Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТАРИХ МЕМЛЕКЕТТИК ЕМТИХАН.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
704.85 Кб
Скачать

70) Қазақстан еқыұ төрағалығын қабылдайды, болашақ еуропалық қауіпсіздік сәулетіне қатысты үнқатысуды ұйымдастыруды нығайтуға және оны дамытуға тырысатын болады

АСТАНА, 1 қаңтар 2010 жыл – Бүгін Қазақстан ЕҚЫҰ төрағалығын қабылдап, ЕҚЫҰ құндылықтары мен қағидаттарын қалтқысыз ұстануға, барлық мүше-мемлекеттер мүдделерін ескеруге сонымен қатар еуразиялық кеңістіктің қауіпсіздігіне нақты үлес қосатын маңызды үнқатысу алаңы ретіндегі ЕҚЫҰ ролін дамытатындығын растайды.

«Қазақстан Ұйымда төрағалық ететін алғашқы орта азиялық ел және бұрынғы кеңес одағы республикасы. Бұл мүше мемлекеттердің тең құқыққа ие екендігі туралы қағидаттың күшінде екенінің дәлелі, сонымен қатар стратегиялық маңызды өңірде және ЕҚЫҰ кеңістігінде Қазақстан ролінің артуда екенін мойындау болып табылады., - деді ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев.

«ЕҚЫҰ төарағасы ретінде, Қазақстан бейтараптық және үйлесімділік қағидаттары негізінде Венадан Шығыс пен Батысқа созылған ұйымның мүше-мемлекеттер ұстанымын жақындатуға, Ванкувердан Владивастокқа дейінгі кеңістіктегі ынтымақтастықтың нығаюы мен қауіпсіздіктің бекуіндегі Ұйым ролін өсуіне жағдай жасамақ.

Сөзін жалғасытра келе ол: «Қазақстан «Корфу процесін» жалғастырады және ұзақ қақтығыстар өңіріндегі ахуалды тұрақтандыру мен оларды шешудегі, халықаралық көлік дәліздерін дамытудағы, толеранттылық пен өзаратүсіністікті нығайтудағы ЕҚЫҰ жұмыстарына жаңа серпін беруге тырысатын болады. Қазақстан Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 65 жыл, Хельсинки қорытынды актісіне 35 жыл және жаңа Еуропалық Париж хартиясына 20 жыл толуы қарсаңына келетін ЕҚЫҰ Саммитіне дайындық пен оны ұйымдастыруға қатысты барлық ЕҚЫҰ серіктестерімен белсенді жұмыс жүргізетін болады.»- деді.

Қ. Саудабаев төрағалықты 2009 жылы ЕҚЫҰ-да төраға болған Грекия Премьер-министрі-Сыртқы істер министрі Георгиос Папандреудан қабылдап алды.

«Мен Премьер-министр Георгиос Папандреға ЕҚЫҰ-дағы төрағалық кезіндегі жемісті еңбегі үшін алғысымды білдіргім келеді – деді Қ.Саудабаев. – Сонымен қатар мен Литваны және оның оның Сыртқы істер министрі Вигаудас Ушацкасты Үштікке қатысуымен құттықтағым келеді».

Жаңа төраға Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы кезіндегі басым бағыттары туралы 14 қаңтарда Венада ЕҚЫҰ-ның басты органы болып табылатын Тұрақты кеңес отырысындағы баяндамасында мәлім ететін болады.

2010 жыл біздің мемлекетіміздің өз тәуелсізідігін алғаннан кейінгі ерекше жылдарының бірі деп айтуға толық мүмкіндігіміз бар. Биыл еліміз посткеңестік мемлекеттердің ішінде алғашқы рет Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымды (бұдан әрі - ЕҚЫҰ) басқаруда. Бұл – Қазақстан Респуб­ликасының әлемдегі беделінің айқын көрінісі. Әлемде мемлекетімізді бүкіл Орталық Азияның көшбасшысы рөлінде және Еуроодақтың өңірдегі шешуші әріп­тесі ретінде таниды. Қа­зақстан ЕҚЫҰ-ның қатысуымен құрылып қойған қауіпсіздік те­тік­терін жаңғыртуды жүзеге асырып отыр.

ЕҚЫҰ төраға­лығы рөліне Қазақ­станның таңдалуы еліміздің мұсылман және еуропалық қо­ғамдастықтар ара­сын­дағы Еуразиядағы көптеген жанжал­дар­ды шешуге нақты көмек көрсетуге қабілеттігі табылды. ЕҚЫҰ Қазақстан қызметінің негізгі мақсаты – біздің елімізді және Орталық Азияның басқа мемлекеттерін әлемдік стандарттар мен дәстүрге баулу, әлемнің Батысы мен Шығысын арасында байланысты нығайту, өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету­дегі үлесін, сондай-ақ Ауғаныстан, Ирак ахуалдарын қалпына келтіру жөнін­дегі халықаралық күш-жігерге тұрақты қол­дауын көрсету.

Соңғы жылдары ЕҚЫҰ әскери-саяси және экономикалық бағыттағы қызметтермен емес қадағалаушы функциялармен айналысуда. Қазақстанның осы ұйымға төрағалығынан осы дағдарыстан шығуға мүмкіндік тудырады, болашақ әлемде жаңа жолдарды белсене ұсынады деп те күтілуде. Яғни, ұйым мүшелеріне жетілген сыртқы саяси бастамаларымен өзара түсіністіктің және әділ халықаралық қатынастардың елеулі түрде жаңартылған қағидаттарын қалыптастырады деп сенім артылған.

Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ төрағалығы ретінде тандалуына аймақтың тұрақсыз Ауғаныстанға жақын орналасқандығы, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету — ЕҚЫҰ-ның аз уақытта жүзеге асыру қажет басымдығы екендігі, сондай-ақ оның Орталық Азияның энергетикалық потенциалы екендігі себептігін тигізді. Еліміз бұл ұйымға төрағалығы кезінде Батыс елдері мен ТМД елдері арасындағы қарым-қатынасты бекіте түсу, әлемдік қауіпсіздікті нығайту және Ауғаныстандағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған жұмыстарды атқарды. Республика басшылығы Қазақстанда желтоқсан айында өткізілетін ЕҚЫҰ саммитін де өте маңызды мақсаттар қатарына қосып отыр, өйткені, ол ұйым жұмысына жаңа дем беріп қана қоймайды, сонымен қатар ЕҚЫҰ-ның өз ішіндегі қарама-қайшылықтарды жоюға септігін тигізеді деп үміттенуде.

Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен кезінде Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қауіпсіздіктің жаңа жолдарын барынша ұсынуға, Ауғанстан мәселесінде созылып кеткен жанжалдарды шешуге мән берді. Біздің мемлекетіміз Ресей және Грузия елдерімен жақсы қарым-қатынасы арқасында осы екі мемлекет арасындағы созылып кеткен текетірестерді, Әзірбайжан мен Армения арасындағы Таулы Карабақтағы мәселелерді шешуге ұмтылыс жасап, аталмыш әрекеттердің оңды нәтижеге әкелгендігін де айтып кеткен орынды. Атап айтқанда, ЕҚЫҰ іс басындағы төрағасы, Мемлекеттік хатшы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Вена, Брюссель, Лондон, Вашингтон, Нью-Йорк, Женева, Тбилиси, Баку мен Ереванда бірқатар келіссөздер жүргізіп үлгерді, Астанада Түркия, Ресей сыртқы істер министрлерін қабылдады. Осы арқылы ЕҚЫҰ саммитіне дайындыққа қатысты көптеген негізгі уағдаластықтарға, халықаралық ұйымдармен өзара ықпалдастыққа, ЕҚЫҰ кадр мәселелері бойынша бірқатар жайттардың шешілуіне қол жетті. Қазақ төрағалығының ең басты ерекшеліктерінің бірі - барлық қатысушы мемлекеттермен кеңесу жүйесін қалыптастыра алуында.

ЕҚЫҰ басқаруда еліміз ең алдыменен келісім қағидасын қолданып отыр. Қазақстан өз төрағалығы барысында ұйымның беріктілігін және жан-жақты тиімділігін арттыруға, қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге төтеп беру қабілетін күшейтуге де бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге асыруда. Еліміздің басшысымен ұстанған мақсаты - ЕҚЫҰ эволюциялық дамуына қолайлы жағдай жасау, оның әлеуетін жетілдіру, мандатын нығайту, әлем қауіпсіздігін барынша нығайту. Осыған сәйкес, біздің мемлекетпен ЕҚЫҰ-ның болашағына байланысты жаңаша көзқарас қарастырылуы ұсынылуда. Ұйымның негізгі құжаттары 1975 жылы (Хельсинки актісі), 1990 жылы (Париж хартиясы), 1999 жылы (Еуропалық Қауіпсіздік туралы Стамбул хартиясын) қабылданған. ЕҚЫҰ тарихына сүйеніп, әрбір он жыл сайын форумды трансформациялау қажеттігін пайымдаймыз.

Кез келген мемлекеттің қауіпсіздігін, оның өркенделуінің, өсіп-өнуі мен тұрақтылығының басты кепілі мен игілігі демократия табылады. Демократия біздің түсінігімізше халық санасында тереңдеп тамырын жайып үлгерген бір мезетте өзгертуге бағынбайтын қоғамдық менталитетке жататын ұғым. Ел басшылығы Қазақстанның ЕҚЫҰ және оның институттарының адам құқығы мен демократия саласындағы мандатын толық жүзеге асуына болысатынын бірнеше мәрте мәлімдеді. Биылғы жылғы ЕҚЫҰ аясында атқарылар іс-шаралардың бірегейі - маусым айында Астана қаласында демократиялық ұстанымды насихаттау мақсатында жоғары деңгейдегі толеранттылық пен кемсітпеушілік жөніндегі іс-шара (конференция) өткізілді.

Қа­зақстан төрағалығының аса ма­ңызды ісінің бірі ретінде лаңкес­тікке қарсы жұмылуға бүкіл әлем назарын аудару, тек әскери-саяси ғана емес, экономикалық-экологиялық, гуманитарлық шара­лар кешенін кеңінен қолдану қажет тұжырымдамасын қолдану. Мемлекетіміз лаңкестікке, трансұлттық сипаттағы қауіпсіздік қатерлеріне қарсы қаруды ғана емес, бейбіт тетіктерді де кең пайдалану қажеттілігін пайымдайды. Қа­зақстанда лаңкестік орын ала­тындай күр­делі мәселелер, ал­ғы­шарттар жоқ деп айтуға болады. Ішкі саяси жағ­дайдың тұрақтылығы, экономиканың өр­леу деңгейі оның дәлелі. Дегенмен, Қазақстанға лаңкестік сырттан енуі мүмкін. Ресми мәліметтер бойынша жекелеген халықаралық лаңкестер ұйым­дары немесе топтардың біздің азаматтарды өздеріне тарту, үгіт-насихат жүргізу деректері бар. Әсіресе, діни экстремизм, әртүрлі уағыз жастардың кейбірін адастыруы ықтимал. Қазақстанда адамдардың өмір сүру деңгейі жоғары. Тұрмысы төмен жандарға мемлекет жет­кілікті жәрдем береді. Жұмыс­сыздық азайып келеді. Демек, «көрінген көк аттының» аран­датушылық, іріткі салу мақсатын­дағы сөздеріне еруге себеп жоқ. Лаңкестікке қарсы күрес – әлем елдерін ынтымақтастық­қа шақырып отыр және осы насихаттың бастамашыларының бірі ретінде Қазақстан да табылып отыр. Осы насихатты уағыздау ЕҚЫҰ тарихында 11-жылдан бері бірінші рет өткізілетін желтоқсан саммитінің басты мақсаттарының бірі.

ЕҚЫҰ жетоқсан cаммитінің күн тәртібінде ең алдымен Еуропадағы, содан соң бүкіл әлемдегі қауіпсіздікті бірлесіп сақтау, соның ішінде трансұлттық қауіп-қатермен қатар экономикалық және экологиялық қауіпсіздік жүйесінің шаралары қаралады.

Қазақстан ЕҚЫҰ тізгінін ұстасымен саяси-әске­ри, экономикалық-экология­лық және адамдық өлшемдер мәсе­лелері­не бірдей араласуға күш салды. Сондай-ақ, осы лауазымды иелену кезінде экономикалық-эколо­гиялық 18-ші форумды өткізу­ге ұйтқы бол­ып, күн тәрті­біне «Шекаралық қиылыс бекет­те­рінде жердегі көліктерді бас­қару қауіпсіздігін арттыру және халықаралық ав­токөлік пен те­міржол қатынас­та­рын ЕҚЫҰ ай­мағында жеңілде­ту туралы» та­қырып ұсынды. Ұйым мүшелерінің келісуімен біздің мемлекетіміздің басшысымен шартты түрде «Маас­трихт қосу» деп аталған жаңа құжат желтоқсан саммитінде қаралуы мүмкін.

Жалпы, Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ төрағалығы әлемдік қауымдастық алдында саяси салмақ пен бедел алып келеді. Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан-ақ Елбасымыздың сыртқы саясаты белсенді дипломатиялық іс-әрекетіне негізделіп келді, соның ішінде ең басты назар айналамыздағы аймақтарға көбірек көңіл бөлінді. Алда ЕҚЫҰ саммиті кезінде еуроатлантикалық және еуразиялық кеңістіктегі саяси тұрақтылыққа бағытталған бүкіл ғалам үшін қажетті шешімдер қабылдауға мүмкіндік тудыратыны сөзсіз. ЕҚЫҰ кеңістігіндегі тұрақтылық пен бейбіт өміріне біздің халықтарымыздың қауіпсіздігі мен әл-ауқаты тікелей байланысты. Сондай-ақ, осы саммит жұмысы барысында біздің еліміздің төрағалығына баға беріледі және біз Қазақстан төрағалығына оң баға беріледі деп сенеміз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]