңілдіктер сұлтандар Баймағамбет Айшуақұлының, Ахмет және Арыслан Жантөреұлдарының отбасыларына да, сондай-ақ 1844 жылы хан Кенесары Қасымұлының әскери жасақтарының қолынан қаза тапқан қазақтарға да берілді. Түтін салығын төлеуден Орта жүздің хандары Уәли мен Бөкейдің ұрпақтары да босатылды. Мұндай шаралар олардың өкіметке қарсы пиғылдарын бәсеңсітуі тиіс болды.

1820 жылдан бастап қолданылып келген билеттік тіркеу орнына сндігі жерде біртұтас төлқұжаттық тіркеу тәртібі енгізілді. Басқа жаққа барып жұмыс істеп, табыс тапқысы келгендер болыстардан төлқұжат алуы тиіс болды.

Көшпелі қазақтар бірқатар борыштар атқаруға міндеттелінді. Aтaп айтқанда, олар көпірлер мен жолдарды тегін жөндеп тұруға міндетті болды. Дала тұрғындары осы кезден бастап науқас адамдар жататын және іссапарға келген шенеуніктер тоқтайтын киіз үйлер бөліп тұруға міндеттелінді. Қазақтарға оларды отын-сумен және шемеуніктерді жолға мінетін ат-көлікпен қамтамасыз ету де жүктелді. Қазақтар міндетті әскери борыш өтеуден босатылды.

[өңдеу]Денсаулық сақтау саласындағы реформа

Әр облыста облыстық дәрігер тағайындалды. Әрбір уезде бір дәрігер мен акушер-кіндік шеше болатын болды. Уездік дәрігерге шешекке қарсы егу шараларын қамтамасыз ету міндеті жүктелінді. Ол науқас адамдарға тегін медициналық көмек көрсетіп, оларды дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз етуі тиіс болды. Қазақтар әскери және азаматтық мекемелердегі емдеу орындарында да дәрігерге тексеріле алды. Шамасы, реформаның жағымды бір ғана сипаты болса, ол денсаулық сақтау саласындағы тап осы жаңалықтың енгізілуі дей аламыз. Солай бола тұрса да, дәрігерлердің жеткіліксіздігі салдарынан қазақтардың бұл мүмкіндіктер мен жеңілдіктерді жарытымды пайдалануы мүмкін болмады. Кеңес өкіметі орнағанға дейін қазақ халқының арасында, әсіресе балалар арасында өлім-жітім көп болды.

[өңдеу]Жерді пайдалану мәселелері

Қазақтардың қоныстанған жерлері мемлекет меншігі саналды. Ол жерлер қазақтарға қоғамдық пайдалану құқығы негізінде ғана берілді. Жаңа реформа бойынша ормандар да мемлекет меншігі деп жарияланды.

Қазақтарға жерлерін Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс аударып келген орыс шаруаларына белгілі бір мөлшерде жалға беруіне рұқсат етілді. Ал мұның өзі олардың ежелден келе жатқан атамекенінен айырылып, өздерінің жерсіз қалуына алып барып соқтырды.

Қоныс аударып келген орыс шаруалары бірқатар елеулі жеңілдіктерді пайдаланды. Мәселен, олардың әрқайсысы уездік билік орындарынан үй салып алу үшін жер телімін, сондай-ақ құрылыстық ағаш материалдарын тегін алды. Олардың сауда жасаумен, қолөнер кәсібімен, өнеркәсіптік қызметпен және егіншілікпен емін-еркін айналысу құқығы болды.

Ал башқұрт, татар, Орта Азия халықтарының өкілдері сияқты мұсылмандар мұндай жеңілдіктерді пайдалана алған жоқ. Өйткені патша үкіметі ислам дінін ұстанатын өзге халықтар өкілдерінің қазақ даласына шоғырлана түсуінен қорықты.

[өңдеу]Реформаның отаршылдық сипаты

1867-1868 жылдардағы реформаның жалпы алғанда отаршылдық сипаты басым болды. Ол реформалар Қазақстанды Ресейге қосып алу үрдісінің толық аяқталғанын көрсетті. Қазақстанның кең-байтақ жері Ресейдің мемлекеттік меншігіне өтті. Патша үкіметі бұдан былай қазақтардың жерін кез келген сылтаумен оп-оңай тартып ала беретін болды. Мұның ақыры дала тұрғындарының ежелгі атамекен жерлерінен айырылып қалуына, сөйтіп қайдағы бір құнарсыз және тұзы бетіне шығып жатқан сортаң жерлерге ығыстырылуына жеткізді. Құнарлы жерлер ішкі Ресейден қоныс аударып келген орыс шаруалары мен қазақтарға, шенеуніктерге берілді. Патша үкіметінің Қазақстанның табиғи бай ресурстарын оңды-солды емін-еркін пайдалануы бұл өлкені Ресей экономикасының қосалқы арзан шикізат көзіне айналдырды.

Болыстардың сайланып қойылуы Қазақстанның бүкіл аумағын руаралық кескілескен қақтығыстар сахнасына айналдырып жіберді. Сайлауда шар салушының дауысын сатып алу кеңінен етек алды. Болашақ болыстар өз қандастарының қамын жеуден қалды. Олар ендігі жерде орыс үкіметінің аузына қарап, жалтаңдаудан көз ашпады, қайтсем солардың қаһарлы қолшоқпары болсам екен деп армандады.

Сұлтан тобын басқару жүйесінің орта және жоғары буынынан толық ығыстырып шығару қазақ халқын құқық атаулыдан жұрдай тобырға айналдырды. Отаршыл Ресей қазақ мемлекеттілігінің ең соңғы қалдықтарын да жойды. Қазақтарға болыс және ауыл старшыны деген ең төменгі дәрежедегі қызметтер ғана тиді. Олардың уезд бастығы, әскери губернатор, генерал-губернатор сияқты жоғары лауазымды әкімшілік қызметтерге барар жолы заң жүзінде біржола жабылды.

Жаңа міндетті борыштар мен алым-салық түрлерінің еселеп енгізілуі қазақтардың материалдық жағдайын нашарлатып жіберді. Түтін салығы бұрынғы 1 сом 50 тиыннан 3 сомға бір-ақ көтерілді. Болыстарды, ауыл старшындарын, сондай-ақ олардың толып жатқан шабармандарын ұстауға жұмсалатын қаржы да халықтан жыл сайын қосымша жинап алынды. Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы халық харадж (егіннен алынған өнімнің оннан бір бөлігі), зекет (тауар құнының қырықтан бір бөлігі) төлеп тұруға міндетті болды. Әр түрлі қажеттерге жұмсау үшін қара шығын деп аталатын қосымша салыққа салынды. Бұдан түскен қаржы жол салуға, оны жөндеуге, көпір, мешіт, мектеп, аурухана салуға жұмсалды. Патша үкіметі Қазақстаннан орасан зор мөлшерде қаржы жинап алумен болды. Оның бір бөлігі отаршыл әкімшілік пен әскери күштерді ұстауға жұмсалды, енді бір бөлігі орталыққа жіберіліп отырды.

Патша үкіметі қазақтардың ежелгі дәстүрлі қоғамын күйретті. Болыстар мен уездер құру кезінде рулық ерекшеліктер ескерілмеді. Дәстүрлі билер сотының құқықтары елеулі түрде қысқартылды.

Реформалар Батыс Сібір аумағында ежелден бері тұратын қазақтардың жағдайына да келеңсіз әсерін тигізбей қала алмады. 1880 жылғы 22 қазанда Тобыл және Томск губернияларының қазақтарын Құлынды даласына көшіру қолға алынды. Ол жақта қазақтар үшін 1 миллион десятина құнарсыз жер бөлінді. Құлынды қазақтарына үй басы 6 сом мөлшерінде түтін салығы салынды. Бұл отырықшы орыс шаруалары төлейтін салық мөлшеріне тең болып шықты.[1]

XIX ғасырдың 60-жылдарындағы әкімшілік реформалар жартыкеш болып шықты. Онда қазақ халқының құқықтары тым шектелінді. Мұның өзі қазақтардың тарапынан қатты наразылық пен қарсы әрекеттер тудырды. Сондықтан да патша үкіметі 80-90-жылдары реформаны одан әрі жаяғастыруға мәжбур болды.

Торғай және Орал облыстарындағы көтерілістер

Қазақтар патша үкіметінің реформаларына ашықтан-ашық күшті наразылық білдірді. Үкіметке қарсы көтеріліс жасайтын жағдай пісіп-жетіліп келе жатты. Көтеріліс күтпеген жерден стихиялы түрде бұрқ ете қалып, 1868 жылдың желтоқсанынан 1869 жылдың қазан айына дейін созылды. Ол отаршылдыққа қарсы айқын сипат алды.

Көтерілістің басы-қасында ірі рубасылары жүрді. Қазақтар үкіметтің жіберген комиссияларын қабылдамады. Көтерілісшілер үкімет билігіне бағынудан үзілді-кесілді бас тартты. Халық қарулана бастады. Олар басқарудың жаңа ережелерін енгізуге, елді Ресей шенеуніктерінің басқаруына ашықтан-ашық қарсы болды. Ежелгі ескі тәртіпке қайтып оралуды талап етті.

Ашу қысып, зығырданы қайнаған елді жуасыту үшін патша үкіметі бұрынғы ел билеген Б. Айшуақұлы, М. Баймұхамбетұлы, А. Сейдалыұлы сияқты сұлтандарды салып көрді. Бірақ халық олардың сөзіне құлақ қоймады. Қайта олардың өзін елдің көзінше масқара етті. Енді үкімет билігі мұсылмандардың Уфа губерниясындағы діни басшылығына қолқа салды. Бірақ оларды да тыңдаған ешкім болған жоқ. Халық арасында енгізіліп жатқан жаңа тәртіп қазақтарды христиан дініне кіргізіп, шетінен шоқындыруға, армия қатарына алуға, сондай-ақ алым-салық түрлерін еселеп арттыра түсуге алып барады екен деген қауесет қаптап кетті.

Жаңа ереженің кағазға басылған нақты нұсқалары болған жоқ. Қазақ даласына үсті-үстіне жіберіліп жатқан комиссиялар оны ауызекі айтып түсіндіре алмады.

Әуелі Орал облысында басталған толқу бірте-бірте көршілес Торғай облысын да қамтыды. Қазақтардың 600-700 адамнан тұратын жасақтары ауыл-ауылды аралап, патша үкіметінің әкімшілігіне бағынбауға, басқарудың жаңа тәртібінен бас тартуға шақырды. Қазақтарды бейбіт жолмен тыныштандырудың сәті түспеді, ол ешқандай нәтиже бермеді.

Мамыр айында Жайық бойындағы қазақ даласына жазалаушы әскери отрядтар жіберілді. Олардың құрамында жалпы саны 1700 солдат, бірқатар зеңбірек болды. Әскери қақтығыс болып, қан төгілетін кез келді.

1868 жылдың 6 мамырында қазақтар Жамансай деген жерде фон Штемпельдің құрамында 200 солдаты бар жаяу әскер ротасына шабуыл жасады. 20 мыңға жуық қазақ оларды, яғни жазалаушы отрядты жеті күн бойы қоршап, тырп еткізбеді. Сөйтіп жемшөбі мен азық-түлігі қалмаған жазалаушылар кері қайтып кетуге мәжбүр болды. Юрковский бастаған және бір жазалаушы әскер де Орынбор шекара шебіне шегініп кетті.

1868 жылғы маусымның бас кезінде Орал облысындағы көтеріліс өзінің шырқау шегіне жетті. Қарапайым көшпелі халықтың ашуызасы енді жергілікті ақсүйектерге де қарсы бағытталды. Жаңа ережені қабылдауға келісім берген ақсүйектердің ауылдарына шабуыл ұйымдастырылды. Мәселен, 1869 жылғы наурыз айынан маусым айына дейін би, сұлтандардың, болыстар мен старшындардың ауылдарына 40-тан астам шабуыл жасалды. Оған жалпы саны 3 мың адам катысты.

Торғай мен Орал облыстарындағы көтерілістің кеңінен өрістеуі матшалык Ресейдін жергілікті әкімшіліктерін ғана емес, оның орталық үкіметінің де мазасын кетіріп, үрейін ұшырды. Сондықтан да оны аяусыз басып тастау үшін патша үкіметі Петербургтан, Мәскеуден, Харьковтан және Қазаннан жалпы саны 5 мыңға жуық солдаты бар жазалаушы әскер жіберді. Соның ішінде Орал облысында подполковник Рукин мен Веревкин бастаған жазалаушы әскерлер жойқын қимыл көрсетті.

Көтеріліс нашар ұйымдастырылды, күтпеген жерден стихиялы түрде бұрқ ете қалды, оның жекелеген басшыларының арасында келісілген ауызбірлік те болмады. Соның салдарынан ол жеңіліске ұшырады. Әрине, бұған дейінгі көтерілістердегі сияқты, бұл жолы да оған өз мүддесі үшін уақытша қатысқан бірқатар старшындардым сатқындық әрекеттері де көтерілістің жеңілуіне жеткізді.

[өңдеу]Хиуаның көтеріліске қатысты әрекеті

Қазақ даласындағы толқулар туралы ести сала Хиуа ханы оларды көтеріліс жасауға арандата түсті. 1869 жылдың қаңтарында Хиуаға қазақтың шекті және табын руларынан елшілер барды. Олар Хиуа ханынан қазақтарға көмектесу үшін әскер жіберуді өтінді. 1869 жылдың сәуір айында Шошқакөл деген жерге хиуалықтардың 6 мың сарбазы, 4 зеңбірегі бар әскері келді. Хиуа әскери экспедициясының мақсаты, біріншіден, орыстардың далалық жерлердегі әскери бекіністерін жою, екіншіден, қазақтарды өз қол астына бағындыру, үшіншіден, халықтан жиналатын зекеттің мөлшерін анықтау болатын. Хиуалықтар жергілікті рубасыларын өз жақтарына тарту үшін қыруар көп шапан және ақша ала келеді. Бірақ қазақтар тарапынан өздері ойлағандай белсенді қолдау таба алмады. Сөйтіп Жем күзет аймағында бір айдай болғаннан кейін кері қайтып кетті.

1869 жылдың аяғына қарай 7 мыңға жуық қазақ отбасы Хиуа шекарасынан өтіп, солардың қол астына қарады. Бірақ өздерінің көшіп кеткенге дейінгі отырған жерлері өзге қазақ руларына таратылып беріледі екен деген хабарды ести сала едәуір бөлігі қайтадан көшіп келуге мәжбүр болды.

[өңдеу]Маңғыстаудағы көтеріліс

Жаңа ереже енгізілгеннен кейін Маңғыстау түбегіндегі адайларда жер мәселесі қатты шиеленісіп кетті.

1870 жылғы 15 наурызда Маңғыстау приставы подполковник Рукин құрамында 38 казак солдаты, 4 зеңбірегі бар әскери жасағын бастап және беделді деген рубасыларын ертіп, Құрып деген жерде Хиуаға қарай көшіп бара жатқан ауылдардың алдынан шықты. Оның бұл қылығы қазақтардың көтеріліске шығуына түрткі болды. Бозашы деген жерде Досан Тәжіұлы, Иса Тіленбайұлы 200-ге жуық қарулы қол жинады. Кескілескен шайқас басталып кетті. Көп ұзамай Рукин бастаған әскери жасақ тас-талқан болып жеңілді. Жаралы болған Рукин өзін өзі атып өлтірді. Бұл жеңіс көтерілісшілердің рухын көтеріп, оларды жігерлендіре түсті.

Көтеріліс Маңғыстау түбегін түгел қамтыды. Александровск фортының және Николаев станицасының балықшылары жұмысқа шықпай, жаппай наразылық білдірді. Қайықтарды тартып әкету басталды. Сарытау шығанағында тартып алынған қайықтардан қазақтар өздерінше флотилия құрып алды. Кейінірек ол флотилия Александровск фортын қоршауға қатысты. Көтеріліске қатысушылардың саны 10 мың адамға жетті.

1870 жылдың сәуір айында көтерілісшілер Александровск форты мен Николаев станицасына шабуыл жасады. Олар форттың маяғын өртеді және Нижнее бекінісін қиратты. Алайда зеңбіректің үсті-үстіне жарылған снарядтарына шыдай алмай, кейін шегінуіне тура келді. Көтеріліс жергілікті отаршыл өкімет билігінің ғана емес, сонымен қатар орталық үкіметтің де зәресін ұшырды.

Осы кезде Англияның Ирандағы ықпалы едәуір күшейе түскен еді. Патша үкіметі Хиуа хандығына қарсы шабуыл жасау мақсатымен өз әскерін Красноводск төңірегіне шоғырландыра бастады. Маңғыстаудағы көтеріліс орталығы олардың ту сыртында қалды. Ондағы Көтерілісті басу Кавказдағы аймақтың бастығына жүктелді. Сөйтіп мамыр айының аяқ кезінде Кавказдан Маңғыстауға едәуір мол әскер күші жеткізілді. Адай-қазақтардың жан аямай қарсы тұрғанына қарамай, көтеріліс жеңіліске ұшырады, күшті қаруланған тұрақты әсерлерге төтеп бере алмады. Патша әскерлері көтерілісшілерді Жазалау үшін оларды барлық жерден тіміскілеп іздестірумен болды. 1873 жылы адайлардың кезекті жаңа көтерілісі бұрқ ете түсті.

[өңдеу]Көтерілістің жеңілу себептері мен салдарлары

Көтерілісшілер жеңіліп қалды. Өйткені көтеріліс жергілікті тар көлемдегі сипатта болды. Қазақтар түгел бас қосып, біртұтас майдан аша алмады. Көтерілісшілердің қару-жарағы нашар еді. Олар негізінен қылышпен, айбалтамен, найзамен, садақпен қаруланды. Оқ ататын мылтық жетіспеді. Оқ-дәрі де тапшы болды. Рубасыларының бір бөлігі көтерілісшілерді қолдамады. Бұл кезде патшалық Ресей Қазақстанды барлық жағынан бірдей әскери бекіністермен құрсап, қоршап алып үлгерген еді.

Патша үкіметінің әскерлері Маңғыстауда үш ай бойы тұрып алды. Жергілікті өкімет билігі көтерілісшілерді қатаң жазалады. Кавказ әскери әкімшілігі Маңғыстауда қалған 8 мың үйден түтін салығын және басқа да алымдарды - барлығы 57901 сомды жинап алды. Оның үстіне, адайлар 90 мың қой мөлшерінде контрибуция (соғыс шығындарын өтеу) төлеуге мәжбүр болды.

Көтерілісшілерге барынша қатаң шаралар қолданылды. Реформа енгізуге наразы болғандар Қазақстан аумағынан тыс жаққа жер аударылды. Мәселен, Торғай облысының бір өзінен ғана 1880 жылы 500 адам, ал 1890 жылы - 3 мыңға жуық адам жер аударылды.

Көтерілістің басшылары 1870 жылғы желтоқсанда ағайын-туыс жақтастарымен Хиуа хандығының аумағына өтіп кетті. Сұлтан Ханғали Арыстанұлы бастаған 57 мыңға жуық қазақ осылай істеуге мәжбүр болды.

Патша үкіметі орыс шаруаларын қаруландыруды күшейтуге көшті. Мәселен, 1892 жылдан 1901 жылға дейін бір ғана Жетісу жеріндегі орыс шаруаларына 9 мыңнан астам мылтық берілді. Мұның өзі жергілікті халық пен қоныс аударып келген орыс шаруалары арасындағы қарым-қатынастың нашарлауына алып келді.

Халық арасында жаңа толқулар туып кетеді деген қауіппен, олардың алдын алу үшін XIX ғасырдың соңында патша үкіметі Қазақстанда құпия мәліметтер жинап тұратын жалдамалы жансыз агенттер тобын құрды. «Өте сенімді» деген қазақтардан әр уезден екі жансыз жасырын тағайындалды. Олар жергілікті халықтың көңіл күйі туралы патша үкіметіне қажетті құпия мәліметтер жинаумен айналысты.

[өңдеу]XIX ғасырдың 80-90-жылдарында әкімшілік реформалардың одан әрі жалғасуы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]