
- •Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары.
- •19 Ғасырдағы социологиядағы маңызды бағыттардың бірі марксизм болды, оның негізін Карл Маркс (1818-1883) қалады.
- •Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
- •Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация
- •Тұлғаның әлеуметтанулық сипаттамалары
- •Девиация және әлеуметтік бақылау.
- •Қолданбалы әлеуметтану
- •2. Социологиялық зерттеу әдістері
- •Сұрақтарды жіктеу
- •Білім беру әлеуметтануы
- •Саяси әлеуметтану
- •Экономикалық әлеуметтану
- •2. Некелесу себептері мен сапасы, отбасының қызметі мен оның құрылымы туралы қоғамдық пікірлерге талдау жасау. Неке келісімшартының әлеуметтік қыры.
Н-01-4-45-14
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Көкше» академиясы
Дәріс курсы
Пәннің атауы:_Әлеуметтану_
Көкшетау – 2014
Әлеуметтану ғылым ретінде.
1.Әлеуметтану әлеуметтік-гуманиарлық ғылымдар жүйесінде
2.Әлеуметтанудың объектісі мен пәні.
3.Әлеуметтанудың басқа әлеуметтік ғылымдармен байланысы.
Социологияның ғылым ретінде қалыптасуы қоғамды зерттеу барысында қалыптасқан дәстүрлер негізінде өрбіді.Ежелгі грек және ежелгі шығыс ойшылдарының еңбектерінде жалпы философиялық мәселелермен бірге қоғамның тууы мен мәні,оның ұйымдасуы мен даму туралы мәселелер қарастырылады.Ежелгі оқымыстылар шынайы қоғамға тән сипаттамаларды анықтап қана қоймай,әлеуметтік процестерді «үлгілеу» принциптерін қалыптастыруға негіз қалап,жекеленген әлеуметтік фактілер мен процестерге,қоғам құрылысына,адамдар,әр түрлі әлеуметтік топтар арасындағы байланыстар мен қатыныстарға нақты эмпирикалық талдау жасауға тырысты.
Әрбір дәстүр социологияға қоғам мәселерінің,социологиялық білім жетілдірудің,құру және қолданудың,зерттеу пәні мен нысанын анықтаудың өзіңдік зерттеу әдістерін әкелді.
Социологияның ғылым ретінде тууы ХІХ ғасырдың ортасындағы француз Огюст Конт (1798-1857) есімімен байланысты,өйткені ол тұнғыш рет «Социология» терминін енгізген,алайда оның қалыптасуына Батыс Еуропа (Г.Спенсер,К.Маркс,Э.Дюркгейм,М.Вебер және т.б.) мен Американың (А.Смолл,Дж.Винсент,В.Томас,П.Сорокин,Т.Парсонс және т.б.) коптеген оқымыстылар айтарлықтай үлес қосқан.
Социология пәні мен нысанын негіздей отырып,О.Конт сол кездегі ғылым жүйесіне иерархиялық баспалдақ түрінде түсінік берді,оның ойынша,бұл білімнін қарапайымнан күрделіге,төменнен жоғарыға жалпыдан өзіндік ерекшелікке қарапайым дамуының тарихи процесін логикалық жүйемен бере алады.Білім дамуындағы әр басқыш,Конт бойынша,-өзінің алдындағысын алғы шарт ретінде есептейтін-жоғары тәртіптегі ғылым болып саналады.
Онда негізгі ғылымдардың иерархиясы төмендегіше көрінеді:математика
астрономия,физика,химия,биология(соңы терминде-О.Конттың үлесі) және социология.
Берілген сызбадан көрінетіндей,социологияны басқа да ғылымдардын зандарына негізделеді.Конт социологияның өзіндік,бұл заңдардың түрің өзгертетіңдей және индивидтердің бір-біріне өзара әсерінен шығатындай қасиеті бар екендігіне айрықша мән береді.Бұл өзара әсер адамзат қауымында әр ұрпақтың келесісіне өтуі нәтижесіңде күрделіне түседі.
Осылайша,социология ғылыми білімнің дамуын қорытындылай отырып қай кезде де өмір сүрген нысандардың ең күрделісін зерттейді.Мұндай нұсан қоғам және индивидттердің бір-біріне әсері болып табылады.
Қоғам жағдайы лайықты әсер еткенде ғана адам өзін жеке тұлға ретінде таниды.Адамның қоғамда бірнеше әлеуметтік ұстанымы болады,оның әрқайсысының белгілі бір құқығы,міндеттері болады,ол мәртебе(статус)деп аталады.Қоғамда алған әлеуметтік мәртебесіне сәйкес,адам қоғамда әлеуметтік роль атқарады.Роль дегеніміз – адам мәртебесімен көрінетің күтілетін мүнез- құлық. Әр мәртебеге бірнеше роль енеді.Берілген мәртебеге әсер ететін рольдердің жиынтығы рольдер жиытығы деп аталады.
Белгілі бір әлеуметтік мұқтаждықтарды қанағаттандыруға арналған рольдер мен мәртебелердің ірі бірлестігі әлеуметтік институттар (отбасы,дің,білім беру,экономикалық, саяси жүйелер және т.б.)деп аталады.Арнайы институттар(лат.institutum-нұсқама,мекеме)мен ұйымдар құра отырып,қоғам сол арқылы өзінің өмір сүруінің маңызды салалары мен мәселелерін әлеуметтік өзара қарым-қатынас түрлерін нақтылап,бекітеді,оны берілген қоғамның әр мүшесі үшін тұрақты және міндетті етді.
Әлеуметтік институттар негізіне жататын әлеуметтік байланыстар институционалды деп аталады, ал бұл байланыстарға тәртіптелген,норматив сипат беру процесі институттандыру деп аталады.
Әлеуметтік институттармен бірге қоғамда көптеген әр түрлі әлеуметтік ұйымдар(қауымдар)болады: әлеуметтік топтар,этникалық қауымдар,өмір сүру кезендері сияқты қауымдар (жыныстық, жас топтары),қоныстық,
аймақтық,қауымдар.
Жоғарыда аталған әлеуметтік қауымдардың,олардың өзара әсерінің,даму және қызмет ету заңдарының барлық жиынтығы социология пәні болып табылады.Жоғарыда аталған қауымдар түрін бүріктіруші әлеуметтік ұйым қоғам деп аталады және бұл социолгияның нысаны болып табылады.
Осылайша,социология дегеніміз-біртұтас жүйе ретіндегі қоғамның дамуы мен өмір сүруінің жалпы зандылықтары туралы әлеуметтік құбылыстарды өзара байланыстыра зерттейтін ғылым.
Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары.
1.Әлеуметтанудың қалыптасуындағы негізгі кезеңдер.
2.дүниежүзілік әлеуметтану дамуындағы классикалық кезең
3.Әлемдік әлеуметтанудың институционализациялануы.
4.Әлеуметтік статика мен әлеуметтік динамика.
Социологиянның ерекшелігін түсіну үшін оның 19 ғасырдың алғашқы жартысында нақты тарихи жағдайда, Франция мен Англияда капитализм тұрақты орнаған кезде және қоғам туралыбілім алмаған «үшінші» топтың пісіп жетілген кезде пайда болғаның ескеру қажет. Социологияның жеке ғылым ретінде тууы психологияның, антропологияның, құқықтық жеке салаларының және т.б.-ның дамуымен байланысты болды. Социологияның қалыптасуына ағылшын және неміс нұсқаларындағы немістің классикалық философиясы, саяси экономикасы, қоғамды қайта құруда ұқсас құрылған. Сен-Симон мен Фурьенің социалистік теориясы әсер етті.
Социология Еуропа елдерінде бір кезде туған жоқ. Қоғам өзінің әлеуметтік- экономикалық, рухани күйінде бір ғасырлардағы АҚШ-тағы сияқты әлеуметтік идеяларды сырттан қабылдауға немесе «өзіндік» әлеуметтік ойларын дамытуға дайын болуы керек еді. Сондықтан социологияның қалыптасуына қоғамдық –ғылыми дәстүрлер, нақты елдердегі рухани әрекет ерекшеліктері, мәселені қою тәсілі мен мәдени құндылықтар сипаты маңызды роль атқарады. Сондықтан да неміс социологиясы, американдық социология мектебі, француз социологиясының дәстүрлері туралы айтылады.
Сен-Симонның шәкірті және алғашқы кезде оның ізбасары болған Огюст Конт (1798-1857) – социологияның негізін салушы француз философы. Ол социологияға атап беріп, оның ғылым ретіндегі негізгі методологиялық принциптерін, жаратылыстанудағы ғылыми әлеуметтік білімді біріктіретін біртұтас ғылым ретіндегі тұжырымдамасын жасады. Бұл бірліктегі алғашқы орынды Конт жаратылыстану методологиясына, алдымен физика мен биологияға берді.
Эмпиризм, верификация (кейінгі латын.verificatio- мақұлдама, дәлелдеме), физикализм сияқты социологияның маңызды принциптерін негіздеуде Конттың еңбегі зор. Эмпиризм принципі әлеуметтік тәжірибе мен оның ерекшеліктері туралы мәселе қозғады. Ол «эмпиризм әлем туралы шын ғылымның бірден-бір көзі тәжірибе болып саналады. Позитивизмнің зерттейтіні – трансцендентальды тұрмыс не заттың алдамшы мәні емес, тек қана фактілер... физикализм- ... жетілген түсініктің бәрін физика жасаған, сондықтан барлық ғылыми мәнді физикаға әкеліп тіреуге болады және солай ету де керек»,- деп түсіндіреді.
Сонымен бірге ғалым табиғаттың жекелеген құбылыстарын зерттейтін жаратылыстану ғылымынан айырмашылығы социология қоғамды түгелдей, қоғамдық жүйені, әлеуметтік құбылыстарды қоғамдық өмірмен байланысқа зерттеу керектігін атап көрсетеді.
Конт бойынша, жаңа әлеуметтік ғылым қоғамды статика және динамика тұрғысынан зерттеуі керек. Статикада қоғам «тәртіп» және «прогресс» заңына бағынады. Әлеуметтік статикада зерттелетін құбылыстар жиынтығы көп қатпарлы организм тәрізді. Әлеуметтік статиканың міндеті – отбасы, адам және ол әрекет ететін өмір сүру жағдайы.
Әлеуметтік динамика қоғам дамуындағы қозғаушы күштің не екендігін түсіндіруі керек. Конттың баяндауында мұндай күштерге мыналар жатады. Экономикалық табиғи жағдайлар, климат, географиялық орта, сол сияқты көзқарастар, идеялар, ойлау, адамдардың санасы. Әлеуметтік динамиканы Конт «үш кезең заңы» атты заңмен сипаттайды, ол қоғамдық және ғылыми сана тарихындағы қозғалысқа ұқсас. Конт қоғам тарихын үш кезеңге бөліп қарастырады: теологиялық, метафизикалық, және позитивті. Қоғамдағы бұлай үшке бөлуде өлшем ретінде не алынды? Өлшем үстемдік етуші идеялар болды.
Теологиялық кезең деп Конт идеялар үстемдік еткен 17-18 ғасырларға дейінгі қоғам дамуындағы белгілі бір кезенді атады. Ол кезде идеялық сипаттағы үстемдік етуші негізгі күш- дін болды. Бұл кезенде адамның ақыл-ойы құбылыс себептерінің не бастамасын, не ақырын табуға ұмтылды.
Метафизикалық кезең. Қоғамда бейнеленген абстракциялар мен метафизикалық тұжырымдамалар үстемдік алды, Конт оған революциялық теориялар мен материалистік философияны жатқызды. Бұл тұжырымдамаларды сынай отырып, ол марксизм қағидаларына, әсіресе оның таптық қүрес жайлы іліміне келіспейтіндігін білдірді. Бұл кезенде «байқаудың орнына дәлелдеуге тым ұмтылушылықтан» ақылмен көру бөлігі өте зор.
Позитивті кезең. Конт қоғамға тек позитивті ғылым ғана дамитын кезең қажет деп есептейді. Бұл діни және философиялық мәндер жүйесіндегі алыпсатарлыққа тыйым салады. Бұл кезеңде жаратылыстану ғылымдары үстемдік етіп, эмпиризм, позитивизм, физикализм принциптері негізіндегі қоғамды зерттейтін социология дамуы керек.
Позитивті кезеңде, Конттың пікірінше, қиялды байқауға үнемі бағындырып тұрар заң әрекет етеді. Бұл кезеңде ақыл ақырғы себептер мен мәнді (абстракцияны) аңықтаудың мүмкін еместігін мойындап, оның орнына заңдарға, яғни бақылаудағы құбылыстар арасындағы тұрақты қатынастарға қарапайым зерттеу жүргізуге тырысады. Бұл заңдарды білу олардың әрекеттерін ескеру және болжау жасау үшін қажет.
Қоғамды құратын басты элемент- отбасы, - деп есептейді Конт. Ол отбасын ең кіші қоғам деп атады, отбасы – индивид бойұсыну мен басқаруды үйренетін әлеуметтік өмір мектебі.
Социологияда неғұрлым айқын биологизаторлық үрдісті өткізген ағылшын оқымыстысы Гельберт Спенсер (1820-1903). Оның идеяларының ықпалы, әсіресе жеке меншікке, құқық, мемлекет, жеке тұлғалар арасындағы қатынастарға және т.б. мәселелеріне қатысты айтарлықтай зор болды және тек Англияға емес, Америка, Австралия және Ресейде де тарады.
Спенсердің пікірінше, қоғамның қызметі көп жағынан тірі организмнің қызметіне ұқсас. (Ол осылай салыстырады, бірақ теңестірмейді). Мысалы, ол тірі организмнің қан-тамырлар жүйесінің қызметін қоғамда темір жолдар атқарады деп есептейді (екі жүйе де көректенуге қажет заттарды жеткізеді). Спенсердің айтуынша, қоғамда еңбекшілердің, жұмысшылардың және кәсіпорын иелерінің болуы- табиғи құбылыс. Тірі организмде де жұмыс істеушілер және басқарушылар болуы керек.
Спенсер тірі организмдегі түкті жамылғылардың оны зақымданудан сақтайтыны сияқты қоғамда армия керек деп есептейді. Армияның мақсаты да – қоғамды сырттан басып кіруден қорғау.
Спенсер эволюцияны болмай қоймайтын күрделену процесі, ол бірыңғай «әскери қоғамнан» әлеуметтік қатынастар жүйесі мен еңбек бөлінісі тармақталған «өндірістік» қоғамға тарахи даму арқылы нақтыланады деп түсіндіреді. Адамдардың мінез-құлығы индивид пен түрді жақсы сақтайтындай мақсаттарға жету үшін неғұрлым жетілдірілген әрекеттерге бейімделе дамиды. Бұл бейімделу барысында- қоғамда «институттар» деп аталатын айрықша органдар маманданады, ол институттар үш түрге бөлінеді:
адам тууын жалғастырушы (отбасы, неке);
бөлгіш (экономикалық);
реттегіш (дін және саяси жүйе).
Осы институттарды зерттеу арқылы ғана қоғамның негізгі ұясы- индивидті тануға болады. Басты назарды отбасына аударған Контпен салыстырғанда Спенсер негіз ретінде жеке тұлға мен оның құратын «қоғамдық агрегаттарын» алады.
Конт сияқты Спенсер де әлеуметтік дамудың органикалық процесіне күшпен араласуға, мысалы революцияға (төңкеріске) ұмтылуды жақтамады. Ол социализмге қарсы бола отырып, бұл жүйеде озаттардың есебінен төмендердің көтермеленетін және бөлу мен қайта бөлуді жүргізетін бюрократтық ақпараттың түсүіне әкеп соғатынынын айтты. Сонымен бірге ол теңдікті жақтады, теңдікті индивидтердің бірдей бостандығы және заң алдындағы теңдік деп түсінді. Г.Спенсердің социологиялық теориясы функционализм және құрылымдық функционализм (20 ғ.) сияқты батыс мектептерінің қалыптасуына әсер етті.