
- •2.Ми ішіне қан құйылулар.
- •2. Жұлын қан айналысының күрт бұзылулары
- •2.Омыртқа остеохондрозының компрессиялық синдромының диагностикасы.
- •34 Билет
- •2. Шұғыл шашыранды энцефаломиелит
- •I. Физикалық факторлар:
- •II. Химиялык факторлар:
- •III. Биологиялық факторлар:
- •1. Жиі кездесетін вегетативтік синдромдар:
2.Омыртқа остеохондрозының компрессиялық синдромының диагностикасы.
Люмбалгия – клинический симптом, для которого характерна боль в пояснице с иррадиацией в ягодичную область, внутреннюю и/или заднюю поверхность бедра либо без оной. При наличии иррадиации мы имеем право говорить о присоединении к синдрому люмбалгии ишиаса (компрессия ветвей седалищного нерва), или о люмбоишиалгии. Люмба́го (от лат. lumbus — поясница) — острая боль(прострел) в нижней части спины (пояснице) независимо от причин её возникновения и характера проявления. Часто путают с радикулитом.
В основном причинами люмбаго являются перенапряжение поясничной области, поясничные грыжи, смещениепозвонков или же врожденные аномалии позвонков. Люмбоишиалгия - боль в пояснице, отдающая (иррадиарущая) в ногу или ноги. Боль распространяется, в основном, по ягодице и по задненаружной поверхности ноги, не достигая пальцев ног.
При данном заболевании в процесс уже вовлекаются спинномозговые корешки, а именно, седалищный нерв.
Боль может носить различный характер, но чаще всего - это ноющая, жгучая, нарастающая боль. Боль в основном распространяется по ходу седалищного нерва. Появляются ощущения зябкости или жара.
30-билет
1Афазия – дамыған сөйлеудің орталықтан бұзылуы. Яғни адамның өзінің ойларын жеткізу үшін және қоршаған ортамен қарым-қатынас орнату үшін жартылай немесе толығымен сөйлеудің бұзылуы, бұл кезде артикуляция мен есту функциялары бұзылмаған. Афазия түрлері – моторлы, сенсорлы, амнестикалық Моторлы афазия – өздігімен сөйлей алмайды. Науқас өзінің есінде қалған жеке сөздермен буындарды қайталайды (сөйлеу эмбол). Жеке сөздерді қысқа сөйлемдерді, нұсқауларды және жазылған сөздерді түсінеді. Моторлы афазия сол жақ маңдай иірімінің артқы төменгі бөліктерінің (Брок зонасы) зақымдалу кезінде дамиды.Науқас өзінің қателіктерін түсінеді. Сенсорлы афазия – науқас өзінің және басқалардың да сөйлегенін түсінбейді.Науқас сөйлеуді шу ретінде немесе өзіне түсініксіз тілде сөйлеп тұрғандай сезінеді. Науқас көп және тез сөйлейді (логорея), бірақ сөйлеуі басқаларға түсініксіз. Сөйлем мағынасыз, қажетсіз, түсініксіз дыбыстардан (сөздік окрошка) тұратын сөйлеудің бұзылуы. Сенсорлы афазия сол жақ самай бөлігінің (жоғарғы самай иірімінің ортаңғы және артқы бөлігінде – Вернике зонасы) зақымдалуы кезінде дамид Амнестикалық афазия – төбе мен самай бөлігінің төменгі және артқы бөліктері зақымдалған кезде дамиды және науқастың заттардың атын ұмытуымен сипатталады. Науқас заттың не үшін қажет екенін біле тұра, қандай зат екенін айта алмайды. Мысалы, қаламды көрсетсек, ол оны «жазу үшін қажет» деп айтады. Егерде, сыбырласа ол дәл тауып айтады. Мутизм – сөйлеу аппаратының жұмысы бұзылмаған кездегі науқастың сөйлемеуі. Көбіне реактивті неврозда, истерияда, психикалық ауруларда (шизофрения) кездеседі. Алалия – үш жасқа дейінгі қыртысты сөйлеу зоналарының зақымдалуы кезіндегі жүйелі түрде сөйлеудің дамымауы. Дизартрия - артикуляцияның бұзылуы, ол орталық (екі жақты зақымдалуы кезінде ) болуы мүмкін және перифериялық (сөйлеуге қатысатын бұлшықеттер параличі кезінде) немесе мишық зақымдалғанда, стриопаллидарлы жүйе зақымдалған кезде кездеседі. Дизартрия кезінде науқас сөздері дұрыс құралған, сөз қоры қалыпты, бірақ кейбір сөздерді айтқан кезде артикуляция.
2.Омыртқа остеохондрозының неврологиялық асқынуларын емдеу.Гипстік жаға ауырсынуды басу үшін/анальгетиктер/қабынуға қарсы стероидсыз препараттар/ганглиоблокаторлартранквилизаторлар.Новокайндық блокада /витаминдер В12
Билет
1) Праксис ( греч. praxis — қимыл) – жоспар бойынша рет-ретімен мақсатты қимыл қозғалыс. Идеаторлы апраксия жоспар жоқтығынан күрделі қимыл қозғалыстарды жасай алмау, бұл кезде қимылдардың реттілігі бұзылады (Мысалы, науқасқа темекіні тұтатып көрсетуді сұраған кезде, ол темекімен сіріңке қорабын тұтатады, сондан кейін сіріңкені алып аузына салады). Доминантты жарты шардағы (оңанақайларда сол жақ) төбе бөлігіндегі қыр үсті иірім ( gyrus supramarginalis) зақымдалған кезде дамиды және әрдайым екіжақты болады. Конструктивті апраксия кезінде қимылдың бағыты бұзылады, науқастар бөліктерден бір бүтін нәрсе шығара алмайды. Мысалы: сіріңкелерден геометриялық фигураларды құрастыру (ромб, квадрат, үшбұрыш). Бұл кезде зақымдалу доминантты жарты шардың төбе бөлігінің бұрышты иірімінде (gyrus angularis) орналасады. Апраксиялық бұзылыстар әрдайым екіжақты. Моторлы апраксия бұл кезде қимылдың тек қана аяқасты еріксіз қозғалысы ғана емес, сонымен қоса бұйрықты орындаумен қайталауы бұзылады. Көбінесе біржақты (мысалы, сүйелді дене зақымдалған кезде тек қана сол жақ қолда).
2)Эпилепсия – созылмалы, полиэтиологиялық, ОЖЖ ауруларымен шектеледі, ол қайталамалы тырыспамен және есінің әртүрлі бұзылыстары мен одан кейінгі амнезиямен болатын тырыспасыз параксизмдармен, сонымен қатар ЭЭГ арнайы суретінмен сипатталады. Эт: Эндогенді: генетикалық негізі – көптеген нейронды разрядтардың пайда болуы үшін тырыспалық дайындық немесе параксизмальді реактивтілік, эпилептикалық ұстамалардың қайталануына әкеледі,Экзогенді: бас миының органикалық зақымдануымен байланысты эпилептикалық белсенділіктің тұрақты ошағы:- перинатальді факторлар, - бас-ми жарақаттары, - нейроинфекция, - интоксикация,- тамырлар аурулары, - жүйке жүйесінің аурулары, Симтоматикалық – этиологиясы мен патологиялық ошақтың локализациясы анықталған Криптогенді – этиология анықталмаған, бірақ мидың органикалық зақымдануы анық Идиопатикалық – этиология және мидың органикалық зақымдалуы туралы мәліметтер анықталмаған Эпилептикалық ұстамалар классификациясы I. Генерализденген II. Парциальды III. классификацияланбайтын I. Генерализденген ұстама 1. Тырыспалы а. тонико-клоникалық б. тоникалық в. Клоникалық г. миоклоникалық д. атония 2. Абсанстар а. типті б. атипті II. Парциальді (фокальді) ұстамалар А Қарапайым парциальді ұстама.Моторлы Сенсорлы Вегетативті Психикалық Б. Күрделі парциальді ұстама. Қарапайым парциальді ұстама болып басталады да есінің бұзылуына әкеледі . Эпилептикалық ұстама критериі пароксизмальдылығы (кенеттен)2) қысқа уақытты 3) стереотиптілігі 4) көп жағдайларда амнезиямен байқалатын есінің бұзылуы
Үлкен генерализденген тонико-клоникалық ұстамалар — grand mal: - басы басының бұрылуы және науқастың құлауы
- тоникалық фаза - 10-20 сек. Бірінен кейін бірі, келесілер: көздің ашуы, бүгу, қолдың ратациясы мен әкетуі, бастың жазуы, тоникалық айқай, қолдарын жазу, аяқтың жазу ротациясы және әкелуі. Апноэ терінің цианозын шақырады
- клоникалық фаза - шамамен 30 сек. Қысқа уақытты барлық дененің бүккіш тарылуларымен көрінеді. Бұл жағдайда жиі тілін тістеп алады, кейде еріксіз зәрдің шығаруыда болады
Ұстама жалпы вегетативті реакциямен: тахикардия және ↑АҚ, қарашықтың ұлғаюы, гипергидроз, гиперсаливациямен қатар жүреді.
Ұстаманың жалпы ұзақтығы 20 сек-тан 2 минутқа дейін болады. Ұстамадан кейінгі кезең (кейде ұстамадан кейінгі команы қосқан кезінде) бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін болуы мүмкін. Миоклониялық бір реттік ұстама шамамен 1 секундқа созылады,олтоқ соққандай болып келеді. Атониялық -Жеңіл түрінде ұстама бастың салбырауымен (егер науқас стол басында отырса) немесе төменгі жақтың салбырауымен көрінеді. Типті абсанс – ұзақтығы 5-20 сек және ол жеңіл клоникалық тартылулармен, әсіресе мимикалық бұлшықеттерде, бұлшықет тонусының өзгеруімен, кейде қысқа автоматизмдармен, вегетативті көріністермен, сонымен қатар пик разрядтармен, яғни ЭЭГ-да жиілігі 3 сек баяу толқындармен қатар жүруі сипатталады. Қарапайым парциальді ұстамалар-ұстама ұзақтығы 10 секундтан 3 минутқа дейін, ұстамадан кейінгі бұзылыстар болмайды немесе әлсіз байқалады, Қарапайым парциальді ұстамалар есінің өзгеруі: науқастың ареактивтілігі, яғни онымен контактқа түсу мүмкін емес,ұстама басталдғанда немесе қарапайым парциалды ұстама симптоматикасынан кейін естің бұзылуы,ұстама амнезиясы стама ұзақтығы бірнеше секундтан бірнеше минут арасында (орташа 2 мин), ұстамадан кейінгі кезең бірнеше секундтан оншақты минутқа дейін созылады, Емі Эпилепсияны шақырған біріншілік сырқатқа әсер ету, (мысалы, ісікті алу, абсцестер немесе жарақатты гематомалар ,Қауіп факторларын жою ,АЭС-ті ұзақ қабылдау Карбамазепин Дифенин Вальпроенді қышқыл Ламотриджин
32-билет
1) Гнозис (греч. gnosis — білу, білім) — бұл заттарды сезім мүшелері арқылы қабылдап, тану. Оның бұзылысы– агнозия деп аталады. Көбінесе, екіншілік зоналар деңгейіндегі қандайда бір анализатордың зақымдалуы кезінде пайда болады. Көру агнозиясы шүйде бөлігінің сыртқы аймақтары зақымдалған кезде пайда болады. Науқас заттарды танымайды, тек олардың кейбір қасиеттерін ғана көреді, соған байланысты сол зат туралы мағлумат жинайды. Жиі науқастар «білмеймін», «көрмеймін» деп жауап береді, бірақ заттарға соғылмай айналып өтеді. Есту агнозиясы заттарды көрмеу, оларға тән дыбыстар арқылы заттарды ажырата алмау. Бұл кезде есте анализаторы зақымдалмаған. Есту агнозиясы доминатты жарты шардағы самай бөлігіндегі екіншілік зоналар зақымдалған кезде дамиды. Сенситивті агнозия (астереогноз) – көзді жауып тұрып заттарды ұстау арқылы ажырата білу. Орталық артқы иірімнен кейнгі төбе бөлігіндегі екінші зона зақымдалған кезде пайда болады. Иіс және дәм сезу агнозиясы сирек кездеседі жәнеде көбіне аносмиямен агевзиядан айыру өте қиын.
2)Емі Эпилепсияны шақырған біріншілік сырқатқа әсер ету, (мысалы, ісікті алу, абсцестер немесе жарақатты гематомалар ,Қауіп факторларын жою ,АЭС-ті ұзақ қабылдау Карбамазепин Дифенин Вальпроенді қышқыл Ламотриджин Вальроль қышқылы - Абсанттар, фебрильді тырыспалар,атоникалық ұстам,балалар спазмы,миоклоникалық ұстама,генерализденген және парциальды ұстамалар Карбамазепин -Генерализденген , парциальды эпилептикалық ұстамалар Ламотриджин- Генерализденген, парциальды эпилептикалық ұстамалар- Фенобарбитал- Генерализденген тонико-клоникалық ұстамалар және парциальды эпилептикалық ұстамалар
33-билет
1.Бас миы жеке бөліктерінің зақымдалу симптомдары Контралатеральды қол немесе аяқтың орталық параличі немесе тіл бұлшықетінің (орталық алды иірім зақымдалған кезде),Қарсы жаққа қараудың парезі (орталық маңдай иірімнің артқы бөлігі),Паркинсонизм, сирек гиперкинездер ,Янишевский-Бехтеревтің ұстап алу феномені ,Маринеску-Родовичи рефлексі Хоботковый рефлексі ,Маңдай атаксиясы (астазия-абазия),Моторлы афазия (Брок зонасы),«Жекеленген» аграфия (ортаңғы 2-ші маңдай иірімінің артқы бөлігі),Апатико-абулиялық синдром, маңдай юморы (мория) эйфория. Маңдай бөлігі – тітіркені синдромдары Джексонның тартылу ұстамалары – тонико-клоникалық (алдыңғы орталық иірім) Оперкулярлы ұстама– ( төменгі маңдай иірімнің жабатын бөлігі)Адверсивті ұстамалар – (ортаңғы маңдай иірімінің артқы бөлігі )Маңдай автоматизм ұстамасы – күрделі пароксизмді психикалық бұзылыстар, тәртібінің бұзылуы, бұл кезде науқастар қоршаған ортаға қайшы келетін қимыл қозғалыстар жасайды (өртеу, өлім). Кіші эпилепсиялық ұстамалар – лезде, бірнеше секунд ішінде науқас сөзі тоқтап, қолынан заттары құлап, көрініс беретін ұстам
2. Шашыранды склероз — ОЖЖ-нің созылмалы рецидивті ауруы,бас миы мен жұлын кеңістігінде көптеген шашыранды ошақты түзілістердің демиелинденуімен сипатталады. Шашыранды склероз аутоиммунды ұрдіспен байланысты,ОЖЖ миелиніне немесе оның олигодендритін өндіруге қарсы бағытталған. Аурудың ерекшелігі нерв жүйесіндегі бірнеше әртүрлі бөлімдерінде бір мезгілде зақымданумен жүреді,сонымен қатар науқаста әртүрлі неврологиялық симптоиатика дамиды. Шашыранды склероз — жас адамдарда кездесетін ауру,жиі 20-40жас аралығында дамиды. Шашыранды склероздың этилогиясы нақты анық емес .ШС-ң дамуына ішкі орта факторларының және тұқымқуалаушылық әсер ететіндей мультифакториальды сырқат деп санау есептелген. Сырқаттың дамуында генетикалық факторлардың мәні зор .ШС-да отбасылық жағдайларда тұқымқалауының сәйкестігі 3-23 %. ШС көрінуінің жиі себептері пирамидті тракттың зақымдалуымен жүреді. Гемипарездер,монопарездер болуы мүмкін,бірақ ШС көп жағдайда төменгі парапарездің болуымен сипатталады. Парездер айқын спастикамен,сіңірлік рефлекстердің жоғарылауымен,табанның және тізе ойығының клонусымен,патологиялық табандық белгілермен,терілік,ең алдымен құрсақтық рефлекстердің төмендеуімен жүреді. Бірақ орталықтық парездің айқын бұлшықеттік гипотония немесе дистониямен қосарлануы жүреді. Сирек жағдайда сіңірлік рефлекстердің төмендеуі (жұлын сегменттерінде демиелинизация ошақтарының болуында ) және бұлшықеттік атрофиялар байқалады (қозғалмау нәтижесінде ). Нистагм — Шашыранды склероздың жиі синдромы, бірақ ол аурудың алғашқы кезінде сирек көрінеді. ШС кезінде науқаста физикалық күштемеге тәуелсіз тез шаршауға шағымданады. Шашыранды склерозбен ауыратындарда 2/3-де депрессия дамиды. МРТ — ШС диагнозын анықтайтын әдіс ШС кезінде бас миының МРТ 90% науқастардың типті өзгерістерін анықтайды, ал жұлын МРТ-да 75% өзгерістерді анықтайды. Ликворды зерттеу IgG фракциясына байланысты ақуыз концентрациясының біршама жоғарлайды және жеңіл лимфоцитарлы плеоцитоз.ЕМІ. Өршу сатысында(көз көруінің төмендеуі,парездер,жүрістің төмендеуі) кортикостероидтар (КС) тағайындалады. Митоксантрон Жоғарғы шашыранды склероздың даму формасында негізгі ем ретінде қолданылады.
Бұл препарат аурудың дамуын және рецидивтерінің санын 67 % азайтады.