Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жобалы жмыс аржылы деревативтер.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
106.54 Кб
Скачать

КІРІСПЕ

Жапония елінің әлемдік экономикалық держава қатарына қысқа мерзім ішінде шығуына елдің, негізгі мақсаты ұлттық құндылығымен шетел жетістіктері және тәжиребелерге арнайы жағдайда жоғары дәріжеде бейімделуі болған майысқан экономикалық саясат жүргізуі себеп болды.

Пропорция жағынан жоспар мен нарықтың сәйкес келуі оптималды және эффективті экономикалық саясатты немесе жапондықтардың өзі атағандай ”индустриялды саясатты” жүргізуге мүмкіндік берді. Бұл саясатта екі негізгі элемент болды біреуі – бөлек өндіріс орындар дәрежесінде менеджмент, техника мен технологияны және жаңашыл ғылыми тетістіктерді еңізу жолы арқылы өндірісті райионалдандыру (микродәрежеде) және екіншісі – бүкіл экономика үшін эффективті бағаттағы, өнеркәсіпте құрылымдық қайта болды (макродәрежеде) .

Өндірісті рационалдандыру мен өнеркәсіпті құрылымдық қайта құру, соғыстан кейінгі Жапонияда мемлекеттің радикалды экономикалық реформалар жүргізу үшун барлық қаржылар мен қорларды мобилизациялау мақсатымен мемлекеттің ықпалынсыз орындала алмайтын еді. Себебі мемлекеттің аталған мақсаты бойынша елді казіргі замаңғы дамыған өнеркәсіпті капиталистік мемлекеттер қатарына шығару керек болды.

Жапон ғылымдары арасында “аралас” Жапон экономикасы туралы яғни күшті жоспарлы элементтері бар нарықтың экономикасындағы жоғары бақталаса алушылық туралы тезис туды. Әрине әлемнің басқа елдері сияқты Жапония да жалпы мемлекеттік ауқымындағы кеңес Одағының ұзақ мерзімді жоспарлау тәжиребесін пайдаланды. (Корпорация, фирма, өндіріс орындар дәрежесінде Жапония өндірісті, таулар өткізуді т.б. жоспарлауын бұрыннан үйренген). Бірақ жапондықтар кеңестік тәжиребеден жеке меншікті жаппай мемлекеттендіру мен халық шаруашылықты басқарудың әміршіл — әкімшіл әдістерін алмай, тастап яғни өздерінің экономикалық моделіне әдісін емес концепциясын ғана алды.

Сонымен Жапонияның экономикалық саясатының негізгі бағыттары мен мақсаттарын және оны жүргізу әдістерін ашып қарайық. Жапония экономикалық көтерілуінің басты міндеті ретінде оның барлық негізгі көрсеткіштерін: ішкі ұлттық өнімінің, өнеркәсіп өндірісінің, еңбек өнімділігі мен экспорттың т.б. өсудің жоғарғы қарқынына ғылым мен техникалық жаңашыл жетістіктерді еңгізу мен минималды шығымен максималды нәтиже алу негізінде жету болды.

Жобалық жұмыстың өзектілігі – Жапон экономикасындағы қор нарығының рөлін айқындап оған зерттеу жүргізу, оны жетілдіру жолдарын анықтау.

Жобалық жұмыстың мақсаты – ел экономикасын дамытудағы қор нарығына талдау жүргізу, оның басымдылын анықтау және әлемдік байланысын талдау болып табылады.

Осы мақсатты орындау үшін келесі міндеттер қойылады:

  • мемлекеттің қор нарығы және оның элементтерінің ерекшеліктері;

  • ішкі экономикамен байланысын талдау;

  • қор нарығын реттеу және оны бақылаудың ерекшеліктері;

  • елдің қор нарығын реттеу шараларын жетілдіру жолдарын әлемдік деңгейде қарастыру.

Жобалық жұмыстың міндеті –қор нарығының жүргізілуін және басқа дамыған елдердің қор нарықтырынан ерекшеліктерін толық зерттеу, жүргізілген зерттеуді статистикалық мәліметтермен толықтыру, қорытындысына зерттелген тақырыпқа қатысты өз ойымды жазып қорытындылау.

Жобалық жұмыстың құрылымына тоқталсақ, жобалық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ТАРАУ. ЖАПОНИЯ ҚОР НАРЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

    1. Жапония қор нарығының даму тарихы

Әлемдік қаржы нарығының құрылуы ХХ ғасырдың 30-жылдарына жатады. Бірақ екінші дүниежүзілік соғыс кезінде орын алған әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыс сауда-экономикалық байланыстарды бұзды.

Әлемдік қаржылық жүйені қайта құру 1944 жылы болған Бреттон-Вуд конференциясынан басталады.

Әлемдік қор нарығы түсінігіне қатысты экономистердің пікірі әр түрлі тарқатылады. Біреулері оны қарыз капиталы нарығының құрамдас бөлігі ретінде және функционалдық көзқарас тұрғысынан, екіншілері оны ұдайы өндірістің үздіксіздігі мен тиімділігі мақсатында әлемдік қаржылық ағымдардың жинақталу мен қайта бөлінуін қамтамасыз ететін нарықтық қатынастар жүйесі ретінде қарастырады. Олар әлемдік қаржы нарығы үлкен жинақтарды иеленетін елдерден оның жетіспеушілігі байқалатын елдерге капитал ауысуы функциясымен ғана шектеуге болады деп есептейді. Олар өздерінің қорытындыларын жасаған кезде дамыған саланың экспортталатын капиталдарын дәл сондай дамыған салалар мен офшорлы аймақтарға ауысуын негіз етіп алады. Олар әлемдік қаржылардың негізгі арналымы тәуекелдікті басқару, құқықтық реттеу мен салық салудан жалтару деп есептейді. Басқа экономистер валюта нарығынан алыпсатарлық операцияларды бөліп алу қажет деп есептейді. Бірақ тәжірибеде алыпсатарлық мәмілені хеджирлеу мәмілесінен ажырату өте қиын деп айтылады, себебі екі жағдайда да шаруашылық жүргізуші субъектілерге ашық валюталық ұстанымды қабылдауға тура келеді. Әдістемелердің тұтастығы сауда нарығын – ақша нарығының қысқа мерзімді активтері және капитал нарығын – ұзақ мерзімді активтері деп бөлуден тұрады. Бұдан басқа барлығы дерлік қызметті халықаралық қаржылар саласымен шектелмейтін еуронарықты бөліп шығарады, сондай-ақ әлемдік қаржы нарығында мынадай - әр түрлі резиденттері өз арасында активтерді жай айырбастау деген ерекше белгіні енгізуге тырыспайды.

Алайда капитал ауысуының күшейуі қаржы нарығына халықаралық сипат береді, сондықтан толық көлемде ел экономикасына салынған шетел капиталын бөліп алып, шетелде орналастырылған ұлттық капиталды есепке алу қиын. Сондықтан да «өзін үздіксіз көбейтетін құн ретінде» капитал қозғалыссыз өмір сүре алмайды, ол ұдайы өндіріске құйыла отырып, жаңа құн құрып үнемі айналымда болуы қажет. Сондықтан егер капитал үнемі өте пайдалы салымдарды іздеуде болса, онда оны осы жай бір елден басқа елге ауысуға мәжбүрлейді.

Сонымен әлемдік қаржы нарығы – бұл түбінде капитал экспортеры, оның рецепиенттері және осы рөлдерге сәйкес, мысалы, транзит капиталы сияқты әр түрлі рөлдерге шыға отырып, барлық елдер қатысатын экономикалық қатынас. Мұнда постиндустриалды елдерге көбірек мән беріледі. Бұдан басқа оларда есеп айырысу орталығы болып табылатын банктер орналасады. Мысалы, Лондон, Гонконг, Токио және басқа жерлерде орналасқан субъектілер арасында жүретін мәмілелер бейнеленуі мүмкін, сондықтан оларды өздерінің ақша-қаржылық жүйесі әлемдік қаржы нарығының негізін құрайтын капитал клирингінің елдері деп атауға болады.

Әлемдік қор нарығына валюталық нарық жатады, мұның қатысушылары:

  • тауар және қаржы нарығындағы операцияларды жүзеге асыруға қажет бастапқы кезең конверсия болып табылатын жеке және заңды тұлғалар;

  • осы операция түрлерін жүзеге асыратын алыпсатарлар мен арбитражерлар;

  • валюталық тәуекелділіктен сақтайтын хеджерлер;

  • барлық қатысушылар үшін валюта айырбастау қызметтеріне мамандандырылған делдалдар;

  • валюталық-қаржылық жүйені тұрақтандыру мақсатында валюта нарығын реттейтін мемлекеттік және мемлекет аралық ұйымдар.

Әлемдік қаржы нарығына тікелей ұзақ мерзімді несиелеу нарығын жатқызуға болады. Дегенмен, үлкен бөлік бойынша қысқа мерзімді алыпсатарлық мәмілелер ақшаларды тартады және әлемдік нарықтың өзінің негізгі қозғалу үрдісінен қысқа мерзімді ауытқуы нәтижесінде жылдам пайда алуға негізделеді деп есептеледі. Салық салудағы айырмашылығы басқаша заңнамалық негіз жағдайында кейде қысқа мерзімді, бірақ револьверлік ауысу шартымен несиелік келісімді қайта жасау формасында елдер арасында әр түрлі үлгіде қаржылық және экономикалық қатынастарды рәсімдеу пайдалы болуы мүмкін [1].

Келесі бөлімде қор нарығының теориялық негіздері мен құқықтық аспектілерімен танысатын боламыз