Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
НЕВР ЭКЗАМЕН (2).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
92.43 Кб
Скачать

2.7. Сезімталдықтың бұзылу типтері

Сезімталдық жолдарының әр түрлі деңгейдегі құрылымдарынын зақымдануына байланысты сезімділік бұзылуы сыртқы нерв жүйесі, жұлын және ми типтері болып үшке бөлінеді.

Сезімталдықтың сыртқы нерв жүйесі закымдануына байланысты бұзылу типіне мына төмендегі варианттар (синдромдар) жатады:

1. Мононевриттік синдром (1) - сыртқы нервтің жекеленген біреуінін зақымдануы. Зақымданған нерв бағанасына байланысты аймақта сезімталдықтың барлық түрі жойылады немесе бәсеңдейді. Ол тұста ауырсыну және басқа да жайсыздық сезіну жиі кездеседі.

2. Полиневриттік синдром (2) - сыртқы нервтердің ең тысқары үштарының зақымдануы нәтижесінде қол мен аяқтың төменгі тұста-

25-сурет. Сезімділіктің сыртқы нерв жүйесі зақымдануына байланысты бұзылу типі. 26- сурег. Сезімділік бұзылуының жұлындық типі

ры шыдатпай қақсау немесе жансыздануы. Аяқ пен қолдың төменгі жақтарында «шұлық», «ұйық», «қолғап» тәрізді гиперестезия не-месе анестезия пайда болады.

3. Өрімдік синдром (3) — нерв өрімдерінің зақымдануына байла-нысты сезімталдықтың бұзылуы. Зақымданған нерв өрімдерінің құрамына кіретін нервтерге қатысты аймақта сезім деңгейі бұзы-лып, сезімталдық өршуі (гиперестезия), бәсеңдеуі (гипестезия) немесе жоғалуы (анестезия) мүмкін.

4. Түбірлік синдром (4) — жұлынның артқы түбіршіктерінің зақымдануы арқылы сезімталдықтың бұзылуы. Ауырсыну деңгейі денені белдеулей қоршайды, қол-аяқты ұзына бойлап алған тәрізді сезініледі, анестезия, гипестезия немесе гиперестезия белгілері де осылайша бейнеленеді. Нервтің сыртқа шығатын тұстарын (ауыр-сыну нүктелерін) басқанда ауырсыну күшейеді, созылу симптом-дары да пайда болады. Егер жұлын түбіршіктерімен бірге омыртқа-аралық түйіндер қосарлана зақымданса, сырқаттың белі айнала бөртіп (5), қабыршақтанып шыға келеді (белдеулі лишай).

Сезімталдық бұзылуының жұлындық типі

Жұлын зақымдануына байланысты пайда болады да төмендегі сиңдромдармен сипатталады.

1. Сегменттгік артқы муйіз синдромы (1) - жұлынның сұр заты-ның артқы мүйізі зақымдануына байланысты сезімталдықтың бұзы-луы. Мұндайда тиісті дерматомаларда ауырсыну және ыстық-суық-ты сезіну жойылады да жанасу және терең сезімталдық сақталады, яғни сезімділіктің бөлініп ыдырауы (диссоциация) байқалады. Егер жұлынның мойын немесе жоғарғы кеуде тұсындағы сегменттерінің артқы мүйізі бір жағынан зақымданса,ауырсыну мен ыстық-суық-ты сезінбеу «жартылай күрте» тәрізді болып келеді.

2. Коммиссуральдық-сегменттік синдром (2) - жүлын сұр заты-ның тұтасқан жерінің аддыңғы жағы, яғни ауырсыну мен ыстық-суық сезімталдығын өткізетін жолдың көру төмпешігіне дейінгі аралығының айқасқан тұсы зақымдануы. Осыған байланысты дерматомалардың екі жағынан симметриялы түрде ауырсыну мен ыстық-суык сезілмейді де жанасу және терең сезімталдык сақталады.Сегменттік нервтендіру деңгейін анықтайтын межелер: қарақұс, мойын — І-ІІІ мойын, бұғана тұсы — IV мойын, қол — V мойын — бірінші кеуде, қолтық тұсы — II кеуде, үрпі сызығы маңайы — IV, V кеуде, кіндік тұсы — X кеуде, шат қыртысы — XII кеуде, аяқ — 1-У бел және I, II сегізкөз, ерге қонатын түс (артқы тесік маңайы) ақырғы құйымшақ сегменттеріне сәйкес келеді. Сондықтан да сегментік нервтендіру аймақтары денеде көлденең шығыршық тәрізді, аяқ пен қолда бойлана созылған сызыққа үқсас, бет пен бұтаралық тұстарында шығыр дөңгелектер түрінде орналасқан.

Атап айту керек, жұлын сегменттері орналасу деңгейлері омырт-калар қатар санына (склеротомаларға) сәйкес келе бермейді. Ере-сек адамның жұлыны омыртка бағанасынан қысқалау болады да бірінші бел омыртқа тұсында тоқтайды. Ал жүлынның төменгі мойын және жоғары кеуде сегменттері екі омыртқа жоғары, барлық бел сегменттері төменгі үш кеуде омыртқалары тұсына орналасқан.

3. Өткізгіштік жұлын синдромы - жұлынның көлденеңінен немесе бүйір және артқы бағаналары зақымданғанда кездесетін сезімталдықтың бұзылуы. Жұлынның зақымданған тұсының төменті аймақтарында сезімталдық жойылады (анестезия) немесе әлсірейді (гипестезий)»

Жұлынның артқы бағаналары зақынданғанда терең сезіну қабілеті (бұлшық ет-буын, діріл, шаншу, басу, салмақ) сол тұстан төмен қарай жоғалады. Алайда ауырсыну және ыстық-суықты сезіну қабі-леті сақталады. Мұны жұлынның артқы бағана синдромы (4) деп атайды.

Терең сезіну кабілеті күңгірттенуіне немесе жойылуына байла-нысты аяқ-қол қимылын үйлестіру және оларды тепе-тендікке кел-тіру мүмкіндігі қиындайды. Себебі бұл әрекеттер көзбен көру арқылы бақыланады. Сондықтан көріп тұрған кезде аталған қимыл-әре-кеттері дұрыс орындалады, ал қараңғыда немесе көзді жүмса олар-дың тепе-тендігі мен бағыты бұзылады (сенситивтік атаксия).

Жұлынның бүйір бағаны зақымданғанда осы зақымданған тұстың қарама-қарсы жағында ауырсыну және ыстық-суықты анықтау сезімі жоғалады. Мұның мәнісі жұлын-көру төмпешігі шоғыры жұлын түбіріне айқаса келіп жетеді.

Жұлын-көру төмпиешігі жоғары артқы мүйіздегі сезім клетка-ларынан 2-3 сегмент жоғары барып айқасуына байланысты бүйір бағаны зақымданған кезде сезімталдықтың бұзылу шегі зақымдан-ған тұстан 2-3 см төмен болады.

Егер жұлын әр түрлі деңгейде көлденеңінен зақымданса, сол зақымданған тұстан төмен қарай ешқандай сезімталдық қабілеті сақталмайды (паранестезия).

Тағы бір тоқтала кететін жәйт, жұлын-көру төмпешігі шоғырындағы сезімділік өткізгіштер жұлын ортасынан тысқары орналасады. Олар дененің төменгі бөлшектерінен келсе сыртқары, ал жоғарғы тұсынан келсе ортасына қарай өтеді. Бұл ерекшеліктің жұлындағы патологиялық өзгерістердің топикалық және синдромологиялық , диагнозы үшін маңызы әте зор. Сонымен жұлын ішіндегі патологиялық процестерге байланысты ауырсыну және ыстық-суыкты айыру сезімталдығынын, өткізгіштік бұзылымы жоғарыдан төмен, ал егер патологиялық процестер жұлынның сыртына орнықса бұл өзгерістер төменнен жоғары үдей түседі.

4. Броун-Секар синдромы (5) - жұлынның көлденеңінен жартылай зақымдануына байланысты сезімталдықтың ауытқуы. Дененің терең сезім қабілеті жұлынның зақымданған жағындағы тұсында жойылады да қарама-қарсы жағында үстірт сезіну қабілеті тежеледі. Жұлынның зақымданған тұсынан жоғары миға қарай се-зімталдықты өткізу қабілеті жойылады.

Сезімталдық бүзылуының ц-ребральдік типі - мидың әр түрлі құрылымдарының зақымдануынан пайда болатын сезімталдықтың бұзылуы.

1. Ми бағаны синдромы (1) - ми бағаны зақымданғанда кездесетін сезімталдық бұзылуы. Әдетте сезімталдықтың бұзылуы гемиане-тезия немесе гемигипестезия деңгейінде дененің зақымданған жаққа қарама-қарсы бөлігін қамтиды.

Сопақша ми зақымданған жағдайда үшкіл нервтің төмен қарай бағытталған түбірі мен сезімталдық өткізгішінің жұлын мен көру төмпешігі аралығы бұзылады. Сондықтан ауырсыну және ыстық-суықты айыру сезімі мидың зақымданған жағына сәйкес бетте және қарама-қарсы денеде, қол-аяқта жоғалады (алмасушылық синдромы).

2. Көру төмпешігі синдромы (2) — көру төмпешігі зақымдануына байланысты сезімталдықтың ауытқуы. Көру төмпешігінің зақымданған жағына қарама-қарсы дене бөлшектерінде сезімталдықтың барлық түрлері бұзылады. Әсіресе сезімталдықтың терең түрлері, ги-перпатия құбылысы байқалады. Дене мүшелері оқыс қақсап, күйіп-жанады, мұздайды, кейде аса жайсыз «кеміреді», гемигипестезия және сенситивтік гемиатаксия белгілері қоса пайда болады.

З.Капсулдық синдром (3) — мидың ішкі капсуласының артқы бәлі-мінің зақымдануы кезінде кездесетін сезімталдық өзгерістері. Сезімділіктің барлық түрлері мидың зақымданған жағына қарама-қарсы дене бөлігінде бәсендейді (гемигипестезия) немесе мүлде сезілмейді (гемианестезия). Олар кәпшілік жағдайда қимыл-әрекеттерінің әлсіреуі (гемипарез) немесе сал болып қалуымен (гемиплегия) қосарлана кездеседі. Ішкі капсуланың артқы саншасындагы (санында) патологиялық процесс сезімталдық жолдармен қатар пирамида жолын да қамтитын болса осы аталған өзгерістер пайда болады.

4. Ми қыртысы синдромы - ми жарты шары қыртысындағы арт-қы сара ирелеңмен жоғары төбе бөлігі зақымданған кезде пайда болатын сезімталдықтың ауытқуы. Ми қыртысы артқы сара ирелеңі әдетте тегісінен зақымданбайды. Сол себепті зақымданған жаққа қарама-қарсы аяқта немесе қолда сезіну бәсендейді (моногипе-стезия) немесе жойылады (моноанестезия). Әсіресе.. сезімталдықтьщ терең немесе күрделі түрлері бұзылады. Сезімталдыктың бұзылу сипаттары аяқ пен қолдың ұшында басымырақ (айғағырақ) болады.

Ми қыртысының артқы сара ирелеңі тітіркенуі дененін қарама-қарсы жағында кенеттен парестезия құбылысын қоздырады. Дене бөлігі күйіп-жанып, сұққыланып, жайсызданып ұйып қалады. Егер-де тітіркеніс сара ирелеңнің алдыңғы жағына таралатын болса, дененің қарама-қарсы жағында тырыспалы қимыл әрекеттері (Джек-сон разряды) көрініс береді.

Ми қыртысының жоғарғы тәбе бөлшегі зақымдануы кезінде сезімталдықтың күрделі түрлері әзгеруінің томендегідей белгілері пайда болады:

1) астереогнозия — заттарды сипап байқау арқылы ажырата ал-мау;

2) аутотопоагнозия — өз дене мүшелерін ажырата алмау;

3) аназогнозия - әзінің сырқат екенін сезінбеу;

4) псевдополиомиелия —өз дене мүшелерін сипаттай алмау, қол-аяғы қысқарып немесе ұзарып кескінденуі, немесе бір аяғы, қолы жоқ сияқты болуы мүмкін.

ІІІ ТА РАУ

РЕФЛЕКС-ҚИМЫЛ ӘРЕКЕТТЕРІ, ОЛАРДЫҢ БҰЗЫЛУ СИМПТОМДАРЫ МЕН СИНДРОМДАРЫ

Нерв жүйесі сыртқы тітіркеністі қабылдап қана қоймай, оған көбіне қимыл-әрекеттері арқылы жауап қайтарады. Нерв жүйесінің адамға тән күрделі қимыл-әрекеттерді реттейтін құрылымдары өте жоғары дәрежедс жетілген. Ми қыртысы, әсіресе оның мандай бөлігі, кандай да қимыл-әрекеттері болмасын, ең алдымен саналы, мүдделі (мақсатты) және күрделілерін реттеп іске қосып отырады. Ми қыр-тысында адамның алдында тұрған мақсатына сәйкес қимыл жоспары мен бағыты бейнеленеді және оны орындауға қажетті қимыл ырғағы мен қарқыны қамтамасыз етіледі. Бұдан кейін ми қырты-сында қабылданған шешімді жүзеге асыру үшін нерв жүйесінің ат-қарушы аппараттары, ең алдымен экстрапирамидтік жүйе, мишық және жұлын іске кіріседі. Сонымен нерв жүйесінің атқарушы аппа-раттары өзін-өзі реттеу және автоматизм негізінде адамға қажет қимыл-әрекеттердің «техникалық жағын» қамтамасыз етеді.

Әдетте қандайда болмасын қимыл-әрекеттері еріктен тыс немесе автоматтандырылған және ерікті болып екіге бөлінеді.