
2.1 Жапония қор нарығының негізгі қатысушылары
1986 жылдан бастап Токио қор биржасының қатысушылары шетел инветициялық институттар мен биржа талаптарын сақтаушы Қаржы министірліктер бола алады. Токио қор биржасына және ұлттық компанияларының акцияларына бірегей талаптар орындалуымен көрініс табады, акционерлік қаржының көлемі(1 млрд иен), соңғы жыл бойынша табыстың мөлшері (400 млн иен), 5 жыл ішінде шығындарсыз қызмет етуіне байланысты рұқсат етіледі.
Токио қор биржасының қаржы министірлігінің рұқсатымен 1973 жылы бірінші шетел компаниялардының акциялары айналысқа кірді, сол кезден бастап интернационалдық нарыққа айналды. Шетел компаниялардың акцияларының белгілеріне ұлттық акциялардан қарағанда қатаң талаптар жүргізіледі. 1990 жылдардың соңында Токио қор биржасында 2000 тұрақты эмитенттердің акциялары тіркелген. Кассалық келісімдер биржа айналысының негізі ретінде қарастырылады. Жедел келімдер ең аз мөлшерін құрайды, оның аумақтану тенденцияларына қарамастан. Сауда-саттықтың басты тәсілі екі жақты аукцион. Токио қор биржасында нарықтың негізі екі секциясы ерекшеленеді: 1200-дей ең ірі корпорациялардың акцияларымен жұмас жасайды, ал екінші секциясында 600-ге жуық бәсен дамыған компаниялармен қызмет жасайды.
Жапонияның ресми биржасында, басқалардан қарағанда комиссиялық сыйақылары қолданады. Ол келісім-шарттардың көлеміне байланысты бірнеше градациясына – 0,075-тен 1,15%. Жапон қор биржасын конъюктурасын екі ұлттық биржаның индексі көрсетеді: NIKEL және TOPIX. 2013 жылдың маусым айында Токио қор биржасының акциялар өтімділігі мен капитализацияның көлемі жағынан көк фишкасы болатын критериялары бойынша кіргендер: екі автоөндірушілер, екі банк және телекоммуникациялық консорциум 1-кестеде көрсетілген.
Аты |
Тикер |
Капитализация ¥ млрд (¥/$ 99.155) |
Айналыс ¥ млрд (¥/$ 97.433) |
Ағымдағы күтілген дивиденттердің табыс деңгейі жылдық %% |
Toyota Motor Corporation |
7203 |
20 654 |
2 047 |
1,40 |
Mitsubishi UFJ Financial Group Inc. |
8306 |
8 665 |
1 312 |
1,98 |
Softbank Corporation |
9984 |
6 952 |
1 115 |
0,69 |
Honda Motor Co. Ltd. |
7267 |
6 675 |
605 |
2,00 |
Sumitomo Mitsui Financial Group Inc. |
8316 |
6 434 |
1 148 |
2,30 |
Кесте 1. Токио қор биржасының бес ең ірі компаниялары.
Экономикадағы түрлендірулер жаңа экономикалық жағдайларға сәйкес ресурстарды, оның ішінде қаржы ресурстарын үлестірудің формаларын қолдануды міндеттейді.
Қор биржасы — бұл бағалы қағаздардың бірқалыпты айналысы үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ететін ұйым. Қор биржасының толық мәні, оның экономикадағы аткаратын мынадай қызметтерінен көрінеді:
қор нарығында биржалық делдалдардың бағалы қағаздарды сату жолымен уақытша бос ақшалай қаражаттарды жұмылдыру және шоғырландыру;
өндірісті және ел үкіметінің шығыстарын несиелеу және қаржыландыру;
- бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды шоғырландыру, сұраныс пен ұсыныс деңгейін көрсететін бағаларды белгілеу және жалған капиталды қалыптастыру. Қор биржасы қаржы ресурстарын жинақтау, шоғырлан-дыру және қайта бөлу процесін ұйымдастырушы экономи-каның басты буыны болып табылады.
Ол қаржы және өн-дірістік капитал арасында делдал бола отырып, экономика-лык дамудың қозғаушы күштерінің бірі болып саналатын инвестициялық процеске ықпал етеді.
Қор биржасы өз қызметінде мынадай кағидаларға сүйенеді:
қаншалықты биржадағы мәмілелердің ауызша жасалып, кейіннен заңды түрде құжатталатындыктан да брокерлер мен клиенттер арасындағы жеке сенімнің болуы;
сауда-саттық ережелері мен есеп арқылы қаржы дел- далдарының қызметінің кор биржасының әкімшілігі және аудиторларымен қатаң түрде реттелуі.
Бұл қағидалардың қамтамасыз етілуі нәтижесінде қор биржасында бағалы қағаздарды сатуға және сатып алуға итермелейтін орта қалыптасады [4].
Біз келесі бөлімде Жапонияның қор нарығының экономикалық жағдайы мен танысатын боламыз.