Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОСКЭ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.24 Mб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕД ЖОО-ның

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІ

СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Алдабергенова Т.К., Кабдыканов С.К., Пшембаева Р.К., Саимова А.Ж.

ЖАЛПЫ ТӘЖІРИБЕДЕ ДӘРІГЕР-СТОМАТОЛОГ ДАЯРЛАУ ЖҮЙЕСІНДЕ ОБЪЕКТИВТІ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ ЕМТИХАН.

( Оқу құралы)

Семей 2009 ж.

УДК: 616.31+61:74

ББК: 74

Ж 23

Рецензенттер:

Еслямгалиева Ардақ Манаповна - ортопедиялық стоматология кафедарсы

мен балалар стоматологиясы курсының

меңгерушісі, ҚазММА, м.ғ.к., доцент

Хайдарова Нұржанат Бидахметовна - Терапиялық және ортопедиялық

стоматология кафедрасының

ассистенті, СММУ,мед.ғылымының

кандидаты.

Базарбек Жеңісбек Базарбекович – қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы-

ның меңгерушісі, терминология

комиссиясы төрағасының орынбасары,

СММУ, м.ғ.к.

Ж 23 Жалпы тәжірибеде дәрігер-стоматолог даярлау жүйесінде объективті құрылымдық клиникалық емтихан / Алдабергенова Т.К., Кабдыканов С.К., Пшембаева Р.К., Саимова А.Ж./

Оқу құралы.

Семей-2009 – 100 бет.

Ұсынылатын құрал стоматология факультетінің студенттеріне, дәрігер-интерндерге арналып тағайындалған.

Бұл құралда тіс жақ жүйесінің әртүрлі ауруларын диагностикалау және алдын алу мәселелеріне жаңа көзқарастар көрсетілген. Әртүрлі протездердің зертханалық дайындалу тәсілдерін реттілікпен әзірлеуге үлкен көңіл бөлінген. Жасалған ОҚКЕ-нын емтихан қабылдау үшін және дәрігерлер аттестациясы үшін қолдануға болады.

Ғанышты даярлап және модель құю.

Студентке тапсырма: ғанышты модель құю.

Емтихан қабылдаушы үшін ақпарат: төменде көрсетілген пункттардың әрбіреуіне жекелей ұпай бере отырып студентті бағалау.

Бағалау көрсеткіші

Ұпаймен бағалау

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

9.

10.

Ғанышты араластыру үшін колба мен шпательді дайындау

Манипуляция үшін қажетті су мөлшерін құямыз

Ғанышты суға қаныққанша саламыз

Ғанышты шпательмен жылдам араластырып, колбаның қабырғасына үйкей отырып ғаныш түйіктерін толығыменжойып, ғаныш қаймақ тәріздес консистенцияда болуы тиіс.

Шпательдің көмегімен ғанышты аз мөлшерде алып үлгінің ең биік бөлігіне салады да, ақырын соққылай отырып ауаны шығарады.

Ғанышпен үлгіні толығымен толтырған соң қалған ғанышты столға үйіп саламыз.

Үлгіні осы ғанышқа төңкеріп салып, шпательмен қырларын тегістейді.

10-15 мин ғаныш толығымен қатқанша тосамыз.

Үлгілік қасықты үлгілік массамен бірге ғаныштан ажыратамыз.

Дайын модельді гипсті пышақпен қиып тегістейді.

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

Өте жақсы- 9-10. Жақсы-7,5-8. Қанағаттанарлық- 5,5-7.

Қанағаттанарлықсыз- 0-5. Максимальді ұпай саны- 10

Уақыт-10 мин

Тістердің толығымен болмауында ғаныштан үлгі алу.

Студентке тапсырма: тіссіз жақтан ғанышпен үлгі алыңыз.

Емтихан қабылдаушы үшін ақпарат: төменде көрсетілген пункттардың әрбіреуіне жекелей ұпай бере отырып студентті бағалау.

Бағалау көрсеткіші

Ұпаймен бағалау

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

9.

10.

Науқасқа манипуляция мәнін түсіндіреміз

Креслоның жастықшасын қажетті жағдайда орнықтырып, оған пациенттің басын қоюын сұраймыз.

Жоғарғы және төменгі жаққа үлгілік қасықты таңдау, ауыз қуысына еркін еніп, шығуы керек, жақ өлшеміне сәйкес келуі тиіс, және қасықтың қыры өтпелі қатпарға дейін жетіп тұруы керек.

Гипсті араластырып және жоғарғы жақ қасығына салып, одан кейін аздап бетін тегістейді.

Науқастың ұртын саусақпен ысырып және ауыз қуысына қасықты енгіземіз. Оны жаққа ең бірінші артқы жақ бөлігін, одан кейін алдыңғы бөлігін басамыз, бұл кезде артық гипс қалдығы сыртқа шығады.

Ұрт пен жоғарғы еріннің пассивті қозғалысымен үлгінің қырларын түземіз, науқастың басын аздап алдыға қарай еңкейтеміз.

3-5 минуттан кейін гипс қатқан соң үлгіні ауыз қуысынан шығарып, оны бағалап, ағынды су астына шаямыз.

Төменгі жақтың қасығына гипсті салып және оны ауыз қуысына енгіземіз.

Қасықты ең бірінші алдыңғы бөлімін, одан кейін артқы бөлімін жаққа басамыз, пациентке тілін алдыға шығарып, оңға және солға қозғауын сұраймыз, төменгі жақ ерін мен ұртты пассивті қозғалта отырып үлгі қырын түземіз.

Қасықты шығарып, үлгіні бағалап және ағынды сумен шаямыз.

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

Өте жақсы- 9-10. Жақсы-7,5-8. Қанағаттанарлық- 5,5-7.

Қанағаттанарлықсыз- 0-5. Максимальді ұпай саны- 10

Уақыт-10 минут